- •1. Телерадио хабар жасау технологиясы
- •2. Телепублтцистиканың зерттелуі
- •3. Теледидар және кино өнері
- •1. Телерадиодағы тікелей эфир
- •2. Теледидардың ағартушылық функциясы
- •3. . Теледидардағы сценарий ұғымы.
- •1. Теледидардағы ақпараттық жанрлар
- •2. Теледидардың ерекшеліктері
- •3. Отандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері («Қазақстан», «ктк» телеарналарын салыстыра отырып)
- •1. Тікелей репортаж. Жүргізуші шеберлігі (телерепортаждың өзіндік белгілері, эфир этикасы, дыбысталған сөздің сипаты)
- •2. Телерадиожурналист жұмысының негізгі әдістері
- •3. Теледидардағы жастар хабары
- •1. Теледидардың тілі мен стилі
- •2. Микрофон және оны меңгеру тәсілдері
- •14. Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары
- •1. Алғашқы ұлттық хабарлар
- •3, Телерадиохабарларын жасаудың негізгі әдістері
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •1. Телерепортаж. Оның жанрлық ерекшелігі (бақ мысалында)
- •1. «Хабар» және Ресейдің «Первый канал» арнасындағы танымал журналистерінің шеберлігін салыстыру
- •2. Телепублицистиканың зерттелуі
- •3. Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық
- •11Билет
- •1. Сөйлеу өнерін шешендік өнер дәстүрімен байыту әдістері
- •2. Теледидар құрылымы
- •3 Қоғамдық телевизияның қажеттілігі мен мүмкіншіліктері
- •12Билет
- •1. Теле-радио журналистиканың жанрлар мен пішіндер сипаты
- •2. Теледидардағы жастар хабары
- •3. Телебағдарламаларды редакциялаудың негіздері
- •13Билет
- •1. Теледидар бағдарламасын редакциялаудың ерекшеліктері
- •3. «Қазақстан» арнасындағы сөз еркіндігі және жариялылық проблемалары
- •14Билет
- •1. Бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі
- •2. Телевидениенің дамуындағы жаңа бағыт.(бейнетелефон, бейнеконференция, көшедегі бейне көрсету, ауқымды телевидение, телеүндесу, фотобейнекамера, кабельді тележүйе)
- •3. Ақпараттық-публицистикалық хабарлардағы кадрде оқылудың түрлері (дикторлық, текстік, тезистік, импровизациялық)
- •15 Билет
- •1. Редакторлық зерттеу, теледидар бағдарламаларын әдеби редакциялау
- •2. Тікелей эфир мәтінін жазбаша әзірлеу – сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ең негізгі шарты
- •3. Телеарналардағы экономикалық хабарлардың маңызы мен берілу тәсілі
- •16 Билет
- •1. Ақпарат әлемі және жедеғабыл жаңалықтар желісі
- •2. Қазақ телевизиясындағы көркем публицистикалық хабарлардың қалыптасуы, даму ерекшеліктері
- •3. Ең елғашқы сценарий қалай пайда болды?
- •17Билет
- •Журналист және этика
- •2. Бақ. Тарихи-теорияның мәселелері
- •3. Фотосурет жанрының ерекшеліктері, түрлері оған қойылатын талаптар
- •18 Билет
- •2. Теледидардағы сұхбат түрлері (Сұхбат әңгіме,баспасөз мәслихаты,сұхбат суреттеу,сұхбат анкета,сұхбат портрет,брифинк)
- •3. «Қазақстан», «Хабар» телеарналарындағы патриоттық рухтағы хабарлардың маңызы
- •19Билет
- •1. Радиокорреспонденция
- •2. Көріністегі факті деген не
- •1,Музыка мен шулар.
- •2.Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Тікелей эфир кезінде репортердің басты міндеті
- •2. Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Телевизиялық журналистиканың құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары.
- •2) Ахмет Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидалары
- •3) Радиохабардың көңіл-күйге әсері және лиризм
- •1) С.Әшімбаевтың жүргізген хабарларының ерекшелігі
- •2) Теледидар және қоғам, теледидардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы алатын орны теледидардың әлеуметтік эстетикалық міндеттері
- •1) Тілдік этикет оның бақ-тағы қолданысы
- •2. Сөйлеу тілі мен радио тілінің ерекшеліктері
- •3. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап
- •1) Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •2) Радиодағы дыбысталған сөздің сипаты
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі
1. Теледидардың тілі мен стилі
Теледидар шығармашылықтың бір түрі ретінде өзіндік көркем тілі болады. Оның тілі кинодан мұра етіп алынған. Ол құрамдас үш бөліктен тұрады. Сол телетіл кұрамдастарының калыптасуы кино жасау тарихымен байланысты, ал дамуы телевизияның өз тарихымен астасып жататыны нақты мысалдармен түсіндіріледі.
Телетіл құрамдасының біріншісі – «экран тілі». Оның өз құрамдастары бар. Негізгісі кино- және бейнекамера арқылы алынатын - кадр, план, ракурс деп аталатын тәсілдер.
Екіншісі - монтаж. Ол студиядағы технологиялық құралдар арқылы алынады. Монтаж - құрастыру деген ұғым. Оның кино өндірісіндегі класикалық үлгісі негіз ретінде алынады. Ал, қазіргі электронды кұралдардың дамыған кезіндегі монтаж мүмкіндіктері бүгінді дамудың нәтижесі. Осы мүмкіндіктерді түсініп, оларды орнымен қолдану - телетілді көркемдеудің жаңа да озық түрі. Бұл орайда, көркемдікке қол жеткізудің әдіс-тәсілдерін ұғындыру үшІн көркем-публицистикалық хабарлар мен телефильмдер пайдаланылады.
Экран тілінің пішіні, стилі әрбір хабардың жанрына қарай белгіленеді. Яғни ақпараттық бағдарламаларда кадрларды қысқа, оның есесіне план алмасу салыстырмалы түрде көптеу, ал монтаж келте түрде кесіп жалғауға негізделеді. Мұны жазба тілдегі тәсілдермен салыстыратын болсақ, стенографиялық тіл деуге болар еді. Өйткені тек ақпарат беретін кадрлар ғана қысқа да дәл етіп беріледі.
Репортаждың экран тілін ауызекі сейлеумен теңеуге; телеэтюд, очерк, публицистиканы экран тілін керкемдейтін әдеби тіл деп салыстыруға болады.
2. Микрофон және оны меңгеру тәсілдері
Микрофондар – акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі – гректің «mikro» - аз, шағын, phone» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден - бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады Индукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспаға түсіріледі. Қажетті микрофон таңдау. Мысалы, егер хабар «дөңгелек стол» пішінінде болса көп бағытты конденсаторлы, үлкен залдардан жазылатын болса аспалы т.б. ескерілуі керек. Егер мәтін оқылатын болса, онда қажетті паузаның сақталуын ескеру. Олай болмайынша оқыған кезде, әсіресе тікелей эфирде қиындық туады.Микрофонның сезімтал екенін ескеру. Қағазды сытырлатпау. Беттерді аударған уақыттағы қағаздың сыбдыры микрофон құралына өте қатты естіліп, дыбыс сапасына зиян келтіреді. Сондықтан, қағаздың шетін алуға ыңғайлы етіп бүктеп қою керек. Немесе, сытырлатпай ақырын жылжытып отырған жөн
14. Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары
Жанр (французша «genre») – ерекше қасиеттерге ие пішін мен мазмұннан біріккен шығарма түрі. Жүйе «система» грек тілінде «systëma» – бөлшектерден құралған бүтін, яғни «біріккен» деген мағына береді. Жалпы бір бүтіндікті құрайтын, өзара байланыстағы көп элементтердің жиынтығы. Автордың мақсат қоюы, құжаттарды толтыруы, публицистикалық сөз саптаушының мазмұны мен сипаты оның пішінін, яғни жанрын анықтайды. Жанрды дұрыс таңдау материалдармен жұмыс, деректерді жинау, құбылыстарды түсіндіру кезінде көмек береді. Публицистика жанрлары аудиторияға әсер ету мақсатында, шынайылықты беруде, көркемдік құралдарды қолдануда және сараптама жасау тереңдігі мен топтастырылуы арқылы өзара жіктеледі. Осыған байланысты, олар үшке бөлінеді: ақпараттық, сараптамалық және көркем – публицистикалық.
Жанр түсінігі негізінде екі мағынада қолданылады:
Әдебиеттің түрін анықтау үшін - кең мағынада (драма, лирика, поэзия) қолданылады.
Әдеби жанрдың ішіндегі шығармалардың алуан түрлілігін белгілеу (әңгіме, повесть, роман, эссе) мақсаты тұрады. Жалпы мағынада жанр – бұл өзіндік ерекшеліктері бар шынайы өмірді суреттеудің бір пішіні. Жанрлар ешкімнің де шығармашылық жемісі емес, олар тарихи және әдеби даму кезінде өзіндік құбылыс ретінде пайда болған. Сонымен қатар, шынайы өмірді суреттеудің пішіні мен әдіснің негізінде қалыптасқан объективті құбылыстармен шектелген тарихи жанрлық жүйе құрылды. Жанр туралы жазушы К.Федин былай дейді: «Кез келген шығарманың мазмұны өзіне сәйкес жанрмен белгіленуі мүмкін. Яғни, әртүрлі жанрға бөлудің ең негізгі шарты - шығарманың мазмұны болып табылады. Кез келген шығарманы жанрға бөлу пішін сәйкестігіне байланысты топталған жанр белгілері арқылы анықталады»[
Жанр - белгілі бір нақты шығармашылық міндеттерді жүзеге асыратын шығарманың түрі. Ол музыка, театр, бейнелеу өнері, әдебиет, публицистика секілді шығармашылықтың барлық саласына қатысты. Барлық қызметтің негізінде адамдардың кез-келген қажеттіліктерін қанағаттандыру үрдісі жатыр. Аудиторияны әлеуметтік ақпараттандыру, халықты интелектуалдық жағынан басқару, олардың қоғамда орын алған үрдістерге деген көзқарасын қалыптастыру, осының барлығы журналистиканы көпшіліктің сөзін сөйлеп, ойын қалыптастыратын күшті құрал екенін аңғартады. Сондықтан да журналистикадағы жанрдың басты мақсаты - қызмет ету. Бірақ іс-әрекет өз алдына жеке-дара бола алмайды. Алдымен белгілі бір мақсат пайда болады, одан кейін сол мақсатқа жету үшін нақтылы іс-әрекетке көшуге болады.
Жанр дегеніміз – белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, телевизия хабарларының көріну, өмір сүру формасы. 1.Ақпараттық - хроника, ақпарат, интервью т.б;2. Аналитикалық - корреспонденция, комментарий, мақала, хат т.б; 3.Көркем публицистикалық - эссе, очерк, фельетон т.б; 4. Шоу-жанр - ток-шоу, реалити-шоу, ойындар т.б.
6-билет.
