- •Шетелдердің конст құқық ұғымы,пәні,жүйесі
- •2. Шетелдердің конст құқық қайнар көздері
- •Конституциялық — құқықтық қатынастар:субьект,обьект,түрлері
- •4. Конституциялық құқықтық нормалар
- •5.Конституцияның құқық жүйесіндгі орны
- •6.Шетелде конст биліктің бөліну қағидасы
- •7. Конст жоғары заңи күші
- •8. Шетелдер конст нысандары
- •9.Шетелдер конст классификациясы мазмұны
- •10. Шетелдер конституциясын қабылдау,өзгерту тәртібі бойынша құқықтық сараптама
- •11. Адам және азамат мәртебесі
- •12.Құқық,бостандық,міндеттер классификациясы
- •13.Азаматтық ұғымы
- •14. Жеке құқықтар,бостандық,міндет
- •15. Адамның саяси құқықтары –
- •16)Экономикалық,мәдени,әлеуметтік мәдени құқықтар
- •17)Шетелдердегі адам және азамат құқықтарына сипаттама беріңіз.
- •18)Қоғамның экономикалық құрылымының конституциялық негізін талдау.
- •19)Әлеуметтік қатынастардың конституциялық-құқықтық бекітілуі бойынша өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
- •20)Шетелдердің саяси жүйесінің конституциялық-құқықтық бекітілуі бойынша өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
- •21.Мемлекет ұғымына жалпы сипаттама(демократиялық, құқықтық, зайырлы,әлеуметтік)
- •22.Мемлекеттің биліктің және мемлекеттік егемендік мәні және заңды табиғаты зерделеп өз ойыңызды көрсетіңіз.
- •23.Саяси партиялар мәртебесінің конституциялық-құқықтық реттелуі, саяси партиялар түрлерінің ерекше тұстары.
- •24.Шетелдердегі партиялық жүйе
- •27)Сайлауға дайындық жіне өткізу тәртіптері
- •30) Референдум ұғымы, мәні және шет елдердегі түрлері
- •31)Парламент ұғымы және оның палаталары
- •32, 34) Парламент жұмысы тәртібін (сессиялар және отырыстар) саралап мәнін ашыңыз.
- •33) Шетел парламенттеріндегі камитеттер
- •35) Шетелдегі заң шығару процесі.
- •36) Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесі
- •37)Мемлекет басшысының конституциялық мәртебесі
- •38,39)Үкімет ұғымы, құрамы және құрылымы
- •40)Басқару нысаны ұғымы және түрлеріне сипаттама
- •41)Дуалистік монархияға құқықтық сипаттама
- •42)Парламенттік республиканыңерекшеліктері
- •43)Аралас республика
- •44)Парламенттік монархия дегеніміз не
- •46)Унитарлы мемлекеттің конституциялық құқықтық мәртебесі
- •47)Мемлекеттің федеративті құрылысын ашып салыстырмалы талдау жасаңыз
- •48)Федерация және оның субъектілері арасындағы құзыретті бөлу бойынша өз ойыңызды анықтаңыз
- •59.Теологиялық теория. Негізін салушылар: а.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.
46)Унитарлы мемлекеттің конституциялық құқықтық мәртебесі
Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән:
елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция;
заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі;
биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.
Осыған қарай жоғары билік органдары, басқару жәнесот бүкіл ел үшін біртұтас болып табылады. Бұл бүкіл елге қызмет көрсететін және жалпы мемлекеттік органдармен басқарылатын армияға да қатысты. Унитарлық мемлекетте бір конституция,бір құқықтық жүйе, бір азаматтық болады. Әкімшілік-аумақтық бөліністердің өкілдік, атқару және сот органдары унитарлық мемлекетің жоғары органдарына бағынады. Олар унитарлық мемлекет айналысатын сыртқы қатынастарға қатыспайды. Олар унитарлық мемлекеттің жоғары билік органдарының нұсқауларын орындайды,оның актілерін ісжүзіне асырады.
Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында “Қазақстан Республикасы — президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет” делінген (2-бап). Мемл. орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.
47)Мемлекеттің федеративті құрылысын ашып салыстырмалы талдау жасаңыз
Федеративті мемлекет - заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет. Федеративті мемлекеттер-бұл құрамына екі,үш және одан да көп мемлекеттер немесе бірқатар дербестік дәрежесі бар мемлекеттік құрылымдар кіретін одақтас мемлекеттер.
Бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады және және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады; федерацияда жоғарғы федералдық органдар мен федералдық заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамасы да болады; федерацияда салықтың екіканалды жүйесі пайдаланылады, оның белгілерінің бірі болып қосазаматтық табылады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағида бойынша құрылуы мүмкін.
Мемлекеттердің неесе мемлекеттік құрылымдардың федерацияға бірігуі олардың, шексіз құқығының кейбіреуінен айырылуына әкеліп соғады, ол құқықтар федерацияға көшеді.Федеративтік мемлекеттегі тәуелсіздік федерация мен оның мүшелері арасында бөлініп қойылады.Ұлттық-тілдік фактордың рөліне қарай федеративті мемлекет құрылымын былай анықтау қалыптасқан:
территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (АҚШ, Австралия, Австрия, ГФР, Аргентина, Венессуэлла, Бразилия, Мексика);
ұлттық негізде құрылған федеративті мемлекет (Үндістан, Бельгия, Нигерия, Пәкістан);
аралас ұлттық-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (Ресей, Канада, Швейцария). Федеративті мемлекетке тән, барлық федеративті мемлекеттер негізделген бес бастапқы принциптер: 1) федералды заңның жоғарылығы; 2) мемлекеттік құрылым негіздерінің бірыңғайлығы; 3) федерация аумағында адамдардың, тауар айналымының еркін қозғалысы; 4) федерация субъектісінің біржақты өз бетінше мәртебесін ауыстыруға тыйым салу; 5) мемлекеттік аумақтық тұтастыққа зиян тигізетін федерация субъектісінің бөлінуіне жол бермеу.
Тұңғыш федерация Америка Құрама Штатта 1787 жылғы конституция бойынша құрылды. Федерация құрамындағы субъектілер федерац. жоғарғы одақтық органдарын, қарулы күштерін құрайды. Федерация заңдары бүкіл одақ аумағында орындалуы міндеттеледі. Федерацияның жекелеген мүшелерінің (штаттар, кантондар, провинциялар, республикалар, т.б.) өзіндік мемлекеттік құрылымы, заң шығару жоғ. органдары, үкіметі, құқық және сот жүйесі болады. Заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет.
