
- •2.Экскурсия ісінің тарихы.
- •3.Экскурсия оның негізі.
- •4.Экскурсияның негізгі белгілері.
- •5.Экскусияның функциялары.
- •6.Экскурсияның педагогикалық және психологиялық аспектілері.
- •7.Экскурсияның құрылымы, оның бөліктеріне сипаттама беру.
- •8.Экскурсияның кіріспе бөлігі.
- •11.Қисынды ауысулардың экскурсиядағы маңызы.
- •16.Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау. Тақырып таңдау
- •17.Архитектура –кұрылыс экскурсияларының ерекшеліктері
- •18.Көрсету экскурсияның негізгі элементі
- •19.Экскурсяда көрсетудің ерекшеліктері
- •20.Көрсетудің методиқалық әдістері
- •22.Экскурсияда әңгіменің негізі .Әңгімеге қойылатын талаптар
- •23.Экскурсияда әңгімелеу мақсаты
- •24.Экскурсиялық әдістердің талаптары
- •25.Экскурсиянын композициясы дегенімі не?
- •26.Экскурсиялык нысандарды тандау кагидалары
- •27.Негізгі ж/е косымша нысандардын тізімі мен сипаттамалары
- •28.Экскурсияга кіргізілген ескерткіштердін карточкасы(паспорт)
- •29.Жаңа экскурсия дайындаудың технологиясы
- •30.Экскурсия дайндаудын негиги кезендери
- •31.Экскурсиялык маршрут, оган койылатын талаптар
- •32. Маршрутты алдын-ала аралап шыгудын максаты
- •33. Экскурсиялык нысандарды іріктеу
- •34.Экскурсиялык нысандардын жіктелуі
- •35. Экскурсияга кіргізілген нысандарды багалау критерилары
- •36.Бакылау текстинин тусінігі
- •37.Экскурсовод портфели оны курастыру
- •38. Экскурсия дайндаудын негізгі кезендеріне сипаттама
- •39. Жаңа экскурсия дайындаудың негізгі сатылыры
- •40. Әдістеме нұсқауының құрылымы
- •41 Жеке текст дайындау тәсілі
- •42. Бақылау текст пен жеке текстің айырмашылығы
- •43. Көрсетудің методикалық тәсілдерінің түрлері
- •44. Әңгімелеудің методикалық тәсілдерінің түрлері
- •45. Ерекше методикалық тәсілдер
- •46. Көрнекілік құралдарды пайдалану тәсілдері
- •47.Әңгімелеудегі сипаттама тәсілі.
- •48. Қозғалысты методикалық тәсілі ретінде пайдалану.
- •49.Тарихиэкскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •50.Табиғи экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •51.Архитектура градо құрылыс экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •52.Өнер тақырыбынаэкскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •53.Әдеби тақырыбына экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •54.Мұражайэкскурсияларын дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •56. Өндірістік экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері
- •57. Экскурсияларды қабылдау және бекіту.
- •58. Экскурсияны жүргізу техникасы түсінігі
- •59. Экскурсияның әдістемелік нұсқауларында «Ұйымдастыру нұсқаулары» деген графа мазмұны
- •60. Экскурсияның әдістемелік нұсқауларында «Негізгі мазмұны» деген графа мазмұны
- •61. Эксурсияны дайындау және жүргізу кезінде берілетін инструктаж түрлері
- •62. Экскурсияның қызмет көрсетуде дифференциалдық бабын табу
- •63.Экскурсанттарды әлеуметтік жағдайы және қызығушылығы бойыншаіріктеу.
- •64. Халаққа экскурсиялық қызмет көрсетуде дифференциалдық бабын табу
- •67. Экскурсоводтың сөйлеуі, оған қойылатын талаптар.
- •68. Табиғи экскурсияның жіктелуі
- •71. Экскурсиялық кызмет керсетуде психология элементтерін пайдалану.
- •73. Экскурсоводқа койылатын талап
- •74.Экскурсоводттың міндеті мен қызмет бабы құқығы
- •76. Экскурсияға қызығушылықты қалыптастыру мен қолдау.
- •77.Экскурсияда техникалық құралдарды пайдалану.
- •78.Қалалық шолу экскурсияларын өткізу ерекшіліктері
- •79.Табиғат экскурсияларын жүргізу ерекшеліктері
- •82. Тәуелсіздік монументіне карточка жасау.
- •85. Алматы каласы бойынша шолу экскурсиясының ақпараттық бөлігі.
- •86. Алматы қаласы бойынша шолу экскурсиясының қортынды бөлігі.
- •87. Даңқ мемориалына карточка жасау
- •88.Алматы каласының тарихы.
- •89.Алматы мәдени орталығы (мәдени нысандарға сипаттама).
- •90. Қала маңындағы экскурсия нысандарына сипаттама беру (қалауы бойынша).
8.Экскурсияның кіріспе бөлігі.
Кіріспе. Кіріспенің ұзақтылығы 3-15 минутқа дейін болады. Олэкскурсияның тақырыбына, түріне байланысты. Мәліметтерді жүйестіружағынан кіріспе 2-ге бөлінеді – ұйымдастыру және ақпараттық бөліктер.
а) ұйымдастыру бөлігі экскурсия туралы мәлімет береді. Оның ұзақтылығы,маршруттың ұзындығы, өткізі ерекшелігі, экскурсияның міндетіментаныстырады. Экскурсия қай жерде бітетіндігіде осы бөлімде айтылады.Көлік ішінде, сужағалауында, тауда өзін ұстау туралы ережелерімен
таныстыру– жүріп бара жатқан көлік ішінде орнынан тұрып жүрмеуі,тазалықты. тыныштықты сақтау, автобусқа кіріп шыққанда асықпау, көшелердіөткенде сақ болуы жайлы мәліметтер беріледі.
б) ақпараттық бөлігінде экскурсанттардың назарын экскурсияға аударады,оның бөліктеріне,мазмұнына кысқаша шолу жасайды. Қызықты объектілерді,маршруттың бөліктерін, кіші тараулардың тақырыптарын айта кету қажет.
9.Экскурсияның негізгі бөлігіне қойылатын талаптар.Бірнеше кіші тараудантұрады, олар арасындабір-біріне көшу кезінде қисынды ауысуды қолданады. Әр кіші тақырып бір, немесе бірнеше объектілер арқ. ашылады. Ол экскурсияны сапалы өткізіп есте сақталуына көмек береді.Экскурсиялық обьектілермен көрсетілім ж/ әңгімелеу арқылы құрылады.Оның құрамы бірнеше тақырыпшадан тұруы қажет,ол обьекттерді көрсету кезінде ашылуы қажет.Экскурсияда тақырыпшалар саны әдетте 5-тен 12-ге дейін.Жаңа экскурсияны құру кезінде ең басты мәселе обьекттерді дұрыс таңдау,яғни сол арқ. экскурсия тақырыбын ашу.
10. Экскур-ның қортынды бөлігі. Қортынды 2 бөліктен тұрады.а) негізгі мазмұны бойынша қортынды жасау, тақырып б/ша қортындыжасау. б) басқа экскурсиялар туралы ақпарат беру.Кез келген экскурсия қортындымен аяқталады ол уақты б/ша 1-3 минуттан 5-7 минутқа дейін созылады. Экскурсияға қысқаша қортынды жасап,тағы да көрген объектілерге, естігендеріне назар аударады. Соңында ұнады деп үміт білдіре отырып, тағы да басқа тақырып бойынша өткізілетін экскурсияға келулерін сұрау қажет Қортындыныңда, кіріспе мен негізгі бөлік сияқты маңызы өте зор.
11.Қисынды ауысулардың экскурсиядағы маңызы.
Экскурсия қисыны талабы арқылы құрастырылады. Ол экскурсиялықматериалды ұсыну мен объектілерді көрсетудің заңдылық түрі. Қисындегеніміз – ғылым, адамның ойлауы жайлы заңдылық пен формалары. Әр бірэкскурсовод дұрыс қисынды ойлаудың заңы мен формасын жанжақты және терең білу керек.Тәжірибелі экскурсоводтар көбінесе, практикада қисындылықтың заңдылығын білмеседе, дұрыс ойлап сендіре сөйлейді. Олар бұл жерде өзінің табиғи интуициясына (сезіміне) сүйенеді.Қисындық заңға жататындар: анықтық,қарама-қайшылық, жүйелілік, дәлелділік. Қисындық форма – құрылым, ойдың құрылымы. Қисындық тәсілдер – анализ, синтез, абстракциялау, талдап қорыту. Методистер мен экскурсоводтар экскурсия жасаған кезде ойлау заңының негізгі әрекеттерімен санасу керек: тепе-теңдік, қайшылық келмейтіндік,үшіншіні шығарып тастау, жеткіліктілікті негіздеу.1. Тепе-теңдік заңы – экскурсия кезінде бұл заң экскурсоводттың бір объектті әңгімелегенде басқа объектпен ауыстырып алмау,әңгіме кезінде түсініктер түрлі мағынада болмауы.2Қарама-қайшылық заңы –экскурсия әңгімесі кезінде бір ой өзінің мағынасынан экскурсия бойы қайтпауы. Бір ой, бір уақытта жалған және шынайы болмайды. Тарихи оқиғалар жайлы әңгімелеген кездеқарама-қайшылықтарды болдырмауы.3. Үшіншіні шығарып тастау заңы – пайымдау мен мойындаудың арасында үшіншінің болмауы. Егер бір ой пайымдаса, екіешісі мойындамайды, бұл жерде осы екі ойдың біреуі ғана дұрым болады.Экскурсовод өзі вариант таңдайды. Екінші вариантытерістейді.4.Жеткіліктілікті негіздеу заңы– бұл бір ой дәлелді болуын қажет етеді. Тек осы жағдайда ол дұрыс боп саналады. Әр бір ой басқа рйлармен дәлелдену керек. Дәлелсіз ойлардан сақ болу керек.Қисындылықтың заңдарымен пайдалану методистер мен экскурсоводтарға келесі қисынды проблемаларды шешуге мүмкіндік береді:- экскурсиялық материалды дәлелді әңгімелеуге, көргеннен әсер алуға,аргументтерді дұрыс пайдаланған арқылы дәлелдеу;- тарихи оқиғаларды шындықпен түсіндіру, факт пен мысалдарды сипаттау кезінде қисынды жүйелілікті анықтау;- экскурсияның әңгімелеу бөлігінің қортындысының түйінінтұжырымдау;- қөрсетудің, әңгімелеудің әр-бір методикалық тәсілін пайдаланғанда қисынды схеманы таңдау;Әр экскурсияда, қай тақырыпқа ол арналмасын, қисындының өзі сүенетін конструкциясы болады. Бұл жерде біз қисынды ауысу жайлы айтамыз. Экскурсияда қисынды ауысудың екі түрі болады – «көпір» арқылы ауысу жене тікелей ауысу.Қисындыауысулардың негізгі ерекшелігі, ол экскурсияның әңгімелеу бөлігі мен көрсету бөліктерін байланысты
12.Экскурсияда зейін түрлері, еске сақтаудың түрлеріПсихолог Тони Бьюзен есте сақтау үшін мынадай нәрселерді ескеруді ұсынады:• Синестезия. Есте сақтау қабілетін күшейту үшін көру, есту, иіскеу, сипай сезу мен кинестезияны (кеңістікте бағдарлау) үнемі дамытып, жаттықтыру қажет.• Қимыл. Қозғалыстағы мнемоникалық объектіні басқа нәрсемен «байлау» және есте сақтау оңай болады.• Ассоциациялар. • Жыныстық, сексуалдық қасиет. Осыған қатысты оқиғалар есте жақсы сақталатынын пайдаланып, бұл тақырыпты экскурсия материалымен ассоциация жасау үшін қолдануға болады. • Әзіл-оспақты түсіне білу (юмор). Күлкі туғызатын бейне есте жақсы сақталады. • Елестету. • Нумерация.
Символизм. Бір нәрсені басқа бейнеге немесе оның орнына символ қолдану.• Түс. • Рет және /немесе тізбек. • Ұнамды бейнелер. • Асырып айту. Мысалы, көлемін, биіктігін, салмағын, формасын, дыбысын т.б. үлкейту.Назар аударту әдістері (Н.Рысев)
«Клиент ерекшеліктері». Әңгімелескен кезде адамның ерекшеліктерін белгілеп көрсеткені оған ұнайды.
«Туристік фирманың ерекшеліктері». Бұл ерекшеліктерді потенциалды клиенттер біле қоймайды. Сондықтан кейбір ерекшеліктерін, клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын жақсы қасиеттерін көрсеткен жөн. Ал ол үшін клиент типін білу қажет.
«Беделді адамдарға сілтеме жасау». Клиентке белгілі беделді азаматтың пікірі менеджерді қолдайды. Бірақ бұл әдісті абайлап қолдану қажет: біріншіден, осындай сілтеме клиенттердің бәріне дәлел бола алмайды, екіншіден, менеджерге беделді болып көрінетін адам клиент үшін ондай болмауы да ықтимал, тіпті оны жақтырмауы да мүмкін.
«Көз жетерлік фактілер». Барлығына мәлім, екіталай көзқарас туындырмайтын шындықты көрсетсе, клиентпен келісу оңайлайды. Осындай пікір айтқанда клиент амалсыз онымен келіседі. Енді одан әрі клиентпен жұмысты жалғастыра беру қажет.
«Егер..., онда...». Осындай сөйлем құрылымын қолданса, менеджер клиенттің назарын туристік кәсіпорын ұсынып тұрған артықшылықтарына аударады. Мысалы: «Әбекең, егер сіз Ыстықкөлде жоғары деңгейдегі және онша қымбат емес демалыс қаласаңыз, «Әлмөрөк» пансионаты туралы айтқым келеді». Сөйлемнің бірінші жартысында айтылған сөз клиентті қызықтырса, екіншісін де тыңдауға дайын болады.
«Жаңашылықтар» (новинки). Кейбір адамдар «жаңа» деген сөзді естігенде есі шығып кетеді. Ондай нәрсе адамның өзгешілігін, қайталанбас қасиеттерін, беделін көтереді. Және осындай сөз айтылса, бұрынғы желістерді клиент онсыз да біледі деген ишара. Яғни, клиентті білгір адам деп есептейтініңізді көрсетесіз. Ал бұндай нәрсе елге ұнайды.
Кездесу жөнінде келіскенде:
дәл уақыты жөнінде келісіңіз – клиент өзінің менеджер үшін өте қажетті екенін сезінеді;
нақты уақыт жөнінде келіскенде альтернативтік сұрақтар қойыңыз, мысалы: тәңертең не кешке, жұма немесе сенбі, 8.30 ба, 9.40 па;
уақыты мен күнін тағы да анықтау (апталар жөнінде жаңылып қалмау үшін);
туристік өнімнің клиент үшін пайдасын тағы да қайталау керек.
Назар аударту әдістері (И.Л.Добротворский)
Оқтын-оқтын «оятып тұру».
дене қалпын өзгерту;
дауыс қаттылығы;
қолмен қимыл жасау;
сөз ырғағын өзгерту;
әңгіме тақырыбын өзгерту.
Клиент назарын оның ішкі кейпіне ауыстыру. Осындай жағдайда сыртқы әсерге назар аударылмайды, барлық зейіні ішкі дүниеге шомып кетеді (транс күйіне ұқсас). Шығын, туристік өнім бағасының маңызы жоққа шығады. Тек қана адам құмарлығы ғана маңызды болып кетеді. Қаржы шығынын клиент керек қылмайды.
Үрдіске қатыстыру (вовлечение в процесс). Мысалы: «Ал енді біз ең маңызды артылықшылықтарды қарастырайық». «Біз» деген сөз бірігіп әрекет жасауға шақырады.
Әрекеттің аяқталмағандығының әсері. «Сіз үшін бізде үш өте ұтымды ұсынысымыз бар. Біріншісінен бастайық».
Үміт етуді туғызу (создание ожиданий). Мысалы: «Алдымыздағы бір сағат ең қызықты болады».
Сезім үшін маңызды сөздерді қолдану. Клиенттің аты, «пайда», «табыс», «жеңілдіктер», «Сізге мынадай мүмкіншіліктерді туғызады» т.б.
Назардың бағытын ауыстыру (смещение фокуса внимания). Мысал. Өнім сапасынан (мәселен, қонақ үй номерлері) өнімді жеңілдік кезінде сатып алудың тиімділігіне зейінін ауыстыру.
13.Экскурсияның жіктелуі Мазмұны б/а:Шолу (қала ішіндегі,қала маңындағы)Тақырыптық(Тарихи,өндірістік,табиғи,өнертану,әдеби,архитектуралық)Қатысушылар құрамы мен саныб/ша:жасы(ересек,бала)тұратын орны(жергілікті,турист) саны(топ,жеке )Өткізілетін орнына б/ты:қалалық,қала маңындағы,өндірістік,мұражайлық,аралас.Қозғалыс тәсілі б/ша:жаяу,көлік(жер көлігі,су көлігі,әуе көлігі,аралас) Өткізу формасыб/ша:Көпшілік,серуен,қалыптасқан,экскурсиялық қойылым,оқу лекция.
14.Тақырыптық экскурсияларбір тақырыпқа ғанаарналады. Мысалы тарихи экскурсия болса оның негізіне бір-екі оқиғаны алуға болады. Ал архитектуралық экскурсияда бір белгілі архитектордың туындыларын алуға болады. Немесе ең қызықты архитектуралық ансамбльдерді. Мәселен, белгілі бір қала көшелерінде орналасқан XVIII немесе XIX ғасырлардан қалған архитектуралықескерткіштер, ансамбльдерді мысал ретін де айтып кетуге болады. (Орал қаласының Бұрынғы Ленинкөшесі).Тақырыптық экскурсиялардың өзі бір неше топқа бөлінеді:тарихи, тарихи-революциялық, әскери-тарихтық, өндірістік, жаратылыс-танушылық(табиғаттық), өнертанушылық, әдеби,архитектура-градоқұрылыстық. Осы топтардың әр қайсысы өзіндіктақырыпшаларғабөлінеді.Тарихи экскурсиялар мазмұны бойынша бір неше кіші топқа бөлінеді: тарихи-аймақтық, археологиялық (Есік қаласының қасында орналасқан қорғандарды көрсету), этнографиялық – (қазақстан халықтарының әдет-ғұрпын әңгімелеу), тарихи-өмірбаяндық (әйгілі адамның өмір сүрген, қызмен жасаған орындарына бару), тарихи мұражайларға бару.Өндірістік экскурсиялар да кіші топқа бөлінеді:тарихи -өндірістік,экономиқалық өндірістік,техникалық-кәсіптік.Өнер зерттеу экскурсиялар – тарихи-театралдық, тарихи-музыкалдық,халықтың кол өнері, көрме залдарына экскурсия болып бөлінеді.Әдебиетэкскурсиялар келесі топтарғабөлінеді:әдеби-өмірбаяндық,тарихи-әдебиеттік т.б.2. Қатысушылардың құрамына, санына қарай – жеке, жергілікті халықүшін, шетел туристері, ересек және мектеп оқушыларына арналған топтар болады. Әр топтың өз ерекшеліктерін ескере отырып экскурсия мазмұнына,жүргізу тәсілі мн техникасына, ұзақтылығына өзгерістер енгізіледі.3. Өткізілу орнына қарай эскурсиялар қалалық, қаладан тыс , өндірістік,мұражайлық, комплексті (бір неше экскурсияның элементтерін пайдаланады).Экскурсияның бұл түрі бір неше топқа бөлінеді. Біріншісінде – қатысушылар экскурсияны соңғы пунктінде өткізеді. Екіншісінде – жолай болатын экскурсия.Яғни жол –жөнекей кездесетін ескерткіштерге соғу.4. Қозғалыс тәсіліне қарай – жаяу және түрлі транспортты пайдалану арқылы өткізу. Пайдаланатын транспорттың түрлері – тролебус, трамвай, өзен және теңіз теплоходтары, вертолеттар.Жаяу жүргізілетін экскурсияның ерекшелігі сол, экскурсия өткізілу кезінде таныстырылатын әңгіме де көрсетілетін көрініске де өте қолайлы.5. Экскурсияның ұзақтылығына қарай 1 академиялық сағаттан, бір тәуліккедейін. Қысқа мерзімді турлар (3-4 тәуліке дейін) демалыс күнгі маршруттар деп аталады, онда бір неше экскурсиялар болуы мүмкін.6. Өткізілу түріне (формасына) қарай: экскурсия-серуен, ортақ білім беру элементтерімен бірге демалу мақсатында алып жүреді. Көбінде табиғат аясында өткізіледі. Экскурсия-қойылым, - көркем әдебиеттің нақты шығармалары негізінде әдеби-көркем экскурсияны өткізудің бір пішіні. Концерттік экскурсияда музыкалдық тақырыпқа байланысты ән тындау мен қошталады,немесе белгілі сазгердің шығармашылығымен танысу және т.б. экскурсиялар түрлері.
15.Шолу экскурсияларолардың ерекшеліктері. Шолу экскурсиялар бір неше тақырыпты қамтиды, бұндай экскурсиялар көп жоспарлы деп аталады. Оларда тарихи және кәзіргі күнгі материалдарды қолданады.Бұндай экскурсия көптеген түрлі объекттерді (тарихи және мәдени ескерткіштерді, ғимараттар мен құрылыстарды, табиғи объекттерді, қәсіп және ауылшаруашылық орындарын) көрсету арқылы құрастырылады.Шолу экскурсияларында оқиғалар ірі план мен баяндалады. Ол қала,мемлекет, аудан туралы жалпы түсінік береді. Бұндай экскурсияның хронологиялық шегі – қаланың бірінші күнінен пайда болуынан осы күнгедейін, және болашағы. Шолу экскурсиясының ерекшеліктері бар, кез келген қалада олар бір бірімен құрылымы жағынан ұқсас болады. Қаланың тарихы, қәсіпорындарының қысқаша сипаттамасы, ғылымы, мәдениеті сияқты тақырыпшалардың болуы. Шолу экскурсиялардың бір-бірінен айырмашылығы қала тарихы-ң ерекшелігіне байланысты. Мысалы: Верный қаласының тарихы 19-шы ғасырда басталса, Тараз қаласының тарихы 1ғасырдан басталады. Аталған екі қалада ҰлыЖібек жолында орналасқаны мен даму тарихы мүлдем ұқсамайды.Тараз қаласының экономи-сы,градоқұрылысы 10-12 ғасыр-да өркендеген.