Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Документ Microsoft Word (2)

.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
86.34 Кб
Скачать

1. Философия пәні,негізгі мәселесі, функциялары. Философияның Дүниеге деген ерекше көзқарастық мәнін ашқаннан кейін, келесі сатыда оның пәнін анықтау керек. Жаратылыстану мен жеке гуманитарлық білім салаларының тез дамуы, жыл сайын жаңа ғылымдардың пайда болуы философия пәнінің керек болмай қалуы мүмкін деген ой тудырады.Француз философы О.Конт философия өз дамуында 3 сатыдан өтеді дейді. Олар-теологиялық, метафизикалық және позитивистік. Соңғы сатысында философия тек қана жалпы ғылым және таным методтары жөніндегі пәнге айналмақ. Көне гректе бұл білімге философия деген атақ берілген. Сонымен қатар, философияның өз табиғатына тән сұрақтары пайда бола бастайды. Олар- Дүниенің негізінде не жатыр? Адам-ол кім? т.с.с сұрақтар.Аристотель бүкіл философияны үлкен 3 бөлікке бөлді: ол теоретикалық философия, практикалық және көркемөнерлік. Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды. Ең бірінші философия пәнінің метафизикалық онтологиялық қыр сырын атап өту керек. Философия пәнінің екінші мәселесі- гносеологиялық жақтары. Философияның ажырамас мәселелерінің бірі- ол аксиологиялық, яғни, құндылық жақтары, құндылық әлемін сараптау. Философия пәнінің келесі жағы- ол оның праксеологиялық, прагматикалық мәселелері. Философияның негізгі мәселесі осы пәннің терең табиғатынан шығады. ХІХ ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуы, капиталистік қоғамның әлеуметтік саяси қайшылықтарының өршуі маркстік материализмнің дүниеге келуіне әкеліп соқты. Философияның негізгі мәселесін шешу жолындағы қараама-қарсы бағыт- идеализм. Идеалистік философияның негізгі екі түрін ажыратуға болады: Ол объективті және субъективті идеализм. Қорыта келгенде, философияның негізгі мәселесінің бірінші-онтологиялық жағы “Бұл дүние не?”,-деген сұраққа жауап берсе, екінші-гносеологиялық,праксеологиялық,аксиологиялық жақтары “Бұл дүниені қалайша танып-біліп,өзгертуге болады?”,-деген сұраққа жауап береді. Философия-дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады. Бұл осы пәннің негізгі функцияларының бірі.Философияның функциясы-оның методологиялық қызметінде. Әр түрлі методтар жеке,жалпы, ең жалпылық болып бөлінеді.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

2. “У-вэй”, “есімдерді өзгерту” концепцияларының мәні. У-вэй- Қытай философиясының әсіресе, даосизмнің термині. “әрекетсіздік, болмағандық” деген мағынаны білдіреді.Терістеудің рөлін атқаратын “У”- “жоқтық”, “болмыстың жоқтығы” және күйдің табысына, қызметтің үдерісіне бағыттауды білдіретін “вэй”- “әрекет”, “жүзеге асыру” мағынасын білдіретін иерогилфтерден тұрады. Мо-Цзыдың тікелей дефинациясына сәйкес “вэй-бұл жеткілікті білім негізінде қалағаныңа жету”.“У-вэй”- спецификалық белсенділік түріндегі “әрекетсіздікті іске асыру”,“әрекетсіздік ісімен айналысу” немесе сондай әмбебап нәтижеге тән “үнемі әрекетсіз,бірақ бәрін іске асырады”. Дао ілімі бойынша өмір сүргініз келсе, «У - вей» қағидасын ұстаныңыз.«У - вей» - заттар мен болып жатқан құбыластарды өз мәнінде қабылдау,салқынқандылық таныту. Білім – барлық адамға беріле беретін құбылыс емес,ол тек ерекше данышпан адамдарға ғана тән. Дао ілімі бойынша білімділіктіңкөрінісі - үндемеуде. «Үндемеген адам – білімді, сөйлеген адам - білімсіз».

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

3. Диалектика және метафизика. Ғылымда универсалдық методология қағидаларының болуы Дүниенің біртұтастығымен байланысты. Өлі, тірі табиғат, қоғам өмірі, ойлау үрдістері- бәрі де белгілі бір ең жалпы даму заңдылықтарына бағынады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, сонау көне заманнан бастап Дүниетану саласында екі бір-біріне қарсы тұрған көзқарас пайда болды. Олар- диалектика және метафизика. Көне заманда ситихиялық диалектиканың негіздері Шығыс пен Батыста қалыптаса бастады. Дүниеге келген әрбір зат үне бойы бір орнында тұрып қалмайды. Ол өзгеріске ұшырап, неше түрлі сатылардан өтеді, ақырында-өмірден озады. Сондықтан диалектиканың негізгі талаптарының бірі- зерттелетін объектіге тарихтық тұрғыдан қарау. Диалектиканың әрбір категориясының методологиялық мәні бар,өйткені, олар Дүниенің сан-қилы жақтарның ең жалпы, мәнді байланыстарын бейнелейді. Ал дүние қайшылықты жаратылғаннан кейін диалектикалық категориялар пар-парымен бірге, сонымен қатар, қайшылықты болып келеді.Сондықтан, қайсыбір сандық өзгерістер ертелі-кеш заттың өлшемін бұзып жаңа сапаның пайда болуына, себеп-салдарға, шындық жаңа мүмкіндіктің пайда болуына әкеледі. Диалектикаға қарсы келетін метафизикалық методологияны. Метафизика дамуды өткен сатыны қайталаумен теңейді. Бұл ай астындағы дүниеде еш жаңалық жоқ, бәрі де өз шеңберіне оралады.Қыстан кейін тағы да көктем, жаздан кейін келетін күз тағы да қыс мерзіміне ікеледі, деген терең пайымдауды мысалға келтіреді. Табиғатта біз байқай алмайтын жаңалықтар үнемі болып жатады да, мыңдаған жылдардан кейін белгілі бір жаңа сапаға әкеледі. Егерде біз мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрсек, онда біз өміріміздің соңында табиғаттың жаңарғанын байқаған болар едік. Біз, мысалы, өткен заманда динозавр, птеродактиль сияқты алып жануарлар мен құстардың өмір сүргенін білеміз. Оның айғағы- жер астында қалған солардың сүйектерінің қалдықтары. Қорыта келе, табиғаттың өзі үне бойы даму үстінде екенін, метафизикалық бір шеңбердегі қайталаудың жалғандығын байқауға болады.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

4. Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері,бағыттары. Үнді елінің ғажап ерекшелігі- оының әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны- Варна немесе Каста дейді. Негізінен алғанда Индияда 4 каста тарихы пайда болды. Олар:1)Брахмандар (ақтар) -айналысатын істері- діни қызметкерлер, ел басқарушылар. 2)Кшатрилер (қызылдар) - жауынгерлік істер. 3)Вайшьйлер (сарылар) - еңбек ететін адамдар.Мал бағу,егін егу т.б. 4) Шудралар (қаралар) - ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар. Үнді философиясының басты ерекшеліктері:1)ғылыми оймен байланысының аздығы; 2)жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;3)діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;4) философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;5) негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.Ерте Үнді философиясы екі бағытқа бөлінеді:1) Астика (ортодоксальды) - веда беделін қабылдаған, оныңмәндеріне сүйенген Вайшешика, Санкхья, Йога, Миманса, Веданта, Ньяя секілді мектептер.2) Настика (ортодоксальды емес) - веда беделін терістегендер. Б.д.д.6ғ. мектептер: Джайнизм, Буддизм және Чарвака-Локаята.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

5. Философияның құрылымы. Философияның білім жүйесі ретінде өзіндік құрылымы бар. Оның құрылымдық элементтері болып рухани және материалдық дүниенің бір жағын қарастыратын философиялық ілімдер табылады. Философияның ғылым ретінде негізгі бөлімдері болып философия тарихы және философия теориясы бөлінеді, ол өзіне онтологияны – болмыс туралы ілім; әлеуметтік философияны – қоғам туралы ілім; диалектиканы – материалдық дүниенің процестері мен құбылыстарын, заттардың дамуы мен жалпы байланыстары туралы ілім; гносеологияны немесе эпистемологияны – таным теориясы; философиялық антропологияны – адам туралы ілім; аксиологияны – құндылық туралы ілім; праксиологияны – қоғамдық практика туралы ілім; методологияны - әдіс туралы ілімді қамтиды. Кейбір жағдайларда философиялық теорияның негізгі бөлімі болып натурфилософия немесе табиғат философиясы бөлінеді, ол табиғатты бір бүтін ретінде қарастырып, оған ой түрінен сипаттама береді.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

6. Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі. Фейребахтың пікірінше, жаңа философия теологиялық емес, антропологиялық болуы керек. Антропологизм — адам мен табиғаттың айырғысыз бірлікте және адамды табиғаттың жемісі деп қарау. Антропология — адамның биологиялық жақтарын зерттейтін ғылым. Табиғат рухтың негізі, сондықтан ол философияның да негізі. Табиғаттан сезім мен ақыл-ой дарыған. Адам жер бетіндегі тірі жан, табиғаттың бір бөлігі екенін мойындай отыра, оны қоғамнан және тарих дамуынан тыс, абстракты түрде алып қарайды. Фейербах пікірінше барлық мәртебе антропологияға берілуі керек. Ол философиялық зерттеудің негізгі мәселесі етіп табиғатты да, рухты да қоймады, керісінше адам мәселесін қарастырды. Адамды қарастырғанда оны сезім (материалдық) мен ақылдың (руханилық) жиынтығы ретінде зерттеді. Адам тек қана ойлау ғана емес, сондай-ақ сезімдік тіршілік. Осы мағынада сезім де, ерік те, жүрек те, ойлау да бөлінбейтін нәрселер. Осы принциппен ол христиан дініне назар аударады: "теологияның құпиясы антропологияда жасырынып жатыр, теологияның мәні антропологияда” Бұл ұран нені білдіреді? Оның пікірінше Христианшылдық-бұл Құдайдағы үш білім зерттеу обьектілерінің қосындысы:Табиғаттар. Құдай-Әке-физикаЛогикалар. Құдай-Ұл-адамның рационалды әрект аумағыРухани іс-әрекет. Қасиетті Құдай Рух.Антропологиялық материализмді қоғамдық сана мен дін арқылы зерттеп, дінді, құдайды адам өзі жаратты деген идея ұсынған.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

7. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары. Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік қүрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы ван барлық билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер - чжухоу беделді отбасылар - дафу және ши, ең төменде - ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін «жаратылмаған, адам - қарапайым "микрокосм", табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған керінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді. 3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты назар аударылды. 4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бүл мәселелерді "инь-ян" мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды.Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

8. Материализм және идеализм, оның түрлері. Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.Материя — адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.Материалист - философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б.Идеализм - философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы , рухты жақтайтын көзқарас.Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:Объективті идеализм,Субъектвті идеализм.Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея - алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық - «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. Субьективті идеализм - бүкіл дүние - біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

9. И.Кант іліміндегі таным мәселелері. Кант «таным субъекті» және «таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын, әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті — бүкіл қоғам. Субъект бүкіл адамзат игілігіне — мәдениетіне, ғылымына, біліміне, техникасына арқа сүйеді. Таным процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады. . Таным объектін де Кант жаңаша түсінеді: бұл - бүкіл объективтік реалдылық емес, онымен субъект қарым-қатынас жасай алмайды. Кант объективтік реалдылық ретіндегі шексіз дүние мен белгілі бір кезеңде таным объектіне айналған нақты дүниені (құбылыстарды) ажыратады. Таным процесімен барлық ғылымдар айналысады, бірақ жаңағыдай мәселелерді шешу тек философияның ғана қолынан келеді. Өйткені, философияны таным нәтижесі ғана қызықтырмайды, сол нәтижеге, яғни объект жөніндегі ақиқат білімге апаратын жол да қызықтырады. философия, Канттың ойынша, нақты таным процесінен тыс, оған дейін таным жайын, мүмкіндігін анықтап алуы керек. Ұстазының бұл идеясын кейін Гегель келеке кылады: «Кант бұл арада суға түспей тұрып, суда жүзуді үйренбек болған схоластка ұқсап кеткен» - дейді. Гегель сөзінің де жаны бар: суда жүзуді үйрену үшін суға түсу керек, әлденеше рет батып шығу керек. Сол сияқты танымның мәні, мүмкіндігі таным процесінде ғана анықталады. Оған дейін оны қалай білесің?Сонымен бірге Канттың ойында да терең мағына жатыр: танымның өзіндік ерекшеліктері бар, таным жайын объект арқылы да, субъект арқылы да тиянақты біліп алу мүмкін емес.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

10. Антикалық философияның ерекшеліктері, бағыттары. Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап,әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты.Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған.Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.Грек мәдениетінің ең негізгі ерекшелігі – оның синкреттік тұтастығы. Бұл мифологиялық санада субъект пен объект, ұғым мен бейне, адам мен орта бөлінбеген, олардың арасында үйлесімдік бар. Грек мифологиясының тағы бір өзіндік көрінісі, ондағы табиғатты құдай деңгейіне көтеріп, оларды адамға жақындатумен байланысты болды. Мысалы, Гей – жер, Уран – аспан. Антикалық философияның мектептерінің негізгі мәселелері:1)Алғашқы бастау мәселесі.Философияда алғашқы бастау ұғымын әртүрлі түсіндіретін екі бағыт қалыптасты: а) кейбір философтар алғашқы бастау материалдық түрде болады деді б)екінші бағыттағы философтар зат емес, идеалды түрдегі, рухани алғашқы бастауды мойындады. 2)Қозғалыс мәселесі. Бұл мәселеде де екі бағыт қалыптасты. а) Гераклит дүние ұдайы қозғалыста деп есептеді. б) кейбір философтар қозғалысты ойлау мүмкін емес деп шешті. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

11. Субстанция туралы түсінік, оның түрлері. Субстанция (лат. substantіa – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Сонымен қатар дүниенің бірлігі неде, сол бірлік неден туындайтынын көрсететін, ұғымдық дәрежеде түсіндіретін форма. Философиялық тұжырымдамалар дүниенің бірлігін анықтауына сай монизм (бір Субстанция), дуализм (екі Субстанция), плюрализм (бірнеше Субстанция) болып бөлінеді. Антикалық философияда ең алғаш субстанция барлық заттардың негізінде жататын белгілі бір зат ретінде қарастырылды. Ол бөлінбейтін қарапайым зат (су, ауа, апейрон, от, атом, т.с.с.). Кез келген өзгерістерде өзгермей, сақталып қалатын негіз. Аристотель Субстанцияны заттан бөлінбейтін бірінші мәнмен теңестірген. Аристотельдің форманы алғашқы себеп ретінде қарастыруы ортағасырлық философияда субстанциялық формалар туралы айтыстың тууына себепкер болған. Жаңа дәуірдегі философияда субстанцияны түсінуде екі бағыт пайда болды. Біріншісі Ф.Бэконның эмпиризмінде орын алған субстанцияны болмыстың негізі, заттың формасы ретінде түсінумен байланысты. Декарт оған қарсы екі субстанция (материя және ойлау) туралы ілімін ұсынды. Олар бір-бірінен туындамайды, екеуі дербес субстанция деп білді. Спинозапантеистік монизмді ұсынды: субстанция біреу, оның одан ажырамайтын екі жағы бар: көлемділік және ойлау. Классик. неміс философиясы субстанцияға іс-әрекеттік сипат береді. Кант субстанция категориясын қабылдаудың, яғни тәжірибенің кез келген синтетик. бірлігі болу мүмкіндігінің шарты деп қарастырған. Кант субстанцияны диалектикалық тұрғыда түсіндірді. Гегель Канттың ойын жалғастыра отырып, субстанцияның ішкі қайшылығын, оның өзіндік дамуын дәлелдеді. Ол субстанцияны идеяның даму сатысы ретінде қарастырды. 20 ғасырда батыс философиясында субстанция категориясына, оның танымдағы рөліне теріс пікір қалыптасты.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

12. Онтология, болмыс формалары. Онтология (гр. ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні табиғатын айкындаумен айналысатын философияның бөлімі.Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Гегельдің пікірі бойынша Онтология – “мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім” ғана. Гегельден кейін философияда Онтологиялық ілімдер сирек кездесті. 20 ғ-да неокантшылдықтан бас тартып, метафизикаға бет бұру барысында Онтология қайта жанданды: Г.Якобиде, әсіресе, Н.Гартманда Онтология – болмыстың нақтылы пәндік философиясы, М.Хайдеггер мен К.Ясперсте іргелі Онтология мағынасында қолданылды. Онтология “болу” деген қасиетке ие, барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесін қарастырады. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Болмыс материя философияның түбегейлі категориялары болып табылады, өзінің негізінде жалпы реалдылықты, табиғат пен адамның, материалдық әлем мен адамзат рухының біртұтас негізін бейнелейді. Болмыстың өзі әртүрлі формаларға ие:1)Заттардың, табиғат күйі процестерінің болмысы;2!Адам болмысы;3)Руханилық болмысы;4)Әлеуметтік болмысы;

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

13. Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері. Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші. Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады. Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші және бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов)Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі кызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен күбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы онын санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардын іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.Дүниетанымнын бағалау кызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы болады.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

14. Диалектика және метафизика. Ғылымда универсалдық методология қағидаларының болуы Дүниенің біртұтастығымен байланысты. Өлі, тірі табиғат, қоғам өмірі, ойлау үрдістері- бәрі де белгілі бір ең жалпы даму заңдылықтарына бағынады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, сонау көне заманнан бастап Дүниетану саласында екі бір-біріне қарсы тұрған көзқарас пайда болды. Олар- диалектика және метафизика. Көне заманда ситихиялық диалектиканың негіздері Шығыс пен Батыста қалыптаса бастады. Дүниеге келген әрбір зат үне бойы бір орнында тұрып қалмайды. Ол өзгеріске ұшырап, неше түрлі сатылардан өтеді, ақырында-өмірден озады. Сондықтан диалектиканың негізгі талаптарының бірі- зерттелетін объектіге тарихтық тұрғыдан қарау. Диалектиканың әрбір категориясының методологиялық мәні бар,өйткені, олар Дүниенің сан-қилы жақтарның ең жалпы, мәнді байланыстарын бейнелейді. Ал дүние қайшылықты жаратылғаннан кейін диалектикалық категориялар пар-парымен бірге, сонымен қатар, қайшылықты болып келеді.Сондықтан, қайсыбір сандық өзгерістер ертелі-кеш заттың өлшемін бұзып жаңа сапаның пайда болуына, себеп-салдарға, шындық жаңа мүмкіндіктің пайда болуына әкеледі. Диалектикаға қарсы келетін метафизикалық методологияны. Метафизика дамуды өткен сатыны қайталаумен теңейді. Бұл ай астындағы дүниеде еш жаңалық жоқ, бәрі де өз шеңберіне оралады.Қыстан кейін тағы да көктем, жаздан кейін келетін күз тағы да қыс мерзіміне ікеледі, деген терең пайымдауды мысалға келтіреді. Табиғатта біз байқай алмайтын жаңалықтар үнемі болып жатады да, мыңдаған жылдардан кейін белгілі бір жаңа сапаға әкеледі. Егерде біз мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрсек, онда біз өміріміздің соңында табиғаттың жаңарғанын байқаған болар едік. Біз, мысалы, өткен заманда динозавр, птеродактиль сияқты алып жануарлар мен құстардың өмір сүргенін білеміз. Оның айғағы- жер астында қалған солардың сүйектерінің қалдықтары. Қорыта келе, табиғаттың өзі үне бойы даму үстінде екенін, метафизикалық бір шеңбердегі қайталаудың жалғандығын байқауға болады.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

15. ХVІІІ ғ француз материалистерінің көзқарастары. ХҮІІІ ғасырдағы француз ағартушыларының ішінде философ-материалистерді ерекше атауға болады. Өз кезіндегі жаратылыстанудың жетістіктерін ескере отырып, олар алдыңғы қатарлы материалистік көзқарастарды дамытты. Материалист-философтар табиғаттағы жалпыға бірдей өзара әрекетті және қозғалысты материяның табиғи қасиеті ретінде мойындады. Дүниені тану мәселелерінде олар Локктың материалистік сенсуализмі көзқарасында болды, бірақ оған бірізділік сипат берді: Локктың "ішкі тәжірибе” туралы ілімін алып тастап, олар тануды сыртқы дүниенің адам санасындағы бейнесі деп дұрыс түсіндіреді. Француз материалистері материалистік таным теориясын дамытуда бір қадам ілгері жасады, бірақ олардың ұсынған тұжырымы метафизикалық сипатта болды. Олар негізгі ұғымдарды метафизикалық тұрғыдан түсіндірді. Материалистер-философтардың табиғатқа көзқарастары дүниені жаратқан құдайдың жоқтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік берді. Француз материалистері дінге және католиктік шіркеуге қарсы белсенді күресті. Бірақ олар діннің таптық тамырларын және мәнін түсінбеді, олар негізінен адамдардың надандығынан туындайды, осы зұлымдықты жою ағарту ісін және ғылыми білімді тарату арқылы жоюға болады деп есептеді. "ХҮІІІ ғасырдағы ұлы ойшылдары” және олардан бұрынғылар да қоғам дамуында идеалистік көзқарасты ұстанды ХҮІІІ ғ.барлық ағартушылар сияқты олардың айтуынша, "дүниені көзқарас билейді” деген болатынды, демек, көзқарасты өзгерту өзінен кейін дүниені өзгертеді, дүние ағарту ісін тарату және заңдылықты жақсарту арқылы өзгерді, әлеуметтік революция жолымен емес.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

16. Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері. Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктер ол өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механикатұрғысынан қарастыру әдетке айналды. Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл — ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы — Френсис Бэкон еді. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты — табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материядан қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі — қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух, жан, т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтындықтан — нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп – табынушылық, жалған эксперимент екендерін тусінулері керек. Бэконның түсінігінше, зерттелетін заттардың қасиеттері еш уақытта өзгермейді және олар бір-бірімен байланыста болмайды.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

17. Орыс философиясының ұстанымдары. Орыс мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері мынада: 1) орыс мемлекеті Батыс пен Шығыс өркениеттерінің қиылысу кеңістігінде орын тепкен. 2)орыс мәдениеті көптеген Батыс және Шығыс мәдениеттерінен кейін қалыптасқан, ал XIX ғасырдан бастап өзі де басқа елдерге ықпал ете бастаған. 3) Ресей әруақытта көп ұлтты, көп мәдениетті құрылым, бірақ оларды біріктіретін, бір – біріне етене жақын ететін негіз де болған.4) өзінің дамуында ұзақ уақыт артта қалушылық пен қуып жетушілікті басынан кешіргендіктен, Ресей бөтен идеялар мен үрдісті тез қабылдауға ғана емес, оны өз жағдайына лайықтап өзгертуге, дамытуға мүмкіндік беретін сирек қабілеттілікке ие болды.5) орыс қоғамына әруақытта үлкен қиыншылық қақтығыс, кенеттен жарылыс жағдайы тән. Мұның бастапқы себептері - өкімет билігінің жоғары болуы, дін мен партия идеологиясының диктаты, тұрақты, епетейсіз мемлекеттік машинаның үстемдігі. Сондықтан еркіндіктің дамуы үшін маңызды сала – рухани сала болды. XIX ғасырдың ортасында Ресейде ортодоксалді – монархиялық діни философия дамыды. Орыстың атақты жазушылары Ф.М.Достоевский мен Л.Н.Толстой діни философияны дамытты.Ф.М.Достоевский (1821-1881) Ресейдің болашағын капитализм және социализммен байланыстырған жоқ, Ресей өзінің дамуында ұлттық негізге, яғни дәстүр мен салтқа сүйенуі қажет. Адамның да, мемлекеттің де тағдырында дін ерекше роль атқарады. Адамның рухани дамуы дінге негізделген. Ф.М.Достоевский адам өмірінің екі вариантын ұсынған. Біріншісі – адам абсолютті еркіндікте, ешқандай беделді, тіпті Құдайды да мойындамайды. Өзінің ойына не келсе, соны істеп, өзін Құдайдай сезінеді. Ойшылдың пікірінше, бұл өте қауіпті жол. Ол адамның өзіне де, айналасындағыларға қатер төндіреді.Екіншісі – барлық іс - әрекетінде, бастауларында, Құдайға сену, оған сүйену. Бұл адамға қажетті жол, дұрыс жол, оны қорғайтын жол. Толстойшылдықтың мәнісі мынада:көптеген діни догматтар сынға ұшырап, жойылуы қажет;дін қарапайым, әлі әркімге түсінікті болуы керек;құдай, дін – бұл игілік, махаббат, ақыл және ұждан;өмірдің мәні - өзін өзі жетілдіру;жер бетіндегі негізгі зұлымдық - өлім және күш қолдану;кез келген мәселені шешудің негізгі құралы ретінде күш қолдануда бас тарту;адамның тәртібінің негізі – зұлымдыққа қарсы болмау;мемлекет – күш қолдану аппараты, оны құрту қажет;Өзінің осындай философиялық – діни көзқарастары үшін Л.Н.Толстой анафемаға, яғни шіркеуден аластатуға ұшыраған.