- •Тыныс-жүрек жансақтауы
- •Кқб клиникалық негізгі критерилері.
- •Шұғыл емнің қағидалары.
- •Дәрігерлік алғашқы көмек.
- •Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру.
- •М едперсонал болса Медперсонал жоқ кезде
- •Ж үректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
- •2 00 Дж разрядпен дефибрилляция
- •Асистолия кезіндегі дәрігердің емдік тактикасы.
- •Жүректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
- •Венаға адреналин 1:10 000 0,5 – 1 мг егу
- •Қарыншалар фибрилляциясын емдеу.
- •Қарыншалар фибрилляциясы (қф) немесе
- •Тамыр соғысынсыз қарыншалық тұрақты
- •Тахикардия (қт) кездеріндегі дәрігердің емдік тактикасы.
- •Коронарлық жіті синдромды ауруханаға дейінгі этапта емдеу.
- •Өкпеде айқын тоқыраудың жоқ және орталық венозды қысымның жоғары емес кездерінде –
- •«Өкпе шемені» емдік-диагностикалық алгоритмі.
- •Өмірге қауіпті жүрекшелік аритмия
- •Ав жүйесімен байланысты өмірге қауып төндіретін ырғақ және өткізгіштік, екі түрлі болуы мүмкін: а) тахикардия; б) блокадалар.
- •Қарыншалық аритмия - бұл өмірге қауыпты ырғақтың бұзылыстарының негізі. Оның емі мен алдын алу шаралары туралы көптеген басылымдар бар.
- •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
- •Wpw синдромы
- •Жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ
- •Жүрекшенің пароксималдық жыпылықтауы
- •Сурет. 2. Жүрекшелік жыпылықтау пароксизмінің емдеу алгоритмі (қарынша тахисистолиясымен)
- •Пароксизмалдық жүрекшелік тыпырлау
- •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
- •Пароксизмалық аритмиялардың профилактикасы
- •Өмірге қауыпты тахиаритмия: емдеу және алдын алудың негізгі жолдары
- •Гипертониялық кризді алдын алу
- •Жүректің сыртқы массажы
- •II кезеңі:
- •Жедел өкпелік жүрек (жөж)
- •Менингит
- •Есінен айырылу
- •Диабет кезіндегі комалар.
- •Эпилепсиялық статус
- •Организмнiң белсендi детоксикациясының әдiстерi
- •Уланулардың кең тараған түрлерiнiң симптоматикасы мен ол кездегi шұғыл жәрдем.
- •Жедел уланулардың арнайы емi
- •Организмнің жауап реакцияларын анықтау (есекжем, Квинке ісігі, анафилаксиялық шок).
- •Ішкі қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек
- •Госпитализацияға дейінгі этаптағы қан кетуді бағалау (Горбашко а.И., 1983)
Кқб клиникалық негізгі критерилері.
Кенеттен есінен тану, тартылу синдромының дамуы.
Тыныстың тоқтауы немесе агоналды тыныс алу белгілері (минутына 6–ға дейін болатын сирек және қорылды тыныс).
Ірі тамыр соғыстарының (сан, ұйқы артериялары), жүрек тондарының және артериялық қысымның жоғалуы.
Көз қарашығының кеңейуі.
Тері түсінің өзгеруі (көкшілденіп бозаруы).
ЭКГ-да тиісті механизміне сәйкес қарыншалардың фибрилляциясы немесе асистолиясы анықталады. Жүректің кенеттен тоқтауында немесе КҚБ кезінде жүректің сыртқы жарылуы синусты ырғақтың өте қысқаша тіркелуі мүмкін.
Шұғыл емнің қағидалары.
Аз қажетті мөлшердегі қанайналымы мен тынысты сақтау үшін қажетті реанимациялық шаралар.
Жүректің синустық ырғағын қалыптастыру.
Постреанимациялық синдромды емдеу.
Қарыншалар фибрилляциясы қайталануының алдын алу.
Дәрігерлік алғашқы көмек.
Прекардиялық аймаққа жұдырықпен соққы беру.
Өкпені жасанды тыныстандырумен қатар жүргізілетін жүректің тура емес массажы.
Электрлік дефибрилляция.
КҚБ кезінде, ЭКГ-ға түсірудің қажеттігіне қарамай, жансақтау шараларды қолма-қол тез бастау қажет. Шұғыл емдік шаралардың тиімділігі уақыт пен техникалық сауаттылығына тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмекті кез-келген қасында тұрған адам жасай беруі тиіс. Осындай кездегі өте қажетті шаралардың реттілігі «АВС» ережесі түрінде кеңінен белгілі:
Aire way open (открыть воздуху дорогу – ауаға жол ашу) – тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру;
Breath bor vinetim (дыхание для жертвы – ессіз адам үшін тыныстану) -өкпенің желденуін қалыптастыру;
Circulation on his blood (циркуляция крови – қанның айналуы) – қанайналымын қалыптастыру.
Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру.
Жасанды тыныстандырудың тиімді болуына тыныс жолдары өткізгіштігінің таза болуы өте маңызды орын алады. Ол үшін осы жолдарды тазалауды неғұрлым ертерек жүргізген абзал және оны жасағанда адамның басын барынша шалқайтып, көмейді жауып тұрған тілдің түбін алдыға қарай ығыстырып, ауа өтетін тыныс жолын ашу керек.
Өкпенің желденуін қалыптастыру.
Ол үшін «Ауыздан ауызға» және «Ауыздан танауға» жасанды тыныс алдыру өте тиімді болып саналады. Осы шараларды әрбір 5 секунд сайын қайталап отырады. Осы шаралардың тиімділігін науқас адамның кеуде құрсағының қозғалысынан байқауға болады.
Қанайналымын қалыптастыру.
Тамыр соғысының жоғалуы кезінде қанайналымын тиімді ету мақсатында жүректің тура емес массажын қолдану керек. Осы шараны өкпені жасанды тыныстандырумен қатар жүргізеді. Жасанды тыныстандыру (ЖТ) минутына 12-16 рет жиілікте, жүректің массажы (ЖМ) минутына 80-90-100 жиілікте жасалуы тиіс. Егер екі жансақтаушы бірге жұмыс істесе ЖТ:ЖМ қатынасы 5:1 қатынасына тең болуы тиіс. Ал егер бір реаниматор жұмыс істесе, онда ЖТ:ЖМ қатынасы 10-15:2-3 қатынасына тең болуы керек. Жүпек массажының тиімділігін көз қарашығының өзгерулерінен байқайды. Қанайналымының тиімді кезінде көз қарашығының тарылуы байқалады. Кеңіген және өзгермейтін көз қарашығы биологиялық өлім белгісі болып саналады. Егер жүрек соғысының тоқтауы 10 минуттан асса, онда адамның жүйке жүйесінің жұмысын қалыптастыру мүмкін бола қоймайды.
Бұдан кейінгі жансақтау шаралар жүрек соғысы тоқтауының түріне байланысты жүргізіледі.
Асистолияны емдеу кестесі:
жансақтаудың негізгі шаралар;
кеңірдек интубация жасау;
венаға дәрі енгізу мүмкіндігін қарастыру;
жүректің электрлік белсенділігінің бар-жоқтығын ЭКГ-ның ең болмаса бір тіркемесінде анықтау;
Асистолияның қайтымды себебін іздеу:
гипоксия,
гиперкальциемия,
гипо- немесе гиперкалиемия,
ацидоз,
дәрілер дозасының артуы,
гипотермия.
Қажетті уақытында және дұрыс жасалған жансақтау шаралардың өзінде қайтыс болу жиілігі 85-100% құрайды. Жүректің тура емес масасажы мен өкпені жасанды тыныстандыру кездерінде жүректі дәрімен стимуляция шаралары да жасалуы тиіс. Асистолия кезінде электрокардиостимуляция (ЭКС) тәсілін неғұрлым ертерек бастау қажет деп саналады: сыртқы ЭКС (дәрілерді егумен қатар) - венаға тез әрбір 3-5 минут сайын адреналин 1 мг егіледі; венаға әрбір 2-5 минут сайын жалпы дозасы 1 кг-ға 0,4 мг-нан келетін атропин 1 мг егіледі. Егер осы шараларға қарамай асистолия сақталатын болса, онда реанимациялық шараларды тоқтатады. Қазіргі кезде кеңінен таралған кальций дәрілерін қолдану тәсілі тек тиімсіз ғана емес, сонымен қатар адам өміріне қауіпті саналады. Реанимациялық шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында адреналин дозасын көтеру (мысалы, әрбір 3-5 минут сайын 5 мл-дан егу) пайдалы екені туралы ғылыми ескертулер бар. Осы шаралармен қатар метаболизмдік өзгерістерді реттеу қажет (1 кг салмаққа 1,2-1,4 ммоль шамасында натрий гидрокарбонатын енгізу) және кенеттен қанайналымының тоқтауын тудырған себептерді жою шараларын жүргізу керек болады (мысалы, қан кету кезінде болатын қан көлемін қалпына келтіру). Дәрігерлік тәжірибеде асистолия көбінесе қазаға ұшыраудың дәлелі болып саналады.
Дефибрилляция тиімсіз, тіпті ол парасимпатикалық тонустың артуы арқылы жүрек ырғағының табиғи белсенділігін тежеуі ықтимал. Ауруханадан тыс кездері дамыған асистолияны емдеу көбінесе тиімсіз болады. Ал ауруханада миокард инфарктынан қайтыс болудың негізгі себебіне жүректің жіті жетіспеушілігі жатады: өкпе шемені мен кардиогенді шок.
