Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kadastr.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.22 Кб
Скачать
  1. Жер кадастры ұғымына анықтама беріңіз.

Жер кадастрымемлекет аумағындағы жерресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі. Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделі тұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді

Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана бастағаннан (егіншілік пайда болғаңда) туындады, яғни алқаптардың түрлері бойынша, есепке алуды талап етті.Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдарды табу тәсілдерінің әрі қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда болуына және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді.

Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол арқылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.Қоғамның даму кезеңдері басыңда негізінен жер көлемдері туралы мәліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық күйі бойынша есепке алу қажеттілік пайда болды. Содан соң алқаптарды топырақ және құнарлығы бойынша сипаттай бастады. Жер кадастрі мәліметтерін тек мәтіндік құжаттарда ғана белгілей бастады . Олар кәзіргі дәуірге дейін көптеген жүздеген жылдан бұрын жер және топырақтарда сапасы бойынша топтастыру туралы мәліметтерден тұратын жер кадастрінің болғандығын куәләндіреді.

  1. Кадастрдың пайда болу тарихына сипаттама беріңіз

«Кадастр» сөзі латынның «caput» сөзінен шыққан, иемдену заты деген мағына береді, тағы сол сияқты «capitalistrum» сөзі иемдену заттарының тізімі деген мағына береді. Бас кезінде кадастр кітап ретінде болды, оның ішінде (ауданы көрсетілген), салық салынатын жерлер тізімі, жер қыртысының сапасы және жер салығының көлемі көрсетілген. Тарихтың, поэзияның, философияның ежелгі ескерткіштері таксация (латын сөзі taxatio), жанрдың бағалануы б.э.д. көптеген жылдар бұрын болған мәліметтерді сақтады. Қытайда да б.э.д. үш мың жылдықта жер қыртысы тоғыз классқа бөлінген екен. Жер кадастры туралы жете мәліметтерді Ежелгі Мысыр, Греция және Римнің көптеген ескерткіштерінен табылды. Мысырлық папирустар б.з.д. Мысырда сапасына тәуелді көптеген жер категорияларының бар болғанын күәландырады. Бірінші мысырлық фараондар кезеңдерінде (төрт мың жыл бұрын) салық салынатын жерлерге, бағалау тізімдері мұқият жүргізілді. Нилдің өзіндік жерлері табыстың бесінші бөлігін алу мақсатында және жер иелігіне құқықты орнатуда, сапалы және сандық қатынастарында есепке алынды. Мұндай есеп-бағалауды жылына екі рет фараонның арнайы таксаторлар-чиновниктер жүргізді. Гомера поэма эпохасында (12-8ғ б.з.д.) гректер жер қыртысы және жер ұғымдарын айыра ұғынды, олар жерді космостың элементі, ал жер қыртысын өңделген жердің қасиеті деп қарастырды. Жер сапасын салыстыра бағалау қажеттілігі Ксенофонт шығармаларында және Аристотельдің оқушысы Теофрасттың шығармаларында көрсетілген. Ксенофонт (б.з.д. 430-355ж) «экономика» шығармасында, шаруашылықты дұрыс жүргізу үшін білу қажет, берілген жерде қандай дақылдарды егу керек, ал бұл үшін жер қыртысының сапасын анықтау керек, яғни басқа учаскелердің егісімен танысу керектігін атап көрсетпек. Теофраст (б.з.д. 372-287ж.) жер қыртысының қасиетін есептеу қажеттілігін сыза көрсетуде, әр түрлі жер қыртыстарына және жердің су өткізгіштілігі, химиялық құрамы, жылуға қатынасы, құнарлы қабаттарының тереңдігі, оның құрылымына жете тоқталады. Ежелгі Римнің жер кадастры жер меншігінің суреттеуін көрсетеді. Арнайы реестрлерге жер учаскелерінің ауданы, оларды өңдеу әдістері, сапасы және жерлердің табыстылығы туралы мағлұматтар енгізілген. Қола кестелерге жерлердің жоспарлары, олардың атаулары, шекаралары және жер иеліктерінің аудандары жазылып отырған. Соның ішіне жерлердің сапасы және шаруашылық туралы мағлұматтар енгізілген. Рим кадастрының принциптері империяның аудандарында және колонияларында кең тарады, тағы сол сияқты басқа мемлекеттерде қолданды.

Ортағасырлық кезеңдерде жер кадастрының дамуы туралы византиялық ауыл шаруашылық энциклопедия-Геопоники куәландырады. Онда жердің сапасын жер қыртысының сыртқы түрінен және өсімдіктері, жер қыртысының дәмі және иісінен анықтауға мүмкін болатыны көрсетілген. Көп көңіл өңір рельефіне, бөктер экспозицияларына, т.с.с. жер қыртысының қасиеттеріне, яғни тығыздылығына, құрамына, түсіне аударылды. Жер қыртысының қасиеттеріне байланысты, оның сапасы және орналасу жағдайы және жер қыртысын өңдеу, дақылдар жинағы, әр түрлі қыртысқа жарамдылығы бойынша ұсыныстар жүргізілді

  1. Кадастрдың түрлері мен құрам бөліктерін сипаттап көрсетіңіз

Жалпы кадастрдың түрі ол экономикалық және биологиялық бағыт бойынша қарастырамыз ол төменде көрсетілген:

I. экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.

Кадастрда ресурстар мен нысандардың орналасуы, олардың шамасы, нысандардың құндық бағасы мен кірісін құрайтын сапалық сипаттамалары туралы деректер беріледі. Кадастрдың белгілі түрлері:

  • -Жер кадастры – ауыл мен орман саласында өндірістің басты құралы жер туралы егжей-тегжейлі мәліметтердің жиынтығы;

  • -су кадастры – жер бетіндегі және жер астындағы су нысандары туралы гидрологиялық мәліметтердің жиынтығы;

  • -сондай-ақ, жекелеген кәсіпшіліктер мен ұсақ нысандардың да кадастрлары болады. Кадастр деректері салықтарды, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер белгілеу кезінде, нысандарды жалға беру, кепілге салу, сату кезінде олардың құнын бағалау үшін пайдаланылады;

II. биологияда – жүйеленген биологиялық мәліметтер жиынтығы. Кадастр белгілі бір нысанның үстінен үздіксіз немесе мезгіл-мезгіл жүргізген бақылау мәліметтерін тіркеу арқылы жасалады. Бұл мәліметтерді тіркеу үшін, алдымен, оның сапасы дұрыс бағаланып, категорияға, топтарға бөліп жіктелінеді. кадастрдың түрлері көп.

-орман кадастры – орман алқаптарының көлемі, сапасы туралы мәліметтер жиынтығы;

-ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кадастры – қорық, қорықша, ұлттық саябақтардағы тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтер жиынтығы;

-жануарлар Кадастры – белгілі бір аумақтағы жануарлар саны, таралуы, шаруашылық маңызы және оларды пайдалану туралы мәліметтер;

-өсімдіктер Кадастрды – жануарлар Кадастры сияқты өсімдіктер туралы жиналған деректер. Кадастры жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді

Жер кадастры келесі құрамдық бөліктерден тұрады – жер учаскелерін тіркеу, жерлерді есепке алу, топырақтарды бонитеттеу, жерді бағалау және жер учаскелерімен мәміле жасау. Бірыңғай мемлекеттік жер қоры мемлекет меншігі болып, ол жер учаскелерін пайдалану, иелену құқығын бергендіктен жерді қалай пайдалануы заңда түрде рәсімделіп, ал жер учаскелері белгілі территория, жылжымайтын мүлік ретінде белгілі тәртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметгі жер учаскелерін мемлекеттік тіркеуі өткізеді. Оның мәліметтері жердің белгілі көлемін, нақты жеке немесе заңды тұлғалардың пайдалануы үшін негіз болып келеді.

  1. Кадастрдың нормативті-құқықтық негізіне сипаттама берініз

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасы кадастрларының мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекарасында үш аумақтық деңгейдегі біріңғай жүйе бойынша:

  1. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган республикалық деңгейде жүргізеді.

Республикалық аумақтық деңгейде республика бойынша кадастрлық деректерді қорыту мен талдау, мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құрудың және жүргізудің ғылыми-әдістемелік және нормативтік-құқықтық базасын, оның бағдарламалық-техникалық құралдарын әзірлеу жүзеге асырылады;

  1. облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық деңгейінде жүргізеді.

Облыстың аумақтық деңгейінде ведомстволық бағынысты аумақ бойынша кадастрлық деректерді қорыту мен талдау, ғылыми-әдістемелік әзірлемелер енгізу орындалады.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық деңгейінде елді мекен мен қала құрылысын реттеу аумағы туралы ақпаратты жинау, бақылау, жаңартып отыру, бұл деректердің мұрағатын жүргізу, пайдаланушылардың сұранымына қызмет көрсету жүргізіледі;

  1. аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет, кала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары базалық аумақтық деңгейде жүргізеді.       Базалық аумақтық деңгейде елді мекен мен қала құрылысын реттеу аумағы туралы ақпаратты жинау, бақылау, жаңартып отыру, бұл деректердің мұрағатын жүргізу, пайдаланушылардың сұранымына қызмет көрсету жүргізіледі.

Қала құрылысы кадастрын жүргізу салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендер мониторингі - Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жай-күйі мен өзгерістерін қадағалау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қала құрылысы кадастрын жүргізу тәртібі:

  1. Базалық, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық деңгейлерде қала құрылысы кадастрын жүргізу республикалық деңгейдегі қала құрылысы кадастрының жалпы автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің шеңберінде автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалана отырып жүзеге асырылады.

  2. Барлық аумақтық деңгейлердегі қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарда анықталатын бірыңғай әдіснама бойынша мамандандырылған бағдарламалық-аппараттық кешендер негізінде құрылады.

  3. Барлық аумақтық деңгейлердегі қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі тиісті аумақтық деңгейдегі қала құрылысы кадастырының дерекқорында ақпарат жинауды, өңдеуді, есепке алуды, тіркеуді, сақтауды, қала құрылысы кадастры дерекқорының көшірмелерін жоғары тұрған аумақтық деңгейге (облыстық немесе республикалық) беруді, сондай-ақ қала құрылысы кадастрының ақпаратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беруді қамтамасыз етуге тиіс.

  1. Қала құрылысы кадастрын ақпараттық қамтамасыздандыру және оның мазмұнына анықтама беріңіз

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры – бұл жасыл аумақ құрылысының объектілерін, сондай-ақ инженерлік-транспорттық инфрақұрылым құрылыстарын есепке алу жүйесі. Оған жылжымайтын мүліктің жобаланып жатқан және салынып жатқан объектілерінің сандық және сапалық көрсеткіштері енгізілген, ол оны пайдалану және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік-құқықтық режимінің белгісі бойынша картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты білдіреді. Мемлекекттік кадастр Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының негізінде құрылады. Әр түрлі мемлекеттерде әкімшілік-техникалық кедергілерді жою үшін мемлекеттік үкіметтік органдармен пайдаланылатын түрлі тетіктер төлінеді. Швецияда қала құрылысы кадастры бас ақпараттық ресурс болып саналады, себебі оның бірқатар маңызды функцияларын демеп отырады: жылжымайтын мүлікке құқықты тіркейді, тұрғын үйді сатып алуға несие береді, өңірлік және қалалық жоспарлау мен дамыту. АҚШ-та әр объектіні салуға арналған жоба Құрылыс департаментінде мемлекеттік сараптамадан өтеді, ал құрылыс істері бойынша комиссармен (Құрылыс департаментінің басшысы) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жоба бойынша осы объектінің құрылысын салуға рұқсат беретін лицензияны беріледі. Венгрия Еуропаның дамыған елдерінің ең көрнекті үлгісі болып табылады, ол жер мен жылжымайтын мүлікті тіркеудің бірыңғай жүйесінің (Венгрияның бірыңғай кадастрлық жүйесінің ресми атауы) басымдығын көрсетті. Кадастрды және жер мен жылжымайтын мүлікті тіркеу 1971 жылы құқықтық негізде және институциялық деңгейде біріктірілген болатын. Институциялық желі кадастрлық карталарды құру және өзекті етуге, заңды жер бөлімшелерінен тұрады. 2007 жылдан бастап Венгрия жүйесі өзін өзі қаржыландыру үдерісінде жұмыс істейді. Қазақстанның кадастрлық жүйесі үш деңгейден тұрады: республикалық – республиканың аумағы; облыстық – республикалық маңызы бар облыстар мен қалалардың аумағы, базалық – әкімшілік аудандар, облыстық орталықтар және елді мекендер. МҚК ААЖ-де әкімшілік аумақтар, қала құрылысы қызметінің объектілері, перспективті қала құрылысын дамыту жағдайлары, қала құрылысы регламенті, инфрақұрылым объектілері туралы мәліметтер, инженерлік желілер және коммуникациялар турал ақпарат жиналады, сақталады және пайдаланылады. Қала құрылысы кадастрын жүргізу салынып жатқан, сондай-ақ салынатын объектілер және Қазақстан Республикасы аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі кешендері мониторингісінің құрамдық бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің басқаруындағы жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысын құру және жүргізу функцияларын беруді қарастыратын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілердегі өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» заң жобасы дайындалды. Заң жобасы Үкіметке жіберілді.

  1. Қала құрылысы кадастрының негізгі түсініктемесіне анықтама беріңіз

  1. Сервитут ұғымына анықтама беріңіз. Сервитут анықтамасы мен мазмұны

Сервитуттар түсінігі, түрлері, пайда болу және тоқтату шарттары. Сервитут дегеніміз — бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалану құқығы. Сервитут белгілері:

-Сервитут құқық емес, міндет болып табылады;

-Сервитуттың объектісі кез келген мүлік емес жер учаскесі;

-Сервитут мәміленің, оның ішінде сатып алу-сатудың және кепілге салудың дербес нысанасы бола алмайды.

-Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етілуі үшін сервитут белгіленген құкьіқпен бірге ғана ауыса алады;

-Сервитут әрқашан да уақытшасипаттаболады;

-Сервитуттың пайда болуы шарты ретінде бөтеннің иелігіндегі жер учаскесінің болуы;

-Нормативтік-құқықтық актілерден туындаған сервитуттар тіркелуге жатпайды;

-Жеручаскесін шектеулі құқықпен пайдаланушы құқық субъектісі жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушы сервитутпен байланысты келтірілген барлық шығынды өтеуге тиіс;

Жеручаскесіне меншік құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесіне жер пайдалану құқығы баска тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады. Жер учаскесіне меншік құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесіне жер пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады. Сервитут мәміленің, оның ішінде сатып алу сатудын және кепілге салудың дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етілуі үшін сервитут белгіленген кұқықпен бірге ғана ауыса алады. Сервитуттың пайда болу негіздері: Бөтеннің жер учаскесін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы келесідей негіздер бойынша туындайды:

1. Тікелей нормативтік-кұқықтық актілері негізінде;

2.Мүделлі тұлғамен жер меншік иесі немесе жер пайдаланушы арасында жасалған шарт негізінде;

3.Тікелей сот шешімі негізінде;

4.Жергілікті атқарушы орган актісі негізінде;

5.Өзге де зандар негізінде туындауы мүмкін.

Жер кодексіне сәйкес, сервитуттың екі түрі қарастырылған.Олар жекеше сервитут және қауымдык сервитут. Жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы — көрші жер учаскесіне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектісінен, ал, кажет болған жағдайда өзге учаскеге де жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектілерінен осы учаскелерді шектеулі пайдалану құқығын (жекеше сервитут) табыстауды талап етуге құқылы. Көрші немесе өзге де жер учаскесін шектеулі пайдалану кұқығы (жекеше сервитут): Егер жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өз учаскесіне басқа жолмен өтуі мүмкін болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көрші немесе өзге де жер учаскесі арқылы жаяу және көлікпен жүріп өтуді; көрші немесе өзге де учаскеге сервитут белгіленбейінше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажеттіжелілерін тартуды және пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жылумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының, басқа да қажеттерін қамтамасыз ету үшін белгіленуі мүмкін. Көрші немесе өзге де учаскеге жекеше сервитут осы учаскелерге жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы субъектілерімен жасалатын шарт бойынша белгіленеді. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жекеше сервитут ауыртпалығын көтеруші жер учаскесінің меншік иесі немесе оның жер пайдаланушысы солардың мүддесіне орай сервитут белгіленген тұлғалардан мелшерлес төлемақы талап етуге құқылы. Қауымдық сервитут дегеніміз - мемлекеттің және жергілікті халықтың мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда жергілікті аткарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің негізінде туындайтын жер учаскелерін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып қоймай белгіленетін сервитут түрі. Қауымдық сервитуттар: 1) ортақ пайдаланудағыобъектілерге, зираттарға, қорымдарғажәне өзге де ғибадат объектілеріне жер учаскесі аркылы жаяу немесе көлікпен өту; жер учаскесін коммуналдык, инженерліқ, электр және басқа да желілер мен тораптарды, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының объектілерін жөндеу мақсатында пайдалану; жер учаскесінде межелік және геодезиялық белгілер мен оларға өту жолдарын орналастыру; су алу және суат; жер учаскесі арқылы мал айдап өту; жер учаскесін белгіленген мерзімде және белгіленген тәртіппен аң аулау, жер учаскесінде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау, жабайы өсімдіктерді жинау мақсатында пайдалану; іздестіру, зерттеу және басқа да жұмыстар жүргізу мақсатында жер учаскесін уақытша пайдалану; жағалау белдеуіне еркін өту; мемлекеттік органдардың шешімімен жер учаскесін мәдени көпшілік іс-шаралар өткізуге пайдалану; қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге байланысты өзге де жағдайлар үшін белгіленуі мүмкін.Сервитуттың тоқтатылуы: құқық иесінің бас тартуы; ұзақ уақыт пайдаланылмауы, бұл мерзім 3 жылдан артық уақытқа белгілеген; оның белгіленген мерзімінің өтуі нәтижесінде; тараптар арасындағы келісім негізінде; сот шешімі негізінде; Қазакстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтатылады.Қауымдық сервитут қоғамдық қажеттер үшін белгіленіп, ол қажеттер болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның сервитутты жою туралы шешім қабылдауы арқылы тоқтатылуы мүмкін. Сервитуттың қолданылуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде көзделген негіздер бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылады. Сервитут белгілі -бір мерзімге белгіленген жағдайларда, егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, оның қолданылуы белгіленген мерзім аяқталған соң тоқтатылады. Сервитут шарт негізінде талап етілетін кезге дейін немесе белгісіз мерзімге белгіленген жағдайларда сервитуттың қолданылуы сервитутпен ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлік иесінің сервитутты тоқтату туралы талап еткен кезінен бастап бір ай мерзім өткен соң тоқтатылады.

  1. Мемлекеттік қала құрылыс кадастры

Мемлекеттік қала құрылыс кадастры (МҚК) - бұл қала, ауыл және әкімшілік территориялардың дамуын бақылайтын мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. МҚК-нда әкімшілік территория, қала құрылыс қызметінің объектілері, қала құрылыстың перспективті даму шарты, қала құрылыс тәртіптері, инфрақұрылым объектілері, инженерлік желілер және коммуникация туралы ақпараттар жиналады, сақталынады және қолданылады. Қала құрылыс кадастрын жүргізу Қазақстан Республикасы аумағында сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметінің салынып жатқан және салынуға жоспарланған объектілер мен кешендерді бақылайтын қосалқы бөлігі болып табылады.

Мемлекеттік қалақұрылысы кадастры аумақтың тұрақты дамуын ақпараттық қамтамасыз етуге, экологиялық теңдестірілген және қауіпсіз аумақтық ортаны қалыптастыруға бағытталған және қалаларда, поселкелерде, сондай-ақ селолық елді мекендерде, селолар арасындағы аумақтарда құрылыс жүргізуді және аумақтардың пайдалануын реттеу мен бақылау үшін базалық негіз ретінде белгіленген. Қалақұрылысы кадастрында кешенді экономикалық бағалау негізінде белгіленген қалақұрылысы регламенттері, жерге және басқа жылжымайтын мүлікке төленетін төлемдер мен салықтың дифференциалдық ставкаларын белгілеу үшін аумақты экономикалық аудандандыру шекаралары реттеледі. Ал бұл өз кезегінде - аумақты және құрылысты пайдалану сапасын арттыруға мүмкіндік береді.           Қалақұрылыс кадастрының автоматтық жүйесін өңдеу МҚК қызметін ұйымдастыруды, материалдық-техникалық базасын өңдеуді, мәліметтік базасын құру және бағдарламалы қамтамасыздандыруды өңдеу жөніндегі жұмыстарын жасауды болжайды.       Мемлекеттік қалақұрылыс кадастрын қалыптастыру кезеңінде бюджеттен 5 жыл бойы қаржы бөліну керек болады. Бірақ қалақұрылыс қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыстарының сапалы және жедел жасалуы, экологиялық жағдайының сақталуы, аумақты ұйымдастыру және пайдалануды қатал бақылау маңызды тиімділікке жол береді, ал ең басты облыс тұрғындары үшін қолайлы жағдайды құру.

 "Президенттің Қазақстан халқына жолдауы" бойынша ауыл аумақтарын дамыту мемлекеттік бағдарламасы құрастырылады. Бұл бағдарламаның мақсаты - ауылды жедел әлеуметті дамыту және құлдыраған, экологиялық және экономикалық болашағы нашар аумақтарының тұрғындарына көшуге және жұмысқа орналасуға көмек көрсету.       Алматы облысында 836 елді мекен орналасқан. Облыстың аумағы 224,1 мың шаршы метр. Талдау 300 кенттер бойынша өткізілген. 417 елді мекен 1970-1980 жылдары 1990-2000 жылға дейінгі мерзімге арналып жасалған бас жоспарымен қамтамасыз етілген. Алматы облысының барлық елді мекендері жоғары сейсмикалық аумағында (8-9 бал) орналасқан. Көп елді мекендерде құрылған жобалау құрылымы жөнсіз, көрініс қоғамдық орталықсыз. Аумақтың анық функционалдық аумақтандыруы жоқ. Әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілері көбінесе қайта жасақталған құрылыстар мен ғимараттарда орналасқан. Бір этажды тұрғын үйлердің басым көпшілігі ескі, саманнан, қамыс-каркастан, ағаштан салынған. Кенттердің бас жоспарын өңдегенде жобалаушылармен кенттердің анық жобалау шекаралары көрсетілмеген, сондықтан мерзімі аяқталған учаскелерде осы кезге дейін жеке тұрғын үйлері салынып жатыр. Көрсетілген құрылыстарға ауылшаруашылық жерін басып алу жағдайлары да болып жатыр. Жобаланған көшелердің жүйесі құралған жақсы жеке құрылысын ескермей түсірілген.       Аулалық тұрғын қорын жаңа жер туралы заңға байланысты қайтадан қарау керек.       Қала маңындағы елді мекендерде жеке құрылысқа арналған бос жер ресурстары түгел біткен. Облыс елді мекендерінің инженерлік жабдықтары мен көркейтілуі төмен деңгейде. Сумен жабдықталуы 30-40 %, жергілікті канализациямен - 20 %. Қазіргі бар көшелер мен тротуарларға күрделі құрылыс жүргізу керек.       Жоғарыдағыға сүйене отырып қалақұрылысына бағытталған шығармашылық ұжымдарын қатыстырып Алматы облысы елді мекендерінің бас жоспарларын жетілдіру керек және бұл шара облыс аумағында қалақұрылысы кадастрын өңдеу және енгізуін тездетеді.       Одан басқа, қолдағы жоспар - карталық материалдар, жер - есеп құжаттар, жоспарлау жүйелерінің материалдары ескірген және қалалар мен аудандардың аумағында кадастрды дайындау, өңдеу және енгізу жөніндегі кешенді шараларын мемлекеттік деңгейінде жасалуын ауырлатады. Барлық деңгейдегі (облыстық, қалалық және аудандық) кадастрдың тапсырыс берушісін анықтау керек, сонымен қатар қаржымен қуаттандырумен енгізу процедурасын дәл анықтау керек.       Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрының автоматтық жүйесін пайдалану кезінде, құрылысқа, сатуға, алуға, жалға беруге арналған, жылжымайтын мүлігі мен бірге, жер учаскесін беруге сонымен қатар құрылысы біткен тұрғын - азаматтық құрылыс объектілерін пайдалануға қатысты жергілікті ұйымдардың шешімдері мен актілері белгіленген тәртіпте қалақұрылысы кадастрының қызметінде міндетті түрде тіркелу керектігі Мемлекеттік деңгейде белгілену керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]