Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шетелдердің конст құқық ұғымы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

41)Дуалистік монархияға құқықтық сипаттама

Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, оның жоғарғы және орталық органдардың ерекшеліктері, олардың құрылымы, құзіреті, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттілігінің деңгейі, халықпен өзара қатынасы және олардың оны қалыптастыруға қатысу дәрежесі.

Жоғарғы мемлекеттік билікті жүзеге асыру бір адаммен немесе сайланбалы алқалы органмен жүзеге асырылатындығына байланысты мемлекетті басқару монархия және республика деп ажыратылады.

 Монархия – жоғарғы мемлекеттік биліктің  бір әулетке  мұрагерлік жолымен немесе өмір бақиға сайланып берілуін білдіретін басқару нысанының бір түрі. Оның мынандай белгілері бар: жоғарғы билік мұрагерлік жолмен беріледі; шексіз мерзімде жүзеге асырылады; сайлаушылар еркінен тыс жүзеге асырылады. Монархиялар шексіз-мұнда монарх бірден-бір мемлекеттік билік органы болып табылады,және шектеулі-бұнда жоғарғы билік өкілеттіктері монархпен және қандай да бір монархтың билігін шетейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде дуалистік және парламенттік болып екігебөлінеді. парламенттік монархия -мұнда монархтың құқығы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысын тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотуымына тәуелді болады, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады. Дуалистік монархия кезінде монархта атқарушы билік,өкіметті құру құқығы, вето құқығы және парламентті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған. Дуалистік монархияға жататындар: Иор­дания, Марокко, Тунис. Дуалистік мо­нар­хия бел­гілері: билік монарх пен пар­ла­мент ара­сында бөлінген; монарх үкіметті тағайын­дай­ды; монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.Дуалистік монархияларда мелекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін,оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылады, оған біріншіден заң шығару билігі жатады.

42)Парламенттік республиканыңерекшеліктері

Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, оның жоғарғы және орталық органдардың ерекшеліктері, олардың құрылымы, құзіреті, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттілігінің деңгейі, халықпен өзара қатынасы және олардың оны қалыптастыруға қатысу дәрежесі.

Жоғарғы мемлекеттік билікті жүзеге асыру бір адаммен немесе сайланбалы алқалы органмен жүзеге асырылатындығына байланысты мемлекетті басқару монархия және республика деп ажыратылады.

Республика (латын сөзінен — мемлекеттік, қоғамдық іс) — басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.

Республиканың белгілеріне:

— өкіметтің сайлануы;

— белгілі уақытқа ғана сайлау;

— сайлаушылардың еркіне тәуелділік.

Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді.

Президенттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия, Сирия т.б.) ол ролді президенттің өзі ғана орындайды. Парламенттік республикаларда (Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль т.б.) — парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия т.б.) — Президент пен Парламент бірге жүргізеді.

Президенттік Республика — Республика бірлігінің, тұтастығының символы. Кейбір президенттік республикаларда президентпен қатар премьер-министр үкіметті басқарады. Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды, ал қалған министрлерді Премьер-министрдің өзі Парламенттің келісімімен тағайындайды. Республиканы президент басқарғанымен, мемлекеттік заң шығару билігі парламенттің қолында және парламент белгілі қызметкерлерді және Жоғары сотты тағайындаған уақытта да келісімін береді.

Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент — Парламентті таратпайды.

Президенттен кейінгі республика ол Парламенттік, осы тұрғыда Парламентке тоқталып өткенді жөн көрдім. Парламенттік Республика — бұл мемлекеттік басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер — министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Үкімет Парламенттің алдында жауапты. Парламенттің басқару нысанында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек үкімет басшысы. Үкімет атқарушы билікті  жүзеге   асырады,   әрі   Парламенттегі партиялық  көпшілік негізінде қүрылады. Күшті Үкімет, әлсіз Президент.

Үкіметте Парламенттің сенімі болған кезде ол өзінің қызметін істей алады, ал болмаған жағдайда отставкаға шығады.Осы тұрғыда қарап көрсек Президентте де, Парламентте де билік бар екенін көріп отырмыз. Республиканы бір басшы басқарғанымен, екі басшы қызмет атқарады, ал қалған органдар оларға тәуелді болады.

Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың сыйпатына үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады – президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы Президент болып есептеледі. Ол үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің парламенттегі бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей министрлер кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді.