Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kadastr.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162 Кб
Скачать
☆
  1. Жылжымайтын мүліктің кадастрлық және нарықтық бағасына анықтама беріңіз

Жылжымайтын мүліктіңқұнын бағалау – материалдық актив түрлерінің бірінің (жылжымайтын мүліктің) құнын бағалау. ҚазақстанРеспубликасы Азаматтық кодексінде(117-бап) жылжымайтынмүліккежертелімдері, үймереттер, ғимараттар, көпжылдықекпе ағаш және жермен тығызбайланыстыөзгемүлік, яғниорнынаншығынсызауыстырумүмкінболмайтынмүлік, тіркелугежататынәуежәне теңіз кемелері, ішкі суда жүзукемелері, ғарыштықнысандаржатады. Бағалауқызметіндегіжылжымайтынмүліккетабыстымолайтумақсатымен үймереттер мен ғимараттар салынғанжертеліміғанажатқызылады. Бағалаудаеңалдыменнақтыбағалаушыныңнысанқұныныңнақтытүрін (негізделгеннарықтық, инвестицялық, кепілзаттыққұнын, тағыбасқалар) айқындауәрекеттерініңжиынтығыжатады. Жылжымайтынмүліктіңқұнынжекежәнежаппайбағалаутүрлерінебөлінеді.

Бағаның түрлері:

  • Нарықтық баға;

  • Инвестициялық баға;

  • Ликвидационды баға;

  • Кадастрлық баға;

  • Қайта құрылған баға.

Нарықтық баға – тауардың немесе қызметтің еркін нарықтағы бәсекелестікте сатылуына мүмкіндік беретін баға. Бұл жерде бәсекелесушілер өзара келісіммен жұмыс жасайды. Мұндай жағдайда:

  • Келісушілердің бір жағы баға нысанын иесіздендіруге міндетті емес, ал екінші жақ оны қабылдауға міндетті емес;

  • Келісушілер өз қызығушылығы үшін ғана жұмыс жасайды;

  • Нысан бағасы ашық нарықта көрсетіледі;

  • Нысан үшін төлем ақшалай түрде болады және т.б.

Кадастрлық баға дегеніміз – жылжымайтын мүлік нысанына мемлекеттік кадастрлық бағалау үрдісінде бекітілген нарықтық баға. Ол белгіленген нысанның немесе жылжымайтын мүліктің бағалау заңымен берілген нарықтық бағасы болып табылады.

Кадастрлық баға ашық нарықта өткізілетін жылжымайтын мүлік нысандары сияқты нарыққа шығарылмайтын немесе шектеуі бар жылжымайтын мүлік нысандарына да беріледі. Кадастрлық баға беру кезінде жылжымайтын мүліктің барлық ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері міндетті түрде ескеріледі.

  1. Бағаланған жер телімдерін анықтау тәртібіне сипаттама беріңіз

  2. Аумақтың біркелкі құндылығын анықтау коэффициентіне анықтама беріңіз

  3. Қоныстандырылған жерлерді мемлекеттік бағалау әдістемесі туралы сипаттама беріңіз

Қалалардагы жер учаскелерінің кадастрлық бағалауы – жердің жұмыс бағасы мен жер учаскесінің сапалық-сандық сипаттамаларын ескере отырып жалпы қала территориясының бағалау зоналау жүйесінде бөлек жер учаскесінің бағасын сипаттайды.

Жердің негізгі бағасының көрсеткіштерін есептеу мен сандық-сапалық көрсеткіштерін анықтау үшін алғашқы ақпарат болып функционалды зерделеу; территория дамуының генералды пландары; жер учаскелері, пәтерлер, үйлер мен тұрғын емес мекемелерді сату-сатып алу және жалға беру істері бойынша ақпарат; өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың кірісі туралы мәлімет; ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер рентасы және т.б. Осы көрсетілген ақпараттан басқа қоныстану пункттер территориясындағы құрылыстардың коэффициенті, топырақтың инженерлік-құрылыстық сипаттамалары, негізгі фонттардың амортизациясы, капитализация коэффициенті, өндірістік кәсіпорындарының капитал құрылымы сияқты есептеу параметрлі қолданылады.

Баға зоналары бойынша қарапайым жер учаскелерінің негізгі жер бағасының көрсеткіштерін есептеу нарыктық ақпаратқа негізделеді. Жер және басқа да жылжымайтын мүлік және нарықтық айналымға кірмейтін жерлер бойынша істердің екіжақты ақпараты кезінде, жер бағасының негізгі көрсеткіштері әлем тәжірибесінде қабылданған нарықтықтық бағалаудың принциптері мен әдістері негізінде анықталады.

Нақты жер учаскесінің кадастрлық бағасы баға зонасы және подзона жңае жер учаскесінің каадастрлық сипаттамалары бойынша негізгі жер бағасының көрсеткіштерінің негізінде орнатылады: ауданы, орналасуы, топографисы, гидрологиясы және басқа да баға орнатушы факторлар мен сипаттамалар.

Қоныстанылған пункттердің кадастрлық бағалауы келесі кезеңдерден тұратын белгілі бір жұмыс тізбегін білдіреді:

1) қала ішіндегі жер мен басқа жылжымайтын мүлік объекттерін сипаттайтын ақпаратты жинау мен сараптау;

2) жер бағасының өзгерісіне әсер еткен әр факторды ескере отырып, жердің нарықтық бағасының баға орнатылу факторын сипаттайтын ақпаратты жинау мен сараптау;

3) факторлық сараптау нәтижелері мен нарықтық статистика сараптауының нәтижелерін келістіру;

4) жер учаскелері бойынша мәлімет дайындау және зоналды(кварталды) жер бағасын, жер учаскесінің ерекшеліктері мен оның орналасуының локальді шарттарын ескере отырып, жер учаскесінің кадастрлық бағалауын жүргізу;

5) жер учаскесінің сандық-сапалық сипаттамаларын ескере отырып, кадастрлық квартал бойынша қала территориясының эконоикалық бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]