Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бюджет билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.34 Кб
Скачать

9.Бюджетпен есеп айырсу

Бюджетпен есеп айырысулардың есебі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшенің келесідей шоттарында жүргізіледі:

3110 — «Төленуге жататын корпоративтік табыс салығы»;

3120 — «Жеке табыс салығы»;

3130 — «Қосылған құн салығы»;

3140 — «Акциздер»;

3150 — «Әлеуметтік салық»;

3160 — «Жер салығы»;

3170 — «Көлік құралдарына салық»;

3180 – «Мүлік салығы»;

3190 — «Басқа да салықтар».

Шоттардың кредиті бойынша төленетін салықтар бойынша бюджетке кредиторлық қарыздар жөнінде ақпараттарды және енгізілуге тиісті сомаларды , яғни есеп беру айында есептелгендерін, ал дебет бойынша есепке жатқызылуға тиісті сомаларды немесе іс жүзінде бюджетке аударылған сомаларды көрсетеді.

3110 “Корпоративтік табыс салығы” шоты заңды тұлғалардан есептелген және аударылған табыс салығы сомаларын көрсетуге арналған. Шегерімдер мен жеңілдіктерді алып тасталған жылдық жиынтық табыс салық салу объектісі болып табылады. 3110 шоттың кредиті бойынша жыл соңында анықталатын, бюджетке енгізілуге тиіс табыс салығының сомалары 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шотымен корресподенциясында көрсетіледі. 3110 шоттың дебеті бойынша бюджетке аударылған аванстық төлемдер сомалары, ақша қаражаттарын есептеу (1010, 1030, 1060) шоттармен корреспонденциясында көрсетіледі.  Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер  4310 шотта есепке алынады.

Бюджетке аударылатын жеке табыс салығының сомасына  3120 «Жеке табыс салығы»  шот кредиттеледі және 3030 3350 және басқа шоттар дебеттеледі.

3130 — «Қосылған құн салығы» шоты бюджетпен қосылған құнға салық бойынша есеп айырысулар жөніндегі операцияларды көрсетуге арналған. Қосылған құн салығы жанама салықтарға жатады және тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өндіру және айналым процесінде қосылған құнның өсімшесінің бөлігін бюджетке алу түрі болып табылады.

3130 — «Қосылған құн салығы» шотының кредиті бойынша 1210, 1220, 1230, 2110, 2130 шоттардың дебетімен корреспонденциясында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге өткізілген өнім және басқа да активтер үшін көрсетілген топтар бойынша ҚҚС сомасы көрсетіледі,  ал дебеті бойынша 1420 «Қосылған құн салығы» шотымен корреспонденциясында есепке жазылуға тиіс қосылған құн салығы сомалары, ал ақша қаражаттарының (1010, 1030 және т.б.) шоттарымен корреспонденциясында – бюджетке аударылған ҚҚС сомалары көрсетіледі.

Акциздік салық – сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.

Акциздердің есебі 3140 «Акциздер» шотында жүргізіледі. Акцизді есептеген кезде 1210, 2110 шоттары дебеттеліп, 3140 шот кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде 3140 шот  дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салық есебі 3150 шотта жүргізіледі. Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде 7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410 және 3150 шоттардың кредитінде көрініс табады.Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3160  шотта жүргізіледі. Жер салығын есептегенде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеліп, 3160  шот кредиттеледі. Салықты төлеу 1-шілдеден кешіктірілмей жергілікті бдюджетке төленгенде 3160  шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.

Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі және 3170 «Көлік құралдарына салық» шоты кредиттеледі.

Мүлікке салынатын салық есебі 3180 шотта жүргізіледі. Есептелген мүлік салығына 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты  дебеттеледі де, 3180 – «Мүлік салығы» шоты кредиттеледі.Салықтар бойынша міндеттемелер шоттарының кредиттік айналымдары №5 журнал – ордерде бейнеленеді.

Ұйымдар салықтық төлемдерден басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша да есеп айырысулар жүргізеді. Олардың есебі үшін 3200 бөлім шоттары арналған:

3210 — «Әлеуметтік салық бойынша міндеттемелер»;

3220 – «Зейнетақы қоры бойынша міндеттемелер»;

3230 – «Басқадай міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер»;

3240 – «Басқадай ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер».

Бұл шоттардың кредиті бойынша қарыздардың қалдығы және оның өсуі, ал дебеті бойынша – оның азаюы көрсетіледі.

Әлеуметтік сақтандыруға аударымдар 3210 — «Әлеуметтік салық бойынша міндеттемелер» шотының кредиті және ұйымның шығын шоттарының (7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410) дебеті бойынша бейнеленеді. Міндетті зейнетақы жарналарын ұстау  3350 «Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыз» шотының дебеті және 3220 «Зейнетақы қоры бойынша міндеттемелер» шотының кредитімен көрсетіледі. Басқа міндетті бөлулер (жинақтар, баж салығы, төлемдер)  3230 «Басқадай міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер» тобы сәйкес шоттарының кредиті және 1310, 1330, 1350, 2410 шоттарының дебеті бойынша есепке алынады. Ерікті төлемдер есебі үшін  3240 – «Басқадай ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» шоты пайдаланылады.  Мұнда  мүліктерді сақтандыру және негізгі және көмекші өндірістер жұмысшыларын сақтандыру төлемдері есептелінеді. Көрсетілген сомаларға 3240 шот кредиттеледі және 8410 «Үстеме шығындар» шоты дебеттеледі.

10.Бюджеттен тыс,валюталық және сыртқы займ бойынша арнайы қаражаттардың есебі және бірлесіп қаржыландырудың есебі

11.Бюджеттік мекемелер қолданатын есеп формасы

12.Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар аналитикалық есебі

13.Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізуы

14.Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар синтетикалық есебі

15.Бюджеттік мекемелердегі кассалық есеп айырысу қызметінің реті

16.Бюджеттік мекемелердегі кассалық орындалу туралы есеп беру

17.Бюджеттік мекемелердегі ақша қаражаттары мен ассигнованиесінің есебі

18.Бюджеттік мекемелердегі қаржыландыру есебі.

19.Бюджеттік мекемелердегі шығыс есебі

20.Бюджеттік мекемелердін негізгі құралдарыдын жүктілеуі және құрамы

Негізгі құралдарға - өндірістік ғимараттар, басқада ғимараттар, тасымалдау құралдары, құрылғылар, станоктар, жұмыс және күш беру машиналары, жұмыс малдары және өнім беруші малдар тағы сол сияқтылар жатады.

Негізгі құралдардың есебі типтік шоттар жоспарында

2400 «Негізгі құралдар» кіші бөліміндегі төмендегі күрделі, активті шоттар бойынша жүргізіледі:  2410 - Негізгі құралдар;  

2420 - Негізгі құралдардың амортизациясы;  

2430 - Негізгі құралдардың құнсыздануынан шеккен зиян.

Кәсіпорын меншігіндегі негізгі құралдар- құрамына және атқаратын міндетіне қарай әр түрлі нысанда болады. Негізгі құралдар есебін жүргізу үшін, олардың түрлеріне, атқаратын міндетіне, өндірістік процеске қатысу сипатына, шаруашылық саласына, пайдалану дәрежесіне және меншік түріне қарай топтастыру немесе жіктеу қажет.

Негізгі кұралдар есебін жүргізудің байырғы тәжірибесіне сай негізгі құралдар түрлеріне карай мына төмендегіше жіктелуі мүмкін:

1. Жер учаскелері, ғимараттар;

2. Құрылғылар;

3. Күш беру құралдары;

4.Машиналар және жабдықтар;

5.Тасымалдау кұралдары;

6.Саймандар;

7.Өндірістік мүліктер және қажеттіліктер;

8.Шаруашылык мүліктері;

9.Өнім және жұмыс малдары. Негізгі құралдарды түрлеріне қарай жіктеу негізгі құралдар есебін жүргізуді және олардың қолда бары мен қозғалысы жөніндегі есептілік жасау үшін қажет. Өндірістік және шаруашылықтық міндет атқаруына қарай негізгі құралдар - өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік сипаттағы негізгі құралдарға машиналар, станоктар, аспаптар, саймандар, есептеу техникалары, сондай-ақ өндірістік процеске арналған негізгі және көмекші қызмет көрсету ғимараттары немесе кәсіпкерлік қызметке байланысты қоймалар ғимараттары, тасымалдау құралдары, шаруашылық мүліктері, жиһаздар және басқада табыс келтіруге, пайда табуға арналған негізгі құралдар жатады. Өндірістік емес сипатттағы негізгі құралдар өндірістік процеске тікелей қатыспайтын, бірақта кәсіпорын еңбеккерлеріне мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін (тұрғын үй - коммуналдық, емдеу, дәрігерлік көмек көрсету, мәдениет үйі, спорт алаңы, бала бақшалар т.с.с.) негізгі құралдар жатады. Салалық экономикаға байланысты негізгі құралдар -өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, көлік, байланыс, құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сактау, білім, мәдениет, т.б.   салалар бойынша жіктеледі. Өндірістік     және    шаруашылықтық    процесте дәрежесіне  қарай   негізгі  құралдар  -  қор   құрамында пайдаланудағы, кызметі тоқтатылған, жалдағы болып бөлінеді.