- •1. Телерадио хабар жасау технологиясы
- •2. Телепублтцистиканың зерттелуі
- •3. Теледидар және кино өнері
- •1. Телерадиодағы тікелей эфир
- •2. Теледидардың ағартушылық функциясы
- •3. . Теледидардағы сценарий ұғымы.
- •1. Теледидардағы ақпараттық жанрлар
- •2. Теледидардың ерекшеліктері
- •3. Отандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері («Қазақстан», «ктк» телеарналарын салыстыра отырып)
- •1. Тікелей репортаж. Жүргізуші шеберлігі (телерепортаждың өзіндік белгілері, эфир этикасы, дыбысталған сөздің сипаты)
- •2. Телерадиожурналист жұмысының негізгі әдістері
- •3. Теледидардағы жастар хабары
- •1. Теледидардың тілі мен стилі
- •2. Микрофон және оны меңгеру тәсілдері
- •14. Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары
- •1. Алғашқы ұлттық хабарлар
- •3, Телерадиохабарларын жасаудың негізгі әдістері
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •1. Телерепортаж. Оның жанрлық ерекшелігі (бақ мысалында)
- •1. «Хабар» және Ресейдің «Первый канал» арнасындағы танымал журналистерінің шеберлігін салыстыру
- •2. Телепублицистиканың зерттелуі
- •3. Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық
- •11Билет
- •1. Сөйлеу өнерін шешендік өнер дәстүрімен байыту әдістері
- •2. Теледидар құрылымы
- •3 Қоғамдық телевизияның қажеттілігі мен мүмкіншіліктері
- •12Билет
- •1. Теле-радио журналистиканың жанрлар мен пішіндер сипаты
- •2. Теледидардағы жастар хабары
- •3. Телебағдарламаларды редакциялаудың негіздері
- •13Билет
- •1. Теледидар бағдарламасын редакциялаудың ерекшеліктері
- •3. «Қазақстан» арнасындағы сөз еркіндігі және жариялылық проблемалары
- •14Билет
- •1. Бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі
- •2. Телевидениенің дамуындағы жаңа бағыт.(бейнетелефон, бейнеконференция, көшедегі бейне көрсету, ауқымды телевидение, телеүндесу, фотобейнекамера, кабельді тележүйе)
- •3. Ақпараттық-публицистикалық хабарлардағы кадрде оқылудың түрлері (дикторлық, текстік, тезистік, импровизациялық)
- •15 Билет
- •1. Редакторлық зерттеу, теледидар бағдарламаларын әдеби редакциялау
- •2. Тікелей эфир мәтінін жазбаша әзірлеу – сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ең негізгі шарты
- •3. Телеарналардағы экономикалық хабарлардың маңызы мен берілу тәсілі
- •16 Билет
- •1. Ақпарат әлемі және жедеғабыл жаңалықтар желісі
- •2. Қазақ телевизиясындағы көркем публицистикалық хабарлардың қалыптасуы, даму ерекшеліктері
- •3. Ең елғашқы сценарий қалай пайда болды?
- •17Билет
- •Журналист және этика
- •2. Бақ. Тарихи-теорияның мәселелері
- •3. Фотосурет жанрының ерекшеліктері, түрлері оған қойылатын талаптар
- •18 Билет
- •2. Теледидардағы сұхбат түрлері (Сұхбат әңгіме,баспасөз мәслихаты,сұхбат суреттеу,сұхбат анкета,сұхбат портрет,брифинк)
- •3. «Қазақстан», «Хабар» телеарналарындағы патриоттық рухтағы хабарлардың маңызы
- •19Билет
- •1. Радиокорреспонденция
- •2. Көріністегі факті деген не
- •1,Музыка мен шулар.
- •2.Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Тікелей эфир кезінде репортердің басты міндеті
- •2. Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Телевизиялық журналистиканың құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары.
- •2) Ахмет Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидалары
- •3) Радиохабардың көңіл-күйге әсері және лиризм
- •1) С.Әшімбаевтың жүргізген хабарларының ерекшелігі
- •2) Теледидар және қоғам, теледидардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы алатын орны теледидардың әлеуметтік эстетикалық міндеттері
- •1) Тілдік этикет оның бақ-тағы қолданысы
- •2. Сөйлеу тілі мен радио тілінің ерекшеліктері
- •3. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап
- •1) Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •2) Радиодағы дыбысталған сөздің сипаты
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі
1. Тікелей репортаж. Жүргізуші шеберлігі (телерепортаждың өзіндік белгілері, эфир этикасы, дыбысталған сөздің сипаты)
Тікелей эфир кезінде репортер өзі қатысып тұрған оқиғаның көрінісін тыңдаушы көз алдына қатысып отырғандай әсер қалдырса ғана репортаж өз дәрежесіне жетпек. Яғни сол оқиғаға қатысқан халықтың көңіл-күйі, музыка, қошаметтеген дауыстар, ойнаушылардың желпінген дауыстарын беруі және сол тікелей эфир арқылы комментарий жасауы очерк, интервью сияқты жанрларды кеңінен қолдана отырып хабардың барынша эмоциялылығын бағалап оның тірі әрі қызықты өтуіне жол ашады.Репортаж - өз бойына публицистиканың информацияның элементтерін жинастырған ерекше оперативті жанр. Оның түрлері көп болғаны мен, оған ортақ бір жай бар. Ол: тікелей оқиғаны бір репортермен өзіндік әсерімен, ой қорытындыларымен жеткізу.Репортаж белгілі бір оқиғаға қатысушы репортердің оқиғадағы толық көргені жайлы тыңдаушыларға информацияның хабар беруі.Репортажда өзекті оқиғалар шұғыл түрде көрсетіліп, фактілер мәні көрсетіліп сезім күйіне әсер ететіндей өткізілуді қолд-ы. Зерттеуші Е. Рякчеков: “Репортаж - өз бойына очерктің, интервьюдің, шолу мен есептің элементтерін жинақтаған, оларды сезім күшімен әсірелеп, оқиға дамуы туралы суретті көрініс жасай алатын синтетикалық жанр. Ол тыңдаушысына факт күшімен де, репортердің сенім және сезім күшімен де фактіні өзінше түсіндіру арқылы әсер етеді. Репортаж – суреттеу, баяндау, проблемаға талдау жасау арқылы өз тыңдаушысына ықпал етеді”
Репортаждың өзіндік белгілері төмендегідей:
1.Болған оқиғаны суреттеу
2.Оны репортердің өзінше айтып беруі
3.Баяндау тәсілдерінің динамикасы болуы
4.Дыбысты суретке ие болуы
Ал оның негізгі элементтері:
1.Репортердің баяндау сөзі
2.Репортердің оқиғаға қатысушымен әңгімесі
3.Өтіп жатқан оқиғаның дыбыстың сипаттамасы.
Репортажды маман журналистің жүргізгені абзал. Негізгі әңгімеде әңгімеге көп уақыт бөлмеген дұрыс. Уақиғаға қатысы бар 1-2 адамды сөйлеткен дұрыс. Мұның өзі шарт. Репортаж дайындау кезінде дыбыстық эффект пайдаланудың пайдасы көп. Дыбыстық фонсыз пайдаланса репортаж қызықсыз. Оны пайдаланудың өзіндік орны бар. Орынды, орынсыз пайдалану хабардың мәнін төмендетеді. Дыбыстық фонд аса бір оқиға мәнін ашатын байланыс көзі. Тікелей репортаж – бұл мерекелі, салтанатты жиындарда көрініс табады.
2. Телерадиожурналист жұмысының негізгі әдістері
Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз, творчествосы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио мен телевидениенің жұмысын атқарып, творчестволық қызмет жасайды. Ол редакция жүмысында бірінші — ұйымдастырушылық, екінші -әдеби өңдеу, үшінші шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Ол идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн. Журналистің тағы бір қасиеті — оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. 3.Бүгінгі теледидардан жастарға ұсынылып жүрген сан алуан, қызықты бағдарламалардың бастауы, темірқазығы – Қазақ теледидары жастар редакциясының тарихында құнды дүниелер мен айтуға тұрарлық естеліктер аз емес. Кеңес Одағы тұсында бұқаралық ақпарат құралдарының социализмді жырлағаны ақиқат. Алайда бір ғана коммунистік партия үстемдігін жүргізіп тұрған сәтте оған “партияның қолшоқпары болдың” деп айып тағу әділетсіздік болар еді. Теледидардың ойдағыдай дамып, жетілуіндегі социализмнің қосқан үлесін жоққа шығара алмаймыз. Бұл тұстағы жастар бағдарламасының насихаттық рөлін ерекше айтамыз. Қоғамдағы елеулі оқиғалардың бәрі де экран бетінен көрініс тапты. Жастар редакциясының ұйымдастырушылық қабілетін, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы белсенділігін “Құрдастар” мен “Ровесникидің” ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіліп отырған республикалық “Жолдас” фестивалі, “Жас жігер” телеэнциклопедиясы, жастар телехабарлары нәтижесінде көптеп құрылған республикадағы комсомол-жастар бригадалары, екпінді құрылыстардан көруге болады. “Құрдастардың” тарихи қойнауы тұрақты топтама хабарларға толы. Бір тақырыпты әр қилы қырынан бүге-шігесіне дейін талқылап, тұжырым жасап, ой түйген айдар, хабарлар топтамасынан өзге телеклуб, тележурнал, телеальманах, телеспектакль, телеинсценировка, телеанықтама, телекалендарь, телеплакат, телетолғау, телевикторина тәрізді әр алуан пішіндер теледидар табиғатына лайықталып, өзіндік түрге ие болды. Жастар редакциясының студиясы әдебиет пен өнердің, білім мен еңбектің қасиетін таразылаған киелі мекенге айналды. Жастар бағдарламалары көптеген қызықты хабарлар топтамасы, айдар, тақырыптық жеке хабарларды қамтиды. Жастар редакциясы шығармашылықтың соны әдістерін меңгерген, телекөрермендерге әр түрлі психологиялық тәсілдермен әсер етіп, хабардың қабылдау мүмкіндігін арттырған, аудиторияны сендіре алу қабілетін, батылдық, шыншылдығын көрсеткен. Қазақ теледидарының жастар бағдарламасы іскерлік, жан-жақтылық, төзімділік, имандылық, инабаттылық тәрізді қасиеттерді көгілдір экран арқылы жастарға арнайы берері даусыз. «Ар», «Алтыбақан», «Атамекен», «Көкпар», «Қарыз бен парыз» хабарлары.
