Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
иммун ответы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183 Кб
Скачать
☆
  1. Иммунды жүйенің орталық және шеткері мүшелері

Мүшелік деңгейге орталық және шеткі мүшелер жатады. Орталық мүшелерге сүйек кемігі мен тимус жатады. Сүйек кемігінде қан клеткаларының жалпы із ашары болып көп қабілетті бағана клеткалары түзіледі. Сүйек кемігінен Т-лимфоциттердің із ашарлары тимусқа миграцияланады. Онда олардың дифференцировкасы жалғасады. Ал В-лимфоциттердің дифференцировкасы сүйек кемігінде өтеді. Түзілген лимфоциттердің клондарының әрқайсысы бір ғана антигендік детерминанттарға арналған. Бұл процесс антигендердің қатысуынсыз өтеді. Сонымен, иммунитеттің орталық мүшелерінде антиген тәуелсіз дифференцировка нәтижесінде лимфоциттердің клондары түзіледі – жетілген иммунды емес лимфоциттер.

Орталық мүшелерден жетілген иммунды емес лимфоциттер қан ағысымен шеткері мүшелерге барады. Шеткері мүшелерге көк бауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары, аппендикс, бадамшалар, бауырдың ерекше лимфоциттері, терінің лимфоидты жүйесі және басқа лимфоидты түзілістер жатады. Олардың тимус тәуелді (Т-лимфоциттер) және тимус тәуелсіз (В-лимфоциттер), аймақтарына сәйкес лимфоциттер келіп орналасады. Шеткері мүшелерде лимфоцит антигендермен кездесу нәтижесінде толық жетілген иммунды лимфоциттердің клондары түзіледі. Сондықтан, бұл процессті антиген тәуелді дифференцировка немесе иммуногенез деп атайды. Иммуногенездің басында перифериялық лимфоидты мүшелерде антиген тануға қабілеті бар лимфоциттер клондарының пролиферациясы қажетті болып табылады. Шеткері мүшелерде Т-, В-лимфоциттердің және антигентаныстырушы клеткалардың кооперациясы жүреді, нәтижесінде иммунды жауап пайда болады.

  1. Ижж туралы түсінік, бдұ бойынша жіктелуі.

Иммундефицит дегеніміз - туа немесе жүре пайда болған иммунды жауаптың бұзылысы, жұқпа ауруларымен, ісікті ауруларға организмнің қарсылығы төмендеуімен сипатталатын жағдай. Ол жұқпалы ауруларға қабылдағыштықтың, ациклдық ағымға бейімділіктің аллергиялық және аутоиммунды аурулардың, онкопатологияның себебі болады.

Барлық иммунжетіспеушіліктер 2 үлкен топқа бөлінеді:

1-ші туа пайда болған, тұқым қуалайтын ИЖК;

2-ші жүре пайда болған ИЖК.

Біріншілік иммунжетіспеушіліктердің арасында В-жүйенің ақаулары 50 пайыз, Т-клеткалық жүйенің – 30 пайыздай, фагоцитоз жүйесінің – 18 және комплемент жүйесінің – 2 пайыз құрайды. Иммунжетіспеушіліктердің диагностикасы ауру тарихына, жанұялық анамнезін, иммунологиялық жетіспеушіліктің клиникалық көріністерін талдауына және иммунологиялық ақауды анықтауына негізделген. Біріншілік ИЖ-дің клиникалық дебюті көп жағдайда бала жаста көрінеді. Біріншілік иммунжетіспеушіліктердің (БИЖ) кездесу жиілігі 10000-100000 нәрестелердің ішінде біреу болады, бірақ IgА-ның селективті дефициті 500-1500 адамның ішінде біреуі кездеседі. Иммундыққа дейінгі, лимфоциттерсіз клеткалық және гуморалдық резистенттіліктің механизмдері, жалғыз үздіксіз өзгеретін инфекциялық микроорганизмдердің және гельминттердің көпшілігімен күресу қызметін орындай алмайды. БИЖ-тің негізгі клиникалық ақауы - иммунитеттің негізгі функциясына (инфекцияға қарсы) байланысты және инфекциялық аурулармен көрінеді. БИЖ-тер көп жағдайларда бала жаста көрінеді.

Аурулардың Халықаралық жіктелуі бойынша туа пайда болған ИЖК арнайы және арнайы емес бөлімінің иммунжетіспеушіліктеріне бөлінеді. Біріншілік иммунжетіспеушіліктер гендердің ақауларына байланысты тұқым қуалайтын аурулар.

БИЖ-дің жіктелуі.

  1. Цитокиндердің ісікке қарсы иммунитеттегі рөлі (ИЛ-1, ИЛ-2, ИЛ-12, IFN-α, IFN-γ, TNF-α, β). ИЛ-1 бұл лимфокин ин витро ісік жасушаларына тікелей цитотоксикалық әсер көрсетеді. Ол сүйек кемігінде регенеративты үрдістерді күшейтіп, иммунды жауапты белсендіреді.

ИЛ-2 Тх1 өндіріледі. Қатерлі ісікті емдеуде кең қолданылады (меланомы, рак легких, карцинома почек). Ісіктің толығымен жойылуы сирек кездеседі..жоғары дозада қолдануға болмайды себебі бүйректік токсикалық эффект көрсетуі мүмкін.

ИЛ-12 макрофагтармен синтезделеді. Ісікке қарсы жоғары белсенділік- бүйрек рагы, меланома,тоқ ішектің карциномасы.

IFN-α айқын антипролиферативті белсенділік.

TNF-α- рак клеткаларының аппотозын шақырады. Иммуномодуляторлық әсер көрсетеді

IFN-γ, Тх1 белсендіреді, және NK-клетки белсендіреді

15-билет