Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методическое пособие ферма.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

4.4. Ферма стерженьдеріндегі есептік күштерді анықтау

Барлық жүктелу түрлерінен болатын күштерді 4.1-кестеге түсіреміз. 12, 14 графадағы вертикальды жүктемелерден, тірек моменттерінен және рама кермелерінен болатын есептік күштерді анықтаған кезде күштер таңбасын келесі кезекпен ескеру қажет:

1. Барлық күштер -барлық күштер суммасы қабыл-ды

бірдей таңбалы қар жүктемесі үшін ψ=0,9;

  1. Таңбалары әр түрлі, - тек қана вертикальды

кермеден және тірек жүктемеден болған

моментінен болған күштер күштер суммасы

суммасы вертикальды қабылданады.

жүктемеден кем. Қар жүктемесі үшін ψ=1;

3. Таңбалары әр түрлі, - барлық күштердің

кермеден және тірек алгебралық суммасы

моментінен болған күштер қабылданады.

суммасы вертикальды Қар жүктемесі

жүктемеден көп. үшін ψ=0,9;

* Жоғарғы белдеу және кермелер үшін тірек моменттерінен болған күштер анықталады және 4.1-кестеге І комбинация бойынша түседі, төменгі белдеу үшін ІІ комбинация бойынша. Кермеден болатын күш төменгі белдеу үшін ІІ комбинация бойынша анықталады.

Геометриялы өзгермегіштіктің және оның жеткіліксіздігінің ережелерінің қорытындысын ескере отырып, үшбұрыштардан тұратын ферма геометриялы өзгермейтін екенін есте сақтау керек.

Статикалық анықталғыштықтың ережелеріне назар аудару керек, оның математикалық мағынасын S = 2K – 3 жаттап алу керек және оны ферманың анықталғыштығын тексеруге қолданып үйрену керек.

7.2. Арқалықты жазық фермаларды есептеу әдісі

Ферма дегеніміз - өзара шарнирлермен байланысқан түзу сызықты стерженьдермен пайда болған геометриялы өзгермейтін жүйе.

Фермаларда жүктеме тек түйіндерге беріледі, ал стерженьдер түзу сызықты. Осы шарттар кезінде ферма стерженьдерінде тек қана бойлық немесе созылмалы, немесе сығылушы күштер пайда болады. Ферманың стерженьдерден пайда болу сұрағын ертерек қарастырылған геометриялы өзгермегіштіктің және статикалық анықталғаштық жағдайымен байланыстыру керек және оларды тексеру үшін дәл сол шарттар қалатынын белгілеп кету керек.

Тақырыптың түйіндік сұрақтары:

а) фермалардың пайда болуы, олардың түрлері және классификациясы;

б) қозғалмайтын жүктеме кезінде ферма есебінің аналитикалық тәсілі;

в) қозғалмайтын жүктеме кезінде ферма есебінің графикалық тәсілі;

7. Статикалық анықталатын стерженьдік жүйенің есебі

7.1. Жазық жүйелердің туындауы

Жазық жүйе деп – барлық стерженьдер осьтері және көлденең қиманың инерциясының басты осі бір жазықтықта жататын жүйені айтамыз.

Тақырыпты тірек түрлерін және әр түрдің еркіндік дәрежелерінің санын қарастырудан бастаған дұрыс.

Одан әрі қатты және шарнирлі түйіндерді және стерженьдік жүйенің пайда болу принциптерін қарастыру керек.

Геометриялы өзгермейтін жүйенің анықтамасын жаттап алу керек. Мына түсініктемелерді білу қажет: диск, кинематикалық байланыс, еркіндік дәрежесі, статикалық анықталынбау дәрежесі.

Диск деп – кез келген геометриялық формадағы стержень немесе стержень қасында пайда болатын геометриялы өзгермейтін жүйе аталады.

Қандай байланыстар арқылы екі және үш дискілердің өзгермейтін байлпаныстары шығатынын оқып үйрену керек. Дискілердің қарапайым және ауыр байланыстарын қарастыру ұсынылады. Қарапайым байланыс кезінде ұстап тұратын негізгі (базистік) дискіні және негізгі дискімен ұсталынып тұратын қосымша (үстіне салынған) дискіні бөліп алып қарастыруға болады. Ауыр байланыс кезінде әр диск бір уақытта ұстап тұратын және ұсталынып тұратын болып есептеледі.