Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шетелдердің конст құқық ұғымы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.85 Кб
Скачать

36) Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесі

Заң шығарушы билікті — Парламент, атқарушы билікті — Үкімет, сот билігін — соттар жүзеге асырады. Әрқайсысы Конституция және заң арқылы белгіленген міндеттерін атқаруға тиісті. Мемлекеттік биліктің үш тармағы күнделікті қызметінде өзара тығыз және келісімді байланыста болуы керек. Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Президент мемлекеттік биліктің кепілі болып табылады.

Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі — алты жыл. Мәжіліс депутаттары бес жылға сайланады. Қазақстан Республикасыньың кемінде бес жыл азаматы болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі (стажы) бар, тиісті облыстың (яғни оны депутаттық я сайлайтын облыстың), республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады.

Қазақстан Республикасынын жасы жиырма беске толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Мәжіліс депутаттығына кандидат өзінің тұрақты қайсы жерде тұратын мекеніне қарамастан 67 сайлау округінің қалаған біреуінен дауысқа түсе алады. Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесімен таныса отырып, мынадай жағдайды анықтаудың маңызы зор. Конституция түптегенде нақтылап мыналарды белгілейді:

  • тек қана екі палатаның біріккен отырысында қандай мәселелер қаралады;

  • қандай мәселелер тек кана әрбір палатаның құзыретіне жатады;

  • қандай мәселелерді әрбір палата дербес, яғни басқа палатаның қатысуынсыз қарауы мүмкін;

  • тұтас алғандағы Парламент құзыретіне жататын мәселелер палаталардың бөлек отырысында қалай қаралады.

  • Парламент депутатының мәртебесін көтеру мақсатында депутаттық қызметке арнайы кепілдіктер беріледі.

Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын оларға қолдануға (қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда), тиісті палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

37)Мемлекет басшысының конституциялық мәртебесі

Қазақстанда Президент институты алғаш рет 1990 жылы 24 сәуірде қабылданған "Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы" заңға сәйкес құрылды.ҚазССР-ң тұңғыш Президенті Қазақстанда Президент қызметі енгізілген күні ҚазКСР Жоғарғы Кеңесімен 6 жыл мерзімге сайланды.1991 жылғы 1 желтоқсандабірінші рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, Президент Республика халқымен 5 жыл мерзімге сайланды.1995ж. 29 сәуірде Президенттің өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзарту туралы референдум өткізілді. Екінші бүкілхалықтық президенттіксайлау алғаш рет баламалық негізде өткен сайлау болды. Онда Республика Конституциясына енгізілген 07.10.1998 жылғы өзгертуге сәйкес Республика Президенті 7жыл мерзімге сайланды. Келесі кезекті сайлау - 2005ж. 4 желтоқсанда өтті. 2007ж. 21мамырда қабылданған "ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға сәйкес ҚР Президентінің Республика азаматтарымен бес жыл мерзімге сайланатындығы және 5жылдық өкілеттік мерзімі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика

Президентінің 7жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетінпрезиденттіксайлау қорытындысы бойынша РеспубликаПрезиденті болып сайланған адамға қолданылатындығы белгіленді. Соңғы сайлау 2011 жылдың 3 сәуірінде өткізілді.

Прези дент-мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тарағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

ҚР Конституциясына сәйкес Республика Президенті болып тумысынан республика заматы болып табылатын 40жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы 15жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның 1-ші жексенбісінде өткізіледі және олмрзімі жағынанРеспублика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа тұс келмеуі керек.

ҚР-ң Президентінконституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлауқұқығы негізіндеРеспубликаның кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Конституцияға сәйкес ҚР Президенті халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі. Ант беру қаңтардың 2-ші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңеңс мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының , республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің қатысуымен өтеді. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасының Президентi Конституция мен заңдар негiзiнде және оларды орындау үшiн Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен өкiмдер шығарады.

Республиканың Президентi қол қоятын Парламент актiлерi, сондай-ақ Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президенттiң актiлерi тиiсiнше осы актiлердiң заңдылығы үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттiң әр Палатасының Төрағаларының не Премьер-Министрдiң алдын-ала қолдары қойылып тиянақталады. Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына көшедi; Сенат Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына көшедi; Мәжiлiс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министрiне көшедi. Өзiне Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған тұлға тиiсiнше Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының немесе Премьер-Министрдiң өкiлеттiгiн тапсырады. Бұл жағдайда бос тұрған мемлекеттiк лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе ол Республика Парламентiнiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды.

1. Қазақстан Республикасының Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды.

2. Республика Президентi мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебiнен жүзеге асырылады.

3. Осы баптың ережелерi Республиканың экс-Президенттерiне қолданылады.

4. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады.