- •Тыныс-жүрек жансақтауы
- •Кқб клиникалық негізгі критерилері.
- •Шұғыл емнің қағидалары.
- •Дәрігерлік алғашқы көмек.
- •Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру.
- •М едперсонал болса Медперсонал жоқ кезде
- •Ж үректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
- •2 00 Дж разрядпен дефибрилляция
- •Асистолия кезіндегі дәрігердің емдік тактикасы.
- •Жүректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
- •Венаға адреналин 1:10 000 0,5 – 1 мг егу
- •Қарыншалар фибрилляциясын емдеу.
- •Қарыншалар фибрилляциясы (қф) немесе
- •Тамыр соғысынсыз қарыншалық тұрақты
- •Тахикардия (қт) кездеріндегі дәрігердің емдік тактикасы.
- •Коронарлық жіті синдромды ауруханаға дейінгі этапта емдеу.
- •Өкпеде айқын тоқыраудың жоқ және орталық венозды қысымның жоғары емес кездерінде –
- •«Өкпе шемені» емдік-диагностикалық алгоритмі.
- •Өмірге қауіпті жүрекшелік аритмия
- •Ав жүйесімен байланысты өмірге қауып төндіретін ырғақ және өткізгіштік, екі түрлі болуы мүмкін: а) тахикардия; б) блокадалар.
- •Қарыншалық аритмия - бұл өмірге қауыпты ырғақтың бұзылыстарының негізі. Оның емі мен алдын алу шаралары туралы көптеген басылымдар бар.
- •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
- •Wpw синдромы
- •Жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ
- •Жүрекшенің пароксималдық жыпылықтауы
- •Сурет. 2. Жүрекшелік жыпылықтау пароксизмінің емдеу алгоритмі (қарынша тахисистолиясымен)
- •Пароксизмалдық жүрекшелік тыпырлау
- •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
- •Пароксизмалық аритмиялардың профилактикасы
- •Өмірге қауыпты тахиаритмия: емдеу және алдын алудың негізгі жолдары
- •Гипертониялық кризді алдын алу
- •Жүректің сыртқы массажы
- •II кезеңі:
- •Жедел өкпелік жүрек (жөж)
- •Менингит
- •Есінен айырылу
- •Диабет кезіндегі комалар.
- •Эпилепсиялық статус
- •Организмнiң белсендi детоксикациясының әдiстерi
- •Уланулардың кең тараған түрлерiнiң симптоматикасы мен ол кездегi шұғыл жәрдем.
- •Жедел уланулардың арнайы емi
- •Организмнің жауап реакцияларын анықтау (есекжем, Квинке ісігі, анафилаксиялық шок).
- •Ішкі қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек
- •Госпитализацияға дейінгі этаптағы қан кетуді бағалау (Горбашко а.И., 1983)
Ав жүйесімен байланысты өмірге қауып төндіретін ырғақ және өткізгіштік, екі түрлі болуы мүмкін: а) тахикардия; б) блокадалар.
АВ-тахикардияларды жүректің күрделі ақаулары кезінде қауып төндіретін шартты өмірге қауыпты аритмияларға жатқызуға болады. Осындай жағдайларда бұзылған гемодинамика, өршімелі коронарлы жетіспеушілік, синкопалды шабуылдар кезінде тез және шешімді ем қолдану керек екенін көрсетеді. Қайтымды АВ-тахикардияны қайтару кезіндегі салыстырылған әдістерге көңіл аудару керек. Рефлекторлық әдістерді қолданған кезде нәтижесіз болса, көктамырға тез аденозинді 6-12 мг мөлшерде енгізеді, нәтижесі болмаған кезде – верапамил (5-10 мг к/т) және дилтиазем (0,25-0,35 мг 1 кг дене алмағына к/т). одан әрі кардиоверсияға жүгінуіміз керек, ал егер ол қандай да бір себептерге байланысты мүмкін болмаса - өңеш арқылы стимуляция (қарыншалық немесе жүрекшелік) жүргізіледі.
Қазіргі кезде қайтымды АВ-тахикардиясы бар науқастардың емінде хирургиялық әдістерді қолдану ұсынылған. АВБ адам өміріне өте үлкен қауып төндіреді, алайда жүрек стимуляторларын кеңінен қолдану оның қауыпын төмендетті. Кез келген ІІІ және ІІ деңгейдегі 2 типті жедел АВБ кардистимуляторды қолданудың көрсеткіші болып табылады.
АВБ блокадасы өмірге қауып төндіретін науқастар дәрігерге қаралған болса, олар кардистимулятордың шұғыл имплантациясының көрсеткіштеріне жатады:
Морганьи-Адамса-Стокса ұстамасы немесе оның эквиваленттері;
Жүректің жиырылуы минутына 40 аз;
Қарншалық экстрасистолия;
Екі идиовентрикулярлы ырғақтың кезектесуі;
QRS комплексінің көлемі 0,15с көп.
АВ - блокадалар
АВ блокадалар 3 дәрежелі болады, 2 дәрежесі Мобитц 1 және 2 бөлінеді. Сонымен қатар АВ блокаданың 3 дәрежесі симптомсыз өтуі мүмкін. Жанама пайда болған АВ блокаданы жеке бөледі. Және проксималды, дисталды АВ блокадалар деп бөледі. Дисталды АВ блокаданың болжамы қолайсыз. АВ блокадалар кезіндегі ЭКС имплантациясының көрсеткіштері үш топқа бөлінеді: А - имплантация қажет, В - имплантация қажет, С - имплантация қажет емес. АВ блокаданың 1 - дәрежесі бар науқастар үнемі тексеріліп отыру керек. АВ блокаданың 2 - дәрежесінің клиникалық көріністері болған кезде ЭКС имплантациясы көрсетіледі. АВ блокаданың 2 дәрежесінің симптомсыз проксизмалды түрінде имплантация қажет емес. АВ блокаданың 2 дәрежесінің дисталды симптомсыз түрінде имплантация қажет. Клиникалық көріністерімен толық АВ блокада кезінде ЭКС имплантация қажет. АВ блокаданың симптомсыз түрінде ЭКС имплантациясы қажет емес. Жедел инфаркт миокарды кезіндегі толық АВ блокадасы бар науқастарға уақытша электрокардиостимуляция көрсетілген. АВ блокада кезінде ынталандыру жүйесінің екі камералы имплантантын қолданған дұрыс. АВ блокадалар кезіндегі шектелген қарыншалық стимуляциясының болжамы қолайсыз.
Қарыншалық аритмия - бұл өмірге қауыпты ырғақтың бұзылыстарының негізі. Оның емі мен алдын алу шаралары туралы көптеген басылымдар бар.
ҚФ ауысу мүмкіндігіне, теріс гемодинамикалық әсер - өмірге қауып төндірулеріне байланысты ҚТ бар науқастардың көбінде реанимациялық шараларды жүргізудің көрсеткіші болып табылады. Жүректің ЖИА дан басқада аурулары өмірге қауып төндіретін ҚТ себептері болып табылады.
ҚТ алдын алу және қайтару өте жақсы мәлім. Алғашында лидокаин (100-120 мг к/т 30-40 с ішінде енгізеді), нәтижесі болмаған кезде - новокаинамид (1000 мл 25 мг/мин) немесе амиодарона (400 мг к/т 5-7 мин ішінде).
Нәтижесі болмаған кезде кардиверсия жүргізіледі.
Коронарлы немесе церебралды жетіспеушілік белгілері, аритмогенді шок, сол жақ қарыншалық жетіспеушілік белгілері болған кезде бірден кардиверсияға көшеді. Нәтижесі болмаған кезде антиаритмиялық заттарды қайтадан енгізу және қайталап кардиверсия жүргізіледі. ҚТ сақталған кезде қарыншалардың фазосинхронды электростимуляциясы қолданылады. ҚТ қайтарғаннан кейін көк тамырға антиаритмиялық заттарды 24 сағат ішінде енгізген дұрыс. Егер осы фонда ҚТ қайталанса, сирек синусты ырғақ кезінде ырғақты жиілететін заттар қолданылады(атропин, сирек - изопротеренол) немесе overdrive pacing тәртібінде электрокардиостимуляция қолданылады.
Сонымен қатар этиологиялық факторлардың мүмкіндігінің әсерлеріне байланысты емдеу қажет екенін ескеру керек. Ұзақ превентивті ем қажет.
Соңғы жылдар бойы клиникалық тәжірибеге кардиовертер-дефибрилляторының имплантатын енгізу бекітілген. Дәрілік емдеу әдістерімен емделген науқастармен салыстырғанда, кардиовертер-дефибрилляторының имплантатыны нәтижелігі жоғары болған. Бірақта, осы емдеу әдісінің қымбат болуына байланысты көп қолданылмайды. Қазіргі таңда ҚЭ бар науқастарда кенеттен өлімнің пайда болуын алдын алу мақсатында белгілі бір дәрілердің бар екенін айтуға болмайды.
Өмірге қауыпты аритмиялардың алдын алу мақсатында қолданылатын заттарға антиадренергиялық препараттар жатады, оның ішінде - амиодарон, d/1-соталол және b-блокаторлар. Созылмалы жүрек жетіспеушіліктері мен постинфарктық науқастарда кенеттен аритмиялық өлімнің алдын алуда амиодарон препараттарын қолданудың нәтижелі екені көрсетілген. Қазіргі кезде осындай препараттардың 20 дан астам түрлері тексерілуде. d/1-соталол препаратының антиаритмиялық сапасының жоғарлығына қарамастан қазіргі күні осындай препарат табылмаған.
Осыған байланысты қарыншалық аритмияның фаталды қауыпында амиодарон және b-блокаторлар қазіргі күндегі нәтижелі дәрілік заттар болып табылады.
Анықталған орны бар, қарыншалық аритмиялардың хирургиялық емінің нәтижесі қызықты. Алайда күнделікті клиникалық тжірибеде осы әдісті жаппай қолдану туралы айтуға әлі ерте.
Жаңа антиаритмиялық препараттарды табуда ІІІ класс препараттарын қарқынды түрде зерттеу жоғары нәтижелі препараттардың туындауына күмән жоқ. Қазіргі күні органикалық жүрек ақаулары бар науқастардың өмір сүруін ұзартуда амиодарон, соталекс, b-блокаторларды қолдану нәтижелі болып табылады.
