Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilet_21_30.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.22 Кб
Скачать

3. Жүрекке зерттеу жүргізу (аускультация). Жүрек шумы, оның даму механизмі және диагностикалық маңызы.

Сау адамның жүрегін тыңдағанда естілетін дыбыстар: қалыпты жағдайда сау адамдарда бес нүктенің бәрінде де екі үн (тон) естіледі: І тон қарыншаның систола фазасында пайда болады, оны систолалық деп атайды. ІІ тон қарыншаның диастола фазасында пайда болады, оны диастолалық деп атайды. 1 дыбыстан кейін қысқа үзіліс болады, ол қанды қарыншадан айдау уақытына сәйкес келеді. Жүректі тыңдаған кезде қанның қарыншадан қолқаға, өкпе артериясына өткені естілмейді, себебі қарынша мен қан тамырлар арасындағы саңылау кең. Қан өткенде ешқандай кедергі болмайды, қан шусыз өтеді, бұл кезде қосымша дыбыстар пайда болмайды. Дыбыс қысқа үзіліспен, яғни қарыншаның систола фазасынан тұрады. Дыбыстан кейін ұзақүзіліс болады, бұл кезде қан жүрекшеден қарыншаға өтеді. Атриовентрикулярлық саңылауы қалыпты жағдайда кең болғандықтан, қан қарыншаға дыбыссыз өтеді. Сондықтан дыбыс естілмейді. ІІ дыбыстан кейінгі ұзақ үзіліс қарыншаның диастоласынан тұрады. Үлкен үзіліс шамамен 0,43 сек созылады. Кей жағдайларда І жәәне ІІ дыбыстан басқа ІІІ-ІV дыбыстар да естілуі мүмкін. ІІІ дыбысты ең бірінші В. П. Образцов естіп, оның пайда болу механизмін жазған. Бұл қарынша қанмен жылдам толған, оның қабырғаларының қозғалыс диастола фазасынан болатын дыбыс. ІІІ двыбыстың ұзақтығы 0,03- 0,06 сек қалыпты жағдайда бұл жасөспірімдерде жиі кездеседі. IV дыбыс- І дыбыстың алдыңда болады. Бұл жүрекшелердің жиырылуынан пайда болады. Бұл балалар мен жасөспірімдерде кездессе, оны физиологиялық деп есептейді, ал жасы келген, егде тартқан кісілерде кездессе- патологиялық болып есептелінеді. Жүрек дыбыстарыныың пайда болу механизмі. Бұның механизмін жақсы түсіну үшін , алдымен жүректің қызметін жақсы меңгерген жөн. Алғашында жүрекшенің жиырылуы, кейін қарыншаның жиырылып, ішіндегі қанды сығып шығару фазасын білу шарт. Жүрек дыбыстарының пайда болуын білу үшін: жүрек циклының фазаларын түсіну қажет. Жүрек аускультациясының негізгі нүктелері: 1. Жүрек ұшы (митральды қақпақша) 2. Оң жақ ІІ қабырға арасы (қолқа қақпақшасы) 3. Сол жақ ІІ қабырға арасы (өкпе артериясының қақпақшасы) 4. Төс ұшының негізінде ( трикуспидальды қақпақша) 5. Сол жақ ІІІ қабырға арасы Боткин Эрба нүктесі (қолқа жеткілісіздігі шуы)

Жүрек шуылдары экстракардиалды(перикардтың үйкеліс шуы, плеврокардиальды), интракардиальды және органикалық, функционалды деп бөлінеді. Жүректе органикалық өзгерістің әсерінен пайда болатын шуылдарды органикалық шулар деп атайды. Жүректе қақпақшалардың өзгеріссіз кезінде де шуылдар пайда болады: бұлар әсіресе жұқпалы ауруларда анемияда, Базед ауруында т.б. жағдайларда болады. Мұндай шуылды функционалды шуыл деп атайды, кей жағдайларда сау адамдарда кездеседі. Шуылар жүректің әр фазасында кездеседі. Систола фазасында І дыбыспен ІІ дыбыстың арасында пайда болатын шуылды систолалық шуыл деп атайды. Диастола кезінде ІІ дыбыспен І дыбыстың арасында естілетін дыбысты диастолалық шуыл деп атайды. Жүрек аймағында шуылдардың жақсы айқын ақауларында шылдардың естілетін жерлерінің диагностикасында маңызы зор. Егерде жүректі тыңдағанда бесінші өзгеріс болғандықтан шуыл ең жақсы естілетін жері жүректің ұшы болса, онда екіжармалы қақпақша өзгеріс болғаны, бұл көбінесе екі жармалы қақпақша қызметінің жеткіліксіздігіне тән үш жармалы қақпақша қызметінің жеткіліксіздігіне систолалық шуыл семсер тәрізді төс өсіндісінің негізінде естілсе, бұл осы қақпақшаға тән екені белгілі. Егер систолалық шуыл екінші қабырға аралығында төстің оң жақ сағасының таралуынан немесе қолқаның өзінің патологиялық өзгерістерінен болғаны. Қолқадағы, қолқа сағасының тарылуынан болатын систолалық шуыл, бұл қолқа аневризмдегі болатын шуылдан қаттырақ және күштірек естіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]