Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хас.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.63 Кб
Скачать

2. Телевидениенің дамуындағы жаңа бағыт.(бейнетелефон, бейнеконференция, көшедегі бейне көрсету, ауқымды телевидение, телеүндесу, фотобейнекамера, кабельді тележүйе)

Бейнетелефон (орыс. видеотелефон) екі жақты дыбыстық және көру байланысына (беру және қабылдау) арналған құрылғы. Ол телефон аппаратынан, берілетін теледидар камерасынан және қабылдауыш индикаторлық құрылғыдан түрады. Бейнетелефон жиіліктің жіңішке жолағында жұмыс істейді, бұл әдеттегі телефон сымдары арқылы бейнелеу белгілерін беруді камтамасыз етеді. Қабылдау пунктінде алынған бейнелер мен олардың графикалық түсіндірмелері фотоға түсірілуі, магниттік таспаға жазылуы және қажет жағдайда қайта шығарылуы мүмкін. Құжаттарды табыстауға арналған бейнетелефон 1 минут ішінде 900 сөзі бар ақпаратты бере алады, осындай ақпаратты радиотелефон арқылы беру 3-4 есе, ал радиотелеграф арқылы беру 20-30 есе көп уақыт алар еді. Бейнетелефон ірі әскери құрамаларда, аэродромдарда және ірі кемелерде (авианосецтерде) қолданылады.

Бейнеконференция – адамдар интерактивтік режимде бірін бірі көруге және тыңдауға, мәліметтерді алмасуға, оларды бірлесіп өңдеуге мүмкіндік беретінтелекоммуникациялық қызмет көрсетудің жаңа бағыты.

3. Ақпараттық-публицистикалық хабарлардағы кадрде оқылудың түрлері (дикторлық, текстік, тезистік, импровизациялық)

Ақпараттық – публицистикалық бағдарлама негізінен ақпараттық жаңалықтарды, жедеғабыл ұйымдастыратын сұхбат, репортаждар жатады. Көбінесе ақпараттық бағдарламалар тікелей эфир арқылы аудиториясын табады. Ақпараттық-публицистикалық бағдарлама - өмір шындығын нақты етіп өтіп жатқан жерінен тікелей немесе түсіріп алып эфир арқылы көрсете отырып көтерген мәселелеріне ерекше көңіл аударып істің мән-жайын жан-жақты талдау, талдай отырып нақты деректі құжаттарды пайдалану. Оның ерекшелігі оперативтілігі, жеделдігі және пәрменділігі, қысқалығы, яғни әрбір репортаж 3 минуттан аспау керек. Текстің әрі түсінікті, әрі ұғынықты, қысқалығы және стилі телеграфтық (ешқандай үзіліссіз) айтылып, оқылуында. Осыған байланысты ақпараттық-публицистикалық бағдарламалар жанрлық құрылымы:

А. Кадрдегі хабарлауә. Сюжет (бейне) корреспонденцияб. Сұхбатв. Репортаж

түрінде болып келеді. Жалпы ақпараттық-публицистикалық хабардың дайындалған кезінде журналист 5 сұраққа хабар дайындауы керек: Кім? Қайда? Неге? Қашан? Қалай?

Ақпараттық-публицистикалық хабарларға негізінен “Хабар” ұлттық агенттіктің жаңалықтары жатады. “Сәлем Қазақстан” публицистикалық бағдарламаға жатады. Сол сияқты бұрынғы кездегі “Ақшаш”, “Алатау” хабарлары 2 минуттан 40 минутқа созылуы мүмкін. Бағдарлама – бірнеше хабардың топтануынан жасалады. 2. Кадрдегі хабарлау. Оның басты ерекшелігі журналист, редактор, диктордың кез-келген оқиғаны жаңалықты ауызша түрінде де кадрде оқиды.

Осыған байланысты кадрде оқылудың түрлері бар.

1.Дикторлық – хабар ред-ң уақиға туралы жаңалықтар бойынша жазып, дайындап келген текстін, диктордың кадрде оқуы жатады. Диктор оқуындағы басты ерекшелік, хабардың текстін өзгертуге ешқандай хақысы жоқ. 2.Текстікке – негізінен журналистің, редактордың уақиға бойынша жазған, дайындаған жаңалықтар текстін өзі оқуы жатады. Оның өзі дайындаған тексті қысқартуға, толықтыруға, анықтама беруге құқығы бар.

3.Тезистік баяндау – көбінесе журналистердің белгілі бір уақиға құбылыс бойынша түйінді-түйінді мәселелерді енгізіп баяндауын айтады. (Үлкен роман болса да қысқартып айту). Кейде тезистік баяндауда жоспар ақпарат ретінде беріледі. Кейде есеп түрінде.

4.Импровизациялық баяндау – негізінен тәжірибесі мол, білімді, ой-өрісі кең журналист қана хабар барысында баяндай алады және де текссіз баяндау ақпараттық хабарларда суфлер на промтер үзіліп қалған кезде болады.

Промтер дегеніміз – журналист дайындап жазған тексті арнайы электронды қондырғы арқылы камераның алдына орналастыратын шыны арқылы электронды текстің жазылып көрсетілуін айтады. “Хабарда” суфлер бар. Ақпараттық публицистикалық бағдарламада сұхбат жанрлары жатады. Сұхбат жанрлары ТВ көп қолданылып, пайдаланылады. Негізінен сұхбаттың өзі кадрдегі 2 адамның диалогы немесе журналист пен кейіпкердің арасындағы сөйлесу, пікір алысу. ТВ-да сұхбаттың бірнеше түрі болады:

1.Сұхбат әңгіме

2.Баспасөз мәслихаты

3.Сұхбат суреттеу

4.Сұхбат анкета

5.Сұхбат портрет

6.Брифинк.

Сұхбат әңгіме негізінен сұрақты хабардың мазмұнын-мағынасын композициясына негізделіп, тұрақ-ы, іріктеліп беру. Әр қойылған сқрақты өз ара байланысы болу керек. Кез-келген тосыннан қойылған сұрақ сұхбат әңгімеге жатады.Сұхбат анкета – немесе аналитикалық сұхбат. Бұл негізінен бір сұрақтың негізінде хабар ұймдастыру, яғни бір сұрақ мыңдаған адамдарға қойылу арқылы қоғамдық пікір қалыптастыру.Конференция – ағылшын сөзі (convertion) әңгімелесу. Ал баспасөз конференциясы белгілі бір уақиғаға дейін немесе уақиғадан кейін бір топ баспасөз қызметтің ұйымдастыруымен өткізілетін (жазушы, банкир, саяси қайраткер) сол уақиғаға көз қарасын, ойын анықтау үшін ұйымдастырылатын сұхбаттың бір түрі. Сұхбат суреттеу – репортаж жанрына өте ұқсас, алайда оның ерекшелігі оқиға кезінде сол оқиғаның куәгерлерінен немесе уақиғаға қатысқан адамдардан сол оқиғаның мән-жайын анықтау үшін журналистер әр түрлі сұрақтар қою арқылы сұхбат жүргізеді.Сұхбат портрет – басты ерекшелігі өмірде бар, не бұл өмірден өткен адамның, қоғам қайраткерінің портретін сомдау үшін, оның жора-жолдастарын, туған-туыстарынан жауап алу үшін ұйымдастырылады.Брифинкт – өте оперативтілікпен ұйымдастырады, орынды талдамайды. Мысалы: Н. Назарбаев шетелге ұшар кезінде алынады. Сол ұшақтың жанында және 1-2 сұрақ төңірегінде болады. Жалпы сұхбаттың негізгі ерекшелігі кез-келген адамға сұрақ қою арқылы әңгімеге тарту. Яғни белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің БАҚ журналистері алдында шағын мәжіліс өткізіп, болған мәселені мәлімдеу, түсіндірме жасау.Сондықтан сұхбат ТВ қолданатын ерекше жанр. Сұхбат жанрына байланысты ТВ “Өмір-Өзен”, “Час Пик” т.б. хабарлар болды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]