- •2.Экскурсия ісінің тарихы.
- •3.Экскурсия оның негізі.
- •4.Экскурсияның негізгі белгілері.
- •5.Экскусияның функциялары.
- •6.Экскурсияның педагогикалық және психологиялық аспектілері.
- •7.Экскурсияның құрылымы, оның бөліктеріне сипаттама беру.
- •8.Экскурсияның кіріспе бөлігі.
- •11.Қисынды ауысулардың экскурсиядағы маңызы.
- •16.Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау. Тақырып таңдау
- •17.Архитектура –кұрылыс экскурсияларының ерекшеліктері
- •18.Көрсету экскурсияның негізгі элементі
- •19.Экскурсяда көрсетудің ерекшеліктері
- •20.Көрсетудің методиқалық әдістері
- •22.Экскурсияда әңгіменің негізі .Әңгімеге қойылатын талаптар
- •23.Экскурсияда әңгімелеу мақсаты
- •24.Экскурсиялық әдістердің талаптары
- •25.Экскурсиянын композициясы дегенімі не?
- •26.Экскурсиялык нысандарды тандау кагидалары
- •27.Негізгі ж/е косымша нысандардын тізімі мен сипаттамалары
- •28.Экскурсияга кіргізілген ескерткіштердін карточкасы(паспорт)
- •29.Жаңа экскурсия дайындаудың технологиясы
- •30.Экскурсия дайндаудын негиги кезендери
- •31.Экскурсиялык маршрут, оган койылатын талаптар
- •32. Маршрутты алдын-ала аралап шыгудын максаты
- •33. Экскурсиялык нысандарды іріктеу
- •34.Экскурсиялык нысандардын жіктелуі
- •35. Экскурсияга кіргізілген нысандарды багалау критерилары
- •36.Бакылау текстинин тусінігі
- •37.Экскурсовод портфели оны курастыру
- •38. Экскурсия дайндаудын негізгі кезендеріне сипаттама
- •39. Жаңа экскурсия дайындаудың негізгі сатылыры
- •40. Әдістеме нұсқауының құрылымы
- •41 Жеке текст дайындау тәсілі
- •42. Бақылау текст пен жеке текстің айырмашылығы
- •43. Көрсетудің методикалық тәсілдерінің түрлері
- •44. Әңгімелеудің методикалық тәсілдерінің түрлері
- •45. Ерекше методикалық тәсілдер
- •46. Көрнекілік құралдарды пайдалану тәсілдері
- •47.Әңгімелеудегі сипаттама тәсілі.
- •48. Қозғалысты методикалық тәсілі ретінде пайдалану.
- •49.Тарихиэкскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •50.Табиғи экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •51.Архитектура градо құрылыс экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •52.Өнер тақырыбынаэкскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •53.Әдеби тақырыбына экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •54.Мұражайэкскурсияларын дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •56. Өндірістік экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері
- •57. Экскурсияларды қабылдау және бекіту.
- •58. Экскурсияны жүргізу техникасы түсінігі
- •59. Экскурсияның әдістемелік нұсқауларында «Ұйымдастыру нұсқаулары» деген графа мазмұны
- •60. Экскурсияның әдістемелік нұсқауларында «Негізгі мазмұны» деген графа мазмұны
- •61. Эксурсияны дайындау және жүргізу кезінде берілетін инструктаж түрлері
- •62. Экскурсияның қызмет көрсетуде дифференциалдық бабын табу
- •63.Экскурсанттарды әлеуметтік жағдайы және қызығушылығы бойыншаіріктеу.
- •64. Халаққа экскурсиялық қызмет көрсетуде дифференциалдық бабын табу
- •67. Экскурсоводтың сөйлеуі, оған қойылатын талаптар.
- •68. Табиғи экскурсияның жіктелуі
- •71. Экскурсиялық кызмет керсетуде психология элементтерін пайдалану.
- •73. Экскурсоводқа койылатын талап
- •74.Экскурсоводттың міндеті мен қызмет бабы құқығы
- •76. Экскурсияға қызығушылықты қалыптастыру мен қолдау.
- •77.Экскурсияда техникалық құралдарды пайдалану.
- •78.Қалалық шолу экскурсияларын өткізу ерекшіліктері
- •79.Табиғат экскурсияларын жүргізу ерекшеліктері
- •82. Тәуелсіздік монументіне карточка жасау.
- •85. Алматы каласы бойынша шолу экскурсиясының ақпараттық бөлігі.
- •86. Алматы қаласы бойынша шолу экскурсиясының қортынды бөлігі.
- •87. Даңқ мемориалына карточка жасау
- •88.Алматы каласының тарихы.
- •89.Алматы мәдени орталығы (мәдени нысандарға сипаттама).
- •90. Қала маңындағы экскурсия нысандарына сипаттама беру (қалауы бойынша).
89.Алматы мәдени орталығы (мәдени нысандарға сипаттама).
Ықылас атындағы Халық музыка аспаптары республикалық мұражайы – 1980 ж. ұйымдастырылды. Жобаның авторы – сәулетші А.П.Зенков. Мұражай қорында қазақ ұлттық музыка аспаптарының 60 үлгілері мен түрлері, 1000 аса бірлігі жинақталған. Мұнда белгілі ақын, композиторлар мен орындаушылар – Біржан, Абай, Жамбыл, Ықылас, Сейтек, Дина, Қызыл жырау, Мұрын жырау, А. Жұбанов, К. Әзірбаев, Ә. Хасенов, М. Ержанов, Д. Мықтыбаев пайдаланған домбыралар мен қобыздар, сол сияқты орыс, украин, ұйғыр, дүнген, корей халық музыка аспаптары бар. Ғимараттың интерьеріндегі басқұры, қабырғадағы қыр оюы, төбедегі табақшалары, бөлмелерге ілінген люстралар, есік-терезе ойықтары Оңтүстік Қазақстанның «ағаш», «шынжара», Маңғыстаудың «үзілмес», «өткізбе» деп аталатын өрнектері ізімен безендірілген. Бұрынғы Офицерлер жиналысы үйі, қазір Ықылас атындағы Халық музыка аспаптары республикалық мұражайы 1908 жылы салынған. Мұражай 1980 жылы ұйымдастырылған. Бұл Алматы қаласының мәдени мұрағаттарының бірі болып есептелінеді. Мұражайдағы қазақ халық аспаптары Қазақстанның барлық аймақтарынан да, ТМД елдері мен әлемнің басқа бұрыштарынан да жиналған болатын. Абай, Жамбыл, Махамбет, Әмре, Дина және басқа да танымал музыка шеберлері, жыраулар мен композиторлар,ақындар ойнаған аспаптардың керемет жинағы бар. Мұражай 1907 жылы салынған дәстүрлі ағаштан салынғын ғимаратта орналасқан
М.Әуезов атындағы академиялық драма театры - ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы. Бүгінгі таңда республикамыздағы іргелі өнер ордалары болып отырған опера және балет театры, филармония, «Қазақконцерт» кезінде М.Әуезов театры құрамынан бөлініп шыққан музыкалық театр негізінде құрылған өнер ұжымдары. Алғашқы шымылдығы 1926 жылы еліміздің сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында ашылған театрдың жалпы қазақ өнерінің, оның ішінде сахна өнерінің кәсіби тұрғыда қалыптасуы, дамуы, мәдениетіміздің өркендеу жолындағы ролі зор.. Негізін халық арасынан шыққан «самородок сары алтын» актерлер салған, өз дамуында бірнеше кезеңнен өткен театр бүгінгі таңда да ұлттық сахна өнеріндегі көшбастаушылық, Орталық Азия аймағындағы драма театрлардың алдыңғы легінде лайықты орын алып отыр. Атақты өнер ордасының әдепкі тізгінін ұстаған көрнекті тұлғаларымыз Ж.Шанин, Ж.Аймауытов, С.Сәдуақасов, М.Әуезов, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Ш.Айманов, Қ.Бадыров, тағы да басқа тарланбоздардың есімдері әрдайым құрметпен еске алынады. Театр тірегі – драматургия десек, ұлттық драматургияның қалыптасып, дамуындағы кезең-кезең жетістіктер аз емес. М.Әуезов, Қ.Кемеңгеров, І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ш.Хұсайынов, Ә.Тәжібаев, Ә.Әбішев, Қ.Мұхамеджанов, Т.Ахтанов, А.Сүлейменов, О.Бөкей, С.Жүнісов, Б.Мұқай, Ә.Тарази, Қ.Ысқақ, Т. Нұрмағамбетов, М.Әуезов, Д.Исабеков, С.Балғабаев, Иран-Ғайып сынды әр буын және жас буын драматургтардың шығармашылық табыстары осы үлкен театр тарихымен тығыз байланысты.М.Әуезов театрының ұлттық режиссурадағы орны да ерекше. Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері А.Тоқпанов бастаған режиссерлер шоқжұлдызының бұл театрға түгелдей дерлік қатысы бар. А.Тоқпанов, Б.Омаров, Ә.Мәмбетов, Ж.Омаров, Р.Сейтметов, Қ.Жетпісбаев, М.Байсеркеновтердің шеберлік қыр-сырлары да қара шаңырақ театр сахнасында бекем қалыптасты. Бұл тұста көрнекті театр режиссері, Халық қаһарманы Әзербайжан Мәмбетовтің көркемдік жетекшілік кезеңі туралы бірер сөз айтпай кетуге болмас. Шығармашылық жолы сонау атақты 60-жылдар белесінде басталған Мәмбетов ұлттық режиссураға жаңа мазмұн мен форма беріп, ұлттық сахна өнерін жаңа сапалық белеске көтеру жолында жанкешті еңбек еткен тұлға. Мәдени кеңістігімізде «Мәмбетов театры», «Мәмбетов дәуірі» деген ұғым қалыптасты. Сол кезеңде Әуезов театры Франция, Иран елдерінде фестивальдік сапарларға шығып, Мәскеуде бірнеше рет гастрольде болды. Бішкек, Ташкент, Нүкіс, Уфа, Қазан сияқты ірі қалалар халқы театр өнеріне аса үлкен ырзашылықпен қол соқты. Ал, республикамызда М.Әуезов театрының гастрольде болмаған облысы мен ауданы жоқтың қасы ой. Соңғы жылдары қойылған ұлттық классикадан «Абай», «Айман-Шолпан», «Мөлдір махаббат», бүгінгі күн драматургиясынан, «Ай тұтылған түн», «Сұлу мен суретші», «Сағыныш пен Елес», «Жүрейік жүрек ауыртпай», «Үміт үзгім келмейді», «Көктөбедегі кездесу»; әлем драматургиясынан Шекспирдің «Гамлет» ,«Ромео мен Джульетта», тағы да басқа көптеген спектакльдер көрерменнің әрқилы тобының көңілінен шығуда. Ал енді Әуезовтың атымен ата Атакент – бизнестегі сәттіліктің кілті. Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық көрме индустриясында лайықты орын алып отыр. Қазақстандық «Атакент» іскерлік орталығымен іске асырып отырған көрме қызметі ғылым мен өндіріс саласында келешектегі инновациялық жасалымдарды анықтау мәселелерін шешуде елеулі рөл атқаруда, отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсетуде және Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістерді насихаттаудың пәрменді құралына айналып келеді. Абай атындағы операжәне балет театры.Театр - 1934 жылы 13 қаңтарда М. Әуезовтың либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклімен ашылды. Бұл қазақ халқының музыка тарихында үлкен орын алатын орасан зор оқиға болып, онда ролдерде ойнаған актерлердің барлығының да есімі мәңгілік тарихта өшпестей болып қазақ музыка мәдениетінің біртуар өнер иелері болып қалды. Соның ішінде, атап айтқанда, Күләш Байсейітова, режиссер Жұмат Шанин, әнші және режиссер Құрманбек Жандарбеков, әнші, режиссер және драматург Қанабек Байсейітов, биші Шара Жиенқұлова, әнші Манарбек Ержанов, суретші Анатолий Ненашев, жазушылар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, композитор Евгений Брусиловский т. б. өнер майталмандары еді. Е. Г. Брусиловский Қазақстанның ұлттық опера өнеріне көп үлесін қосқан театрдың ең алғашқы композиторларының бірі болды. Оның музыкасына жазылған «Қыз Жібек» (1934), «Жалбыр» (1935), «Ер Тарғын» (1936) спектаклдері көрерменнің ыстық ықыласына бөленген туындылар болып табылады.Опера театрының алғашқы табысы 1936 жылғы Москва қаласындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің күндері болып табылады. Қазақтың бұлбұл қызы атанған К. Бәйсейітованың сомдаған Жібек ролімен «Қыз Жібек» спектаклі үлкен қошаметке бөленді. Барлық баспасөз беттері жаңа театр мен оның әртістері жөнінде үлкен табыспен мақалалар жариялады. Қазақ өнерінде алғаш рет К. Бәйсейітоваға Кеңестер Одағының халық әртісі атағы берілді. Театрды жаңа кәсіби мамандармен толықтыру мақсатында Ресейдің т. б. елдердің ұлттық музыка білім ордаларын бітірген өнерпаздарын театрға шақыртып, театр әртістерінің иқатарын толықтыр
ып, жаңартып отырды. Атап айтқанда, Байғали Досымжанов, Әнуарбек Үмбетбаев, Ришат және Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, Кәукен Кенжетаев, Мұкан Төлебаев т. б.1941 жылы театрға Академиялық театр атағы берілді.Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясы . Құрманғазы атындағы өнер Институтында (қазір Консерватория) Академияның тарихы 1995 жылдан басталады. 1977 жылы оның базасында Алматы театралды-көркем институты құрылды. 1979 жылы студенттердің бірінші жиынтығын іске асырған көркем факультеттің ашылуы Академияның тарихында мәнді белес болып қалды. Факультеттің бастауында атақты суретшілер мен бейнелеу өнерінің қайраткерлері орын алады. Дипломдық спектакльдерді дайындап, шығару үшін оқу театры ашылды. 1991 жылы институттың базасында екі арнайы жоғары оқу орны құрылды: Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты мен Қазақ мемлекеттік көркем академиясы. Өнер институтының танымалы түлектері: Ә.Әшімов, Ф.Шәріпова, С.Сейтметов, М.Жақсымбетов, С.Оразбаев, И.Обаев, М. Байсеркеұлы, В.Пусурманов, А.Сыгай, Г.Әспетова, Т.Жаманқұлов, Д.Жолжақсынов, Т.Мейрамов, Р.Рымбаева, Б.Атабаев, К.Сұлтанбаев, К.Тастанбеков, Т.Теменов, М.Өтекешова, Г.Қазақбаева және т.б.Академия өздерінің дарынды және талантты түлектерін мақтан тұтады, олардың ішінде КСРО Халық әртісі – 2, ҚР еңбек сіңірген әртісі - 56, ҚР Халық әртісі – 28, ҚР еңбек сіңірген өнер Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры (Абылай хан даңғылы, 38; ескі адресі Қабанбай батыр, 87)Театр 1944 жылдың қазан айында, СССР халық әртісі Н.И.сац қол астында құрылды. Тюздың ұйымдастырушысы мен бiрiншi режиссері СССР- сый ақысы, Ленин сый ақы, Социалистiк Еңбек ері Н .И. Сац болды. Театрдың қалыптасуына В. Розов ықпал тигізді.1945 ж 7 қарашасында Алматы балдырғандары театрдың табалдырықтарын тұңғыш рет аттады. Ертеңгісін Е. Шварц пьесасына қойылған «Қызыл тымақ» атты спектаклі, кешкісін Исидора Штока пьесасы бойынша «Осада Лейден» қойылымы өткізілді.1946 ж. қазақ труппасы құрылды. 1947жылы 2 ақпанда А. Н. Островкийдің «Мысыққа күнде той бола бермес» пьесасын қоюмен бастады. Театр труппалары алғашқыда мектеп програмасына сәйкес пьесалар мен аңыз- ертегілер инсценировкаларын (А. С. Грибоедотың «Ақыл азабы», Д. И. Фонвизиннің «Жетесіз жеткіншегі», Е. Л. Шварцтың «Қарлы ханым», орыс труппасы; А. Н. Толстойдың «Алтын кілті», М. Ақынжанов пен Қ. О. Бадыровтың «Алтын сақасы», Ш. Хұсайыновтың «Алдар көсесі», Қ. Сатыбалдиннің «Аягөз аруы», қазақ труппасы) қойды.1967 жылы Тюз Гани Муратбаев пен А. Кенжеков рөлдеріндегі Ш.Хусаиновтың «Алғашқы ұшқыны» атты қазақ спектаклi Қазақстан Республикасының Ленин комсомолының сый ақысына лайықталған.Театр құрамында ҚазССР халық артистері Ә. Е. Өмірзақова, О. А. Решетниченко, ҚазССР- нің еңбек сің. арт. Р. Әшірбекова, М. Бақтыгереев, Ж. Бектасова, Г. М. Бойченко және т.б.1985 жылы Мәдениет Министрлiнің жарлығы бойынша, балалар мен жасөспірімдер театры екi дербес ұжымдарға бөліндi. Олар : Ғ. Мүсiрепов атындағы Қазақ тюзы және Орыс тюзы.Театрдың бастаушылары Қазақстан республиканың еңбек сіңірген әртістері- А. Мәмбетова мен А.Смайлов, Қазақстан республикасының халық әртісі – М.Бахтыгереев.
Осы Абылай хан даңғылында Алматы 2 теміржол вокзалы орналасқан. Ал вокзал алдындағы Абылайханға арналған ескетркіш алаңда орналасқан. Жалпы бұл алаң қаладағы вокзалдың алаңы болып есептеледі. Ал оның дәл ортасында орналасқан Абылайхан хан ескерткіші, алаңның ажырамас бір бөлігі іспеттес. Ескерткіш қазақтың ұлы ханы, үш біріктіруші, өз заманының беделді саясаткері, батыры Абылай ханға арналып орнатылды. Ол ескерткіш 1911 ж өткенде Коммунистік даңғылын Абылай даңғылы деп аталып болып шыққан соң, 2000 ж 16 желтоқсанда Алматы-2 ғимарат алдында орнатылды. Ескерткішті орындаған авторлық ужин басшысы С.К. Баймағанбетов, В.И. Сидоров, конструктор- М.Е. Еркинов. Мүсін қазақтың ұлы ханын атқа мінген күйінде бейнелеген. Ескерткіш қоладан құйылған болып табылады. Құрметті жолаушылар, оның бойында Алматы 2 вокзалы бой көтеріп тұр. 1939 қайраткері – 14, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауареаттары – 8 адам.
Келесі объект Лермонтов театры. 1933 жылы Алматда Орыс драма театры ашылған болатын,Жоғары маманданған актерлердің болуы бұл театр үшін қазіргі кезге дейін жетуіне үлкен мүмкіндік берді.1964 жылы театрға Орыстың ұлы жазушысы Михаил Юрьевич Лермонтов есімі берілді.Бірнеше жылдардан кейін театр сахнасында Константин Паустовскийдің «Поручик Лермонтов» пьесасы қойылды.
