- •6 Билет
- •1.Иммунитетің т жүйесінің қызметі
- •3.Вакцинация, иммун механизм, мақсаты
- •7 Билет
- •1.Мононукл фагоцит жүйесі.Мкф қызметі мен рецептор
- •3.Вакцина түрлері (өлт бакт, вирус, фрагмент бар, анатоксин,тірі вакцина синт және рекомб вакциналар)
- •8 Билет
- •1.Иммун зерде
- •3.Анафилакт шок.
- •Имунды жүйенің құрылысы: мүшелік, жасушалық ж/е молекулалық ұйымдастырылу деңгейлері.
- •Ісікке қарсы иммунитеттегі жасушалық механизмдер, т-жасушалар, макрофагтар, табиғи киллерлер және к-жасушасының маңызы.
- •Иммунды жүйенің орталық және шеткері мүшелері
- •Ижж туралы түсінік, бдұ бойынша жіктелуі.
- •1.Жаңа туған нәрестелердің және бір жасқа дейінгі балалардың иммунды жүйесі
- •2.Цитокиндер. Анықтамасы, негізгі сипаттамалары. Интерлейкиндерге
- •Интерлейкин-2
- •Интерлейкин- 3
- •Интерлейкин-4
- •3.Трансплантациялық иммунология. Транспланттатың кері қайтуындағы жасушалық және гуморалды механизмдердің маңызы
- •17.Иммуноглобулиндердің құрылысы мен қызметтері, олардың иммунологиялық серпілістердегі маңызы.
- •18.Иммунды жүйенің орталық және шеткері мүшелері.
- •19.Комплемент жүйесінің классикалық және альтернативті жолдармен активтенуі, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •21.Атж негізгі түрлері және олардың қызметі.
- •25.Тимустағы теріс және оң сұрыпталу үрдістері, олардың төзімділік қалыптасуындағы маңызы.
- •26Hla-жүйесінің антигендерін анықтау әдістері (серологиялық, жасушаға-тәуелді). Hla-антигендерін типтеуде тәжірибелік аспектілер.
- •Лимфоциттердін субпопуляциясының анализі
- •27 Билет
- •1. Вакциналардың негізгі түрлері
- •28 Билет
- •33 Билет1.Біріншілік (туа біткен) ижж. Иммунитеттің в-жүйесінің біріншілік ижж-ң патогенезі және клиникалық көріністері.
1.Жаңа туған нәрестелердің және бір жасқа дейінгі балалардың иммунды жүйесі
Жаңа туған нәрестелерде Т лифм жане таб.килл цитотоксикалық белсенділігі томен, интерлейкин ж/е интерферон өндірілуі шектелген, интерферонның физио жетіспеушілігі вирусқа қарсы иммунинтеттін тапшылыңымен байл. Макрофагтардың ондірілуін тежейтін фактордың аз өндірілуі.Фагоцитоз жиі аяқталмаған.
2.Цитокиндер. Анықтамасы, негізгі сипаттамалары. Интерлейкиндерге
(ИЛ 1,2,3,4) сипаттама
Клеткалық және гуморальді жауап түзетін, клетка аралық механизмдер мен иммунды компонентті клеткалардың дифференцировкасын зерттеген кезде, белокты медиаторларының үлкен тобы ашылды, олар цитокиндер деп аталады. Олардың 30-дан астам түрлері белгілі.
Цистокиндердің негізгі биологиялық белсенділігі- иммунды жауапты барлық даму сатыларында реттеу: функциональді белсенді иммунокомпонентті клеткалардың пролиферациясы мен дифференцировкасы, антигенді өңдеу және макрофагтардың бетіңде иммуногенді түрде ұсыну, антиген сезімтал лимфоциттердің пролиферациясы, иммуноглобулиндер продуценттеріне дейін В- клеткалардың дифференцировкасы, бір изотоптан басқасына иммуноглобулиндер синтезін ауыстыру, цитотоксикалық Т- клеткалардың ізашаларының эффекторларға дейін пісіп жетілуін қамтамасыз ету, макрофагтардың цитотоксикалық әсерін индукциялау. Кейбір цитокиндер қабыну реакциясына және ісік клеткаларының элиминациясында айқындала түсетін жедел фазалы жауапқа белсенді түрде қатысады.
Интерлейкин-1
ИЛ-1 өнімінің негізгі көзі түрлі тіндік локализациясының фагоциттеуші мононукулеаларлар болып табылады: перифериялық қан мен перитонеальді экссудаттың макрофагтары мен моноциттері, бауырдың купфер клеткалары, эпидермистегі Лангерганс клеткалары, нервті тіннің микроглия клеткалары.
ИЛ-1- дің белсенді туындыларына эндотелиоциттер жатады. Одан басқа, бұл цитокинді секреттеу қабілетіне Т және В- лимфоциттер, фибробласттар, НК- клеткалар, кератиноциттер, нейтрофильдер ие.
Тыныштық күйдегі макрофагтар, және цитокиннің басқа клеткалық көздері, ИЛ-1-ді бөлмейді және оның мРНК-сы жоқ.
ИЛ-1-геннің экспрессиясы биологиялық белсенді белоктың түзілуімен жүретін, түрлі индукторлар арқылы клеткаларының активациясынан кейін ғана басталады. ИЛ-1-дің продукциясын шақырушы заттар арасында бактериялардың клеткалық қабырғасының компонентері мен қорғаныс реакциясының дамуы барысында пайда болатын цитокиндер болып келеді.
ИЛ-1-дің маңызды ең бір қасиеті Т- лимфоциттердің пролиферациясын ынталандыру болып табылады. ИЛ-1-дің өз бетімен Т-лимфоцидтердің өсуі үшін фактор бола алмайды. Оның әсер ету механизмі, Т- хелперлермен секреттелетін, ИЛ-2 және ИЛ-4 өсу факторларының, синтезін күшейту.
Сонымен қатар, Ил-1 Т- хелперлердің пролифеорациясын аутокринді түрде реттеу үшін жағдай туғызып, ИЛ-2 және ИЛ-4 рецепторларының экспрессиясын күшейтеді. ИЛ-1-ң ынталандырушы белсенділігі ИЛ-4 өңдейтін Т- хлеперлермен байлансты (Тн2). Иммунды жауаптың дамуы үшін ИЛ-1 дің В- клеткаларға өсуін- стимульдеуші әсерінің маңызы зор.
Арнайы антигендермен немесе митогиндермен белсендірілген В- клеткалар берілген цитокиннің әсерінен пролиферациясын күшейтеді. Бірақ, Т- хелперлер сияқта, бұл стимульдеуші әсері ИЛ-2-ге арналған рецепторларының экспрессиясын белсендіру арқылы әсер етеді. Сонымен қатар В- лимфоциттер дифференцировкасында ИЛ-1-дің қатысуы маңызды. Ол өздігінен дифференцирлеуші белсенділік қасиетіне ие емес, бірақ басқа цитокиндермен бірлесіп, антиденепродуциентті клеткаларға примирленген клеткалардың трансформациясын қамтамасыз етеді.
ИЛ-1 арнайы иммундық жауапқа қатысудан басқа, қорғаныстың арнайы емес формаларының дамуына жауапты- инфекциялық зақымдану кезіндегі жедел фазалы жауап және жергілікті қабыну реакциясының түзілуі деңгейінде ең маңызды медиаторлар ретінде қатысады.
