- •6 Билет
- •1.Иммунитетің т жүйесінің қызметі
- •3.Вакцинация, иммун механизм, мақсаты
- •7 Билет
- •1.Мононукл фагоцит жүйесі.Мкф қызметі мен рецептор
- •3.Вакцина түрлері (өлт бакт, вирус, фрагмент бар, анатоксин,тірі вакцина синт және рекомб вакциналар)
- •8 Билет
- •1.Иммун зерде
- •3.Анафилакт шок.
- •Имунды жүйенің құрылысы: мүшелік, жасушалық ж/е молекулалық ұйымдастырылу деңгейлері.
- •Ісікке қарсы иммунитеттегі жасушалық механизмдер, т-жасушалар, макрофагтар, табиғи киллерлер және к-жасушасының маңызы.
- •Иммунды жүйенің орталық және шеткері мүшелері
- •Ижж туралы түсінік, бдұ бойынша жіктелуі.
- •1.Жаңа туған нәрестелердің және бір жасқа дейінгі балалардың иммунды жүйесі
- •2.Цитокиндер. Анықтамасы, негізгі сипаттамалары. Интерлейкиндерге
- •Интерлейкин-2
- •Интерлейкин- 3
- •Интерлейкин-4
- •3.Трансплантациялық иммунология. Транспланттатың кері қайтуындағы жасушалық және гуморалды механизмдердің маңызы
- •17.Иммуноглобулиндердің құрылысы мен қызметтері, олардың иммунологиялық серпілістердегі маңызы.
- •18.Иммунды жүйенің орталық және шеткері мүшелері.
- •19.Комплемент жүйесінің классикалық және альтернативті жолдармен активтенуі, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •21.Атж негізгі түрлері және олардың қызметі.
- •25.Тимустағы теріс және оң сұрыпталу үрдістері, олардың төзімділік қалыптасуындағы маңызы.
- •26Hla-жүйесінің антигендерін анықтау әдістері (серологиялық, жасушаға-тәуелді). Hla-антигендерін типтеуде тәжірибелік аспектілер.
- •Лимфоциттердін субпопуляциясының анализі
- •27 Билет
- •1. Вакциналардың негізгі түрлері
- •28 Билет
- •33 Билет1.Біріншілік (туа біткен) ижж. Иммунитеттің в-жүйесінің біріншілік ижж-ң патогенезі және клиникалық көріністері.
Имунды жүйенің құрылысы: мүшелік, жасушалық ж/е молекулалық ұйымдастырылу деңгейлері.
Иммун жүйесінің құрылысы. Иммун жүйесін зерттегенде мүшелік, клеткалық және молекулалық деңгейлер ажыратылады. Мүшелік деңгейге орталық және шеткі мүшелер жатады. Орталық мүшелерге сүйек кемігі мен тимус жатады. Сүйек кемігінде қан клеткаларының жалпы із ашары болып көп қабілетті бағана клеткалары түзіледі. Сүйек кемігінен Т-лимфоциттердің із ашарлары тимусқа миграцияланады. Онда олардың дифференцировкасы жалғасады. Ал В-лимфоциттердің дифференцировкасы сүйек кемігінде өтеді. Түзілген лимфоциттердің клондарының әрқайсысы бір ғана антигендік детерминанттарға арналған. Бұл процесс антигендердің қатысуынсыз өтеді. Сонымен, иммунитеттің орталық мүшелерінде антиген тәуелсіз дифференцировка нәтижесінде лимфоциттердің клондары түзіледі – жетілген иммунды емес лимфоциттер.
Орталық мүшелерден жетілген иммунды емес лимфоциттер қан ағысымен шеткері мүшелерге барады. Шеткері мүшелерге көк бауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары, аппендикс, бадамшалар, бауырдың ерекше лимфоциттері, терінің лимфоидты жүйесі және басқа лимфоидты түзілістер жатады. Олардың тимус тәуелді (Т-лимфоциттер) және тимус тәуелсіз (В-лимфоциттер), аймақтарына сәйкес лимфоциттер келіп орналасады. Шеткері мүшелерде лимфоцит антигендермен кездесу нәтижесінде толық жетілген иммунды лимфоциттердің клондары түзіледі. Сондықтан, бұл процессті антиген тәуелді дифференцировка немесе иммуногенез деп атайды. Иммуногенездің басында перифериялық лимфоидты мүшелерде антиген тануға қабілеті бар лимфоциттер клондарының пролиферациясы қажетті болып табылады. Шеткері мүшелерде Т-, В-лимфоциттердің және антигентаныстырушы клеткалардың кооперациясы жүреді, нәтижесінде иммунды жауап пайда болады.
Иммун жүйесінің клеткалық деңгейіне клеткалар жатады: тегінде иммуноциттер (Т, В, НК), лимфоциттермен бірлесіп істейтін дендритті клеткалар, макрофагтар, эозинофилдер, базофилдер, нейтрофилдер.
Молекулалық деңгейге антиденелер, антигендер, лимфокиндер, МНС белоктары, лимфоциттердің беткей маркерлары, лимфоциттердің антиген танушы рецепторлары жатады.
Иммун жүйесінің тағы да бүкіл организмнің және популяциялық деңгейлер ажыратылады. Бүкіл организмнің деңгейінде иммунды жүйе және эндокриндік жүйелердің қарым-қатынасы арқылы организмде біртұтас реттегіш жүйенің бар екендігі дәлелденеді. Иммунологияда жаға бағыт – нейроиммуноэндокринология пайда болады.
Иммун жүйесінің популяциялық деңгейі. Әртүрлі аймақтарда өзіндік аймақтық ерекшеліктері бар. Олар экологиялық және басқа әсермен байланысты.
Ісікке қарсы иммунитеттегі жасушалық механизмдер, т-жасушалар, макрофагтар, табиғи киллерлер және к-жасушасының маңызы.
Қатерлі трансформацияланған клеткалардың антигендік модификациясы мынаның нәтижесінде өтеді:
Канцерогенді заттардың әсерінен.
Клеткалардың онкогенді вирустармен инфицирлеуімен.
Беткей клеткалық белоктарды бақылайтын гендердің нүктелік мутацияларында.
Белгелі антигендердің синтезіне жауапты гендердің делециясында
Эмбрионалды белоктарды бақылайтын гендердің дерепрессиясында.
Сау клеткалардың трансформациясы вирустармен индуцирлеуы мүмкін. Мысалы, В-клеткалық лимфомаларды Эпштейн-Бар вирусы индуцирлейді. Қатерлі ісіктерде бір қатар ісікті эмбрионалды антигендер анықталған: α-фетопротеин, ракты-эмбрионалды антиген. Ісіктердің жалпы антигені ретінде теломеразаның полипептидті компоненті болып табылады. Ісік клеткаларына иммунды реакция пайда болады. Бірақ, ісік клеткалары иммунокомпетентті клеткаларынан тез кобееді және
Ісікті зақымдайтын белсенді клеткаларға СД8 Т-клеткалар және СД4 Т-хелперлер жатады. Егер СД8 Т-клеткалары киллерлік қызметті атқарса, ал СД4 Тн1 клеткалар цитокиндер арқылы әсерін көрсетеді. Цитокиндердің ішінде маңызды, макрофагтармен НК-клеткаларды активтейтін, ИНФ-γ. Ісікке қарсы иммунитетке В-жүйесінің клеткаларының қатысуы бірнеше тәсілдермен орындалуы мүмкін:
Ісіктік клеткалардың бұзылуы, комплементті бекітіп белсендіретін антиденелер арқылы.
өздерінің бетінде цитофилдік антиденелері бар НК-клеткаларының жиналуымен. Антиденелер активтілігінің бұл формалары ин витро ғана көрсетілген, бірақ түсініксіз, ал ин виво орны белгісіз. Бірқатар үлкен ісіктерде арнайы антиденелер цитотоксикалық клеткалардың әсерін блоктайды.
Табиғи киллерлер (ТК). Трансформацияланған клеткаларды жоюына,
иммунологиялық бақылауды іске асыратын клеткалардың басқа түріне табиғи киллерлер жатады.
Т-клеткалардың цитокиндерімен, бірінші кезекте интерлейкин-γ арқылы, активтілігі жоғарылайды.
Сонымен, ісікке қарсы иммунитетті белсендіретін клетканың екі типі бар: Т-лимфоцит және ТК. Бұл процестегі макрофагтар және антиденелердің ролін қосымша зерттеулер қажет етеді.
Ісікті клеткалардың иммунологиялық бақылаудан өтуі негізінде: бір жағынан иммунжүйесінің бұзылыстарымен (иммунжетіспеушіліктермен, жасқа қарай иммундық реактивтіліктің төмендеуімен), екінші жағынан қатерлі клеткалармен иммунды жауапты блоктау механизмдеріне байланысты.
Ісік клеткаларында МНС І және ІІ класс гендері делециясы болғанда арнайы ісікті антигендер иммуногенді түрде СД8 клеткаларға эеспрессерленбейді. Басқа иммунологиялық бақылауды дұрыс жүзеге асыру шектеу механизімі - костимулдеуші В7 және адгезивті (ICAM) молекулаларының ісіктерде болмауы.
Ісік клеткалары иммунологиялық шабуылға ұшырамауы антигеннің нейтрализациясына байланысты. Түзілген антиген-антидене-комплекс клеткамен жұтылады, нәтижесінде антигенсіз клеткалар іріктеліп, бірақ пролиферацияға қабілетін сақтайды. Кейбір қатерлі түзілістер өсу β-факторын секрециялап, өзін белсенді түрде “қорғайды”, немесе СД4 қабыну Т-клеткалардың активтілігін тежейді немесе Т-супрессорды активтейд
Т-жүйесіне лабораторлық әдістермен баға беру.
Лимфоцитгерді сандық бағалауға колданатын барлық реакциялар әр түрлі топтарға лимфоциттердің мембранасындағы әр түрлі рецепторлардың болуына негізделген.
Тәжірибелік дәрігерлерге көбінесе негізгі популяцияларды анықтау жеткілікті болады:Т-лимфоцитгерді (СД-3), Т-хелперлерді (СД-4), Т-супрессорлар-киллерлерді (СД-8), В-лимфоциттерді (СД-19).
Алдын ала люминистентті сарысумен өнделген антиденелерді қосып алған лимфоциттер санын люминисцентті микроскоп арқылы немесе ағымды цитометрия көмегімен анықтайды (ағымды цитометрде). Люминисцентті бояу немесе жоғарыда айтылған аппарат болмаса анти-Т-сарысу және комплемент қолданып цитотоксикалық. сынак қолдануға болады. Бұл кезде лизистенген клеткалар санын санайды.
Тәжірибелік дәрігерлер үшін иммунокоррекциялық препараттар таңдауда иммуномодуляторлар (тимус гормондары, циклоферон және т.б.) косылған реакциялар маңызды болуы мүмкін. Иммуномодуляторлар косылған және косылмаған реакциялардағы клеткалардың санын салыстыра отырып әрбір препараттардың әффектілігін анықтауға болады. "Керілген хелпингте" иммуностимулятор қосқан сон Т-хелперлер саны көбеймейді, оның орнына азаяды. Бұл жағдайда осы иммуномодуляторлар әсерсіз ғана емес, оны қолдануға да болмайды.Әртүрлі этиологиялы қабыну процестерінің дамуы, ағымының бар сатысында Т-лимфоциттердің азаюымен жүреді өйткені, өзіндік функциясын атқару үшін Т-лимфоциттер тіндерге ауысады. Сондықтан өршу сатысындағы Т-лимфоциттер саны төмендеуі калыпты өтіп жатқан процесс көрінісі болады. Ал иммунжетіспеушілік күйлер диагностикасы ремиссия фазасында жүргізілу керек.
Т-лимфоциттердің айтарлықтай төмендеуі туа пайда болған иммунжетіспеушіліктерде, ЖИТСта (СПИД), қанның сәулеленуінде болады.
Т-лимфощптер санының көбеюі Т-лейкоздардың диагностикасында өте маңызды.
Т-лимфоциттердің салыстырмалы санының бірқатар төмендеуі клиникалық белгілерінің көрінуінен бірнеше күн бұрын басталады. Сөйтіп суперинфекцияны, босанғаннан кейінгі қабынулық асқынуды, операциядан және жарақаттан кейінгі қабынуды дер кезінде анықтауға көмектеседі. Бұның бәрі, қабыну процестерді алдын алуға бағытталған немесе ауыр күйге ауыспауына көмектесетін емдеу шараларын ерте жүргізу үшін кажет. Егер аурудың соңғы сатысында қанда Т-лимфоциттердің салыстырмалы санының біртіндеп көбеюі болса, ол жағымды клиникалық динамиканың белгісі.
Т-лимфоциттердің салыстырмалы санынын толық қалыптасуы процестің аяқталуының куәгері, яғни толык жазылудың белгісі. Ірінді хирургияда Т-лимфоциттердің саны абсцесстің ашылуының және ірінді массаның толығымен "шығарылуының бақылаушысы ретінде болуы мүмкін. Әдетте, абсцесс қалыптасқан науқаста Т-лимфоциттердін мөлшері төмендеген. Іріңдіктін жарылуы және іріңнің денеден толығымен шығарылуы Т-лимфоциттердің деңгейінің қалыпқа келуіне әкеледі. Т-лимфоциттер санының бұндай қалыпқа келуі аз уақытқа созылады (2 күн шамасында), бірақ та абсцесстің толық ашылғанын бақылауға мүмкіндік береді.
Қабыну процесінің басында Т-лимфоциттердің төмендеуінің болмауы жағымсыз көрсеткіш болып есептеледі. Қабыну процессінің айқын клиникалык керіністері кезінде Т-лимфоциттердің жоғары деңгейде болуы, процестің әлсіз ағымда жүруінің және созылмалыға айналатындығының белгісі болып табылады. Септикалык күйлер кезінде осындай белгі байкалатын болса, және де олардың ағымы қолайсыз болса (сепсис, перитонит), әдетте бұл өлімге әкелетін жағдайдың алдыңғы белгісі болады.
Егер де вакцинациядан кейін Т-лимфоциттердің төмендеуі жүрмесе, онда белгілі қоздырғышқа қарсы эффективті иммунитет қалыптаспады деген сөз.
Ісіктік процестің дамуының бастапқы кезінде Т-лимфоциттердің төмендеуі жағымды көрсеткіш - ісіктің емге оңай көнетінін керсетеді. Агрессивті өсетін ісіктерде Т-лимфоциттердіц төмендеуі тек ісіктің некрозы кезінде болады.
14-билет.
