- •Тыныс-жүрек жансақтауы
- •Кқб клиникалық негізгі критерилері.
- •Шұғыл емнің қағидалары.
- •Дәрігерлік алғашқы көмек.
- •Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру.
- •М едперсонал болса Медперсонал жоқ кезде
- •Ж үректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
- •2 00 Дж разрядпен дефибрилляция
- •Асистолия кезіндегі дәрігердің емдік тактикасы.
- •Жүректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
- •Венаға адреналин 1:10 000 0,5 – 1 мг егу
- •Қарыншалар фибрилляциясын емдеу.
- •Қарыншалар фибрилляциясы (қф) немесе
- •Тамыр соғысынсыз қарыншалық тұрақты
- •Тахикардия (қт) кездеріндегі дәрігердің емдік тактикасы.
- •Коронарлық жіті синдромды ауруханаға дейінгі этапта емдеу.
- •Өкпеде айқын тоқыраудың жоқ және орталық венозды қысымның жоғары емес кездерінде –
- •«Өкпе шемені» емдік-диагностикалық алгоритмі.
- •Өмірге қауіпті жүрекшелік аритмия
- •Ав жүйесімен байланысты өмірге қауып төндіретін ырғақ және өткізгіштік, екі түрлі болуы мүмкін: а) тахикардия; б) блокадалар.
- •Қарыншалық аритмия - бұл өмірге қауыпты ырғақтың бұзылыстарының негізі. Оның емі мен алдын алу шаралары туралы көптеген басылымдар бар.
- •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
- •Wpw синдромы
- •Жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ
- •Жүрекшенің пароксималдық жыпылықтауы
- •Сурет. 2. Жүрекшелік жыпылықтау пароксизмінің емдеу алгоритмі (қарынша тахисистолиясымен)
- •Пароксизмалдық жүрекшелік тыпырлау
- •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
- •Пароксизмалық аритмиялардың профилактикасы
- •Өмірге қауыпты тахиаритмия: емдеу және алдын алудың негізгі жолдары
- •Гипертониялық кризді алдын алу
- •Жүректің сыртқы массажы
- •II кезеңі:
- •Жедел өкпелік жүрек (жөж)
- •Менингит
- •Есінен айырылу
- •Диабет кезіндегі комалар.
- •Эпилепсиялық статус
- •Организмнiң белсендi детоксикациясының әдiстерi
- •Уланулардың кең тараған түрлерiнiң симптоматикасы мен ол кездегi шұғыл жәрдем.
- •Жедел уланулардың арнайы емi
- •Организмнің жауап реакцияларын анықтау (есекжем, Квинке ісігі, анафилаксиялық шок).
- •Ішкі қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек
- •Госпитализацияға дейінгі этаптағы қан кетуді бағалау (Горбашко а.И., 1983)
Коронарлық жіті синдромды ауруханаға дейінгі этапта емдеу.
Коронарлық жіті синдромды ауруханаға дейінгі этаптағы емінің негізгі қағидаларына ауырсынуды адекватты басу, антибромбоздық емді бастау, науқас адамды арнайы емдік мекемеге жеткізу және осы синдромнан болған асқынуларға ем қолдану болып табылады.
Ауруханаға дейінгі этапта КЖСиндромды емдеу кезінде дәрілерді көктамырға қолдану басқа тәсілдерден (бұлшық етке егу, ішу) гөрі тиімді және қажетті болып табылады.
Ең алдымен тілдің астына нитроглицеринді салып көру қажет және бұл ең таңдаулы емдік шара болып саналады. Гипотензиялық асқыну болмау үшін соңғы 24 сағат аралығында Viagra дәрісін қабылдаған ер адамдарда сақтық қажет. Нитроглицериннен эффект болмағанда венаға морфин 1-5 мг егу қажет және оны қайталап егу 5 минуттан соң болуы тиіс. Осы шара сол қарыншалық жіті жетіспеушілік немесе науқас адамда өте айқын қозу белгілері бар кезінде де тиімді болып саналады. Наркотикалық дәрілердің салдарынан тыныс орталығының тежелуі болса – морфиннің антагонисті болып табылатын – налоксон 0,4-2,0 мг егу қажет. Морфинді егуге қарсы көрсеткіштер болған жағдайда ең таңдаулы дәрі болып меперидин саналады.
Осы синдромды ауруханаға дейінгі этапта емдеу кезінде аспиринді және тромбин ингибиторларын қолдану тиімділігі туралы әрқилы көзқарастар болса да, оны қолдану қажеттігі бар (себебі ISIS 2 зерттеулерінде аспиринді қолданған адамдар арасында кенеттен қаза болу жиілігі төмендеген). Аспириннің алғашқы дозасы болып 160-325 мг саналады, ал аспириннің альтернативті дәрісіне клопидогрел жатады және оны 300 мг (75 мг х 4 таблетка) бастайды. Ұсақмолекулалық немесе ұнтақталмаған (фракцияланбаған) гепариндерді қолдану ST сегментінің көтерілуінсіз болатын КЖСиндромында, ғылыми зерттеулер нәтижелеріне сәйкес, тиімдірек болып саналады, ал ST сегментінің көтерілуімен сипатталатын КЖСиндромында оны қолдану тиімділігі белгісіз. Ауруханаға дейінгі кезде гепаринді қолданғанда ауруханаға жатқаннан кейінде дәрігерлер арасында, яғни оны қолдануды жалғастыру туралы, тығыз байланыс болуы тиіс.
Дигидропиридин тобындағы Кальций антагонистері мен АПФ ингибиторларын, тіпті гемодинамикалық өзгерістер болмаса да, қолдану қажеттігі болмайды.
Адам өміріне қауіп тудыратын қарыншалық аритмиялар кезінде ең тиімді және сенімді емдік шара ретінде дефибрилляция саналады. Лидокаин немесе басқа антиаритмиялық дәрілерді осы асқынудың алдын алу үшін қолдану тиімсіз.
ST сегментінің көтерілуімен сипатталатын КЖСиндромында тромболиздік дәрілерді қолдану қажеттігі әрқилы көзқарастармен түсіндіріледі. Америкалық кардиологтар коллегиясы тромболитиктерді ауруханаға дейінгі этапта қолдану егер науқас адамды ауруханаға жеткізу мерзімі 90 минуттан асатын болса ғана қажет деп ұсынады. Себебі әртүрлі асқынулар болуы (брадикардия, гипотония, реперфузиялық аритмиялар) жиі кездеседі.
КАРДИОГЕНДІ ШОК.
Анықтауы. Кардиогенді шок дегеніміз ағзалар мен тіндерді қанмен қамтамасыз етудің бұзылыстары айқын білінетін артериялық гипотония. Систолалық қысым 90 мм с/б төмен және диастолалық қысым 20 мм с/б төмен болады. Шеткілік қанайналымы бұзылыстарының белгілері: өңінің бозарып көгеруі, суық тердің шығуы, шеткілік веналардың солуы, алақан мен табанның суық болуы, қанайналымы жылдамдығының төмендеуі – алақанды немесе тырнақты басып босатқаннан кейінгі ағарудың ұзақтығы 2 секундтан асады, диурездің азаюы – сағатына 20 мл-ден аз, есінің бұзылуы – тежелуінен комаға дейін.
Салыстырмалы ажыратуы. Шынайы кардиогенді шокты рефлекторлық, аритмиялық, дәрілік, миокардтың баяу жыртылуы немесе қарыншалық перденің не папиллярлы бұлшық еттің үзілуі немесе оң қарыншаның зақымдануы кездеріндегі шоктардан, өкпе артериясының тромбоэмболиясынан, гиповолемия не қатайған пневмоторакс не артериялдық гипотензия кездеріндегі шоктардан ажырату қажет.
Жедел жәрдемі. Этап түрінде, біреуі әсер етпесе екіншісіне тез ауысу әдісімен жүргізіледі.
