Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бюджет билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.34 Кб
Скачать

48.Түгендеу: түсінігі, турлері, өткезудің ұйымдастыруы

Түгендеу- материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасауды, есепке алу және материалды жауапты тұлғалардың (ары қарай – МЖТ) жұмысындағы мүмкін болатын қателіктерді анықтауды, жоюды, табиғи зиян көлемін белгілеуді және материалдық және өзге құндылықтардың қалдықтары туралы есепке алу деректерін анықтап жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ҚР Қаржы министрілігінің 2007 ж. 22 маусымдағы № 221 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есепке алу жүргізу ережелерінің (ары қарай – Ережелер) 7 «Түгендеу» бөліміне сәйкес, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында, активтер мен міндеттемелердің түгенделуі жылына кем дегенде бір рет өткізіледі.

Жеке кәсіпкерлер (ары қарай – ЖК) мен шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, қызметкерлер саны 25 адамнан аспайтын ұйымдар түгендеуді өткізу тәртібі мен мерзімін өздері белгілей алады. Орналасқан жеріне қарамастан, бірақ бухгалтерлік есепте болып саналатын (жауапты сақталудағы, шарт бойынша жалға алынған, қайта өңдеу үшін алынған, комиссия үшін қабылданған) барлық мүлік, сондай-ақ қандай да бір себептермен ескерілмеген мүлік және барлық міндеттеме түрлері түгенделуге тиіс.

Есептік жыл ішіндегі түгендеу санын, оларды өткізу күнін, олардың әрқайсысын тексеру кезіндегі мүліктің және қаржы міндеттемелерінің тізілімін ұйым басшысы немесе ЖК белгілейді. Жылдық бухгалтерлік есептілікті құру алдында түгендеу өткізу – міндетті түрде.

Ұйымның басшысы мен бас бухгалтеріне түгендеуді дұрыс және уақтылы өткізу үшін жауапкершілік жүктеледі.

Түгендеуді өткізу үшін ұйым басшысының немесе ЖК-нің бұйрығымен түгендеу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылады.

Түгендеу комиссиясын тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған соң, оның төрағасына ұйымның бірінші басшысының немесе ЖК-нің қол қоюымен жазбаша өкімі беріледі, бұл өкімде комиссия құрамынан басқалар да көрсетіледі: бұйрықтың нөмірі мен күні, түгенделуге тиісті объект, түгендеуді өткізу себебі, түгендеуді бастау және аяқтау мерзімдері.

49.Ұзақ мерзімді активтерді түгендеу

Ұзақ мерзімді активтерді түгендеуді бастау алдында мыналар тексеріледі:

1) түгендеу карточкаларының, түгендеу тізімдерінің және НҚ-ны есепке алу бойынша тізімдердің бар болуы және жай-күйі;

2) техпаспорттардың және басқа да техникалық құжаттаманың бар болуы мен жай-күйі;

3) жалға, жауапты сақтауға субъект тапсырған немесе қабылдаған негізгі құралдардың құжаттамаларының бар болуы. Құжаттар болмаған кезде олардың алынуын немесе ресімделуін қамтамасыз еткен жөн.

НҚ-ны түгендеу, аумақтық орналастырылуы ескеріле отырып, жалпы белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады, бұл ретте комиссия объектілерді тексеру нақты түрде іске асырады және түгендеу тізімдеріне олардың толық атауларын, тағайындалуын және түгендеу нөмірлерін енгізеді. Түгендеу нөмірлері НҚ объектілеріне келіп түсулеріне қарай, реттік-сериялық жүйе бойынша беріледі.

Түгендеу сәтінде шаруашылық жүргізуші субъектінің орналасқан жерінен тыс жерде болатын НҚ объектілері (алыс рейстегі теңіз және өзен кемелері, темір жол жылжымалы құрамалары, автомашиналар; күрделі жөндеуге жіберілген машиналар мен жабдық және т. б.) олардың уақытша жіберілу сәтіне дейін түгенделеді, бұл жөнінде түгендеуді өткізу туралы өкімде айтылуға тиіс.

НҚ Бұйрықпен бекітілген «Ұзақ мерзімді активтердің түгендеу тізімі» Түгендеу-1

нысаны бойынша объектінің негізгі тағайындалуына сәйкес атаулармен түгендеу тізіміне енгізіледі.

Ешқандай түзетулер мен тазартулар жасауға болмайды. Түгендеу тізімдерінде толтырылмаған жолдар қалдыруға болмайды. Тізімдердің соңғы беттеріндегі толтырылмаған жолдар сызылып тасталады.

МЖТ-ның жетіспеулері немесе артылулары атаудағы қателіктен, жіберіп алудан, жаңылудан және т. б. туындады деген өтініштері, түгендеу өткізілетін қойма, жүк сақтау орны, секция ашылуға дейін қабылданады.

Қателіктерді түзету, дұрыс емес жазбаларды сызып тастау және сызып тасталғандардың үстіне дұрыс жазбаларды қою арқылы тізімдердің барлық даналарында іске асырылады. Түзетулерді түгендеу үшін комиссиясының барлық мүшелері және МЖТ талдайды, және оған қол қояды.

Түгендеу аяқталған соң, міндетті түрде қосымша тексерулер жүргізіледі, оған түгендеу комиссиясының мүшелері мен МЖТ қатысады.

Тізімдерге жетіспеулерді немесе артылуларды жасыру мақсатында нақты қалдықтар туралы алдын ала белгілі болған жалған деректерді енгізу үшін комиссияға заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.

«Ұзақ мерзімді активтердің объектілерін түгендеу нәтижелерінің салыстыру тізімдемесі» Түгендеу-12 Бұйрықпен бекітілген нысан бойынша салыстыру тізімдемесінде бухгалтерлік есепке алу деректері және түгендеу тізімдерінің (актілерінің) деректері бойынша көрсеткіштер арасындағы түгендеу айырмашылықтарының нәтижелері көрсетіледі.