Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хас.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.63 Кб
Скачать

2. Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)

Репортаждың өзіндік белгілері төмендегідей: Болған оқиғаны суреттеу

Оны репортердің өзінше айтып беруі

Баяндау тәсілдерінің динамикасы болуы

Дыбысты суретке ие болуы

Ал оның негізгі элементтері: Репортердің баяндау сөзі

Репортердің оқиғаға қатысушымен әңгімесі

Өтіп жатқан оқиғаның дыбыстың сипаттамасы.

Қай репортажда болса да кіріспе, негізгі әңгіме, қорытынды деген бөлімдері болады. Репортажды маман журналистің жүргізгені абзал. Негізгі әңгімеде әңгімеге көп уақыт бөлмеген дұрыс. Уақиғаға қатысы бар 1-2 адамды сөйлеткен дұрыс. Мұның өзі шарт. Репортаж дайындау кезінде дыбыстық эффект пайдаланудың пайдасы көп. Дыбыстық фонсыз пайдаланса репортаж қызықсыз. Оны пайдаланудың өзіндік орны бар. Орынды, орынсыз пайдалану хабардың мәнін төмендетеді. Дыбыстық фонд аса бір оқиға мәнін ашатын байланыс көзі.  Репортаждың түрлеріне тоқталатын болсақ. Тікелей репортаж – бұл мерекелі, салтанатты жиындарда

Диктор, актер, журналист жүргізушіге байланысты тіл қолданыстары Диктор – бұл радионың немесе теледидардың өзіне ғана тән, дщүниеге оның өзімен бірге келіп, бірге жасасып келе жатқан басты тұлға, өнім дайындаушы редактор мен сол өнімді пайдаланушы тыңдаушының арасындағы дәнекер.

3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс

Ал тікелей эфирде жұмыс істеген журналистің даярлығының күштілігіне, дайындығының мықтылығына қарамастан процесс кезіндегі күллі іс-әрекетін, аузынан шыққан әрбір сөзін өлшеп-кесіп, мөлшерлеп-межелеп алдын-ала анықтап алуы мүмкін емес. Сондықтан да ол эфир кезіндегі әрекетінің негізгі шарттарын есте сақтауы қажет. Оны мына төмендегідей тәртіппен белгілеуге болар еді: 1. Сөз бостандығын иелену. 2. Мемлекеттік мүддені ұстану. 3. Құкық негіздеріне сүйену. 4. Шығармашылық еркіндікті пайдалану. 5. Кәсіби шеберлікті таныту. 6. Жауапкершілік шегінен аспау. 7. Заң аясына бағыну.

22 Емтихан билеті

  1. Телевизиялық журналистиканың құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары.

Теледидар – бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіндегі ең әсерлі де ең өткір ақпарат құралы. Телевизияның жаппай өрістей бастағанда, 1962 жылы американдық ғалым Маршал Маклюен оның мүмкіндігін бағалай келе, «енді кітап және өзге де баспасөз құралдарын басу ісі келмеске кетті, оның орнын визуалдық ақпарат құралы – телевизия басты» деген екен. Маклюеннің пікірінде әсіреқызбалық бар деп айыптағанымызбен, өзге ақпарат құралдарына қарағанда теледидар аудиториясының әлдеқайда көп екенін мойындаймыз. Бейне мен дыбыстық қатарды үйлесімде бере алатындығымен, кинематографияның, әсіресе техника мен технологияның жаңа мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, өмірдің шынайы кескінін сол қалпында, сол бояуымен бере алатын теледидар қай жанрда көсілсе де, жетімділік тұрғысынан өзге ақпарат құралдарынан біртабан артық, жұртшылықтың зейінін арбап, назарын еріксіз өзіне өзіне аударады.  Телевизияның спецификалық артықшылықтарын санамалай келе өз зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен идеясына ойысалық. Жалпы тележурналистика жанрлары: ақпараттық, сараптамалық және көркем – публицистикалық деген үш үлкен топқа жіктеледі. Қоғам өміріндегі күнделікті жаңалықтар, өмірге жаңа енген құбылыстармен таныстыратын ақпараттық блок, белгілі-бір мерзім ішінде қордаланған мәселелер мен оқиғалар легін талдап, сараптайтын сараптамалық жанрдағы хабарлардың өзіндік практикалық функциялары (аудиторияны құлағдар ету, нақты бір оқиғаға баға беру) мен берілу мәнерінде жанрлық ерекшелігі (шапшаңдық, ресми сипат) бар. Ал енді көркем-публицистикалық жанрдағы телехабарлардың практикалық функциясы – эстетикалық тәрбие беру, көрерменді әсемдік болмыспен қауыштыру, рухани қажеттілігін сусындату, бір сөзбен айтқанда, рухани ләззатқа бөлеу. Көркем хабарды тамашалауға беттеген көрерменнің психологиялық күйі босаңсып, экран бетіндегі көріністі бар ынта-ықыласымен түйсіну, соған бой алдырып, сондағы шындықпен біте қайнасып, бірге жасасу, эстетикалық нәр алуға әзірленеді. Демек, көркем хабарлар жасауда, оның жанрлық табиғатынан туындайтын эстетикалық ерекшелігі мен мүмкіндігін іс жүзінде бір сәт те назардан шығармастан, барлық процестерді сол факторға бағындырған кәміл. Бұл – көркем телехабарларға қойылатын жалпылама талап. Көркем хабарлардың әрбірінің өзіндік тақырыптық айшығы мен формаларына қарай, олардың әрбіріне қатысты жеке-дара туындайтын міндеттер мен шарттар легі қалыптасады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]