Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методическое пособие ферма.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы

БІР ҚАБАТТЫ ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТТЫҢ БОЛАТ ҚАҢҚА БЕЛАРҚАСЫНЫҢ (ФЕРМАНЫҢ) ЕСЕБІ ЖӘНЕ КОНСТРУКЦИЯЛАНУЫ

( 050729 «Құрылыс» мамандығы студенттеріне арналған «Құрылыс конструкциясы ІІІ» пәнінен курстық жобалауға әдістемелік нұсқау)

Қызылорда, 2012ж.

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының аға оқытушылары Т.К.Ділімбетов, К.С.Сыдықов, Д.Ө.Жапахова, Стр-06-1 тобының студенті Төлеш М. Бір қабатты өндірістік ғимараттың болат қаңқа беларқасының есебі және конструкциялануы.

050729 «Құрылыс» мамандығы студенттеріне арналған «Құрылыс конструциясы ІІІ» пәнінен курстық жобалауға әдістемелік нұсқау.

Осы әдістемелік нұсқау 050729 «Құрылыс» мамандығындағы студенттерге «Бір қабатты өндірістік ғимараттың болат қаңқасы» курстық жобаны орындауға арналған.

Әдістемелік нұсқау университеттің оқу-әдістемелік кеңесі отырысында талқыланып баспа жұмысына ұсынылды.

    1. 5.4. Стержень қимасының түрін таңдау

    2. 5.5. Жоғарғы белдеудің және тірек кермесінің қимасын таңдау

    3. 5.6. Тордың сығылған стерженьдерінің қимасын таңдау

    4. 5.7. Созылған стерженьдердің қимасын таңдау

6. Түйіндер есебі

    1. 6.1. Жалпы түсінік

    2. 6.2. Жіктер есебі

7. Статикалық анықталатын стерженьдік жүйенің есебі

    1. 7.1. Жазық жүйелердің туындауы

    2. 7.2. Арқалықты жазық фермаларды есептеу әдісі

    3. 7.3. Жылжымалы және жылжымайтын жүктемеге жазық арқалықты ферма есебі

Әдістемелік нұсқаулар

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Мазмұны

Кіріспе

  1. Ферма конструкциясын таңдау және компановкалау

    1. 1.1. Ферма көрінісі

    2. 1.2. Ферманың басты өлшемдері

    3. 1.3. Ферма торы

    4. 1.4. Ферма панельдері

    5. 1.5. Жетілдірілген фермалар

  1. Фермалар бойынша байланыстарды орналастыру

    1. 2.1. Жоғарғы белдеу бойынша байланыс

    2. 2.2. Төменгі белдеу бойынша байланыс

    3. 2.3. Фермалар арасындағы вертикаль байланыстар

  1. Раманың беларқасына түсетін жүктемелер жиынтығы

    1. 3.1. Беларқаға әсер ететін жүктемелер және оның есептік схемасы

    2. 3.2. Тұрақты жүктеме

    3. 3.3. Қар жүктемесі

  1. Ферма элементтеріндегі күштерді анықтау

    1. 4.1. Тұрақты және қар жүктемесінен болатын күштерді анықтау

    2. 4.2. Тіреулік момент күштерін анықтау

    3. 4.3. Кермелерден болатын күштерді анықтау

    4. Ферма стерженьдеріндегі есептік күштерді анықтау

  1. Ферма элементтерінің қимасын таңдау

    1. 5.1. Жалпы түсінік

    2. 5.2. Стерженьдегі есептік ұзындықты анықтау

    3. 5.3. Стерженьдердің шектік иілгіштіктері

КІРІСПЕ

050729 «Құрылыс» мамандығына арналған «Құрылыс конструкциялары ІІІ» пәні бойынша курстық жобаның тақырыбы «Бір қабатты өндірістік ғимараттың болат қаңқасын жобалау».

Курстық жобаның құрамына жалпы курстық жобаның 20-30% құрайтын қуыс беларқаның (ферманың) есебі және конструкциялануы кіреді.

Бірқабатты өндірістік ғимараттың қуыс беларқасы ретінде итарқалы ферма қабылданған. Жобалау келесі кезекпен жүргізіледі:

І. Компановкалау бөлімі:

1. Ферма конструкциясын таңдау және компановкалау.

2. ферма бойынша байланыстарды орналастыру.

ІІ. Есептеу бөлімі:

1. рама беларқасына әсер ететін жүктемелерді жинақтау.

2. ферма элементтеріндегі күштерді анықтау.

3. ферма элементтерінің қимасын таңдау.

4. ферма түйіндерінің есебі.

ІІІ. Графикалық бөлім (А1 форматында):

  1. ферманың геометриялық схемасы.

  2. тапсыру Ф-1 маркас.

  3. ферма түйіндерін құрастыру (орталық, тіреулік және күрделі бөлігі).

  4. металл спецификациясы.

Әдістемелік нұсқауды дайындағанда мынадай нормативтік және теориялық материалдар пайдаланылды:

СНиП 2.01.07.85 «Жүктемелер мен әсерлер», СНиП П-23-81 «Болат конструкциялар», Е.И.Беленя редакциясымен «Металл конструкциялар», М. 1986.

1. Ферма конструкциясын таңдау және компановкалау

Көлденең раманың қуыс беларқасы қызметін итарқалы ферма атқарады. Ферма деп – арқалық сияқты иілуге жұмыс істейтін тор тәрізді конструкцияларды айтады. Ферма конструкциясы түйіндерде бірігетін және геометриялы өзгермейтін жүйені құрайтын бөлек стерженьдерден тұрады. Ферма түйініне түскен жүктемеден барлық стерженьдерде тек қана бойлық күштер пайда болады, созылу немесе сығылу. Ал тұтас ферма иілуге жұмыс істейді. Сондықтан фермаларда арқалықтармен салыстырғанда металдар тиімдірек қолданылады, және олар масса бойынша арқалықтардан үнемдірек. Арқалықтармен салыстырғандағы фермалардың кемшілігі оларды дайындаудағы үлкен еңбек сыйымдылығы.

    1. Ферма көрінісі

Итарқалы ферманы жобалаудың бірінші кезеңі жоғарғы және төменгі белдеулерді таңдау болып саналады. Ол ғимараттың түріне және онымен байланысты сәулеттік және өндірістік талаптарға