- •Тыныс-жүрек жансақтауы
 - •Кқб клиникалық негізгі критерилері.
 - •Шұғыл емнің қағидалары.
 - •Дәрігерлік алғашқы көмек.
 - •Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру.
 - •Қарыншалар фибрилляциясын емдеу.
 - •Қарыншалар фибрилляциясы (қф) немесе
 - •Тамыр соғысынсыз қарыншалық тұрақты
 - •Тахикардия (қт) кездеріндегі дәрігердің емдік тактикасы.
 - •М едперсонал болса Медперсонал жоқ кезде
 - •Ж үректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
 - •2 00 Дж разрядпен дефибрилляция
 - •Асистолия кезіндегі дәрігердің емдік тактикасы.
 - •Жүректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
 - •Венаға адреналин 1:10 000 0,5 – 1 мг егу
 - •Коронарлық жіті синдромды ауруханаға дейінгі этапта емдеу.
 - •Өкпеде айқын тоқыраудың жоқ және орталық венозды қысымның жоғары емес кездерінде –
 - •«Өкпе шемені» емдік-диагностикалық алгоритмі.
 - •Өмірге қауіпті жүрекшелік аритмия
 - •Ав жүйесімен байланысты өмірге қауып төндіретін ырғақ және өткізгіштік, екі түрлі болуы мүмкін: а) тахикардия; б) блокадалар.
 - •Қарыншалық аритмия - бұл өмірге қауыпты ырғақтың бұзылыстарының негізі. Оның емі мен алдын алу шаралары туралы көптеген басылымдар бар.
 - •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
 - •Wpw синдромы
 - •Жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ
 - •Жүрекшенің пароксималдық жыпылықтауы
 - •Сурет. 2. Жүрекшелік жыпылықтау пароксизмінің емдеу алгоритмі (қарынша тахисистолиясымен)
 - •Пароксизмалдық жүрекшелік тыпырлау
 - •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
 - •Пароксизмалық аритмиялардың профилактикасы
 - •Өмірге қауыпты тахиаритмия: емдеу және алдын алудың негізгі жолдары
 - •Гипертониялық кризді алдын алу
 - •Жүректің сыртқы массажы
 - •II кезеңі:
 - •Жедел өкпелік жүрек (жөж)
 - •Менингит
 - •Есінен айырылу
 - •Диабет кезіндегі комалар.
 - •Эпилепсиялық статус
 - •Организмнiң белсендi детоксикациясының әдiстерi
 - •Уланулардың кең тараған түрлерiнiң симптоматикасы мен ол кездегi шұғыл жәрдем.
 - •Жедел уланулардың арнайы емi
 - •Организмнің жауап реакцияларын анықтау (есекжем, Квинке ісігі, анафилаксиялық шок).
 - •Ішкі қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек
 - •Госпитализацияға дейінгі этаптағы қан кетуді бағалау (Горбашко а.И., 1983)
 
Өкпеде айқын тоқыраудың жоқ кезінде – аяғын 200-қа дейінгі деңгейде көтеріп жатқызу, оксигенотерапия, ауырсынуды басу (егер бар болса), қарыншалардың жиырылу жиілігін реттеу (пароксизмді тахиаритмияда – ЭИТ, айқын минутына 50-ден аз брадикардияда – ЭКС).
Өкпеде айқын тоқыраудың жоқ және орталық венозды қысымның жоғары емес кездерінде –
артериялық қысымды, тыныс пен жүрек соғысы жиіліктерін және жүрек пен өкпенің аускультациялық көріністерін қадағалай отырып венаға 0,9% NaCl 200 мл ерітіндісін тамшылап енгізу; артериялық қысымның артуы және трансфузиялық гиперволемия белгілерінің жоқ кездерінде осындай сұйықтықты енгізу шарасын қайталау қажет;
дофамин 200 мг + 400 мл реополиглюкин не 5% глюкоза венаға тамшылап енгізу, егер эффект болмаса қосымша норадреналин 2-4 мг + 400 мл 5% глюкоза;
кардиомонитор, пульсоксиметрді қосып адамның өмірге аса қажетті функцияларын қадағалау;
адам жағдайының тұрақтанып жақсаруынан соң ауруханаға жатқызу.
Негізгі асқынулар және қауіптер:
ауруды кеш анықтау мен емдеу;
артериялық қысымды қалпына келтіру қиындығы;
артериялық гипертензия немесе сұйықтықтарды венаға енгізу кездеріндегі өкпе шеменінің дамуы;
тахикардия, тахиаритмия, қарыншалардың фибрилляциясы;
асистолия;
ангинозды ауырсынудың қайталануы;
бүйректің жіті жетіспеушілігінің дамуы.
Ескертулер:
Артериялық қысымның қажетті минималды деңгейіне систолалық қысымының 90 мм с/б болуы жатады.
Шынайы кардиогенді шокта кортикостероидтар тиімсіз. Кортикостероидтарды қолдану шеткілік вазодилятаторлар (нитроглицерин, т.б.) дозасының аротуынан дамыған артериялық гипотернзияда немесе гиповолемияда тиімдірек. Мұндай кезде мүмкін контрпульсация тиімдірек болар.
Миокардтың жіті инфарктындағы өкпе шемені кезіндегі жедел шаралар:
Наркотиктер,
Шеткілік вазодилятаторлар,
Инотропты дәрілер (добутамин),
Антиаритмиялық дәрілер (қажетіне қарай),
Диуретиктер,
Ганглиоблокаторлар,
Глюкокортикоидтар,
Оксигенотерапия, ақкөбікті басатын дәрілер (фомсилан).
«Өкпе шемені» емдік-диагностикалық алгоритмі.
Жүрек демікпесі - өкпенің интерстициялы ісінуі. Клиникасы: демікпе ұстамасы, ауа жетіспеу сезімі, құрғақ қатты жөтел, өкпелердің төменгі бөліктеріндегі бірен-саран ылғалды сырылдар.
Жәрдем беру қағидасы өкпенің альвеолалық шеменіне ұқсас, тек ақкөбікті басатын дәрілерді қолданбайды.
Эффект болмаған кезде ентігу күшейеді де тынысы минутына 40-50 ретке дейін артады, тынысы сумен бүлкілдеп естіледі және қан араласқан ақкөбікті қақырық шығады, өкпенің барлық алаңдарында көптеген ылғалды сырылдар естіледі.
Өкпенің шынайы шемені - өкпенің альвеолалық ісінуі.
Өкпе шеменінің кез-келген түріндегі емдік шаралар:
Науқас адамды отырғызу қажет (миокардтың жіті инфаркты болса да),
Жоғарғы тыныс жолдарын ақкөбіктен тазарту,
Ақкөбікті басу (фомсилан).
Өмірге қауіпті жүрекшелік аритмия
Жыпылық аритмиясы және жүрекшенің тыпырлауы өмірге қауіп төндіретін аритмиялардың арасында бірінші орынды алады. Осындай жағдайларда гемодинамикалық бұзылыстар фаталды роль атқаруы мүмкін. Сонымен қатар ауыр жүйелі тромбоэмболияның қауіпін де ескеру керек. Жалпы алғанда ЖА кезіндегі леталділік 2 есе өседі. ЖА ревматикалық емес себебі кезінде де жылына 5% құрайтын церебралды инсульт себебі болады.
Науқастың өмірінде алғаш рет ЖА ұстамаласы болса - 1-2 тәулікте – алдын алу шараларын жүргізу ЖА пароксизмалды түрінде ең маңызды болып табылады (немесе кез келген сирек кездесетін ұстамалар), әсіресе миокардтың ауыр ақауы кезінде.
Осы мақсатта қолданатын препараттардың тізімі өте кең, оның ішінде бірінші орында амиодарон, одан кейін флекаинид, пропафенон, хинидин және т.б. Жиі қарыншалық ырғақты ЖТ кезінде бірден кардиоверсияны қолданған дұрыс.
Қауыпты топтар арасында ЖА ұстамаларын алдын алудың маңызы зор, және осындай жағдайларда лидер болып амиодарон саналады, одан кейін пропафен, дофетилид, флекаинид және т.б.
ЖА тұрақты түрінде тромбоэмболиялық асқынулардың қауыпы өте жоғары, сондықтан үнемі тура емес антикоагулянттарды қабылдау керек (әсіресе, жүрекшенің ұлғаюында), қазіргі күні дезагреганттарға көп көңіл бөлінеді. ЖА тұрақты түрінде сонымен қатар, асистолияның ұзақ кезеңдері және қарыншалық тахикардия да әсер етеді. Бұл өзгерістер ЭКГ да тіркелмейді, сондықтан тәуліктік мониторлаудың маңызы зор. Осыған байланысты ЖА тұрақты түрі бар науқастардың диагностикасында тәуліктік ЭКГ мониторлау міндетті тексерулердің бірі болып табылады
ЖА емінде хирургиялық әдістерді қолдану игерілуде: аритмиялардың тұрақты инкурабелді ұстамаларында – ИВР мен бірге радиобөлшекті аблация; «лабиринт», «каридор» түріндегі операция, жүрекшелік кардивертер –дефибриляторының имплантациясы; жүрекшенің биатриалды стимуляциясы және т.б.
ЖА алдын алу кезіндегі ең нәтижелі әдіс болып, жүрекшенің функционалды - морфологиялық өзгерістерінің профилактикасы жатыр. Осы арқылы ЖА әкелетін аурулардың дамуы мен өршуін алдын алуға болады, және екінші жағынан қарасақ, жүрекшенің «құрылымдық» және «электрлік» қалыптасуын алдын аламыз (АПФ ингибиторлары, кальций каналдарының блокаторлары).
