- •1. Айқын клиникалық синдромдары (зәр шығару, нефротикалық синдром, бүйрек жетіспеушілігі). Себептері , симптомы, механизмі, диагностикалық әдістері.
- •2. Тиреотоксикоз. Этиологиясы. Клиникалық белгілері. Диагностикасы. Емдеу принциптері
- •3. Өкпені тексеру әдістері (салыстырмалы және топографиялық өкпе перкуссиясы)
- •22 Билет
- •23 Билет
- •1. Созылмалы обструктивті бронхит. Себебі, симптомдары, диагностика әдістері.
- •2. Созылмалы холецистит. Этиологиясы. Клиникалық белгілері. Диагностика. Емдеу принциптері.
- •3. Тыныс алу жиілігін, пульсті және артериалдық қан қысымын зерттеуді жүргізу.Диагностикалық маңызы.
- •Қанның қысымын өлшеу
- •24 Билет
- •1.Созылмалы гломерулонефрит.Зертханалық -аспаптық диагностика .Емі
- •2.Жедел пневмония.Диагностикасы. Емі.
- •3.Жүрек-қантамырлар ауруларының зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •25 Билет
- •1.Буйрек патологиясы кезіндегі килиникалық синдромдар(буйрек жеткіліксіздігі).Себептері,симптомдары ,олардың механизимдері,диагностика әдістері.
- •2.Тиреотоксикоз.Клиникалық көріністері.Лабораториялық диагностика,емдеу прициптері.
- •3.Зәр шығару жүйесіне зерттеу жүргізу(буйрек пальпациясы және қарау),Диагностикалық нұсқаулар.
- •Аг синдромының диагностикасы
- •28 Билет
- •2. В 12 тапшылықты анемия. Диагностика. Емдеу принциптері.
- •3. Асқазан ішек жолдарына зерттеу жүргізу. (іш пальпациясы)
- •Билет №29
- •Созылмалы панкреатит. Этиологиясы. Клиникалық көрінісі.
- •3. Жүрекке зерттеу жүргізу (аускультация). Жүрек шумы, оның даму механизмі және диагностикалық маңызы.
- •30 .Билет
- •Өкпенің тінінің тығыздалу синдромы
- •2. Асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы, этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика
- •Клиникалық көріністері:
- •Диагностикасы
- •3. Ангинозный статус. Неотложная помощь.
2. Тиреотоксикоз. Этиологиясы. Клиникалық белгілері. Диагностикасы. Емдеу принциптері
Тиреотоксикоз (жаңа лат. glandula thyreoіdea – қалқанша без және токсикоз) – қанда қалқанша безден бөлінетін гормондардың көбеюінен болатын организмнің патологиялық жағдайы. Тиреотоксикоз өз алдына жеке ауру болып саналмайды, ол диффуздық қабынба бұғақ ауруы кезінде байқалатын белгілердің жиынтығы деп қарастырылады. Тиреотоксикоз жаңа туған балалардан бастап, ересек адамдарға дейін кездеседі. Клиник. тәжірибеде тиреотоксикоздың жеңіл, орташа және ауыр дәрежелері ажыратылады. Тиреотоксикоз белгілері байқалған науқастарда мазасыздану, қорқыныш, үрей пайда болып, ұйқысы бұзылады, қатты тер басады. Қолының ұшы, тілі, жалпы денесі дірілдеп, күннің сәл ысығанын көтере алмайды, лоқсып, құсады. Тәбеті жақсы болғанымен, жүдей бастайды, тахикардия (жүректің тез соғуы) байқалып, жүрек тұсы қатты шаншып ауырады. Қабынба бұғақ ауруы кезінде стенокардия (әсіресе, жүректің ишем. ауруымен ауыратын науқастарда); қантамыр-жүрек жүйесі қызметінің бұзылуынан “тиреотоксикалық жүрек” (жүректің қағысы күшейіп, жүрек ұшында шудың пайда болуы, әуелі сол жақ қарыншаның, кейін жүректің толықтай үлкеюі) дамиды. Тиреотоксикозға ұшыраған адамның барлығында организмнің жалпы әлсіреуі (астения) пайда болады. Бастапқы кезде бауырда өзгеріс байқалмағанмен, ауру асқынғанда, бауырдың көлемі үлкейіп, адамның сары ауруға шалдығуы немесе тиреотоксикоз кризге (бұл жағдай әбден өршіген кезде адам комаға түседі) ұшырауы мүмкін. Тиреотоксикоздың ауыр түрінде бүйрекүсті және жыныс бездерінің жұмысы бұзылады. Тиреотоксикозға байланысты организмде зат алмасу процесі мен белок катаболизмінің күшеюі нәтижесінде сүйек құрамындағы негізгі зат оссеомукоид азайып, сүйектің остеопорозы (сүйек тіндерінің сиреуі) өршиді. Тиреотоксикоз криздің алдын алу үшін тиреостатик. дәрі-дәрмектер беріледі; ісінген қалқанша безге хирург. операция жасалады. Нәрестелерде кездесетін тиреотоксикоз кеселінің алдын алу үшін қалқанша без ауруына шалдыққан жүкті әйелдерді әйелдер консультациясында арнайы есепке тұрғызып, қандағы тиреоид гормондарының деңгейін қадағалап тұру қажет. [1]
Диагностикасы Бұл кезде диагностикалау барысында басқа ауруларда дамымайтын эндокринді офтальмопатияның болуы үлкен көмек береді.
Жеделдеу тиреоидитте, сонымен қатар деструктивті тиреотоксикозбен дамитын басқа да аурулар (босанудан кейінгі, «үгсіз» және цитокининдуцирлейтін тиреоидит, 2 типті амиодарониндуцирлейтін тиреоидиттер) кезінде ҚБ сцинтиграфиясында радиофарм препараттың сіңірілуінің төмендеуі немесе мүлдем сіңірілмеуі анықталады. Сонымен қатар, жеделдеу тиреоидит айқын клиникалық көрініспен (ауырсыну синдромы) және ЭТЖ жоғарылауымен сипатталады. ҚБ функционалды автономиясы клиникалық жиі егде жаста басталатын көптүйінді уытты жемсаумен көрініс береді (жиі 50–60 жас аралығында); ҚБ сцинтиграфиясында «ыстық» түйіндер анықталады, аутоиммунды патология белгілері болмайды (ТПО-АД, ТГ-АД, ТТГр-АД).
жүкті әйелдерде айтарлықтай қиындықтар тудырады. Қалыпты жағдайда жүктілік кезеңде адамның хорионды гонадотропині деңгейінің жоғарылауына байланысты ҚБ гиперстимуляциясы дамиды, бірқатар әйелдерде (шамамен 30 %) ТТГ деңгейінің нормадан төмендеуі, ал кей әйелдерде (2 %) бұнымен қатар бос Т4 гормонының жоғарылауы анықталады. Бұл жағдайды ГА ажыратуға (транзиторлы гестациялық гипертиреоз) ЭОП-тың және тиреотоксикозға тән белгілердің болмауы, динамикалық бақылау барысында өзгерген көрсеткіштердің біртіндеп қалыптасуы көмек береді. Жүкті әйелдердің барлығында дерлік эстрогеннің әсерінен ТБГ мөлшері артып, жалпы Т4 гормоны қалыптан жоғары болады. Осыған орай, жүктілік кезінде ҚБ қызметін бағалау мақсатында Т4 және ТТГ мөлшерін анықтау қолданылады. Артифициальды (науқастың үлкен дозада тиреоиды гормондар препараттарын қабылдауы) тиреотоксикоздың ГА-мен салыстырғанда айырмашылығы ҚБ гиперфункциясымен дамитын бірқатар ауруларға тән сцинтиграфия нәтижелері бойынша РФП сіңірілуінің төмендеуі және тиреоглобулин деңгейінің артық болмауы болып табылады.
Емі. емдеудің үш түрлі әдісі бар (тиреостатикалық дәрілік заттармен консервативті емдеу, хирургиялық ем және 131I-пен терапия), дегенмен аталған үш әдістің ешқайсысы этиотропты ем болып табылмайды. Түрлі мемлекеттерде аталған емдеу әдістерін қолдану реттілігі әртүрлі. Мысалы, Европа мемлекеттері мен Ресейде біріншілік емдеу әдісі ретінде тиреостатиктермен консервативті терапияны қолданса, АҚШ-та науқастардың басым көпшілігі 131I-пен терапияны қабылдайды.
Консервативті терапия тиамазол (мерказолил, тирозол, метизол) және пропилтиоурацил (ПТУ, пропицил) секілді тиомочевина препараттары арқылы іске асады. Екі дәрілік заттың да әсер ету механизмі мынаған негізделген: олар ҚБ-де белсенді түрде жиналып, онда тиреоглобулинде тирозин қалдығына йодтың байланысуын іске асыратын тиреоидты пероксидазаны тежеп, тиреоидты гормондардың синтезін тосқауылдайды. Тиамазолдің параллельді түрде аурудың ремиссиясына әкелетін иммуномодулдеуші әсер етуі жөнінде қарама-қайшы мәліметтер белгілі.
Тиреостатикалық терапия науқасты басқа да емдеу әдістеріне дайындау мақсатында (операция), яғни эутиреоз көрінісінде немесе 12–18 айға созылған тиреостатикалық терапия курсы ретінде тағайындалуы мүмкін. Тиреостатикалық терапияны қабылдау барлық науқастарда дерлік эутиреоидты жағдайға қол жеткізуге мүмкіндік береді; тиреостатикалық препараттарға деген резистенттілік казуистика болып табылады.
Оперативті емнің мақсаты, 131I-мен терапиядағыдай, барлық ҚБ алып тастау болып табылады, бірақ бір жағынан ол операциядан кейінгі гипотиреоздың дамуына (оңай компенсацияланады) жол ашады, екінші жағынан тиреотоксикоздың қайталауын жояды. Осы мақсатта тиреоидэктомия немесе ҚБ субтотальды резекциясын (2 мл дейін тиреоидты қалдық қалдырылады) тағайындайды. Функционалды көзқарас бойынша ҚБ субтотальды резекциясының нәтижесі тиреоидэктомиямен (екі жағдайда да гипотиреоз дамиды) пара-пар.
