Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методическое пособие ферма.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.2. Төменгі белдеу бойынша байланыс

Созылған төменгі белдеу деңгейіндегі көлденең горизонталь байланыс фермалары да ғимараттың шеткі бөлігінде орналасады (2.1б-сурет). Ғимараттың ортаңғы бөлігінде байланыс фермалары колонналарды байланыстыратын жерге орналасады.

Сонымен бірге, ғимараттың бойына бойлық байланыс жүргізіледі. Олардың ені төменгі белдеудің бірінші панелінің ұзындығына сәйкес қабылданады.

Созылған төменгі белдеудің иілгіштігін шектеу үшін төменгі белдеуді бүйірлік бағытта бекітетін арнайы кермеше орнатады. Олардың саны төменгі белдеудің шекті иілгіштік мөлшерін қарап қабылданады, яғни [λ]≤250, 56п.

2.3. Фермалар арасындағы вертикаль байланыстар

Фермалар арасындағы вертикаль байланыстар көлденең байланыс бар жерде орналасады. Пролеттің еніне қарай оларды 12-15м аралыққа орналастырады (2.1в-сурет).

2.1-сурет. Фермалар бойынша байланыстар.

а–жоғарғы белдеулер бойынша; б–төменгі белдеулер бойынша;

в–вертикаль байланыстар; 2–3–жабын б/ша байланыстар схемалары

7.5-сурет.

7.4-сурет.

3. Раманың беларқасына түсетін жүктемелер жиынтығы

3.1. Беларқаға әсер ететін жүктемелер және оның есептік схемасы

Көлденең рама беларқасы ауырлық ауданы L x B болып келетін (3.1-сурет) еркін бекітілген, статикалық анықталатын тұрақты және айнымалы күштер әсер ететін ферма ретінде қарастырылады.

Берілген ғимарат үшін тұрақты күштерге шатыр салмағы және ригельдің байланыстармен қосқандағы жеке салмағы болып есептеледі.

Уақытша күштерге қар жамылғысының салмағы жатады. Айқас моменттерден әсер күші беларқа мен колоннаның қатаң түрде беттесуінен пайда болады.

3.1-сурет. Тұрақты және қар жүктемесімен раманың жүктелу схемасы

3.2. Тұрақты жүктеме

Тұрақты жүктеме белгілі ауданға біртекті бағытталған өлшем бірлігі кН/м2 болып келетін күштер жиынтығы.

Шатыр конструкциясы суық (3.2а-сурет) және жылытылған (қымталған) (3.2б-сурет) болуы мүмкін.

Конструкцияның салмағынан болатын әсерді курстық жоба үшін 3.1-кестеде көрсетілген.

Рама беларқасына әсер ететін есепті тұрақты күш :

Мұнда, - нормативті және есептік 1м2 ауданның жабынның әр бір қабатына әсер етуші тұрақты күш, кН;

- әсер күшінің мөлшерін ықшамдайтын коэффициент, әр бір қабаттың материалына байлланысты.

Тұрақты жүктемеден болатын түйіндік күштер мөлшері (3.3-сурет)

Мұнда, lm1, lm2 – жоғарғы белдеудің панелінің өлшемдері;

; ; - І, ІІ, ІІІ түйіндерінің сәйкесінше жүк ауданының ені.

Тұрғызған кезде әсер сызығының участоктарының таңбаларын аңғару керек, өйткені раскостар мен стойкаларда және де консольдік фермалар белдеулерінде әсер сызықтары екі белгілі болады, яғни бұл стерженьдердегі күштер өздерінің таңбаларын жүктің ферма бойынша қозғалуы кезінде өзгертеді.

Стерженьдердегі күштерге әсер сызығын тұрғызу дұрыстығын барлық кезде бақылау керек, әсер сызығының (оң және сол бөлігінде) екі шыбығы да Риттер нүктесінің астынан вертикаль бойынша міндетті түрде қтылысу керек.

Тұрғызылған әсер сызығы бойныша ферма стерженьдеріндегі күштер өлшемін анықтау арқалықтар үшін бөлшектенген жүктеменің қауіпті орналасу белгісін қолданумен жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Мұнда әсер сызығының ординаталары әр уақытта өлшемсіз, ал әсер сызығының ауданы метрмен берілетініне назар аударыңыз.

Байқаңыз: әсер сызығы ординатасының таңбасы мен моменттік нүкте арасында байланыс бар. Егер моменттік нүкте ферма аралығының (пролет) ішінде жатса, онда аралық бөліктегі әсер сызығы біртаңбалы, егер аралық шегінен тыс жатса, онда екітаңбалы.