Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kadastr.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.22 Кб
Скачать
  1. Жер телімдерінің шекарасын анықтау тәсідеріне анықтама беріңіз

Жер кадастры — мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі. Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадас-трының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлше-рін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдде-лі тұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәлімет-терін беру тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Жерге орналастыру жобасын жер бетіне орналастыру негізінен жер учаскелерінің шекарасын белгілерімен бекітуден тұрады, бұл ретте шекаралардың ортасынан өтетін жолдар жобаланылады және олардың ені мен ұзындығы белгіленеді. Жобаны жер бетіне орналастыру жұмыстарында оңай әдістемелері қолданылады және ол жұмысты атқаруға мейлінше аз уақыт келтіру керек болады. Сонымен қатар шекаралардың дәлдігі сақталып, экономикалық тиімділігі техникалық сұраныстары жерге орналастырушы шаруашылықтың сұранысына толық жауап беруі шарт.

      Жердің жобасын геодезиялық әдіспен жер бетіне орналастыруға жер-кадастырлық ісінің техникалық бөлімі екі кезеңнен құрылады, Олар: камералды дайындық және далалық жұмыстар:

1.Камералды дайындық жұмыстары.

         Келісім сызбасындағы жер учаскесінің орнын басқа шекаралас жер пайдаланушылармен тексеріп анықтау.

Бұл жұмысты атқару үшін фотопланшет номенклатурасы арқылы кезекші картаны даярлау керек. Содан соң келісім сызбасында орналасқан орнын анықтап шектесіп жатқан жер пайдаланушылардың аттарын көрсетеді, соңынан фотопланшеттегі немесе компьютердегі мәліметтермен салыстырады.

         Келісім сызбасы бойынша берілуге тиісті учаскенің шекарасы жобаланады.

Қазіргі кезеңде жер учаскелерін жобалау фотопланшет бойынша компьютерлік бағдарлама арқылы жасалады. Ол жұмысты Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агеннттігінің Мемлекеттік ғылыми орталығы (Гос НПЦ зем) жүргізеді. Сондықтан біз осы әдісті қарастырдық.

         Ең алдымен шекаралас жер пайдаланушылардың шекара нүктелерінің көшірмесі мен геодезиялық берілген мәліметтерін аламыз: оның ішінде де бұрылыс нүктелерінің координаттары мен олардың ара қашықтық ұзындық өлшемдерін аламыз. Компьютерде МАРІNҒО бағдарламасын ашамыз. Осыдан соң бізге қажетті планшетті алып ГИС мәліметтерін ашамыз.

         Берілген координат мәліметтерімен келісім сызбалары бойынша учаскелерді жобалауға кірісеміз. Учаскелерге кадастрлық нөмір беріп, оған жер иеленушінің аты жөнін және пайдалану рәсімін жазамыз, содан соң осы мәліметерді компьютердің еске сақтауына енгізіп, онда учаскенің ауданын т.б. көрсеткіштерін енгіземіз.

         INSERTER кіргізу бағдарламасын ашамыз, содан соң онда жазылған тексттен өзімізге қажетті координат нүктелерін аламыз. Алынған координат нүктелеріне түзетулер енгізіп жазбаларды дұрыстаймыз. Жазылған ведомостте бұрылу нүктелерін көрсетіп контурларды көрсетеміз және мінездемесін жазамыз (егістіктер, арық отықтар, далалық жолдар т.б.)

Жұмыс сызбалары мен орналастыру сызбаларында шекараны көрсету.

- бұрыштық нүктелердің координаты өлшем құралдарының көмегімен, америкалық жер серігі жүйесіндегі GPS (Gloolal Position System) немесе россиялық жерсеріктік  ГлоHaCC (глобалды навигациялық жер серіктік жүйесі) құралдар арқылы жүргізіледі;

- бұрыштық нүктелер мен координат арасы 20 метрлік лентамен теодолиттің көмегімен немесе жарықтық қашық өлшеуішпен, кейде электронды тахеометрмен қойылады.

         Жұмыс сызбасындағы координаттар арнайы ведомсте қара түспен жазылып ара қашықтықтары өлшем бойынша жазылады және шектесетін жер иеленушілердің шекарасы көрсетіледі.

2.Далалық жұмыстар.

Жер учаскелерінің шекарасын қою әртүрлі әдістермен қойылады.

Бұрын геодезиялық тәсілмен шекараларды қою былайша жүргізілетін еді:

- сәуле (жарық) қашықтықты өлшеуші аспаппен және 20 метрлік лентамен;

 алдыңғы екі әдістерді біріктіре отырып жерге белгілер қою;

- бұрылыс нүктелерін координат бойымен анықтап 20 метрлік лентамен сәулелі аппаратпен қою.

  Қазіргі кезде геодезиялық әдістер төмендегінше:

- теодолит жолын электронды тахеометр көмегімен қою:

- Leica, Tгіmble, Sockia аппараттарын қолданып координат нүктелерін қою кезінде американдық жер серігі жүйесін CPS, немесе Торcоп және Россияның жер серіктік жүйесіндегі ГлоНаСС. Қосымша түсініктемеде (1 кесте) талдаумен салыстырмалы әдістермен жер учаскесінің шекарасын қою геодезиялық әдіспен атқарылған.

Тіркеу алдында жергілікті жер учаскесінің шекарасын заңды түрде рәсімдеу, жерді пайдаланудың /жер учаскесінің/ кемшіліктерін жою, шекараның дәл орналасуын анықтау, шекараларды межелік белгілермен бекіту, учаске шекарасы бойынша сызықтық және бұрыштық шамаларды өлшеу, алынған мәліметтерді есептік өңдеу мен ұштастыру, учаскенің жалпы аудандарын анықтау және жоспарын құру жұмыстары орындалады. Бұл жұмыстар шаруашылықаралық жерді үйлестіру тәртібінде өткізіледі. Мұнда да компьютерлік техниканы қолданады. Бағдарлама негізінде шекаралардың бұрылма нүктелері координаттарын және шекаралардың бұрыштық, сызықтық өлшеулер мәліметтерін компьютерге енгізіп, оператор барлық есептелінген аудандарымен, керекті ақпаратпен қоса, жер учаскесінің дайындалған жоспарын шығарып бере алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]