
- •1. Айқын клиникалық синдромдары (зәр шығару, нефротикалық синдром, бүйрек жетіспеушілігі). Себептері , симптомы, механизмі, диагностикалық әдістері.
- •2. Тиреотоксикоз. Этиологиясы. Клиникалық белгілері. Диагностикасы. Емдеу принциптері
- •3. Өкпені тексеру әдістері (салыстырмалы және топографиялық өкпе перкуссиясы)
- •22 Билет
- •23 Билет
- •1. Созылмалы обструктивті бронхит. Себебі, симптомдары, диагностика әдістері.
- •2. Созылмалы холецистит. Этиологиясы. Клиникалық белгілері. Диагностика. Емдеу принциптері.
- •3. Тыныс алу жиілігін, пульсті және артериалдық қан қысымын зерттеуді жүргізу.Диагностикалық маңызы.
- •Қанның қысымын өлшеу
- •24 Билет
- •1.Созылмалы гломерулонефрит.Зертханалық -аспаптық диагностика .Емі
- •2.Жедел пневмония.Диагностикасы. Емі.
- •3.Жүрек-қантамырлар ауруларының зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •25 Билет
- •1.Буйрек патологиясы кезіндегі килиникалық синдромдар(буйрек жеткіліксіздігі).Себептері,симптомдары ,олардың механизимдері,диагностика әдістері.
- •2.Тиреотоксикоз.Клиникалық көріністері.Лабораториялық диагностика,емдеу прициптері.
- •3.Зәр шығару жүйесіне зерттеу жүргізу(буйрек пальпациясы және қарау),Диагностикалық нұсқаулар.
- •Аг синдромының диагностикасы
- •28 Билет
- •2. В 12 тапшылықты анемия. Диагностика. Емдеу принциптері.
- •3. Асқазан ішек жолдарына зерттеу жүргізу. (іш пальпациясы)
- •Билет №29
- •Созылмалы панкреатит. Этиологиясы. Клиникалық көрінісі.
- •3. Жүрекке зерттеу жүргізу (аускультация). Жүрек шумы, оның даму механизмі және диагностикалық маңызы.
- •30 .Билет
- •Өкпенің тінінің тығыздалу синдромы
- •2. Асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы, этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика
- •Клиникалық көріністері:
- •Диагностикасы
- •3. Ангинозный статус. Неотложная помощь.
Билет №29
Созылмалы панкреатит. Этиологиясы. Клиникалық көрінісі.
Созылмалы панкреатит – ұйқыбез паренхимасының, түтіктерінің зақымдануымен дамитын және этиологиялық фактордың тоқтауына қарамастан өрістейтін, соңында бездің склерозына, экзо-, эндогендік функцияларының жетіспеушілігіне әкелетін ұйқыбездің созылмалы қабыну-дистрофиялық ауруы. Этиологиясы. 1.Ішкілікке салыну(90%). Күн сайын 100-ден алкогольді немесе 2 –л ден сыраны ішу 3-5 жылдан кейін ұйқыбезде гистологиялық бұзылыстарды дамытады. 2.Барлық гипертензия – бауырдан төмен биллиарлық түтіктерде қысымның биіктеуі (Фатер емізігінің стенозында, Одди сфинктерінің түйілуінде, холедохта тастың тірелуінде, және онекелішектік гипертензияда болатын). 3.Дуоденобиллиарлық рефлюкс (Одди сфинктерінің шамасыздығынан, дуоденостаздан болатын). 4.Алиментарлық фактор- майлы, қуырған тағамды асыра жеу, белоктың жетіспеушілігі, витаминдер, әсіресе А витаминінің тапшылығы. 5.Вирустық инфекция (Коксаки В, гепатиттің вирустары). 6.Дәрмектердің әсерлері (ұзақ қолданған цитостатиктер, эстрогендер, нитрофурандар, қабынуға қарсы дәрмектер, тиазидтік диуретиктер, холинэстераза ингибиторлары). 7.Гиперлипидемиялар (ұйқыбездің паренхимасы мен тамырларына шамадан тыс май жиналуы және бос май қышқылдарының улық әсер етуі). 8.Гиперпаратиреоз (ұйқыбездің түтіктерінде тастардың түзілуі, кейіндеу-кальцинозы). 9.Жедел панкреатиттің созылмалыға ауысуы. Созылмалы панкреатитпен науқастардың клиникалық симптомдары мен синдромдары
1 |
Эпигастрин аймағы мен сол жақ қабырға астындағы ауыру |
2 |
Диспепсиялық синдром (тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, құсу, майлы тағамның жақпауы) |
3 |
Панкреатогенді іш өтулер |
4 |
Асқорыту жеткіліксіздігінің синдромы, соның нәтижесінде, екіншілік пайда болатын, сорылу жеткіліксіздігінің синдромы (арықтау, гипопротинемия, полигиповитаминоз симптомы) |
5 |
ҰБ инкретарлық жеткіліксіздігі (қантты диабеттің қосақталуы) |
Ұйқы безі ауруларының ең жиі білінісі –ауырсыну. Процесс ұйқы безі бас жағында орналасса ауырсыну эпигастрин аймағының оң жағында анықталады; қабыну процесіне оның денесі қамтылса, ауырсыну эпигастрин аймағында кіндік үстінде байқалады. Егер бездің құйрық жағы зақымдалса, онда сол жақ қабырға астында, эпигастридің, кіндіктің сол жағында пайда болады. Ауырсыну жиі арқаға тарайды; ол айналмалы сипат алып, эпигастрий аймағынан қабырға шетімен сол жаққа, омыртқа бағанасына дейін тарайды. Бұл ауырсынулар науқас шалқасынан жатқанда күшейіп, отырғанда азаюы мүмкін, әсіресе аздап еңкейгенде. Ауырсыну жүрек тұсына да таралуы мүмкін, стенокардияға ұқсап, сол жақ жауырынға, иыққа, ал кейде төмен, сол жақ мықынға беріледі. Ауырсынудың қарқыны, сипаты уақыттан кейін пайда болатын (ойық жарадағыдай), әсіресе майлы, ащы тағамнан кейін, немесе ұстамалы болады. Кейде ол дене дірілі кезінде күшейеді (көлікпен жүргенде, сатымен жылдам түскенде).
2.Артериялды гипертензия.Гипертоникалық криз.Клиникасы. Артериялық гипертония немесе артериялдық гипертензия – артериялдық қысымның жоғарылауын білдіретін симптом. Клиникалық көріністері 1. Салыстырмалы кенет басталу. 2. АҚ жеке жоғары көтерілуі (> 180/120 с.б.). 3. Церебральді, кардиальді жəне вегетативті мінездегі субъективтік жəне объективтік симптомдардың болуы. гипертоникалық криз – гипертония ауруының асқынуы әсіресе, артериялық қан қысымының шамадан тыс көтеріліп кетуі. Клиникалық көрінісі Гипертоникалық криз кезінде белгілі бір ағзаның артериололарына плазма басымырақ сіңіп, артериолонекроз өрістейді, қан құйылады; сөйтіп криздің клиникалық бейнесі қалыптасады.Бұл кезде кенет бас ауруы,бас айналуы,қызба,терлегіштік,жүрек қағуы,кейде көз көрудің бұзылуы,жүрек аймағында шаншу,құсу жүреді.Ауыр жағдайда күрт асқыну кезінде естен тану байқалуы мүмкін.