- •Мазмұны
- •5.1. Жалпы түсінік
- •1. Ферма конструкциясын таңдау және компановкалау.
- •1. Ферма конструкциясын таңдау және компановкалау
- •Ферма көрінісі
- •Пайдаланған әдібиеттер тізімі
- •1.1. Ферма көрінісі.
- •Ферманың басты өлшемдері
- •1.3. Ферма торы
- •1.4. Ферма панельдері
- •1.5. Жетілдірілген фермалар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •2. Фермалар бойынша байланыстарды орналастыру
- •2.1. Жоғарғы белдеу бойынша байланыс
- •2.2. Төменгі белдеу бойынша байланыс
- •2.3. Фермалар арасындағы вертикаль байланыстар
- •3. Раманың беларқасына түсетін жүктемелер жиынтығы
- •3.1. Беларқаға әсер ететін жүктемелер және оның есептік схемасы
- •3.2. Тұрақты жүктеме
- •7.3. Жылжымалы және жылжымайтын жүктемеге жазық арқалықты ферма есебі
- •3.3. Қар жүктемесі
- •4. Ферма элементтеріндегі күштерді анықтау
- •4.1. Тұрақты және қар жүктемесінен болатын күштерді анықтау
- •4.2. Тіреулік момент күштерін анықтау
- •4.3. Кермелерден болатын күштерді анықтау
- •4.4. Ферма стерженьдеріндегі есептік күштерді анықтау
- •7.2. Арқалықты жазық фермаларды есептеу әдісі
- •7. Статикалық анықталатын стерженьдік жүйенің есебі
- •7.1. Жазық жүйелердің туындауы
- •5. Ферма элементтерінің қимасын таңдау
- •5.1. Жалпы түсінік
- •5.2. Стерженьдегі есептік ұзындықты анықтау
- •6.2. Жіктер есебі
- •5.3. Стерженьдердің шектік иілгіштіктері
- •5.4. Стержень қимасының түрін таңдау
- •6. Түйіндер есебі
- •6.1. Жалпы түсінік
- •5.6. Тордың сығылған стерженьдерінің қимасын таңдау
- •5.7. Созылған стерженьдердің қимасын таңдау
- •5.5. Жоғарғы белдеудің және тірек кермесінің қимасын таңдау
5.3. Стерженьдердің шектік иілгіштіктері
Стержень иілгіштігі мына формула бойынша анықталады:
Мұнда lef - стерженьнің есептік ұзындығы;
і – стерженьнің қимасының инерция радиусы.
Ферма элементтерінің бұзылуының, тозуының, тербелуінің алдын алу үшін стержень иілгіштігі нормативті өлшемнен аспауы керектігін есте сақтау керек.
Ферма стерженьдерінің шектік иілгіштіктері
5.1-кесте
Жүктелу түрі |
Ферма стержені |
Шектік иілгіштік |
Сығылған стерженьдер |
Белдеулер, қиғаш тірек пен тірек бағандары |
120 |
Тор стерженьдері |
150 |
|
Созылған стерженьдер |
Белдеулер мен қиғаш тіректер |
250 |
Тор стерженьдері |
350 |
5.4. Стержень қимасының түрін таңдау
Ферма стерженьдерінің қимасы кез келген профильдерден жобаланған болуы мүмкін, [3] 223-225беттер. Өнеркәсіптік ғимараттардың фермаларында көбінесе екі бұрыштан немесе енді-полкалы таврлардан құралған таврлы қималар қолданылады.
Біршама кемшіліктеріне қарамастан екі бұрышты қималар біркелкі тұрақты стреженьдер (λх = λу) алуға мүмкіндік береді, конструктивті жағынан ыңғайлы және түйіндердегі стерженьдердің қарапайым байланысын қамтамасыз етеді.
Курстық жобада «Құрылыс» мамандығындағы студенттерге белдеулер қимасын енді-полкалы таврлардан, тор қимасын – бұрыштардан қабылдау ұсынылады, [3] 545-550.
Ауылшаруашылық өндірістік ғимараттардағы жеңіл фермаларда қосылған бұрышты қималарды пайдаланған дұрыс, өйткені:
а) жоғарғы белдеу және тірек кермелері – тең қабырғалы емес бұрыштардан үлкен полкалармен бірге (5.2а-сурет);
б) төменгі белдеу – тең қабырғалы бұрыштардан кіші полкалармен бірге (5.2б-сурет);
в) тор стерженьдері – тең емес полкалы бұрыштардан (5.2в-сурет).
5.2-сурет. Ферма стерженьдерінің қимасы
6. Түйіндер есебі
6.1. Жалпы түсінік
Есептеудің негізі - әсер ететін күштерге байланысты флангты жіктердің қажетті өлшемдері анықталады. Содан кейін бұрыштық жіктерді орналастыру шартынан бұрыштық фасонканың өлшемдерін табады.
Ферма түйіндерін құрастыруды түйінде кездесетін стерженьдердің осьтік сызықтарын түсіруден бастайды (6.1-сурет). Содан кейін осьтік сызықтарға бұрыштар контурлары байланыстырылады.
Стерженьдер контурларын (М 1:10, 1:20) сәйкес профильдердегі қималардың ауырлық центрлері осьтік сызықтармен сәйкес келетіндей етіп салады [3] 545-550б.
6.1-сурет. Стерженьдердің центрленуі
а) түйін стерженьдерінің осьтері; б) бұрыштар байламы;
в) қима өзгерісі жеріндегі бұрыштар байламы
5.6. Тордың сығылған стерженьдерінің қимасын таңдау
Есептеу кезегі сақталады, бірақ келесі ерекшеліктерді ескеру керек:
алдын-ала иілгіштік λ = 120÷100 аралығында беріледі, одан аз мәндер көптеу жүктелінген және қысқа стерженьдерге қолданылады;
2 қосымшасы бойынша анықталатын жұмыс шарты коэффициенті жоғарғы белдеу мен тірек кермесіне қабылданғаннан ерекшеленеді;
инерция радиусы іх,тр сортаментте фасонканың қабылданған қалыңдығын ескеріп екі тең қабырғалы бұрыштар үшін іу1-мен тексеріледі.
