
- •Тыныс-жүрек жансақтауы
- •Кқб клиникалық негізгі критерилері.
- •Шұғыл емнің қағидалары.
- •Дәрігерлік алғашқы көмек.
- •Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру.
- •Қарыншалар фибрилляциясын емдеу.
- •Қарыншалар фибрилляциясы (қф) немесе
- •Тамыр соғысынсыз қарыншалық тұрақты
- •Тахикардия (қт) кездеріндегі дәрігердің емдік тактикасы.
- •М едперсонал болса Медперсонал жоқ кезде
- •Ж үректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
- •2 00 Дж разрядпен дефибрилляция
- •Асистолия кезіндегі дәрігердің емдік тактикасы.
- •Жүректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
- •Венаға адреналин 1:10 000 0,5 – 1 мг егу
- •Коронарлық жіті синдромды ауруханаға дейінгі этапта емдеу.
- •Өкпеде айқын тоқыраудың жоқ және орталық венозды қысымның жоғары емес кездерінде –
- •«Өкпе шемені» емдік-диагностикалық алгоритмі.
- •Өмірге қауіпті жүрекшелік аритмия
- •Ав жүйесімен байланысты өмірге қауып төндіретін ырғақ және өткізгіштік, екі түрлі болуы мүмкін: а) тахикардия; б) блокадалар.
- •Қарыншалық аритмия - бұл өмірге қауыпты ырғақтың бұзылыстарының негізі. Оның емі мен алдын алу шаралары туралы көптеген басылымдар бар.
- •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
- •Wpw синдромы
- •Жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ
- •Жүрекшенің пароксималдық жыпылықтауы
- •Сурет. 2. Жүрекшелік жыпылықтау пароксизмінің емдеу алгоритмі (қарынша тахисистолиясымен)
- •Пароксизмалдық жүрекшелік тыпырлау
- •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
- •Пароксизмалық аритмиялардың профилактикасы
- •Өмірге қауыпты тахиаритмия: емдеу және алдын алудың негізгі жолдары
- •Гипертониялық кризді алдын алу
- •Жүректің сыртқы массажы
- •II кезеңі:
- •Жедел өкпелік жүрек (жөж)
- •Менингит
- •Есінен айырылу
- •Диабет кезіндегі комалар.
- •Эпилепсиялық статус
- •Организмнiң белсендi детоксикациясының әдiстерi
- •Уланулардың кең тараған түрлерiнiң симптоматикасы мен ол кездегi шұғыл жәрдем.
- •Жедел уланулардың арнайы емi
- •Организмнің жауап реакцияларын анықтау (есекжем, Квинке ісігі, анафилаксиялық шок).
- •Ішкі қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек
- •Госпитализацияға дейінгі этаптағы қан кетуді бағалау (Горбашко а.И., 1983)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ
ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ
сЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
З.К.Жұмаділова, Р.И.Әлібекова
А.И. Хайбуллина, Барқыбаева Н.Р.
Селғазина М.Б.
Ішкі аурулар клиникасындағы кезек күттірмейтін жағдайлар
(медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар)
Семей
2009
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ
ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ
сЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
З.К.Жұмаділова, Р.И.Әлібекова
А.И. Хайбуллина, Барқыбаева Н.Р.
Селғазина М.Б.
Ішкі аурулар клиникасындағы кезек күттірмейтін жағдайлар
(медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар)
Семей
2009
УДК 000.00 (автор жоо кітапханасынан алады)
ББК 00.00 я 0 (автор жоо кітапханасынан алады)
Г00 (автор жоо кітапханасынан алады)
Рецензенттер:
Төлеутаев Т.Б. - профессор, м.ғ.к., анестезиология және
реаниматология курсының меңгерішісі,
Карибаев К.Р. - м.ғ.к., доцент, факультетті терапия
кафедрасының меңгерушісі
З.К.Жұмадіова, Р.И.Әлібекова, А.И. Хайбуллина, Н.Р.Барқыбаева, Селғазина М.Б.
Ішкі аурулар клиникасындағы кезек күттірмейтін жағдайлар: Медициналық оқу орындарындағы студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар, Семей 2009
Медициналық оқу орындарындағы студенттерге арналған әдістемелік нұсқауларда ішкі аурулар клиникасындағы кезек күттірмейтін жағдайларың диагностикасы мен қарқынды емдеу сұрақтары қамтылған
ББК 00.00 я 0
Семей мемлекеттік медициналық университетінің Орталық әдістемелік кеңесі шешімімен бекітілді және басылымға ұсынылды.
№ 4____ хаттама 01__. _04__. 2009___ж.
© З.К.Жұмадіова, Р.И.Әлібекова, А.И. Хайбуллина, Н.Р.Барқыбаева, Селғазина М.Б.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
I бөлім
1.тараулардың аталуы 4
2. тараулардың аталуы 6
3. тараулардың аталуы 8
4. тараулардың аталуы 10
II бөлім
1. тараулардың аталуы 12
2. тараулардың аталуы 16
3. тараулардың аталуы 18
4. тараулардың аталуы 20
5.және т.б.
Қысқартылған сөздер (егерде болса)
Кіріспе
Тыныс-жүрек жансақтауы
Тыныс-жүрек жансақтауын қажет ететін барлық жағдайлар «Клиникалық өлім» деген атпен біріктіріледі және ол тыныс пен қанайналымының тоқтауымен сипатталады. Қанайналымының кенеттен тоқтауы деп жүректің тек механикалық тоқтауы ғана емес, сонымен қатар қанайналымының қажетті минималды деңгейін қамтамасыз ете алмайтын жүрек жұмысын айтады. Осындай жағдай жүрек ырғағының адам өміріне қауіпті әртүрлі бұзылыстары кезінде дамиды: қарыншалардың фибрилляциясы, Адамс-Стокс-Моргань синдромымен сипатталатын толық АВ-блокадасы, қарыншалардың пароксизмді тахикардиясы. Қанайналымының тоқтау себептерін 2 топқа бөледі: кардиогендік және кардиогенді емес генездегі. Біріншісіне жүректің қанды айдау функциясының әлсіреуіне әкелетін жағдай мен коронарлы қанайналымының бұзылыстарын жатқызады. Осыларға әкелетін жиі себепке миокард инфаркты жатады. Екінші топқа тыныстың жіті жетіспеушілігінің дамуымен, нейроэндокриндік жүйенің қажуымен және айналымдағы қанның көлемінің азаюымен сипатталатын басқа жүйелер функцияларының айқын бұзылыстарынан болатын жағдайлар жатады.
Кенеттен қаза болуға (КҚБ) клиникалық көрініс белгілерінің пайда болуынан 6 сағатқа дейін ауруханаға түскен, көбінесе қарыншалардың фибрилляциясы салдарынан дамыған және басқадай аурулардың салдарынан дамымаған, жүректің кенеттен тоқтауын жатқызу ұсынылған. Сондықтан КҚБ терминімен дерттің жіті белгілерінің 1 сағат аралығында қанағаттанарлық жағдайдағы адамның кенеттен қайтыс болуы айтылады.
КҚБ-дың негізгі этиологиялық факторына жүректің ишемиялық ауруы жатқызылады. Сонымен қатар КҚБ 28% жиілікте ЖИА-ының алғашқы белгісі болып табылады. Көбінесе осы адамдарда бірнеше коронарлық артериялардың өте айқын стеноздық өзгерістері, ірі ошақты постинфарктық кардиосклероз белгілері және миокардтың жіті инфаркты анықталады. 40 жасқа дейінгі кенеттен қайтыс болған адамдар арасында ЖИА сирек кездеседі, көбінесе кардиомиопатия, жүрек ақаулары, митралды пролапс, оң қарыншаның аритмогенді дисплазиясы, Q-T аралығының ұзару синдромы және басқа да аурулар анықталады.
Кенеттен қаза болудың себептері.
ЖИА (90% жиілікте) |
|
|
|
Жүректің басқа да аурулары |
Қолқа сағасының стенозы, миокардиттер, амилои-доз, саркоидоз, гемохроматоз, склеродермия, жүрек өсінділері, жүректің өткізгіштік жүйесінің туа біткен дегенерациялық аурулары (спортсмендерде), WPW синдромы, Q-T аралығының ұзару синдромы) |
ЖИА науқас адамдардағы КҚБ-дың өте жиі механизміне қарыншалардың фибрилляциясы (90% жиілікте) жатады және ол миокардтың жіті ишемиясында да және онысыз да дамуы мүмкін. Қарыншалардың асистолиясы және электромеханикалық диссоциациясы (10% жиілікте) адамдардың ауыр халде болулары кезінде (шок, жүрек жетіспеушілігі, жүрекшелік-қарыншалық өткізгіштіктің ауыр бұзылыстары) кездеседі де, осыған байланысты ол адамдардың болжамы қатерлі болып саналады.
КҚБ реанимациялық шараларының тиімділігі қанайналымының тоқтауының алғашқы белгілерінің пайда болуына байланысты болады. Егер жансақтау шаралар алғашқы минутта жүргізілсе, онда оның тиімділігінің пайдасы 60-70% дейін артады, ал егер алғашқы 3 минутта болса – онда тиімділігі айқын төмендейді. Жүректің алғашқы тоқтауы кезінде адамның есі 10 секундтан соң жоғалады, ал спонтанды тыныс алудың тоқтауы 60 секундтан аспайды.
Жүректің тура емес массажы, жасанды тыныс алдыру және жүректің электрлік дефибрилляциясы қолма-қол және бір мезгілде басталуы тиіс. Жасанды тыныстандыру (ЖТ) минутына 12-16 рет жиілікте, жүректің массажы (ЖМ) минутына 80-90-100 жиілікте жасалуы тиіс. Егер екі реаниматор бірге жұмыс істесе ЖТ:ЖМ қатынасы 5:1 қатынасына тең болуы тиіс. Ал егер бір реаниматор жұмыс істесе, онда ЖТ:ЖМ қатынасы 10-15:2-3 қатынасына тең болуы керек. Алғашқы дефибрилляция токтың 5-тен 7 кВ-ға (200-300-360 Дж) біртіндеп өспелі энергиясын бірнеше разряд түрінде қайталап беру әдісімен жүргізіледі.
КҚБ кезіндегі ренаимациялық шараларды жалпы 3 этапқа бөледі:
І саты – жасанды тыныстандыру мен жүректің тура емес массажын және алғашқы дефибрилляцияның бірнеше разрядын қолма-қол жүргізілуі қажет;
ІІ саты – орталық венаны катетерлеу немесе көк матырға енгізу арқылы дәрілерді егу, дәрінің әрбір иньекциясынан соң жүргізіліп жатқан реанимациялық шаралардың үстінен дефибрилляцияны қайтап отыру қажет; егер спонтанды тыныстандыру тиімсіз болса немесе адамның өздігімен тыныс алуы қалыптаспаса, онда кеңірдек интубациясын жасап адамды аспаппен жасанды тыныстандыруға көшіру керек болады.Ал егер кеңірдек интубациясы венаны катетерлеуден бұрын жасалған болса, онда алдымен кеңірдекке (!) адреналин, атропин немесе лидокаин жіберген тиімді болады, одан соң көктамырға (!) тамшылап немесе толассыз басқа да дәрілерді енгізуге болады.
ІІІ саты – жүрек ырғағының бұзылыстарын, гемодинамикалық өзгерістерді және қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті анықтау және оны реттеу қажет.
І саты. Прекардиялық соққы беру. Жүректің тура емес массажын жасау. Жасанды тыныстандыру. Дефибрилляция жасау (5,6,7 кВ). |
Егер І саты тиімсіз болса, онда ІІ этапқа көшеді.
Егер І этап тиімді болса, онда ІІІ этапқа бірден көшеді.
ІІ саты. Жүрек ырғағы бұзылыстарының түрін анықтау. |
-
Қарыншалардың ассистолиясы не электромеханика-лық диссоциация.
Қарыншалардыңұсақ толқынды
жиырылулары.
Қарыншалардың фибрилляциясы.
|
-
Қарыншалардың ірі тол-қынды жиырылулары
Ш
аралар
тиімді болса
Шаралар тиімсіз болса
-
Лидокаин венаға 80-120 мг
Дефибрилляция
Новокаинамид 10%-10,0 венаға
Дефибрилляция
-
Жансақтау шараларды жүргізу ұзақтығы 10 минуттан асса – венаға натрий бикарбонатын егу қажет
ІІІ этап. ЭКС (электрокардиялық стимуляция жасау) |
Шаралар тиімді болса Шаралар тиімсіз болса
Дәрілердің әрбір инъекциясынан соң бірнеше разрядты электрлік дефибрилляция жасалуы тиіс. Синустық ырғақ қалыптасқаннан кейін емді тұрақтандыратын антиаритмиялық терапия жүргізіледі және ол органикалық генезді қарыншалық экстрасистолия кезіндегідей әдіспен жүргізіледі.
Қазіргі кезде жансақтау шараларды өткізуде сілтілі қоспаларды (натрийдің бикарбонаты) қолдану ұсынылмайды, себебі олар жасушаішілік түсініксіз ацидозды және катехоламиндердің инактивациясын тудырады. Натрий бикарбонатын қолдану тек ұзақ жасалған ренаимациялық шараларда ғана қажет деп саналады. Яғни жансақтау шараларды жүргізу кезінде 10-15 минуттан соң, олардың тиімсіз кездерінде және ІІІ этапта метаболизмдік ацидозды реттеу үшін ғана жүргізіледі.