Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Есеп.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
325 Кб
Скачать
☆

15. Класс және компонент түсінігі – бірдей және әртүрлі.

Класс (Class) ортақ қасиетттері (атрибуттары), тәртібі (функциялары), семантикасы және басқа объектермен байланысы бар объектер тобын анықтайды. Класстың объектіні құруға арналған шаблон ретінде қарауға болады. Әрбір объект қандайда бір ғана кластың нұсқасы мысал ретінде келесідей сипаттамалары бар ‘курсты ұсыну’ класс анықтамасын қарастырайық :

Атрибуттар – «сабақты өткізетін орын», «сабақты өткізетін уақыт», «курстың аталуы», «курс нөмірі», «ұсыныс нөмірі»;

Функциялары – «сабақты өткізетін орынды анықтау», « сабақты өткізетін уақытты анықтау», «студентті тіркеу», «студентті тіркеуді тоқтату».

«Курстық ұсыну» класының нұсқасының орнына ‘алгебра 101, 1- бөлім’ және ‘алгебра 101 , 2- бөлім’ объектілерінде алуға болатын еді, себебі олардың да әр қайсысының нақты атрибуттурының жиынтығы және ортақ функционалдық сипаттамалары бар.

Дұрыс құрылған класс тек бір ғана абстракцияны бере алады. Мысалы, студент туралы мәлімет сақталған , сонымен қатар барлық оқу барлығында студент өткен курстар тізімі функциясы көрсетілген класты сәтті құрылған деп айта алмаймыз, өйткені ол екі әртүрлі операциялар тобын қамтиды. Сондықтан мұндай класты екіге – «студент» және «студент өткен курстар» бөлсе жақсы болар еді.

Класстың атауы үшін пән облысына сәйкестендіріліп қабылданған терминдерді қолданған дұрыс. Класс аты ретінде жобаланатын түсінікті толығымен сипаттай алатын зат есіміңіз жекеше түрі қолданылады. Кейде қысқартылған атауларда қолданылып, класты құжаттандырғанда міндетті түрде мағынасын ашып көрсету керек. Егер аббревиатура бірдей мағыналы емес интерпретация жіберсе, онда сәйкесінше айтылудың толық түрін қолданамыз. Объектілер мен кластар арасындағы ерекшелікті табу қиын.

UML–да класс зоналарға бөлінген тіктөртбұрыш түрінде кескінделеді. Жоғары зонада класс аты , ортасында оның құрылымы (атрибуттар тізімі ) оның астындағысында тәртібі сипаттамаларын анықтайтын функциялар беріледі.

Класты қалай құрады

Browser терезесінің Logіcol Vіew элементіне тышқан сілтеушіні қойып, конткстік менюді белсенді ету үшін оң батырмасын шертеміз.

менюді New--- Class элементтерін таңдау; Browser терезесінде кескінделген ағаш (бұтақ)жаңа класқа сәйкес келетінNew- Class элементімен толықтырылады.

New-Class элементін таңдап және кластың қажет атауын енгізіп оны өзгертеміз.

Компонент (Component) – бұл жүйенің физикалық алмастырылатын бөлігі,интерфейстердің бір жиынтығымен үйлесiмдi және басқа қандай да біреудің іске асырылуын  қамтамасыз етеді. Компонент төртбұрыш қосымша бетімен түрінде бейнеленеді. Әр компоненттің басқа компоненттерден айырып тұратын аты болуы керек. Аты– бұл текстілік жол, өздігінен алынған,ол қарапайым деп аталады. Құрамдас атқа алды жағынан компонент орналасқан пакет аты қосылған. Компонент аты қомақты пакеттің ішінде уникальды болу керек. Әдетте компонентті бейнелегенде оның тек атын көрсетеді Көптеген қатынастарда компоненттер кластарға ұқсаған (4 және 9 тараулар). Солар және басқалары аттармен бөлінген, интерфейстер жинағын іске асыра алады, тәуелділік қатынасына түсе алады, жалпылау және ассоциациялар, салынған болуы, экземплярдың болуы және өзара іс-әрекеттерге араласу (15-шы тарау). Әйткенмен компоненттер және кластар арасында маңызды айырмашылықтар бар:  кластар логикалық абстракцияны ұсынады, ал компоненттер – физикалық мән. Осылай компоненттер түйіндерге орналаса алады, ал кластар – жоқ.  компоненттер логикалық мәндердің физикалық байлауын ұсынады және абстаркцияның басқа деңгейінде орналасады.  кластар атрибуттар мен операциялармен ие бола алады. Компоненттер тек операциялармен қамти алады, олардың интерфейстері арқылы қол жеткізеді. 17. “CASE – құралдарына байланысты ақпараттар біздің ойымызша кәдімгі бір программалаумен тығыз байланысты зат сияқты.

Америкада, конкуренцияның күшті болуына байлансыты, CASE – құралдар программалық қамтаманы өңдеуші фирмаларды басып отыру үшін қолданылады. CASE – құралдардың дамуы обьектілі – бағытталған ПҚ өндеу технологияларына байланысты. Осы кезде обьектілік моделдеу технологиялары да пайда бола бастады Booch, OMT, UML, олар өз алдына программалаумен байланыстыруға мүлдем келмейді. Бүгінде алдынғы қатардағы CASE-жүйе болып Rational Rose корпорациясымен шығарылған Rational Software алынады. Rational Rose жүйесі Unified Modeling Language (UML) тілін қолдана отырып модулдер құру үшін пайдаланылады. Айталық, UML обьектілі – бағытталған стандартты тілі болып қалыптасуы Rational Software – нің арқасында деп айтсақ та артық емес, ол UML-ді қолданатын программалық өнімдерді шығарып қана қоймай, сонымен қатар UML тілінің спецификациясын құратын және жаңартатын CORBA таратылған есептеулермен байланысты технологиялар Object Management Group (OMG) –пен де жұмыс жасайды, және Rational компаниясында үш, UML тілін және обьектілі – бағытталған өңдеуді құрушылар жұмыс жасайды. Бұлар Гради Буч, Айвар Джекобсон және Джим Рамбаух.

Rational Software Rational Rose 98 компаниясының CASE-жүйелері коммерциялық ПҚ құру үшін барлық жерлерде және әйгілі программалау тілдер Java, Cu++, Смолток, Ада, Visual Basic, Power Builder жәнен Forte қолданылады. Сонымен қатар, Rose 98 пакеті CORBA и Data Definition Language (DDL) қосымшалары үшін, Interface Definition Language (IDL) тілдеріндегі сипаттамаларды генерациялауға, деректер базасына қатынау қосымшалары соның ішінде Оracle 8-ге қатынгауға мүмкіндік береді. Айталық, соль немесе басқа программалау тілін қолдауы Rational Rose 98 пакетінің қай редакциясы екендігіне байланысты.

Мысалы, қарапайым - Rose 98 Modeler Edition пакетіне қатты талаптар қоюға болмайды. Ал оның орнына Rose 98 Enterprise Edition барлық талаптарға сай деп айтсақ болады

Айталық, Rose жүйесі - визуальды моделдеу жүйесінде жақсы орын алады, оны қолдана отырып құрылып отырған қосымшаның құрылымын құруға, оның орындамалық текстін генерациялауға және паралелді өңделіп отырған жүйенің құжаттаымен жұмыс жасауға болады. Rational Rose көмегімен com модулдегі кері талдау базасы негізінде жаңа моделдер құруға немесе қолданбалы программа текстін және кітапханалар класстарын анықтауға болады.

Rational Rose 98-дің артықшылықтары:

Қосымшаның өңделу циклын қысқарту.

Программист жұмысының өнімділігін арттыру.

Бизнес және пайдаланушыларға байланысты тапсырыс берушілердің программа құрудағы сапалық бағасын жақсарту.

Үлкен жобалар және жобалар тобын құруа алу мүмкіндіктері.

Бұрын құрылған ПҚ қолдана алу және олардың құрылымы мен компоненттерін өзгерте алу мүмкіндіктері.

UML тілі әртүрлі бөлімдер мен өндірушілер арасындағы әмбебеп "көпір".

Жүйенің кемшілігі, басқа да бөліктеп жинау жүйелері сияқты мұнда да көп керек емес бөліктер көп. Яғни Rational Rose жобаның базалық құрамдас бөлігін жасайды.

20. Office Visio бағдарламасы ақпараттық технологиялар мен бизнес саласындағы мамандарға күрделі ақпаратты көрнекі ұсынуға, талдауға және жүйелер мен процесстер мәліметтерімен алмасуға мүмкіндік береді.

Кәсіби құрылған Office Visio диаграммаларын пайдалана отырып, жүйелер мен процесстердің қызметін жақсы түсінуге, күрделі мәліметтерді тезірек түсінуге және бизнесті жүргізу кезінде аса сапалы шешімдерді қабылдау үшін осы білімдерді пайдалануға болады.

Мәліметтерді ұсыну

Visio-да мәліметтерді ұсынудың негізгі құралы – векторлық фигуралар болып табылады. Олардың негізінде диаграмма немесе план құрылады.

Ыңғайлы болу үшін фигуралар тақырыптық категорияларға топтастырылған және олардың әрқайсысында сыртқы түрі немесе тақырыбы бойынша ұқсас элементтерді көруге болады. Фигуралар біратты тапсырмалар аумағында бейнеленеді. Оған белгілі бір категориядағы фигураларды жүктеу үшін, оны «Файл→Фигуралар» мәзірінен таңдау керек. Тапсырмалар аумағында бірмезгілде бірнеше категориялар орналаса алады, белсенді категория ондағы фигураларды көруге болатындай етіп ашылады, ал қалғандары жұмыс кеңістігін үнемдеу үшін жабулы күйде болады. Әр фигураның атауы мен графикалық бейнесін көруге болады.

Visio-мен жұмысты бастаудың аса ыңғайлы тәсілі – шаблон негізінде құжат құру болып табылады. Шаблонды жүктеген кезде «Фигуралар» тапсырмалар аумағына, таңдалған типтегі диаграмма, жоспар немесе карта құру барысында қажет болатын, графикалық элементтер категориялары жүктеледі. Мысалы, егер сіз маршруттық жоспар құрғыңыз келсе, тапсырмалар аумағында «Бағдарлар», «Метро» және «Жолдар» сияқты фигуралардың категориялары пайда болады.

Фигураларды жобаға қосу үшін оны жұмыс аумағына тартып әкелу жеткілікті болады, осыдан кейін оның өлшемдерін өңдеуге, бейнелену қасиеттері мен параметрлерін беруге болады.

Фигуралардан басқа мәтін мен сандық мәліметтерді, графикалық элементтерді және түсті форматтауды да пайдалануға болады.

Мәтіндік түсініктемелер, мысалы, объектілердің атауларын немесе олардың қасиеттерін көрсету үшін қажет болуы мүмкін. Мысалы, егер сіз Visio-ның көмегімен жергілікті желінің құрылымын құратын болсаңыз, мәтіндік жазбаларды пайдаланып, желідегі компьютерді білдіретін, әр фигураның жаңына оның конфигурациясын көрсетсеңіз болады.

Түсті форматтау Visio-да да, Excel-дегі сияқты шартты форматтау принципі бойынша пайдаланылады. Сіз программа автоматты түрде диаграмма элементтерінің түсін немесе формасын өзгертетіндей критерилерді бере аласыз.

Графикалық элементтер болса, жоспар немесе диаграмманың белгілі бір элементтеріне көңіл аудартуға көмектесуі мүмкін. Мұндай элементтер фигураларға байланады және пайдаланушы көрсеткен шарттарға тәуелді өзгере алады. Сіз программа ұсынатын жиыннан бағыттауыш сызықтарды, жалаушалар, түрлі-түсті бағдаршамдарды және басқа да көптеген белгілерді пайдалана аласыз.

Дүкеннің бизнес процессін құру

Модельдеу – компанияның іскерлік ережелері мен бизнес-процесстерінің арасындағы баланыстарды орнату және түсіну үшін арналған аса тиімді әдістердің бірі болып табылады. Модельдеу барысында артық мәліметтер ысырылып тасталынады да, ал мыңызды ақпарат жүйені зерттеуді жеңілдету үшін алдыңғы жоспарға шығады.

Графика (блоктар мен бағыттауыш сызықтар) моледь құрылымын түсінуді жеңілдету үшін пайдаланылады, сондықтан көптеген адамдар модельдерді иллюстрациялық көрініс ретінде түсінеді.

IDEF0 моделі

IDEF0-кешенді бизнес-процесстерді талдау, құжатпен қамтамасыз ету және түсіну үшін арналған мықты модельдеу құралы.

IDEF0 пайдалана отырып, бизнес-процесстерді (блоктарды), олардың жұмыс нәтижелері мен қызмет етуі үшін қажет ресурстарын нақты көрсететін, бизнес-процесстердің диаграммаларын құруға болады. IDEF0-моделі ұйымның, кіші бөлімшелерінен бастап толық компанияға дейін, өз мақсаттарына қалай жететіндігінің біріккен бейнесін қамтамасыз етеді.

Сонымен қоса IDEF0-ді жұмыс ағымдарын, процесс ағымдары мен мәліметтер ағымдарын модельдеу үшін де пайдалануға болады.

MS VISIO үш модельдеу әдістерін қолдайды:

Функционалдық модельдеу (IDEF0);

Бизнес-процесстерді сипаттау (IDEF3);

Мәліметтер ағымдарының диаграммалары (DFD).

Бұл модельдердің бірін таңдау үшін жаңа модель құрғанда әр кезде пайда болатын диалогтық терезеден таңдаймыз.

18. BPwin программасы – стандартты MDI интерфейсі бар Windows қосымшасы. Оның әр терезесі модельдің бір диаграммасынан тұрады. BPwin ерекшелігі модельді құру үшін қажет құрал-саймандар панелінің болуында. Бұл панель келесі қажет құрал-саймандардан тұрады:

Көрсеткіш

Процессті қою

Бағыттауыш сызықтар

Бағыттауыш сызыққа оның атуының мәтінің байланыстырады.

Мәтін қою

Аталық диаграммаға өту

Декомпозиция диаграммасына өту

Модель құру үшін орындалатын қадамдар:

1. Bpwin программасын іске қосу.

2. File →New Model командаларын орындап, ашылған I would like to (4.1-сурет) терезесінде Name өрісіне «Дүкен жұмысы» деп беріп, типін Туре – Business Process (IDEF0) таңдап, ОК батырмасын шертіңіз.

3. Properties for New Models (Свойства новой модели) диалогтық терезесі ашылады (4.2-сурет). Author (Автор) мәтіндік өрісіне модель авторының фамилиясын және Author initials өрісіне оның инициалдарын жазыңыз да, ОК басыңыз.

Осы кезде жалғыз A0 IDEF0-блогынан тұратын А-0 контекстік диаграммасы ашылады (4.3-сурет).

Бұл А0 блогы сипатталатын жүйе функциясын толығымен бейнелейді. Жүйелерді сипаттау, оның моделін құру – А0 блогының декомпозициясын қажетті детальдау деңгейімен орындау. Декомпозиция IDEF0 әдісінің ережелері бойынша орындалады: әр блок-функция аталық блок жұмысын сипаттайтын, өзара байланысқан блок-функцияларының жиынынан тұратын диаграммаларымен ұсынылады.

Құрал-саймандар тақтасындағы батырмасы Model Explorer (Браузер модели) қарап шығу және навигация құралын қосып-өшіреді. Model Explorer үш қалташадан тұрады –Activities ( ), Diagrams ( ) және Objects ( ). Activities қалташасында модель браузеріндегі объектіні тышқанның оң жақ тетігімен шерту арқылы оның, қасиеттерін өзгертуге болады.

4. Model/Model Properties командаларын орындаңыз. General қалташасында Model name өрісіне «Дүкен жұмысы» деген модель атауын, Project өрісіне «Дүкен жұмысының моделі» деген жоба атауын беріп, Time Frame (Временной охват) - AS-IS деп орнатыңыз (4.4-сурет).

5. Model Properties диалогтық терезесінің Purpose қалташасында Purpose (мақсат) өрісіне модельді жасау мақсаттарын жазыңыз - " Дүкеннің ағымдағы (AS-IS) бизнес-процесстерін модельдеу", ал Viewpoint (точка зрения) өрісіне- "Директор" деп жазыңыз.

6. Definition қалташасында Definition (Определение) өрісіне «Бұл дүкеннің жұмысын сипаттайтын оқу моделі», Scope (охват) өрісіне «Дүкен жұмысын жалпы басқару: жеткізушілерді табу, тауарларға сұраныс жасау, тауарларды сатып алу, сатып алушыларға тауарларды ұсыну және сату» деп жазыңыз.

7. Диаграммаға өтіп, төртбұрышты тышқанның оң жақ тетігімен шертіп, контекстік мәзірден Name қасиетін таңдап, ашылған терезеде «Дүкен» деген сөзді жазыңыз.

Activity Properties диалогтық терезесінің Definition қалташасында Definition (Определение) өрісіне «Дүкеннің ағымдағы бизнес-процесстері» деп жазыңыз.

Контекстік диаграмма құрылғаннан кейін, блоктың кірістері мен шығыстарын білдіретін бағыттауыш сызықтарды көрсету керек. Бағыттауыш сызықтарды сызу үшін “Arrow Tool” құралы пайдаланылады. Осы құралды таңдап доғаларды сызуға кірісуге болады. Контекстік диаграмма тек шекаралық (интерфейстік) доғалардан ғана тұрады. Шекаралық доғалар диаграмманың шекарасында басталады немесе аяқталады, яғни олар диаграммадан шығады немесе оған кіреді.

IDEF0 әдісі барлық доғалардың атын көрсетуді талап етеді. Ол үшін әр доғының контекстік мәзірі арқылы “Name” бөлігін таңдап, атауын беруге болады.

8. Мақсат пен көзқарас контекстік диаграмманың төменгі сол жақ бұрышында жазылуы керек. Ол үшін Т (Text tool) құралын таңдап, мәтін орналасатын орынды көрсету керек. Осы кезде бейнелеу үшін мәтінді еңгізуді ұсынатын (normal text block) немесе мақсатты (purpose) немесе көзқарасты (viewpoint) көрсетуді ұсынатын диалогтық терезе пайда болады. Мақсатты көрсету үшін purpose таңдау керек те, ОК батырмасын басу керек. Көзқарасты көрсету үшін viewpoint таңдау керек.

Нәтижесінде 4.5-суреттегідей модель аламыз.

9. Модель бойынша есеп құрыңыз. Tools/Reports/Model Report мәзірінде (4.6-сурет) есепті құрастыру нұсқаларын беріңіз де (белгішелерді қажет жерлерге орнатыңыз), Preview (Предварительный просмотр) батырмасын басыңыз (4.7-сурет).

10. Бірінші деңгей декомпозиция диаграммасын құру.

Контекстік диаграмманы құрып болғаннан кейін оның декомпозициясын құруға өтеміз. Бұл келесі командаларды орындау арқылы жүзеге асырылады:

“Go To Child Diagram” құралын таңдаңыз.

Егер диаграммада бірден артық блоктар болатын болса, декомпозициялайтын блокты таңдау керек. Егер бір ғана блок болатын болса олай істеудің қажеті жоқ.

Егер “Go To Child Diagram” құралы арқылы таңдалған блоктың декомпозиция диаграммасы әлі болмаса, декомпозиция диаграммасында қанша блок болу керек екендігін сұрайтын терезе пайда болады (IDEF0 әдісі бойынша блок саны 3-6 аралығында болғаны жөн). Біздің жағдайда блок санын 3 деп береміз (4.8-сурет).

Егер блоктың декомпозиция диаграммасы бар болса, онда тек қана оған өтеміз.

Декомпозиция диаграммасы үшін шекаралық доғалар ретінде аталық блоктың шығыс және кіріс доғалары болады. Қосымша блоктарды қосу үшін “Activity Box Tool” құралын пайдаланамыз.

11. А0 диаграммасында орналасқан блоктардың атаулары мен сипаттамаларын беріңіз.

12. Интерфейстік сызықтарды сәйкес функциялармен байланыстырыңыз.

13. Блоктар (функциялар) интерфейстерін декомпозиция диаграммасында анықтаңыз. Блоктар интерфейстері бағыттауыш сызықтар түрінде бейнеленеді. Бұл жұмысты функция шығыстарын, сосын кірістерін және одан кейін механизмі мен басқаруын анықтаудан бастаңыз.

14.Функциялар арасында өзара байланыс орнатыңыз.

15. А0 диаграммасын құрғаннан кейін А-0 контекстік диаграммасына қайтып келіп, оның дұрыстығын тексеріңіз. Нәтижесінде 4.9-суреттегідей нәтиже аламыз

16. File→Save арқылы модельді сақтаңыз.