- •Шетелдердің конст құқық ұғымы,пәні,жүйесі
- •2. Шетелдердің конст құқық қайнар көздері
- •Конституциялық — құқықтық қатынастар:субьект,обьект,түрлері
- •4. Конституциялық құқықтық нормалар
- •5.Конституцияның құқық жүйесіндгі орны
- •6.Шетелде конст биліктің бөліну қағидасы
- •7. Конст жоғары заңи күші
- •8. Шетелдер конст нысандары
- •10. Шетелдер конституциясын қабылдау,өзгерту тәртібі бойынша құқықтық сараптама
- •9.Шетелдер конст классификациясы мазмұны
- •11. Адам және азамат мәртебесі
- •12.Құқық,бостандық,міндеттер классификациясы
- •13.Азаматтық ұғымы
- •14. Жеке құқықтар,бостандық,міндет
- •15. Адамның саяси құқықтары –
- •16)Экономикалық,мәдени,әлеуметтік мәдени құқықтар
- •17)Шетелдердегі адам және азамат құқықтарына сипаттама беріңіз.
- •18)Қоғамның экономикалық құрылымының конституциялық негізін талдау.
- •19)Әлеуметтік қатынастардың конституциялық-құқықтық бекітілуі бойынша өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
- •20)Шетелдердің саяси жүйесінің конституциялық-құқықтық бекітілуі бойынша өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
- •21.Мемлекет ұғымына жалпы сипаттама(демократиялық, құқықтық, зайырлы,әлеуметтік)
- •22.Мемлекеттің биліктің және мемлекеттік егемендік мәні және заңды табиғаты зерделеп өз ойыңызды көрсетіңіз.
- •23.Саяси партиялар мәртебесінің конституциялық-құқықтық реттелуі, саяси партиялар түрлерінің ерекше тұстары.
- •24.Шетелдердегі партиялық жүйе
- •27)Сайлауға дайындық жіне өткізу тәртіптері
- •30) Референдум ұғымы, мәні және шет елдердегі түрлері
- •31)Парламент ұғымы және оның палаталары
- •32, 34) Парламент жұмысы тәртібін (сессиялар және отырыстар) саралап мәнін ашыңыз.
- •33) Шетел парламенттеріндегі камитеттер
- •35) Шетелдегі заң шығару процесі.
- •36) Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесі
- •37)Мемлекет басшысының конституциялық мәртебесі
- •38,39)Үкімет ұғымы, құрамы және құрылымы
- •40)Басқару нысаны ұғымы және түрлеріне сипаттама
- •41)Дуалистік монархияға құқықтық сипаттама
- •42)Парламенттік республиканыңерекшеліктері
- •43)Аралас республика
- •44)Парламенттік монархия дегеніміз не
- •46)Унитарлы мемлекеттің конституциялық құқықтық мәртебесі
- •47)Мемлекеттің федеративті құрылысын ашып салыстырмалы талдау жасаңыз
- •48)Федерация және оның субъектілері арасындағы құзыретті бөлу бойынша өз ойыңызды анықтаңыз
- •59.Теологиялық теория. Негізін салушылар: а.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.
38,39)Үкімет ұғымы, құрамы және құрылымы
Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.Үкiмет мүшелерi Парламент палаталарына есеп бередi.Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.Қазақстан Республикасының Президентi Үкiметтi Конституцияда көзделген тәртiппен құрады.Республика Премьер-Министрi тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi.Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне ант бередi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;
3) Мәжiлiске заң жобаларын енгiзедi және заңдардың орындалуын қамтамасыз етедi;
4) мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргiзу жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
6) министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды;
7) Республиканың министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары актiлерiнiң күшiн толық немесе қолданылу бөлiгiнде жояды немесе тоқтата тұрады;
8) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) алып тасталды
10) өзiне Конституциямен, заңдармен және Президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындайды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi:Үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi; Үкiмет қаулыларына қол қояды; Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде және оның аса маңызды барлық шешiмдерi жөнiнде Президентке баяндап отырады; Үкiмет қызметiн ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтердi атқарады.
Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербестiкке ие әрi өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң алдында жеке-дара жауап бередi. Үкiметтiң жүргiзiп отырған саясатымен келiспейтiн немесе оны жүргiзбейтiн Үкiмет мүшесi орнынан түсуге өтiнiш бередi не ол лауазымнан босатылуға тиiс.Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік іспен шұғылдануға, заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының Үкiметi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар қаулылар шығарады. Республиканың Премьер-Министрi Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар өкiмдер шығарады.Үкiметтiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi Конституцияға, заң актiлерiне, Республика Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiне қайшы келмеуге тиiс.
1. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады.
Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
2. Егер Үкiмет және оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп есептесе, олар Республиканың Президентiне өз орнынан түсетiнi туралы мәлiмдеуге хақылы.
3. Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді.
4. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi Республиканың Президентi он күн мерзiмде қарайды.
5. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
6. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған жағдайда Президент оған мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады.
7. Республиканың Президентi өз бастамасы бойынша Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрдi қызметiнен босату бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
