Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бюджет билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.34 Кб
Скачать

28.Бюджеттік ұйымдағы дебитормен есеп айырсу

Шаруашылық операциялардың нәтижесінде қалыптасқан мемлекеттік мекеменің дебиторлық берешегі басқа мемлекеттік мекемелерді, заңды және жеке тұлғаларды қосқанда басқа тұлғалардан тиесілі сома ретінде анықталады.

Дебиторлық берешекті есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:

1210 «Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;

1220 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;

1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»;

1240 «Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;

1250 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар»;

1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»;

1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;

1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер»;

1290 «Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв»;

2210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі»;

2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»;

2230 «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер».

Өткен қаржы жылдарында пайда болған дебиторлық берешек сомасын қайтарған жағдайда жазбалар (бір мезгілде) жүзеге асырылады:

дебиторлық берешек сомасы есепте болған кезде: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті және дебиторлық берешектің тиісті шотының кредиті; 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті; 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті;

бұрын есептен шығарылған дебиторлық берешек қалпына келтіруге жатады: дебиторлық берешектің тиісті шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті; 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті және дебиторлық берешектің тиісті шотының кредиті; 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті; 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті.

1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi» және 2210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешегi» шоттарының қосалқы шоттарында тапсырыс берушiлермен олар үшiн орындалған жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн, өндiрiстiк оқу процесiнде кәсiптiк техникалық мектептердiң оқушылары орындаған сатылған дайын бұйымдар мен жұмыстар үшiн есеп айырысулар, сондай-ақ балалардың музыка мектептерiнде оқығаны үшiн, мектеп-интернаттарда тәрбиеленушiлердi ұстағаны үшiн, нысанды киiм-кешек үшін, мектептердiң жанындағы интернаттарда балалардың тамағы үшiн есеп айырысулар ескерiледi.

Көрсетілген қосалқы шоттардың дебетіне көрсетілген қызметтер, оқу-өндірістік шеберханалар әзірлеген сатылған дайын бұйымдар құны, мемлекеттік мекемелерде оқу орнының оқушылары орындаған жұмыстар үшін оқу орнының оқушыларына төлеуге жататын сыйақы сомасы және оқу базасын кеңейтуге, оқушылардың мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуін жақсартуға демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен сома жазылады және басқа сомалар, бұл ретте 6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер», 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» шоты кредиттеледі.

Мектеп-интернаттарда және мектеп жанындағы интернаттарда балаларды ұстауға төлемді есептеу мынадай жазбамен көрсетіледі:

Дт 1232 «Төлемдердің арнайы төлем түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»

Кт 6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер».

Балаларды күтіп-ұстауға төлемнің түсуі: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының, 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының дебеті және 1232 «Төлемдердің арнайы төлем түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.

Күмәнді берешектер бойынша резерв құру мынадай тізбекпен көрсетіледі:

Дт 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар»

Кт 1290 «Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв».

Егер кейін, күмәндіге жатқызылған дебиторлық берешектің қайтарылуы жүзеге асырылса, онда күмәнді дебиторлық берешек бойынша резервтер құру жөнінде бұрын танылған шығысты мынадай тізбекпен қалпына келтірген жөн: 1290 «Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв» шотының дебеті және 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар» шотының кредиті.

Дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу нәтижелері бойынша өндіріп алу үшін мүмкін емес мынадай:

дебиторлық берешек:

өндіріп алуға сот бас тартқан, оның ішінде талап ету уақытының өтіп кету себебі бойынша;

мүлкінің жетіспеуіне байланысты борышкерді таратқан кезде қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін кредит беруші мәлімдемеген;

егер міндеттеме борышкердің қайтыс болуына байланысты тоқтатылса, егер атқару борышкердің жеке қатысуысыз жүргізіле алмаса немесе міндеттеме борышкердің жеке басына басқаша ажыратусыз байланысты болса;

Үмітсіз дебиторлық берешекті есептен шығару мынадай тізбектермен көрсетіледі:

егер бұрын күмәндi берешекке резерв құрылса – тепе-тең құрылған резервке:

Дт 1290 «Күмәндi дебиторлық берешектер бойынша резерв» шотының дебетi және

Кт үмiтсiз берешек қосалқы шоты;