Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Exkursia_shpor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.29 Кб
Скачать

16.Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау. Тақырып таңдау

Кез келген жаңа экскусияны дайындау, оның нақты мақсатын анықтаудан басталады. Себебі бұл келешекте экскурсия авторларына жұмыстарын ұйымдасып жасауына көмек береді. Экскурсияның мақсаты - экскурсанттарға тарихи мәдени-ескерткіштерді және басқада объекттерді не үшін көрсететіні. Экскурсоводттың әңгімесі осы соңғы мақсатқа бағынады.Бір неше мақсатты атап өтейік: патриоттық тәрбие, Отанға деген сүйіспеншілік, басқа ұлттарға, қоғамға-пайдалы жұмысты қадірлеу,эстетикалық тәрбие беру, ой-өрісін кеңейтү, ғылымның және мәдениеттің түрлі салаларынан қосымша білім алу т.б. Экскурсияның мақсаттары - мақсаттарын тақырыпты толық ашу арқылы іске асыру. Тақырып таңдау сұранысқа байланысты. Әр бір экскурсияның нақты белгіленген тақырыбы болу керек. Тақырып барлық объектілерді, кіші тақырыпшаларды бір тұтас қылатын өзегі. 1. Экскурсиялық объектілерді іріктеп алу және зерттеу. 2. Экскурсияның маршрутын жасау. 3. Маршрутты аралап шығу. 4. Бақылау текстін жасау.

17.Архитектура –кұрылыс экскурсияларының ерекшеліктері

Архитектуралық экскурсиялар тәрбие беруде үлкен рольді атқарады. Мәдени-тарихи мұраға қызығушылықты тудырады. Бұл экскурсиялар архитектуралық ескерткіштерді тауып, оларды қорғауға үлесін қосады. Архитектуралық экскурсияларды дайындағанда біріншіден Қазақстан Республикасының заңдарына сүйену қажет:1)Архитектура және градоқұрылыс жәйінде (22 қазан 1993 ж.); 2)Тарихи-мәдени мұраны пайдалану және қорғау туралы (27сәуір 1998 ж.) Бірінші заң архитектура мен градоқұрылыстың негізгі жұмыс бағытын белгілейді: планировканы, тұрғын орындарды реконструкциялау, құрылыс жұмыстарын жүргізу т.б.Екінші заңда – мемлекетік тарихи ескерткіштерді қорғайды, қалпына келтіреді, өз қарамағына алады, және оларды ғылыми-тәрбие мақсатында пайдалануды ұйымдастырады деген. Архитектура (грек-құрылысшы) сөзі - құрылыс өнері. Архитектуралық экскурсияларды жүргізу үшін арнайы терминдерді білу қажет: ансамбль, апсида, аркада, баллюстрада, ригель, фреска, цоколь т.б. Архитектураның кіші және ірі түрлері бар. Архитектураның кіші формалары ашық кеңістікті ұйымдастыру үшін, архитектуралық - градоқұрылыстық немесе саябақ композицияларын толықтыру үшін пайдаланады. Ол функционалды - сәндік (фонтандар, сатылар, шарбақтар) немесе мемориалды мағынаны атқарады, қала абаттандыру элементтері ретінде қолданады (көше шамдары, киоск, отырғыштар). Архитектураның алуан түрлілігіне ең алдымен себепші болатын табиғи жағдай, ұлттық дәстүр, пайда болған кезеңі. Дәлел үшін ойша папуастың хижинасын, орыстың избасын, эскимостың иглуын, қытайдың пагодасын, АҚШ- тағы Манхеттен кешені немесе Кампучиядағы Ангкорватты салыстыру жеткілікті.

18.Көрсету экскурсияның негізгі элементі

Бірдей экскурсия болмайды, оларды бір бірінен әр қашанда тақырыбы арқылы ажыратуға болады. Тақырып деген сөз грек тілінен аударғанда “негізіне қойылған нәрсе” деп аударылыды екен. Тақырып түсінігі, бір нәрсенің мазмұнына қатысты. Мақсат, мақсат және идея түсінігімен байланысты, берілген материалды айтып берумен қатар, соның нақты идеялық позициясын белгілеу. Идея-экскурсияның түпкі ойы, оның өзегі.

Әр экскурсияның нақты белгіленген тақырыбы болу қажет. Экскурсияда тақырып – көрсету мен әңгімелеудің заты. Объектті қалай көрсету керектігін, ақпараттың кандай бөлігінэкскурсанттарға беру қажеттігін экскурсияның тақырыбы анықтайды. Кейбір объекттер бір неше экскурсияларда көрсетіледі. Бірақ әр қайсысында, тақырыпқа байланысты, бір объект жайлы ақпарат түрлі көлемде беріледі. Әр тақырып бір неше тараулардың жиынтығы. Әр тарауда толықтылық және қисынды аяқталу болу керек. Экскурсияда көрсету. Көрсету – көрнекілік принципін іске асыру процессі, экскурсиялық объекттермен көру арқылы танысу (мысалы, архитектура ескерткіші мен). Экскурсияда көрсету – объекттерден көру ақпаратын сыртқа шығаратын көп планды процесс. “Көрсету”арнайы термин ретінде экскурсионист ғалымдармен енгізілген. Экскурсиялық методикалық әдебиетте кең пайдаланады. “Көрсету” және “демонстрациялау” бір мағынаны білдіреді. Объектті көрсету – ол экскурсовод пен экскурсанттардың бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттер жүйесі, квалификациясы бар маман басшылығымен объекттерді бақылау. Экскурсия кезінде тек қана әңгімелей берсе біраз уақыттан кейін экскурсияға деген қызығушылық төмендейді, одан кейін тіпті жоғалады. Сондықтан объекттерді көрсетудің, әңгімелеудің арасында паузалар (үзілістер) болуы тиіс. Экскурсия жасаған кезде үзілістерді жоспарлайды,ол маршрутқа байланысты. Қала сыртына жасалған экскурсияда үзілістер ұзақтау болады. Үзілісті де дұрыс пайдалана білу керек. Үзілісте пікір алысуға, көргенді талқылау дұрыс емес, өйткені кейіннен аудиторияның қызығушылығы төмендейді. Лекция тыңдаушы-ң зерттуі бойынша 14ші,25-ші,34-ші минуттарда тыңдаушылардың назары төмендейді екен. Экскурсиялық методика осы уақыттарда жаңа объекті енгізеді, тағы да басқа назар аударарлық тәсілдерді пайдаланады:жазылған дыбысты тыңдау; диапозитив, слайдтарды, суреттерді көрсету. Негізінде экскурсанттардың тақырыпқа қызығушылығын әңгіме, көрсету басталмастан бұрын тудыру қажет, ол экскурсоводтың кіріспе сөзіне байланысты. Экскурсиялық методика экскурсанттардың назары тұрақты болу үшін түолі әдістерді қолданады: топқа сүйену; күтпеген сұрақ қою; ескерткіштің қызықты деталін табу т.б. Әр экскурсияда бір объекттен екінші объектке көшу моменттері белгілені керек. Экскурсия өткізудің методикасы, экскурсоводтың мимикасы, дене қимылы, группаны объекттің қасында орналастыруы, микрофонды пайдалануы сияқты тәсілдердің бәрі даланың у-шуын білдіртпеуі үшін қолданады.Методиканың маңызды талабы: барлық негізгі объектілер және солар арқылы ашылатын тақырып тармақтары бір тұтас болуы, қисынды жүйеліліктен басқа, кисынды ауысулардың болуын, маршрутта объекттерді дұрыс орналастыру, ең қызықтысын, ең әсер беретінін кейінге, қалдырып бірте-бірте көрсету. Бір объекттен екінші объектке көшкен кезде барлық анықтамаларды тақырыппен байланыстыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]