Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilet_21_30.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.22 Кб
Скачать

Билет №21

1. Айқын клиникалық синдромдары (зәр шығару, нефротикалық синдром, бүйрек жетіспеушілігі). Себептері , симптомы, механизмі, диагностикалық әдістері.

1.Нефротикалық синдромның себептеріне созылмалы гломерулонефрит, безгек, сепсис, туберкулез, қант диабеті, амилоидоз, дәнекер тінінің жайылмалы аурулары т.б ауру түрлері жатады. Н.с. зат алмасу үдерістерінің бұзылуынан- оның ішінде негізінен май және белок алмасудағы өзгерістерге байланысты дамиды. Бірінші зәрде пайда болған белок бөлшектері мен липоидтар бүйрек өзекшелерінің қабырғаларына сіңеді және эпителиалдық клеткаларда дистрофиялық өзгерістер тудырады. Н.с.ның дамуында аутоиммундық механизмның маңызы зор. Нефротикалық синдромның клиникалық көріністеріне яғни ең негізгі шағым ол тұрақты түрде болатын ісік. Ісік көбінесе науқастың бел аймағында болады. Науқастың түсі бозғылт, қабақтары ісінген, көз саңылаулары тарылған, таңертеңгілікте олар қиындықпен ашады. Сонымен қатар ісік аяққа, бел аймағына, ішке, қолдарға жайылады. Ісік жұмсақ болады, саусақпен басқанда теріде тез жоғалатын шұңқыр қалады. Ісіну сұйықтығы ішкі ағзаларға, сірлі қабықты қуыстарға жиналады. Тұрақты белгінің бірі липидемия. Қанның сарысуында холестериннің, фосфолипидтің, бейтарап майдың концентрациясы көбейеді. Жалпы әлсіздік, тәбет жоғалуы, ауызы құрғайды,шөлдейді, несептің мөлшері азаяды, бас ауырады, бел ауырады, ісіну жұмсақ болады, із қалады (әсіресе аяқта). Ауыр жағдайда асцит, гидроторакс немесе бас мидің ісінуі болады. Түспейтін ісінуінде иерінің трофикалық өзгерістер пайда болады. Тері бозғылт, суық, ісінген болып табылады. Гидроторакс кезінде ентігу физикалық күш түсуде және тыныштық жағдайда болып табылады. Амилоидоз болғанда гепатоспленомегалия және аритмия болады. Диагностика Нефротикалық синдромды тәулік протеинурияға қарап қойылады. Дисэлектрофорез арқылы протеинурияның диффузды диагнозын қойылады. Сонымен селективті немесе селективті емес шұмақтық протеинурия екенін анықтау керек. Амилоидоз күдіктенгенде амилоидты протеин болу керек. ЖҚВ-да плазмада антинуклеарлы антиденелерді және екі спиральді ДНК-ға антиденелерді анықтау керек. Иммуноэлектрофорез арқылы иммуноглобулиндердің жетіспеушілігін немесе парапротеинемияның жоқтығын білуге болады. Нефротикалық синдром идентификациялау үшін нефробиопсияны жасау керек. Флебография арқылы бүйрек көктамырының тромбозы деп жазылады. Қант диабетінде нефротикалық синдром болғанда анасарка, артериальды гипертония және СББ жиі қосылады. Бүйрек жетіспеушілігі кезінде негізінен бүйрек тіндері, ұлпалары бүлініп, оның жұмысы бұзылады. Сондықтан зат алмасу кезінде іріктелген улы заттардың ағзадан шығарылуы баяулайды, бірте-бірте ағза улана бастайды.Бүйрек қызметі жетіспеушілігінің жедел және созылмалы түрлері болады. Бұл дерттің пайда болуына тұқым қуалайтын туа-бітті дерттер, гломерулонефрит, пиелонефрит сияқты бүйрек аурулары, қант диабеті, артериялық қан қысымының жоғарылығы сияқты эндокриндік және қан тамырлары дерттері, урологиялық аурулар, уланудан болған ішкі жарақаттар әсер етуі мүмкін. Бүйрек тамырлы ағза мүшесі болғандықтан тамыр жұмысын бүлдіретін кез келген ауру оның жұмысына зиянды әсерін тигізе алады. Бүйрек жетіспеушілігінің алғашқы кезеңінде ауру белгілері онша білінбейді, ал ол асқына келе ақырында адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Өйткені бүйрек бірте-бірте ағзаны улы заттардан тазарту қабілетінен айырылады, ең соңында тіпті де жұмыс істемей қалады.

БЖ-нің диагностикасы

  • БЖ ерте диагностикасы жиі қиындықтар туғызады,сонымен бірге Созылмалы БЖ симптомсыз өтуі мүмкін,әсіресе созылмалы пиелонефрит,латентті нефрит,поликистозды ауру кезінде.

  • Тұрақты нормохромды анемияның полиуриямен және артериалды гипертониямен бірге жүруінде СБЖ туралы ойлау қажет.

  • СБЖ ерте диагностикасы лабораторлы және биохимиялық зерттеулерге негізделеді.Ең сенімді және информативті болып зәрдің максималды салыстырмалы тығыздығын (осмолярлығын), шумақтық фильтрация және қан сарысуындағы креатинин деңгейін анықтау табылады. Зимницкий сынамасында зәрдің максималды салыстырмалы тығыздығы 1018 ден төмен болуы және Реберг сынамасында шумақшалық фильтрацияның 60 мл/мин. төмен деңгейге дейін төмендеуі СБЖ бастапқы сатысын дәлелдейді.      

Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына Гломерулонефрит, Пиелонефрит жатады.

Гломерулонфрит-инфекциялық аллергиялық ауру, бүйректің домалақшаларының қабынуымен сипатталады.Этиологиясы: Стрептококктар, стафилококктар, вирустар. Баспа, қызамық, вирусты инфекциялар баланың қорғаушы күштерін төмендетеді де, 1-3 аптадан кейін бүйректе қабыну процесстері пайда болады. Бұл аурумен мектеп жасындағы ер балалар жиірек ауырады.

Клиникасы: Науқастың жағдаы күрт нашарлайды: тәбеті жоқ, басы ауырады, лоқсиды, құсады, денесінің құрысып-тырысуы пайда болады, есінен айрылады. Зәр шығаруы төмендеп, мүлдем тоқтап қалуы мүмкін.

Пиелонефрит

Пиелонефрит-бүйректің түбегінің және тканінің микробтық қабынуы.

Этиологиясы: ішек таяқшасы, стафилококк, стрептококк, вирустар, протеилер.

Клиникалық айқындалуы: ауру жедел немесе еппен басталады.

1.Науқастың ыстығы көтеріледі, шаршағыш болады, белі ауырады, тәбеті төмендейді, терісі бозарып кетеді.

2.Дизуриялық бұзылыстар пайда болады-зәр бөлінгенде шаншу, ашып ауыру, зәр шығару жиі немесе өте сирек болады, кейбір жағдайда түнде зәрді ұстамау-энурез пайда болуы мүмкін. Бүйректің тұсын аздап ұрғыласа ауырсынады.

3.Зәр анализіндегі өзгерістер-лейкоцитурия, бактериурия .

Кей кездерде пиелонефрит басқа ауруларға байланысты анализдерін тексергенде айқындалады.

ДИАГНОСТИКАСЫ:

1.Зәрлік синдромы-лейкоцитурия,бактериурия, зәрдін түнбасында белсенді лейкоциттердін болуының қосымша маңызы бар. Протеинурия тәулігіне 1г нан жоғары болмайды.

  1. Бактериурия кезенін анықтау керек. Егер де 1мл зәрде 100 000 микроб және одан да жоғары болса ол шын бактериурия деп есептелінеді.

  2. Жалпы қан анализі: нейтрофильді лейкоцитоз, формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарлауы.

  3. Жасырын ағымында преднизолонмен провокациялық тестер жасаймыз.

  4. Бүйректін функциональды жағдайын анықтау керек:

  1. а/Зимницкий сынағы-бұл кезде диурездін көлемі жоғарлайды, никтурия болады. Ал көп мөлшерде өзекшелер зақымдалғанда бүйректін концетрация қызметі төмендейді; б/Реберг сынағы - бүйректін ауыр зақымдалуы кезінде фильтрация бұзылады,фильтарацияға қарағанда реабсорбция бұрын төмендейді; в/ Бүйректін секреторлық қызметі мен бүйректін қан жұруін анықтау керек. Қанның биохимиялық анализі:диспротеинемия, L-2. G-глобулиндердін мөлшері жоғарлайды, сиал қышқылының, мукопротеиндердін денгейі көбееді, С-реактивті белок реакциясы оң болады. Ультрадыбыспен зерттеу. 11.Радиоизотопты ренография: бұл бүйректін экскреторлық және секреторлық қызметтерін,олардын ассиметрия зақымдалуын байқалады. 12.Цистоскопия мен цистография: дизуриялық симтомдар бар және зәр ұстамайтын балаларға жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]