Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішкі аурулар клиникасындағы кезек күттірмейтін...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

Менингит

Менингиттің жалпы (дифференцирленбеген) диагнозы келесі симптомдар триадасы негізінде қойылады:

  1. менингиальді симптомокомплекс

  2. жалпы инфекциалы симптомдар

  3. ми-жұлын сұйықтығының қабыну өзгерістері

Осы симтомдардың біреуі ғана кездессе менингит туралы сөз қозғау ерте болып табылады.Дәрігер менингиттің ерте синдромды диагностикасында келесі белгілерге сүйенеді:

  1. менингиальді симптомдар (шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі,Керниг және Брудзинский симптомдары);кей жағдайларда (балаларда,егде жастағы қарт адамдарда,сананың бұзылуы кезінде) менингиальді синдромның диссоциациясы байқалады- менингиальді симптомдардың біреу кездессе басқасының болмауы және керісінше, сондықтан науқас адамды тексергенде жалпыға мәлім әдістерді қолданумен шектелуге болмайды.

  2. менингиалдық симптомдардың жалпы инфекциалық белгілермен қосарласуы:ықалтыраумен жүретін жедел басталу,дене қызуының жоғарлауы, бастың жоғары қатты қарқынды ауырсынуы,жүрек айну, құсу эпидемиялық іріңді менингит туралы, геморрагиялық бөрпе менингококкты инфекция туралы ,ошақты инфекциалы-іріңді өзгерістер мысалы пневмония,созылмалы отит,параназальді синусит,мастоидит екіншілік іріңді менингит туралы күдіктенуге мүмкіндік береді (пневмококкты,отогенді т.б).;

  3. Эпидемиологиялық мәліметтер-белгілері ұқсас аурудың қоршаған адамдарда болуы,аурудың эпидемиялық өршулерінің ұйымдарда анықталуы ( бала-бақшаларда,мектептерде);маусымдылықтың да мәні зор;бактериальді менингиттер эпидемиядан тыс кезеңде жиі қыста кездеседі.Эпидемиялық паротит кезіндегі менингиттер қыстың соңы мен көктемде жиірек кездессе,энтеровирусты менингиттер жаз бен күзде анықталады.

  4. менингитті анықтап,оның іріңді және серозды түрлерін немесе субарахноидальді қан құюлудан ажырату ликвор зерттеуінсіз өте қиын.Менингитке күдік туған кезде науқасты жедел госпитализациялау керек.Кезек күттірмейтін процедура болып люмбальді пункция,қан мен ликвордың аурухана алды зерттеуі іріңді менингит пен менингизм белгілірімен өтетін басқа іріңді емес аурулардан ажыратуға мүмкіндік береді.

Жедел көмек

Менингиттің жедел ағымында (ауыр коматозды жағдай,ми ісінуі,коллапс) оқиға болған жерде тамыр ішіне 20-40 мг лазикс,10 мл 2,4 % эуфиллин ертіндісін 40% глюкоза ертіндісіне қосып енгізеді,8-12 мг дексаметазон немесе 60-90 мг преднизолон енгізу қажет. Менингиттің жіті ағымы туралы күмән болмаған жағдайда стационарға жіберер алдында бұлшықетке 3000000 Б пенциллин,25% магний сульфаты (10 мл),1 % димедрол ертіндісін (1-2 мл).

Ми ісінуі қарқындай түссе дегидрациялық терапия жүргізіледі.Осы мақсатта лазикс және гидрокортикоидтар қолданылады.2-4 мл 50% анальгин ертіндісін бұлшықетке енгізеді,тырысу мен психомоторлы қозуды алдын алу мақсатында тамыр ішіне 4-6 мл 0,5 % седуксен ертіндісін енгізеді.Бұл жағдайда тырысуға қарсы, құсуды басатын, ауырсынуды басатын.Седативті және гипотермиялық әсері бар дәрілердің комбинациясын қолдану тиімді.Мысалы ,0,5 % седуксен (1мл),0,5 % галоперидол (1 мл),1 % димедрол (2 мл),4 % амидопирин (5мл) ертіндісін тәулігіне 3 рет енгізуге болады. Инфекциялық шоктың ауыр ағымында бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі байқалады,сондықтан бұл жағдайда міндетті түрде тамыр ішіне глюкокортикоидтарды енгізу қажет.Жедел түрде инфузиялық терапия түрінде натрий хлоридінің изотониялық ертіндісі 10 % глюкоза ертіндісімен,полиглюкин немесе реополиглюкин енгізіледі.Инфузиялы ертіндінің бірінші порциясына (500-1000 мл) 125-375 мг гидрокортизон немесе 30-90 мг преднизолон ,500-1000 мг аскорбин қышқылын қосады.Артериалық қысым қалпына келгенше дейін осы ертіндіні тамыр ішіне енгізеді.Аурхана алды кезеңде инфузиялы терапияны бастауға мүмкіншілік болмаса жүрек гликозидтерін, адреномиметиктерді глюкокортикоидтармен бірге енгізеді.Жедел жәрдем машинасында қажет болса жүрек гликозидтері мен адреномиметиктерді қайталып енгізіп,егер инфекция шок жағдайында артериалық қысым ме пульс қалпына келмесе қайталап тамыр ішіне глюкокортикоидтарды енгізуге болады.Мидың ісінуі айқын болып, іріңді менингиттің жедел ағымында тамыр ішіне 40-60 мг лазикс және 40 % изотониялық ертіндіде 10-20 мл эуфиллин енгізіледі.Қайталап тырысулар мен психомоторлы қозу пайда болса седуксен енгізіледі.

Аурухана алдылық сатыда дәрігердің негізгі мақсаты вирусты серозды менингитке күдік туса оны туберкулезді менингитпен ажырату диагностикасын жасап патогенетикалық ем тағайындау (дегидратациялық терапия, тырысу синдромы мен психомоторлы қозуды басу)

Менингитпен сырқатттанған науқастар инфекциялы немесе арнайы нейроинфекциялы бөлімдерге жатқызыдажы.Бұндай бөлімдері жоқ ауруханаларда науқасты неврологиялық бөлімге госпитализациялауға рұқсат етіледі.Науқастар стационарға жатқызылып тасымалданады.

Аурухана алды кезеңде энцефалитпен науқастанған адамдарға жедел көмек көрсету:

Жедел көмек дәрігері үшін энцефалиттер тобында маңызы зор жедел вирусты энцефалитттер : кенелік және маса (жапон) энцефалиті болып табылады.Бұл аурулар маусымдық ошақтық өршумен және эндемияға бейімділігімен ерекшеленеді.

Диагностика

Клиникалық көріністері жалпы инфекциялы (көбінесе жоғары дене қызуымен) ,жалпы милық симптомдармен (бас ауырсыну,құсу, жүрек айну т.б.), ес бұзылыстарымен ( сопор,кома( және психика бұзылыстарымен ( сандырақ, галлюцинация),мидың зақымдалуының ошақты белгілерімен-парез,паралич,жұтынудың, сөйлеудің бұзылыстарымен,эпилепсиялық ұстамалардың болуымен ,менингиальді белгілермен сипатталады.

Кенелік энцефалит кезінде жұқтыру кене шағу арқылы немесе алиментарлы жолмен- сиыр және ешкі сүті арқылы өту мүмкін.Жоғары аталған белгілермен қоса кенелік энцефалитке ми бағананың (бульбарлы бұзылыстар:дисфагия, дизартрия,дисфония, тыныстың бұзылыстары) және жұлынның жоғары мойын сегменттерінің зақымдалу белгілері (мойын және қол бұлшықеттерінің парезі мен параличі,көк ет парезі салдарынан тыныстың бұзылысы) тән.Ауру көктем-жазғы маусымдылыққа бейім,себебі бұл кезең иксод кенелерінің белсенділігінің артатын уақыты.

Жапон энцефалиті кезінде жұқтыру вируспен зақымдалған масалардың шағуы арқылы жазғы-күзгі кезеңде өтеді. Аурудың эндемиялық ошақтары –Шалғай Шығыс және Приморье аймақтары.Жиі кездесетін белгілеріне қалтыраумен жүретін жіті басталу,естің,психиканың, бұлшықет тонусының бұзылуы және бульбарлы белгілер жатады.

Жедел көмек.

Арухана алды кезеңде патогенездік терапия жүргізіледі.Дегидратациялық терапия( ми ісінуін алдын алу үшін), жоғары дозалы глюкокортикоидтар (100-120 мг преднизолон ішке және 500-600 мг тамыр ішіне.бұлшықетке) қолданылады.Тыныстың тоқтауы кезінде интубация жасап жасанды тыныс алу аппартына қосады.

Жедел түрде неврологиялық және реанимация бөліміне жатқызылады.Тасымалдау етпетінен немесе бүйіріне жатқызу арқылы жүргізіледі.(сілекей, жұтқыншақ шырышы және құсық массаларының аспирациясын алдын алу үшін).

Стационарда арнайы вирусқа қарсы терапия –бұлшықетке рибонуклеаза 30 мг әрбір 4 сағат сайын енгізіледі.Сонымен қоса десенсибилизациялық,антигистаминді (димедрол,пипольфен,супрастин) және ісінуге қарсы препаратта қолданылады.Гамма-глобулиндер гематоэнцефалды тосқауылдан өтпегендіктен кең қолданылмайды.Гамма –глобулинді инфекция ошағында ауруды алдын алу үшін қажет.Мысалы кене шағып алса жедел профилактика ретінде бұлшықетке 3-6 мл гамма-глобулинді 3 күн қатарынан енгізеді.

БАС МИЫНЫҢ ШАЙҚАЛУЫ

Бас миының шайқалуы бас-ми жарақатының ең жеңіл түрі болып табылады.Бұл жарақат қысқа уақытты естің тануымен (30 минутқа дейін),амнезиямен,неврологиялық ошақты және менингиальді белгілердің болмауымен сипатталады.

Диагностика

Көп жағдайда науқас анамнезінде өз бойының биіктігінен немесе биіктіктен құлау,жарақат алу кезінде алкогольді масаю факті анықталады..Көбінесе науқас адам дәрігерге өз бетімен келеді.Шағымдары ретінде бастың ауырсынуы, жүрек айну, құсу болып табылады.Неврологиялық тексеру кезінде ошақты симптоматика анықталмайды,бірақ осы тексеруді 2 сағаттан кейін қайталау керек.Ми шайқалуы кезінде лабораторлы-инструменталды зерттеулер қажет емес.

Ажырату диагностикасы.

Бас миының шайқалуын ми соққысынан ажырату қажет.Ми соққысы ауыр жарақат болып саналады,бұл жағдайда науқас есінен бірнеше сағатқа дейін айырылуы мүмкін.Неврологиялық зерттеуде ошақты симптоматика анықталады.

Маманның кеңесіне жіберуге қажет көрсеткіштер.Нейрохирург кеңесі ми шайқалу диагнозынан тыс симптоматиканың анықталуы кезінде ғана қажет болып саналады.

Емі

Ми шайқалу кезінде арнайы медикаментозды ем немесе оперативті ем қажет емес.Ауырсынуды басатын және құсуға қарсы препараттар тағайындалады.24 сағаттық бақылаудан кейін науқастың туысқандарына нұсқаулар берілген соң үйіне жіберуге болады.

Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер.

Қарт адамдар ( баяу сауығуына байланысты)

Қосымша жарақаты бар және өзін күтуге мүмкіншілігі жоқ науқастар

Балалар

Ауыр алколголді масаю жағдайындағы науқастар

Анамнезі анық емес науқастар

Жоғары кинетикалық энергиямен берілген соққыдан кейінгі науқастар (таяқпен,таспен т.б.)

Ми шайқалуының атипті ағымы

Тоқтаусыз құсу ( тамыр ішіне дәрілік заттарды тамшылатып құю қажет жағдай)

Тұрақты айқын бастың ауырсынуы

Ошақты неврологиялық сиптоматиканың болуы

Бас сүйегінің сынуы

Ажырату диагностикасы қиынға түсетін науқастар (мысалы,гематома/эпилепсия/субарахноидалды қан құюлу)

Ми шайқалуының атипті ағымымен өтетін науқастарға КТ көрсетілген, қажет жағдайда нейрохирург,нейроофтальмолог,отоневролог кеңесі алынады.

Медикаменттік емес емдеу

Жарақаттан кейін бір тәулікке дейін төсектік режим көрсетілген.1-3 тәуліктен кейін науқас қалыпты жұмыстарды істеуіне болады.

Медикаменттік емдеу

Қажет жағдайда ауырсынуды басатын (парацетомол 500мг 3 рет тәулігіне) және құсуға қарсы препараттар (метоклопрамид ішке 5-10 мг 3 рет тәулігіне немесе бұлшықетке 2 мл енгізеді).

Науқасты үйрету

Науқас пен оның туысқандарын ауыр клиникалық белгілердің пайда болу жағдайында міндетті түрде қайталамалы дәрігер қарауы қажет екенін түсіндіру керек.

Маманның кеңесіне жіберуге қажет көрсеткіштер.ми шайқалуы бар науқаста атипті белгілер пайда болса, ми соққысына немесе бас сүйек ішілік гематомаға күдік туса нейрохирург кеңесі қажет.

Науқасты жүргізу

Жарақаттан кейін 3 тәулік өткен науқас көбінесе сауығып кетеді.Шағымдар мен белгілер ұзақ сақталса (7 тәуліктен көп) қосымша зерттеу нәтижесінде ауру себептерін анықтау мақсатында ауруханаға жатқызу қажет.