Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хас.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.63 Кб
Скачать

1. «Хабар» және Ресейдің «Первый канал» арнасындағы танымал журналистерінің шеберлігін салыстыру

2. Телепублицистиканың зерттелуі

Сөз өнерінің теориялық және әдістемелік мәселері жағынан аз зерттеліп, толық бағасын ала алмай келе жатқан бір саласы – публицистика. Ол туралы отандық және шетел ғалымдарының пікірлері алуан түрлі. Бүгінге дейін ортақ бір шешімге тоқтай алмай келеді.  Өткен ғасырдың 70 жылдарында Кеңес елінде көсемсөз туралы пікірталас қызу өрбіді. «Вопросы литературы» журналының 1970 жылғы жетінші санында «Публицистика - әдебиеттің алғы шебі» деген тақырыпта пікірталасқа қатысушылар ой-тұжырымдары оқырман талқысына салынды. Бұл мәселеге аталған басылым 1973 жылғы 10-санында «Публицистика және қазіргі заман» деген тақырыппен қайта айналып соқты. Орыс зерттеушілерінің осы тұжырымы әсер еткен болуы керек 1976 жылы жарық көрген Қазақ совет энциклопедиясының 9-томында ұлттық журналистика ұстазы Т.Амандосов пен белгілі ғалым Ә.Жұмабаев көсем сөзге мынадай анықтама берген: «Публицистика - өмірдің әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, ғылыми және басқа да рухани құбылыстарын, өмірдің фактілерн өзіне арқау ететін әдеби жанр». Көсемсөзді жанр ретінде қарастырушы зерттеушілер пікірімен белгілі ғалым Т.Қожакеевтің де көзқарасы сәйкес келеді: «Публицистика нақтылы өмірден орын алып отырған мәнді оқиға – фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды,- деп жазды профессор. Яғни, публицистика –фактінің, нақты оқиғаның жанры». Зерттеуші Т.Ыдырысов көсемсөз жайлы мынадай пікір білдіреді: «Публицистика – жазушы мен журналистің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті өмірге, әр қилы қоғамдық шабытпен терең ой топтап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен айтқанда, публицистика дегеніміз – саяси-көркем прозы, қаламгердің әлеуметтік мәселелерді толғауы».

Ал, «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» деген тақырыпта зерттеу жүргізген ғалым Бауыржан Жақып дәл осы аттас кітабында публицистика мен журналистиканың аражігін бірнеше қырынан аша келе, нақты мынадай тұжырымға тоқталады: «Журналистика – белгілі бір қызмет саласы және әсер ету сферасы, түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын, ұйымдар мен мекемелердің басын құрайтын белгілі бір аппарат, әлеуметтік институт. Ал публицистика – белгілі бір нысаны, орны, функциясы, мазмұны, құрылымы мен пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі бар және қоғам мүшелеріне әсер ету тәсілдері бар тұтас шығармашылық түрі». Еліміздің егемендік алып, нарықтық экономикаға негізделген демократиялық қоғам орнату бағытындағы даму жолымызды айқындаған бүгінгі заманда публицистикаға объективті тұрғыдан толыққанды зерттеу жүргізуге мүмкіндік тууда. Публицистиканың бір саласы саналатын телепублицистиканың қоғамдағы рөлі орасан зор. Ол кез келген мәселеге қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал жасайды. Әрине, қоғамдық санаға публицистикадан өзге де өнер түрлері, атап айтқанда, театр өнері, кино өнері, айтыс өнері, сонымен бірге тәлім-тәрбие ошақтары, әлеуметтік орта, табиғат құбылыстары әсер ететнін жоққа шығармаймыз. Дегенмен қалың бұқараға қаратып айтылатын, көтерілген мәселе туралы пікірді иландырып, ұйытып, әсерлі жеткізетін телепублицистиканың орны ерекше екенін айрықша еске саламыз. Ал өз кезегінде қоғамдық сана сол замандағы қоғам субъектілерін ырқында ұстайтынын өмір дәлелдеумен келеді.  Телепублицистика өз тұсындағы әлеуметтік, қоғамдық, саяси мәні бар, өзекті мәселелерді көтереді. Ол бұқараға сол күнгі, сол кезеңдегі басты міндеттерді аңғартады. Өмір-тіршіліктегі болмыс-құбылыстардың сыр-сипат, мән-жайын түсіндіріп, сол жөнінде телехабарлар не болмаса телебағдарламалар арқылы жұртшылық пікірін қалыптастырады. Телепублицистиканың қоғамдағы рөлі орасан зор. Ол кез-келген мәселеге қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал жасайды. Әрине, қоғамдық санаға телепублицистикадан өзге де өнер түрлері, атап айтқанда, театр өнері, кино өнері, айтыс өнері т.б., сонымен бірге тәлім-тәрбие ошақтары, әлеуметтік орта, табиғат құбылыстары т.б. әсер ететінін жоққа шығармаймыз. Дегенмен, қалың бұқараға қаратып айтылатын, көтерілген мәселе туралы пікірді иландырып, ұйытып, әсерлі жеткізетін телепублицистиканың орны ерекше екені даусыз. Алғашқыда телеэкрандағы хабарларды журнал, лекция, хабар, әдеби хабар, әңгіме, сөз, концерт, мультфильм, фото және кинорепортаж, киноочерк, киножурнал, мақала, деректі, ғылми фильм, спектакль, телеқойылым, концерттік трансляция бағытындағы пішіндер мен жанрлар құрады. Келе-келе бұл пішіндер мен жанрлар көрермендер арасында танымалдыққа ие болды. Егер радиожурналистиканың алғашқы кеңестік әрі қазақстандық жанрлары радиогазет шеңберінде дамыса,, ал тележурналистиканың отандық урнал түрінде дамығаның ғылыми тұрығдан айқындалды. 

Хабарлар құрылымын түрлендіру, мазмұынын байыту, идеялық дәрежесін көтеру бағытындағы кейбір ізденістер тиімділікке қол жеткізсе де, телехабарлардың қалыптасу кезеңінде қиындықтар:а) теледидар жүйесі құрылымндағы ізденістердің баяу жүруі; ә) телеөндіріс табиғаты мен ерекшеліктерін ескермеу; б) кадрлар даярлаудағы босаңдық; в) шығармашылық құрамды қайта даярлауға мән берушілік; г) республика аумағында курстық жүйені өркендетуге көңіл бөлмеуден орын алды. Алайда партия қоғам өміріндегі қуатты қаруға бей-жай қарамыд. Кеңестік кезеңдегі теледидарға партиялық басшылық мынаны көрсетті: идеологиядағы жаңа, маңызды жүйе – теледидардың қалыптасу мен дамуына партия ұйымдарының жан-жақты көмек көрсетулері, күн тәртібіндегі мәселелерді теледидар қызметкерінің дкр кезінде  айқындауларында жоғарыдан бағыт-бағдардың үнемі беріліп отыруы, теледидар кадрларын жасақтауға партия ұйымдарының қамқорлығы мен олардың кәсіби шеберлігін ұштауларында қажетті шараларды жүзеге асырулары, радиотелевизиялық өндірісті дамыту мен телевизиялық хабарлар таратудың материалдық-техникалық базасын нығайту, теледидардың программаларды қабылдау жүйесін ұлайтуға үнемі қамқорлық жасағаны, зор ықпал еткені көрсетілді. Телевизия – уақытпен бірге дамып, елмен бірге өзгеріп, қоғаммен тығыз бірлікте қанатын жая түсті. Жастық жалынды хабарлар тобы да экранға шықты. Қазақ телевизиясының көркемдік жағын басқарған С. Шәріпов Қазақ телевизиясының он жылдық табысын тарзылай отыры, оның негізгі қызметін дә де айқын көрсетті.  Тележурналистер кезеңге сай өз хабарларында экономика мен өндіріске ғылыми басшылық жасауға батылдық әрі тереңірек үңіле бастады. Себебі уақыт сұранысына ора «Еңбек экраны», «Алматы және алматылықтар», «Уақыт және стиль», «Жаныңда жүр жақсы адам» т.б. хабарлар көрермендер тарапынан жыл қабылданды. Хабарларда заттық игілікті өз қолдарымен жсаушы еңбек адамдарының сан алуан бейнелері, өндірістік процестермен бірлікте жан-жақты ашылды. Жетпісінші жылдары экранда өндірісті басқаруды жетілдіру жөніндегі телевизиялық «Тимур» циклы мен артта қалған бригадалардың алдыңғылар сапына қосылуына көмектесуді мақсат ететін «Агрегат-13» хабарының тиімділігі айтарлықтай. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]