Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бюджет билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.34 Кб
Скачать

5.Бухгалтерлік есебің есеп циклы

Есептік процедура шаруашылық операцияларын талдаудан бастап шоттарды жабу мен қаржылық қорытынды есепті құруға дейінгі есеп процессі кезеңдерінің жүйесін (ретін) айқындайды. Ол процедура кейде есептік цикл деп те аталады.  Есептік цикл дегеніміз- қаржылық қорытынды есепті құруға алып барушы жүйелі сатылар (қадамдар) сериясы. Бұл цикл әрбір есептік кезеңде (әдетте жылына бір рет) қайталанады.  

Есептік циклдың сатылары (қадамдары) және олардың мақсаты:

 1-ші қадам. Есепке тіркеу үшін операцияны немесе фактілерді айқындау. Мақсаты: негізінен операциялар немесе фактілер жөніндегі бастапқы құжаттар түріндегі ақпараттарды жинау. 

2-ші қадам Тиісті журналдарда шаруашылық фактілерін (операцияларын) тіркеу. Мақсаты: операциялардың кәсіпорынға тигізетін экономикалық әсерін айқындау және оларды хронологиялық тәртіппен шоттарға аударуға (жазуға) мүмкіндік беретін нысанда (журналға) жазу.  3-ші қадам. Журналдардан Бас кітапқа (есеп регистрлеріне) көшіру. Мақсаты: ақпараттарды журналдан тиісті шоттар бойынша Бас кітапқа (есеп регистрлеріне) көшіру – ақпараттарды шоттарда сақтау тәсілі.  

4-ші қадам. Айналым ведомосын (тексеруші балансты) дайындау. Мақсаты: дебеттік және кредиттік айналымдардың және бастапқы сальдолардың тепе-теңдігін тексеру үшін шоттардың ыңғайлы тізімін құру.

 5-ші қадам.  Шаруашылық операцияларын тіркеу журналына түзетуші жазуларды тіркеу. Мақсаты: есептеу, бағалау фактілерін және бастапқы құжаттарда жиі көрсетіле бермейтін басқа да фактілерді тіркеу.

 6-шы қадам. Түзетілген тексеруші (сынама) балансты дайындау. Мақсаты: шоттардың дебеті мен кредитінің жиынтық сомаларының теңдігін тексеру және қаржылық қорытынды есепті дайындауды жеңілдету.  

7-ші қадам.Қаржылық қорытынды есепті дайындау. Мақсаты бухгалтерлік балансты, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепті және ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есепті пайдалана отырып, шешім қабылдаушы сыртқы пайдаланушыларға талдап қорытындыланған қаржылық ақпараттарды тапсыру.  

8-ші қадам.Шаруашылық операцияларын тіркеу журналына (есеп регистрлеріне) шоттардың жабылуын тіркеу.  

9-шы қадам. Шоттар жабылғаннан кейін қорытынды балансты дайындау. Мақсаты: шоттар жабылғаннан кейін дебет пен кредиттің теңдігін тексеру.  

10-шы қадам. Бас кітапқа тұрақты шоттардың қалдықтарын жазу. 

6.Бюджеттік мекемелерде бухгалтерлік баланс және есеп шоттары

Компанияларды қаржылық есепті көрсетудің ж/е жасаудың негізігі рөлі бух/к балансқа жүктеледі. Баластың жай ғана мағынасы к.о/ң қарж/қ кестесін қалыптастыру.

Баланс- к.о/ң қарж/қ жағдайы туралы есеп көрсетеді, яғни оның активтері, міндеттемелері ж/е меншік капиталы бір күнге анықталады. Есепті құру күні әр түрлі болуы мүмкін, әдетте бұл есептік кезең соңғы.

Баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлкі құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:

1) қысқа мерзімді активтер;

2) ұзақ мерзімді активтер;

3) қысқа мерзімді міндеттемелер;

4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;

5) меншікті капитал.

Қысқа мерзімді активтер: Ақша қаражаты және оның эквиваленттері, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, Қысқа мерзімді дебиторлық берешек, өзге де қысқа мерзімді деб/қ берешек.

Ұзақ мерзімді активтер: Негізгі құралдар, МЕА, Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек.

Меншікті капитал: жарғылық капитал, төленбеген капитал, резервтік капитал, бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян).

Қысқа мерзімді міндеттемелер: Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер, Салықтар бойынша міндеттемелер, Қысқа мерзімді кредиторлық берешек, Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер: Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер, Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек, Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері, Кейінге қалтырылған салықтық міндеттемелер.

Кәсіпорынның іс - әрекетін оперативті басқару үшін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы, сондай - ақ олардың пайда болу көздері жайлы мәліметтер жеткіліксіз.Шаруашылық қызмет пен жоспарлы тапсырмаларды орындауды бақылау үшін шаруашылық құралдарының жекелеген түрлерінің  қозғалысын, олардың шығу көздерінің  өзгеруін, шаруашылық процестердің және т.б.  нәтижелерін күнделікті білу қажет. Сондықтан ағымдағы кезең ішінде орындалған шаруашылық операцияларын мазмұнына қарай жүйелеп жинақтау үшін бухгалтерлік шоттар пайданалылады. Бухгалтерлік шоттар деп-шаруашылық операцияларын кәсіпорын активтері мен олардың құралу көздерінің (міндеттемелер, капитал) экономикалық мазмұны жағынан біртекті объектілері бойынша жүйелеп топтастыруды айтады. Сыртқы түрі жағынан шот Т әріпі бейнесіндегі екі жақтан тұратын кесте. Кестенің сол жағы «Дебет» деп, ал оң жағы  «Кредит» деп аталынады. Бухгалтерлік шоттардағы қалдықты бейнелеу үшін «сальдо» (С) деп аталатын терминді пайдаланады. С1  - бастапқы сальдо-есеп беру мерзімінің басындағы, яғни операциялар орындалмай тұрған кездегі есеп объектісі бойынша қалдықты көрсетеді, ал есеп беру мерзімінің соңындағы, яғни операциялар орындалғанан кейінгі қалдық С2 арқылы көрсетіледі.          Есепті кезеңнің (айдың) басында есеп объектілері бойынша шоттар баланс баптары негізінде ашылады. Сондықтан балансқа қатысты бухгалтерлік шоттар активті және пассивті болып бөлінеді. Кәсіпорын активтерінің әрбір жекелеген түрлерінің нақты бары мен олардың қозғалысының есебін жүргізу үшін пайдаланылатын шоттарды активті шоттар деп атайды. Активті шоттың дебет жағында –есеп объектісі бойынша есепті кезеңнің басы мен аяғындағы сальдо және бастапқы сальдоны көбейтетін шаруашылық операцияларының сомалары, ал кредиті жағында бастапқы сальдоны азайтатын шаруашылық операцияларының сомалары жазылады. Егер шоттың дебеті бойынша айналым сомасын-ДТ айналым, ал кредиті бойынша айналым сомасын –КТ айналым деп белгілейтін болсақ, онда активті шот бойынша ақырғы сальдо сомасы төмендегі формула арқылы анықталады: С2=С1+ДТ айналым - КТ айналым Кәсіпорын активтері құралу көздерінің әрбір жекелеген түрлерінің нақты бары мен олардың қозғалысының есебін жүргізу үшін пайдаланылатын шоттарды пассивті шоттар деп атайды. Пассивті шоттар есепті кезеңнің басында баланстың «Міндеттемелер» және «Капитал» бөлімдерінің баптары бойынша ашылады. Есеп объектілері бойынша бастапқы және ақырғы сальдо пассивті шоттардың кредитіне жазылады. Пассивті шоттың кредиті жағында-есеп объектісі бойынша есепті кезеңнің басы мен аяғындағы сальдо және бастапқы сальдоны көбейтетін шаруашылық операцияларының сомалары, ал дебеті жағында –бастапқы сальдоны азайтатын шаруашылық операцияларының сомалары жазылады. Пассивті шоттар бойынша ақырғы сальдо сомасы төмендегі формула арқылы анықталады.:  С2=С1+КТ айналым - ДТ айналым. Бухгалтерлік есепте шоттардың екі: синтетикалық және аналитикалық түрлері егжей- тегжей тәптіштелу, жинақталып қорыту дәрежесі әр түрлі ақпарат пен көрсеткіштерді алу үшін қолданылады. Синтетикалық шоттарда шаруашылық құралдары мен олардың қозғалысы туралы жинақталып қорытылған көрсеткіштері болады. Олар тек қана ақшалай түрде көрсетіледі.   Аналитикалық шоттар есептің тиісті объектілеріне  түгел, толық сипаттама береді, олар синтетикалық шоттардың дамуына орай ашылады. Материалдық құндылықтарды  бейнелеп көрсететін аналитикалық шоттар тек қана ақшалай  емес, заттай түрде  де жүргізіледі. Синтетикалық және аналитикалық есеп  шоттындағы жазбалар сол бір құжаттар негізінде жасалады. Синтетикалық шоттың дебеті мен кредиті  бойынша айналымдар  аналитикалық шоттарды біріктіретін  айналымның жалпы  сомасына тиісінше тең болуға тиіс. Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары деп- шоттарды олардың экономикалық мазмұны бойынша жіктеу негізінде жасалынған бухгалтерлік есеп шоттарының жүйеленген тізімі.    

  Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары 8 бөлімнен тұрады:  

1Қысқа мерзімді активтер;

2 Ұзақ мерзімді активтер;

 3Қысқа мерзімді міндеттемелер;

4 Ұзақ мерзімді міндеттемелер;

5 Капитал және резервтер;

6 Табыстар;  

7Шығыстар;

 8Өндірістік есеп шоттары.