- •3. Баланстын тыс шоттарында есеп жүргізу ұйымдастыруы
- •4. Бухгалтерлік есебінің құжаттары
- •5.Бухгалтерлік есебің есеп циклы
- •6.Бюджеттік мекемелерде бухгалтерлік баланс және есеп шоттары
- •7.Бухгалтерлік есеп беру.
- •8.Бюджет төлемдері бойынша есеп айырысу.
- •9.Бюджетпен есеп айырсу
- •21.Бюджеттік мекемелердің бас бухгалтерледің құқығы және міндеттері
- •22.Бюджеттік мекемелердің бухгалтерлік балансы
- •23.Бюджеттік мекемелердің есеп шоттары
- •Шоттар жоспарының бөлімдері
- •7. 4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары
- •8. 5 «Таза активтер/капитал» бөлімінің шоттары
- •9. 6 «Кірістер» бөлімінің шоттары
- •10. 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттары
- •11. 8 «Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар» бөлімінің шоттары
- •24.Бюджеттік мекемелердің есеп шотына ақша қаражатының түсуі
- •25.Бюджеттік мекемелердің құжаттануы
- •26.Бюджеттік мекемелердің негізгі қағидалары және қаражатталау тәсілдері (әдістері)
- •27.Бюджеттік мекемелердің шығыстарының есебі
- •28.Бюджеттік ұйымдағы дебитормен есеп айырсу
- •29.Бюджеттің орындалуы туралы қаржы органдарының есеп беруі.
- •30.Еңбек ақы және стипендия шығындарын бақылау және оның есебі.
- •31.Кәсіпорының тмқ құжаттауы
- •32.Кірістердің аналитикалық есебі. Қаржы нәтижесін анықтау.
- •33.Кірістің аналитикалық есебі
- •34.Материал емес активтердің есебі
- •35.Материал емес активтердің түсінігі және жіктеуі
- •36.Материалдардың қозғалысының құжаттау есебі
- •37.Материалдардың құрамы мен құрылымы
- •38.Материалды емес активтердін кіріс және шығыс есебі
- •39.Мемелекеттік бюджет есебінен қаржыланатын мекеменің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы және оның мақсаты
- •40.Негізгі құралдардын кіріс және шығыс есебі
- •41.Негізгі құралдардын тозу есебі: түсінігі, есебің ұйымдастыруы
- •42.Негізгі құралдардың есептен шығару есебі
- •43Республикалық бюджеттің және жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша кассалық орындалуы
- •44.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі
- •45.Синтетикалық және аналитикалық есептің ұйымдастырылуы
- •46.Сметаның қолдануы бойынша бухгалтерлік құжаттар және олардың реквизиттері
- •47.Тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулардың есебі.
- •48.Түгендеу: түсінігі, турлері, өткезудің ұйымдастыруы
- •49.Ұзақ мерзімді активтерді түгендеу
- •50.Ұзақ мерзімді активтердің тозуын есептеу әдістері
- •51.Шығыс бойынша құжаттаныдру
- •52.Шығыстар сметасының орындалуы туралы бюджеттік мекемелердің есеп беруі.
34.Материал емес активтердің есебі
Материалды емес активтердің бар болу және айналым есебі «Материалды емес активтер» 2700 бөлімше шоттарында жүргізіледі:
– 2710 «Гудвилл»;
– 2720 «Гудвиллді қамтамасыз ету»;
– 2730 «Басқа да материалды емес активтер»;
– 2740 «Басқа да материалды емес активтер құнсыздануы және амортизациясы».
Материалды емес активтер алғашқы құн бойынша осы шоттарда есептеледі.
Материалдық емес активтердің түсімі және істен шығуын материалдық емес актитердің қабылдау-табыстау актісімен ресімдейді. Актіде материалдық емес активтердің нақты атауы және кәсіпорынға жіберілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объект сипаттамасы, оның алғашқы құны, өтелім нормасы және басқа да керекті ақпараттар белгіленуі тиіс.
Материалды емес активтердің түсу есебі. 1 кесте
-
№
Операция мазмұны
Дт
Кт
1
Материалды емес активтердің жарғы капиталына салым ретіндегі түсімдері
2730
5020, 5030
2
Материалды емес активтердің қайтарымсыз беру тәртібі бойынша түсімдері
2730
6280
3
Заңды тұлғалардың материалды емес активтерін сатып алу
2730
3310
4
Қосылған құн салығы
1420
3310
35.Материал емес активтердің түсінігі және жіктеуі
Материалдық емес активтер- табиғи натуралды нысандар, бірақ «материалдық емес құндылықпен» үлестірілген және осының күшімен субъектке, ұзақ мерзім аралығында немесе әрқашан, қосымша кіріс әкелетін активтер. Сонымен қоса, материалдық емес активтер иеліктен айыру мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Материалдық емес активтерге тауарлық нышандар, даму тауарларының тіркелген орындары, фирма құны(гудвилл), «ноу-хау», өнер-кәсіп үлгілері және потенттер, лицензиялар, интелектуалды меншік, ұйымдық шығыстар, табиғи ресурстарды қолдану құқығы, ЭЕМ-ді қамтамасыз ету бағдарламасы және тағы басқа жатады.
36.Материалдардың қозғалысының құжаттау есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымаладу көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүк құжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.
Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын және номерін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторған немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхатты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалдарды тұрақты алып тұратын экспедиторға береді. М-2А түрлі «сенімхат» алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі М-3 «берілген сенімхаттарды есептеу» журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе басқа қызметкері М-2А түрлі «сенімхатты» алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының номерін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі М-4 «кіріс ету» ордерін бір дана етіп толтырады.
