Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kadastr.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162 Кб
Скачать
☆
  1. Қалақұрылыстық кадастырының құжаттарына сипаттама беріңіз

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры – бұл жасыл аумақ құрылысының объектілерін, сондай-ақ инженерлік-транспорттық инфрақұрылым құрылыстарын есепке алу жүйесі. Оған жылжымайтын мүліктің жобаланып жатқан және салынып жатқан объектілерінің сандық және сапалық көрсеткіштері енгізілген, ол оны пайдалану және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік-құқықтық режимінің белгісі бойынша картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты білдіреді.

Мемлекекттік кадастр Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының негізінде құрылады.

Қала құрылысы саласындағы жалпы рұқсат етілген электронды қор деректерін құру және кадастрды, қала құрылысы деректері мұрағатын жүргізу үдерісін автоматтау, кадастрлық мамандардың жұмыстарын жеңілдету, пайдаланушылардың сұратуына тез әрекет ету, қала құрылысы құжатын қалыптастыру және беру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қала құрылысы кадастрының субъектілерін талдамалы, картографиялық, нормативтік, директивтік қор және қалалардың аумақтарын және республиканың аудандарын перспективті пайдаланудың ағымдағы жағдайы туралы рұқсат етілген ақпарат ретінде автоматтау, тіркеу, есепке алу, сақтау және деректерін ұсыну.

Қазақстанның кадастрлық жүйесі үш деңгейден тұрады: республикалық – республиканың аумағы; облыстық – республикалық маңызы бар облыстар мен қалалардың аумағы, базалық – әкімшілік аудандар, облыстық орталықтар және елді мекендер.

МҚК ААЖ-де әкімшілік аумақтар, қала құрылысы қызметінің объектілері, перспективті қала құрылысын дамыту жағдайлары, қала құрылысы регламенті, инфрақұрылым объектілері туралы мәліметтер, инженерлік желілер және коммуникациялар турал ақпарат жиналады, сақталады және пайдаланылады.

Қала құрылысы кадастрын жүргізу салынып жатқан, сондай-ақ салынатын объектілер және Қазақстан Республикасы аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі кешендері мониторингісінің құрамдық бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің басқаруындағы жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысын құру және жүргізу функцияларын беруді қарастыратын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілердегі өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» заң жобасы дайындалды. Заң жобасы Үкіметке жіберілді.

  1. Қала құрылысы кадастрын автоматандырылған ақпараттық қамтамасыздандыру

  1. Қалақұрылыстық кадастырының құжаттарына сипаттама беріңіз

  1. Жер үлескілерінің қалақұрылыстық планына анықтама беріңіз

Қазақстанда жер мемлекеттің меншігіндегі болғандықтан, оған барлық жер қорының табиғи, қүқықтық, шаруашылық жайы туралы мәліметтер қажет. Экономикалық тұрғыда жерді өндірістің ең басты құралы ретінде есепке алу, бағалау туындайды. Мемлекеттің даму жоспарларын, бағдарламаларын, болжамдарын ғылыми негіздеп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы жағдай адам, материалдық, табиғилық қорларын/соның ішінде әсіресе, жердің маңызы зор/ есепке алу қажеттілігін есептейді.Сол шаралардың ішінде ең маңыздылары болып топырақтардың құнарлығын арттыру, су және жел эрозиясынан, қайта тұзданудан, құрғаудан, өнеркәсіп тастандыларымен ластанудан сақтау және жерлерді бастапқы қалпына келтіру шаралары болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін еліміздің жер қорларының сапалық жай-күйі туралы толық, сенімді ақпарат жинақталуы және болуы керек.Мемлекет жер пайдаланушыларды топырақтардың құнарлығын арттыру бойынша нәтижелі шараларды жүргізуге, олардың жел және су эрозияларына қарсы жүргізілген, ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ тұзданудың, ластаудың, батпақтанудың және басқа да жерлердің жай-күйін төмендететін процестердің алдын алу кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шаралар жүзеге асыру жер алқаптарының сапалық жай-күйін жан-жақты зерттеу және есепке алуға негізделеді.Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген қаулысы; /06.06.1996 ж. №710/ бойынша мемлекеттік жер кадастры Қазақстан республикасының табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлем мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер учаскелерінің есепке алынуы мен бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор, код, кіру және шығу форматтарының бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкестендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.Кадастр мәліметтер топографиялық-геодезиялық, аэро-ғарыштық,картографиялық,жерді үйлестру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жүмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады.Кадастрде әр жер учаскесі үшін физикалық сипаттамалары келтіріледі. Олар учаскені кеңістікте бөліп көрсетеді, оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелері туралы мәліметтер жер кадастрлік карталарда да келтіріледі,оның кадастрлік нөмірі, орны, шекарасы, жазулары айқындалады.

  1. Жер үлескісінің топографиялық картасына сипаттама беріңіз

  1. Жер үлескісінің кадастрлық планына сипаттама беріңіз

  1. Жылжымайтын мүліктің мемлекеттік кадастры

Жылжымайтын мүлік— азаматтық актіде  жеке тұлға заңды тұлғаның иелігіндегі жер және басқа жер-сулар, сол жердегі қозғалмайтын мүліктер ғимараттар, заводтар және т.б.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызметін аумақтық әділет органдары Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетеді.

Электронды тіркеу жағдайында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәмілені нотариус растағаннан кейін Бірыңғай нотариустық ақпараттық жүйеденқұқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық беруші құжаттың электронды көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) мемлекеттік тіркеу үшін жоғарыда аталғанқұжаттарды қабылдау;   2) жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдыққұрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудіңөзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардыңқолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру;

3) тіркеу парағына жүргізілген тіркеу не Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазба енгізу;    4) құқық белгілейтін құжатта жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасау;

5) жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты, не осы Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты беру , сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық  актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық  тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

Нотариус мәмілені куәландырғаннан кейін құқық иеленушiнің жазбаша келісімімен, оның электрондық  цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық  белгiлейтiн құжаттың электрондық көшірмесін бiрыңғай нотариаттық  ақпараттық  жүйе арқылы құқықтық  кадастрдың ақпараттық жүйесіне жiбередi.Жылжымайтын мүлікті сатып алушыны,құқық  белгілейтін құжатқа бірыңғай нотариаттыќ ақпараттыќ жүйеде,берілген бірегей нөмір туралы      жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс алым сомасы туралы немесе алымды төлеуден босату туралы хабардар етеді.Жылжымайтын мүлікті сатып алушы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылған жағдайда, жеңілдік құқығын растайтын құжатты сканерлейді.Құқықтық  кадастрдың  ақпараттық жүйесіне бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық  мекенжайларын,тұлғаның жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін жібереді;

  1. Табиғи ресурстар кадастрына анықтама беріңіз

  2. Орман кадастрына анықтама беріңіз

Кадастр[1][2] (французша: cadastre – парақ, тізілім) –

  • Жер кадастры – ауыл мен орман саласында өндірістің басты құралы жер туралы егжей-тегжейлі мәліметтердің жиынтығы;

  • су кадастры – жер бетіндегі және жер астындағы су нысандары туралы гидрологиялық мәліметтердің жиынтығы;

  • сондай-ақ, жекелеген кәсіпшіліктер мен ұсақ нысандардың да кадастрлары болады. Кадастр деректері салықтарды, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер белгілеу кезінде, нысандарды жалға беру, кепілге салу, сату кезінде олардың құнын бағалау үшін пайдаланылады;

Орман кадастры – орман алқаптарының көлемі, сапасы туралы мәліметтер жиынтығы; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кадастры – қорық, қорықша, ұлттық саябақтардағы тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтер жиынтығы; жануарлар Кадастры – белгілі бір аумақтағы жануарлар саны, таралуы, шаруашылық маңызы және оларды пайдалану туралы мәліметтер; өсімдіктер Кадастрды – жануарлар Кадастры сияқты өсімдіктер туралы жиналған деректер. Кадастры жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері жыл сайын ақпарат жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электронды жүйелерін, сондай-ақ қағазға басылған нұсқаларын пайдаланып. Орман қорының мемлекеттік есебі орман қорының күзетілуін, қорғалуын, ормандардың молықтырылуы мен орман өсіруді, орманның пайдаланылуын, орман қорының сандық және сапалық өзгерістеріне жүйелі бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттік органдарды, мүдделі жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Мемлекеттік орман қорының құрамындағы ерекше қорғалатын орман аумақтары жеке бөлінеді және есепке алынады. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер мен мемлекеттік табиғи резерваттар шекарасындағы мемлекеттік табиғи ескерткіштер солардың құрамында есепке алынады.

Орман қорының мемлекеттік есебінің деректері мемлекеттік орман кадастрын жүргізген кезде пайдаланылады. Мемлекеттік орман кадастры орман қорының құқықтық режимі, оны орман иеленушілер арасында бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйі, мемлекеттік орман қорын санаттары бойынша бөлу туралы мәліметтер жүйесін және орман қорының орман шаруашылығын жүргізу мен шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалау үшін қажетті басқа да экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралы деректерді қамтиды.

Мемлекеттік орман кадастрының деректері орман шаруашылығын мемлекеттік басқару, оны жүргізуді ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргізуге және мемлекеттік орман қорын пайдалануға байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру және (немесе) мемлекеттік орман қоры жерін алып қою, орман пайдаланудың төлемақысы мөлшерін белгілеу, орман пайдаланушылар мен орман иеленушілердің шаруашылық қызметін бағалау кезінде пайдаланылады.

  1. Қазба байлықтарының кадастрына сипаттама беріңіз

  2. Ерекше қорғалатын аумақтар кадастрына анықтама беріңіз

  1. Кадастрлық мағлұматтар мазмұнының құрылымына сипаттама беріңіз

Кадастр (французша: cadastre – парақ, тізілім) –

I. экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.

Кадастрда ресурстар мен нысандардың орналасуы, олардың шамасы, нысандардың құндық бағасы мен кірісін құрайтын сапалық сипаттамалары туралы деректер беріледі. Кадастрдың белгілі түрлері:

  • Жер кадастры – ауыл мен орман саласында өндірістің басты құралы жер туралы егжей-тегжейлі мәліметтердің жиынтығы;

  • су кадастры – жер бетіндегі және жер астындағы су нысандары туралы гидрологиялық мәліметтердің жиынтығы;

«Жер туралы» заңға сәйкес Қазақстанда мемлекеттік жер кадастры келесі құрамдық бөліктерден тұрады – жер учаскелерін тіркеу, жерлерді есепке алу, топырақтарды бонитеттеу, жерді мемлекет меншігі болып, ол жер учаскелерін пайдалану, иелену құқығын бергендіктен жерді қалай пайдалануы заңда түрде рәсімделіп, ал жер учаскелері белгілі территория, жылжымайтын мүлік ретінде белгілі тәртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметгі жер учаскелерін мемлекеттік тіркеуі өткізеді. Оның мәліметтері жердің белгілі көлемін, нақты жеке немесе заңды тұлғалардың пайдалануы үшін негіз болып келеді.

Есепке алуда жер мөлшері, кеңістік орналасуы, сапалық жай күйі пайдалануы бойынша сипатталады. Есепке алудағы тіркеу мәліметтері әр нақтылы пайдаланушының, иеленушінің жер учаскенің мөлшерлерін жазу негізін қалайды. Мемлекеттің бос жерлері олардың орындары бойынша жеке орналасқан жер массивтері ретінде есепке алынады.

Есепке алуда табиғи қор және өндіріс құралы ретінде жердің санымен қатар сапалық көрсеткіштері анықталады. Топырақтардың табиғи қасиеттері бірдей болмайтындықтан, оларды салыстырмалы түрде бағалау қажет болады, былай айтқанда топырақтарды бонитеттеу керек. Жерлерді тіркеу, есепке алу жөніндегі мәліметтер жеке учаскелердің топырақтарын бонитеттеуде бастапқы ақпарат болып келеді. Жердің сапасы табиғи факторлармен шектелмей, экономикалық жағдайларға тәуелді болады. Сондықтан жерді өндіріс құралы ретінде экономикалық бағалау керектігі пайда болады. Осы бағалаудың мәліметтері тіркеу – есепке алу және бонитеттеу мағлұматтарына сүйенеді.

Тұтас жүйе ретінде жер кадастрының байланысы және жүзеге асыру ізділігі осындай. Өз кезегінде, кадастрдың әр бөлігінің жүргізілуінің нақты арналуы, мазмұны, белгілі әдістемелері, тәсілдері бар. Оның әр біреуі белгілі жағдайда жеке жүргізілуі мүмкін. Мысалы, бір кезеңде назарды жер тіркеуге, ал басқа уақытта – жерлерді есепке алуға көңіл бөледі. Белгілі кезеңде оларды топырақтарды бонитеттеу және жерлерді экономикалық бағалау мәліметтерімен толықтыру қажеттілігі туады. Орындалатын жұмыс аумағына, сипатына байланысты жер кадастры екі түрге бөлінеді: негізгі (бірінші), күнделікті (келесі).

  1. Жер үлескілері туралы мағлұматты тізімге енгізу үрдісіне сипаттама беріңіз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]