Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шетелдердің конст құқық ұғымы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

31)Парламент ұғымы және оның палаталары

  ҚР Парламенті – ҚР жоғары өкілді және заң шығарушы органы. Парламент – Республиканың  заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органы болып табылады.

  Конституциялық құқық институтының бірі ретіндегі Парламент тарихы тым әріден басталады. Мәселен, ағылшын  Парламенті тіпті ХІІ-ХІІІ ғасырлада пайда болған. Конституциялық қоғамға басшлық жасаудың белгілі бір жүйесі ретінде парламентаризм тарихы сонау буржуазиялық революция кезеңдерінен бастау алады.

   Парламент пен парламентаризм - өзара байланысты ұғымдар, дегенмен бірдей емес екендігін айта кету керек. Парламентаризм парламентсіз өмір сүре алмайды, ал парламент парламентаризм элементтерінсіз өмір сүре алады. Кеңестік парламенттер дәуірінде осылай болды. Парламентаризм элементтері ең алдымен биліктерді бөлу, өкілдік және заңдылық болып табылады.

   Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган деп тану Қазақстан  Республикасының барлық заңдары  Парламенттің қарауынан өтіп, қолдауын табуы керек дегенді білдіреді. Дегенмен, Парламенттің ҚР заң шығарушы бірден-бір орган емес екнін атап кету керек. Мұндай өкілеттіктер Президенте де, Қазақстан халқында да бар. Соңғысы заңдарды республикалық референдум жолымен қабылдайды.

      ҚР Конституциясына сәйкес Парламент  тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат төте емес, жанама сайлау арқылы құралады. Сенат депутаттарын сайлау тиісінше облыстың, ресубликалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының  барлық өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында жүргізіледі. Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.

32, 34) Парламент жұмысы тәртібін (сессиялар және отырыстар) саралап мәнін ашыңыз.

Парламенттің құзыреті ҚР Конституциясымен белгіленеді және оның сессияларында, Палаталардың органдарының және депутаттарының қыземітімен іске асырылады.

Конституция Парламентке заң шығарушы өкілеттіктер берген

     Парламеттің заң шығарушылық қызметі  тек бірлескен отырыстарда ғана емес, сондай-ақ Палаталардың бөлек отырыстарында да, алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылаудан өтіп, Парламентте заңды қабылдау жолымен іске асырылады.

      Парламент өкілеттігінің  келесі бір кезеңі республикалық бюджетті және басқадай қаржылық өкілеттіктер болып табылады. Республикалық бюджет Палаталардың бөлек отырыстарында, алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылаудан өтеді. Одан әрі Парламент Палаталарының бірлескен отырысында республикалық бюджетті, сондай-ақ Үкіметтің және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есептерін бекітеді. Сонымен қатар, Республика бюджетіне өзгертулер мен толықтырулар енгізеді. Әрбір Палата Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.

Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауға тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала қаралып, ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн — Мәжiлiстiң жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституция заңдар қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзiлуi мiндеттi.

Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық бiлдiруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тiлдi еркiн игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргiзедi.

Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстан жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi. Парламент