- •1. Телерадио хабар жасау технологиясы
- •2. Телепублтцистиканың зерттелуі
- •3. Теледидар және кино өнері
- •1. Телерадиодағы тікелей эфир
- •2. Теледидардың ағартушылық функциясы
- •3. . Теледидардағы сценарий ұғымы.
- •1. Теледидардағы ақпараттық жанрлар
- •2. Теледидардың ерекшеліктері
- •3. Отандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері («Қазақстан», «ктк» телеарналарын салыстыра отырып)
- •1. Тікелей репортаж. Жүргізуші шеберлігі (телерепортаждың өзіндік белгілері, эфир этикасы, дыбысталған сөздің сипаты)
- •2. Телерадиожурналист жұмысының негізгі әдістері
- •3. Теледидардағы жастар хабары
- •1. Теледидардың тілі мен стилі
- •2. Микрофон және оны меңгеру тәсілдері
- •14. Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары
- •1. Алғашқы ұлттық хабарлар
- •3, Телерадиохабарларын жасаудың негізгі әдістері
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •1. Телерепортаж. Оның жанрлық ерекшелігі (бақ мысалында)
- •1. «Хабар» және Ресейдің «Первый канал» арнасындағы танымал журналистерінің шеберлігін салыстыру
- •2. Телепублицистиканың зерттелуі
- •3. Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық
- •11Билет
- •1. Сөйлеу өнерін шешендік өнер дәстүрімен байыту әдістері
- •2. Теледидар құрылымы
- •3 Қоғамдық телевизияның қажеттілігі мен мүмкіншіліктері
- •12Билет
- •1. Теле-радио журналистиканың жанрлар мен пішіндер сипаты
- •2. Теледидардағы жастар хабары
- •3. Телебағдарламаларды редакциялаудың негіздері
- •13Билет
- •1. Теледидар бағдарламасын редакциялаудың ерекшеліктері
- •3. «Қазақстан» арнасындағы сөз еркіндігі және жариялылық проблемалары
- •14Билет
- •1. Бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі
- •2. Телевидениенің дамуындағы жаңа бағыт.(бейнетелефон, бейнеконференция, көшедегі бейне көрсету, ауқымды телевидение, телеүндесу, фотобейнекамера, кабельді тележүйе)
- •3. Ақпараттық-публицистикалық хабарлардағы кадрде оқылудың түрлері (дикторлық, текстік, тезистік, импровизациялық)
- •15 Билет
- •1. Редакторлық зерттеу, теледидар бағдарламаларын әдеби редакциялау
- •2. Тікелей эфир мәтінін жазбаша әзірлеу – сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ең негізгі шарты
- •3. Телеарналардағы экономикалық хабарлардың маңызы мен берілу тәсілі
- •16 Билет
- •1. Ақпарат әлемі және жедеғабыл жаңалықтар желісі
- •2. Қазақ телевизиясындағы көркем публицистикалық хабарлардың қалыптасуы, даму ерекшеліктері
- •3. Ең елғашқы сценарий қалай пайда болды?
- •17Билет
- •Журналист және этика
- •2. Бақ. Тарихи-теорияның мәселелері
- •3. Фотосурет жанрының ерекшеліктері, түрлері оған қойылатын талаптар
- •18 Билет
- •2. Теледидардағы сұхбат түрлері (Сұхбат әңгіме,баспасөз мәслихаты,сұхбат суреттеу,сұхбат анкета,сұхбат портрет,брифинк)
- •3. «Қазақстан», «Хабар» телеарналарындағы патриоттық рухтағы хабарлардың маңызы
- •19Билет
- •1. Радиокорреспонденция
- •2. Көріністегі факті деген не
- •1,Музыка мен шулар.
- •2.Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Тікелей эфир кезінде репортердің басты міндеті
- •2. Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Телевизиялық журналистиканың құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары.
- •2) Ахмет Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидалары
- •3) Радиохабардың көңіл-күйге әсері және лиризм
- •1) С.Әшімбаевтың жүргізген хабарларының ерекшелігі
- •2) Теледидар және қоғам, теледидардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы алатын орны теледидардың әлеуметтік эстетикалық міндеттері
- •1) Тілдік этикет оның бақ-тағы қолданысы
- •2. Сөйлеу тілі мен радио тілінің ерекшеліктері
- •3. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап
- •1) Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •2) Радиодағы дыбысталған сөздің сипаты
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі
1-билет.
1. Телерадио хабар жасау технологиясы
Теледидар бүгінде жер шарында болып жатқан сан саладағы оқиғалар мен жаңалықтарды көрермендерге көрсете отырып, адам қолымен жасалған құндылықтарды насихаттаудың қуатты құралына айналып отыр. Жарты ғасырға жуық тарихында Қазақ теледидары қарышты қадам жасап, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің, өнеріміз бен ақыл-ойымыздың дамуына елеулі үлес қосуда.Теледидар – ақпарат пен насихат құралы. Ол БАҚ құралдарына тән жылдамдық пен байқампаздықты, ауқымдылық пен жан-жақтылықты бойына сіңірген өнердің биік түрі. Оның ғажаптылығы, газет секілді баяндап, радио сияқты үн, дыбыс, тынысты естірту мен ғана шектелмей, кинодағыдай өткен оқиғалар елесін пленка арқылы ғана жаңғыртып көрсетпей, бір мезгілде олардың бәрін қатыстыра отырып, көрерменге өтіп жатқан өмір құбылысын сол сәтінде, оқиға болып жатқан ортадан көрсетуінде.Ақпарат құралдарының ішінде теледидар көрсемдік бейнелеу құралдарының ауқымдылығы жағынан өлшеушіз мүмкінджікке ие. Ол адамды, адамзатпен жүздестіретін, әлемнің бір қырынан оқиғаларды үйінің төрінен көре алатын ғажайып құрал. Көгілдір экрандағы фильмдер, театр спектакльдері, концерттер, сұхбаттар мен тікелей эфир, жаңалықтар, той-думан, жарнама т.б. сан миллиондаған көрермендердің рухани дүниесін байытуға қызмет жасауда. Теледидар жұртшылыққа күнбе-күн саяси, мәдени, эстетикалық тәрбие беруде жаңа мүмкіндіктерді іздестіруде.Электронды сигналдардың арқасында бағдарлама, хабарлар алыс қашықтықтарға жетті. Телевиденияда хабарды эфирге шығару өте күрделі жұмыс болды. Ең алғаш телевидениеде қазіргі замандағыдай бейне мен дыбыс қатар келген жоқ, керісінше, алдымен фототелеграфия дамып,эфирге қозғалмайтын суреттер, сызбалар шыққан болатын. Суреттер мен бейнелер токтың химиялық әрекеті мен әртүрлі мехзаникалық қондырғылардың күшімен жүзеге асты.
Теледидардың даму кезеңдері.
1 кезең (1900-1930жж.) – орыс ғалымдарының ғылыми тәжірибедег ашқан құралдарын іске қосу. Әлемде алғаш рет электр сәулелі трубканы Петербург университетінің профессоры Б.Л.Розинг ойлап шығарды.
2 кезең. Бұл кезең тәжірибелі бағдарламалармен 1931 жылдан басталады. Бүкілкеңестік электромеханикалық институттың Мәскеу радоибайланыс серіктестігімен. Бұл құрылғы соншалықты тиімді болмағандықтан ғалымдар 3 жылдан кейін өзге бағдарламаны эфирге шығарды. Бұл 30 минутқа созылды. Ал 1938 жылы алғаш телевизиялық орталықтар Мәскеу мен Ленинградта салынды. Телевидениенің дамуын соғыс жылдары тоқтатты.
3 кезең. (1960 ж.соңы мен 1990ж). Телевидение үлкен қарқынмен дамыды: кабельдік ТВ, телетекст ТВ мен баспасөздің бірігі, коммуникацмяның өзгеше аумағы компьютермен бірігу, жекелей трансляция жасады.
4 кезең (1990 ж.бастап) бәсекелестік пайд болды. КСРО-ның ыдырауынан телеканал мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық телеарналар хабар таратуда.
2. Телепублтцистиканың зерттелуі
Сөз өнерінің теориялық және әдістемелік мәселері жағынан аз зерттеліп, толық бағасын ала алмай келе жатқан бір саласы – публицистика. Ол туралы отандық және шетел ғалымдарының пікірлері алуан түрлі. Бүгінге дейін ортақ бір шешімге тоқтай алмай келеді. Публицистика терминінің төркіні латынның publicus деген сөзіне барып тіреледі. Қазақша мағынасы қоғамдық дегенді білдіреді. Төл тіліміздегі баламасын алғаш ғылыми айналымға енгізген – ардақты алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы. Ол өзінің «Әдебиет танытқыш» атты атақты еңбегінде көсем сөз ұғымын публицистика баламасы ретінде қолданады: «Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталдады». Ұлттық рух ұстыны Ахмет Байтұрсынұлы ұйғарымын тарата талдамас бұрын көсемсөз туралы тағы қай ғалымның қандай көзқарасы бар екеніне тоқталмай өтуге болмайды. Өткен ғасырдың 70 жылдарында Кеңес елінде көсемсөз туралы пікірталас қызу өрбіді. «Вопросы литературы» журналының 1970 жылғы жетінші санында «Публицистика - әдебиеттің алғы шебі» деген тақырыпта пікірталасқа қатысушылар ой-тұжырымдары оқырман талқысына салынды. Бұл мәселеге аталған басылым 1973 жылғы 10-санында «Публицистика және қазіргі заман» деген тақырыппен қайта айналып соқты. Екі санында да, тоқ етерін айтсақ, басылым жарияланымдарының ортақ тұжырымы публицистика әдебиеттің жауынгер жанры дегенге келіп саяды.
Орыс зерттеушілерінің осы тұжырымы әсер еткен болуы керек 1976 жылы жарық көрген Қазақ совет энциклопедиясының 9-томында ұлттық журналистика ұстазы Т.Амандосов пен белгілі ғалым Ә.Жұмабаев көсем сөзге мынадай анықтама берген: «Публицистика - өмірдің әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, ғылыми және басқа да рухани құбылыстарын, өмірдің фактілерн өзіне арқау ететін әдеби жанр».
Көсемсөзді жанр ретінде қарастырушы зерттеушілер пікірімен белгілі ғалым Т.Қожакеевтің де көзқарасы сәйкес келеді: «Публицистика нақтылы өмірден орын алып отырған мәнді оқиға – фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды,- деп жазды профессор. Яғни, публицистика –фактінің, нақты оқиғаның жанры».
Телепублицистиканың қоғамдағы рөлі орасан зор. Ол кез-келген мәселеге қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал жасайды. Әрине, қоғамдық санаға телепублицистикадан өзге де өнер түрлері, атап айтқанда, театр өнері, кино өнері, айтыс өнері т.б., сонымен бірге тәлім-тәрбие ошақтары, әлеуметтік орта, табиғат құбылыстары т.б. әсер ететінін жоққа шығармаймыз. Дегенмен, қалың бұқараға қаратып айтылатын, көтерілген мәселе туралы пікірді иландырып, ұйытып, әсерлі жеткізетін телепублицистиканың орны ерекше екені даусыз.Алғашқыда телеэкрандағы хабарларды журнал, лекция, хабар, әдеби хабар, әңгіме, сөз, концерт, мультфильм, фото және кинорепортаж, киноочерк, киножурнал, мақала, деректі, ғылми фильм, спектакль, телеқойылым, концерттік трансляция бағытындағы пішіндер мен жанрлар құрады. Келе-келе бұл пішіндер мен жанрлар көрермендер арасында танымалдыққа ие болды. Егер радиожурналистиканың алғашқы кеңестік әрі қазақстандық жанрлары радиогазет шеңберінде дамыса,, ал тележурналистиканың отандық урнал түрінде дамығаның ғылыми тұрығдан айқындалды.
