Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шетелдердің конст құқық ұғымы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.85 Кб
Скачать

21.Мемлекет ұғымына жалпы сипаттама(демократиялық, құқықтық, зайырлы,әлеуметтік)

Мемлекет-саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы.Ол-керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.

демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады. Демократиялық мемлекет - бүкіл әлемде жаһандану дәуірінде кеңінен таралған мемлекет үлгісі. Мемлекет демократизмі халықтың билікке қаты- суынан, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бәлінуінен, саяси алуан түрліліктен, жергілікті әзін-озі басқаруынан кәрініс табады.Демократиялық мемлекеттің негізін халық билігі құрайды. Халықты жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындау - халық егемендігінің белгісі. Халық егемендігі халықтың ешқандай әлеуметтік күштердің қысымынсыз, өз билігін олардан тәуелсіз, тек өз мүддесі тұрғысынан жүзеге асыратындығын білдіреді. Халықтықтың еркін білдіру түріне қарай өкілетті және тікелей қатысу демократиясы түрлері анықталған. Өкілетті түрінде - халық билігінің тек өздері өкілі болып табылатын, солардың атынан шешім қабылдап, олардың еркін білдіретін сайланбалы өкілетті өкілдер арқылы жүзеге асырылуы. Тікелей демократия- жалпы халықтың немесе оның бір бөлігінің тікелей өз еркін білдіруі. Саяси плюрализм халық билігінің тиімділігін арттырады. Мемлекеттің демократиялылығы жергілікті өзін-өзі басқaру органдарының болуын білдіреді. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару органдары негізінде әртүрлі аумақтық бірліктің түрғындарының заң шеңберінде өз жауапкершілігі мен өз мүддесі тұрғысынан қоғамдық істердің маңызды бөлігін басқару құқы мен мүмкіндігін білдіреді.

Зайырлы мемлекет – мемлекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сипаты. Зайырлы мемлекеттің заңнамасы толықтай немесе ішінара діни нормаларға сәйкес келуі мүмкін, оның зайырлылығы діни түсініктерге қарама-қайшылықпен емес, одан азат болуымен анықталады. Зайырлы елде әрбір адам ешқандай діни институттарға қатыссыз өмір сүруге құқылы. Мысалы, некені тіркеу және әділ сот жүйесі мемлекеттің айрықша құқығы болып табылады.

Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағыт¬талған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет.

Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет.