Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Exkursia_shpor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.29 Кб
Скачать

82. Тәуелсіздік монументіне карточка жасау.

2)1995 жылдың 13 шілдесінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Алматы қаласындағы Тәуелсіздік Монументін салу туралы» атты қаулысы жарық көріп, Бұл бейне Алматы жанындағы Есік қорғанында табылған археологиялық қазбаларды зерттеу негізінде алынған, ол жерде жоғарғы биліктің регалиялары мен атрибуттары бар салтанатты киімде сақтардың (б.з.д. VIII-IV ғғ.) патшасы жерленген. (Ондағы киім стилі, алтын әшекейлері әлемдік өнердің біртумасы және адамзаттық кемеңгердің тамсанарлық шығармасы болып саналады.

3)Алматы қаласы,Желтоқсан көшесі,(Байсеитов пен Сәтбаев көш.қиылысы) Республика алаңы 4)Кешен кеңістігінің экспозициясы көлденеңінен 180 метрге созылған. Бедерлі маңғышлақ құлпытастарын бейнелейтін биіктігі 28 метр, тік пластикалық стела композицияның ортасы болып келеді. Стела диаметрі 28 метрден тұратын жартылай дөңгелек стилобатта орнатылған, ал ол болса диаметрі 46 метр домалақ алаңшаның ортасына жайғасқан. Стела кеңістікте нақты бір нүктені қатайтады.Стеланың тік беткейі ғимараттарға емес, ал кеңістікке қарайды. Неғұрлым жақындаған сайын ол аспанға қарай созыла түседі. Стеланың төменгі бөлігінде (қазақ және орыс тілдерінде) мынадай сөздер жазылған: «1990 жылы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі жарияланды». «1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды». Стеланың екі жағында он сегіз метр қашықтықта таға тәріздес бедерлі-мүсінді айнала он қабырға орналасқан, онда екі жағынан да оқылатын жазуы бар.   Орындықтыр, жазбаға арналған гранит блоктары, шамшырақтар, прожекторлар, сондай-ақ гүлзарлар секілді кіші сәулеттік нысандар орталық үлкен шеңбердің екі жағында орналасқан. Алты гранитті блоктардың ылди жазықтығында Қазақстан жазықтықтарында кездесетін көне түрік жазбаларының ескерткіштері мен петроглифтерінің үлгілері ойып жазылған. Қолданылатын материалдар - гранит, қола және құйма (бетон). Жобаның авторлары Байсеитов көшесіндегі фонтандар мен кіші сәулет нысандарын толығымен сақтап қалды. Құлпытастарда адам көзі жететін деңгейде қазақ және орыс тілдерінде өткен ғасырдағы және қазіргі кезеңдегі аты шыққан тарихи тұлғалардың қанатты сөздері  (сына жазумен) ойып жазылған.  Мұнда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төмендегідей сөздерін оқуға болады: «Қоғамдағы бейбітшілік пен келісушілік қана әрбір адамның жақсы өмір сүру мен еңбек етуіне құқық береді. Бостандық – жүгенсіздік емес, әділеттік пен құқықтың үстемдік етуі». Монумент Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша орнатылды. Авторлары: Шота Уәлиханов – шығармашылық ұжымның жетекшісі, Әділет Жұмабаев – мүсінші, Нұрлан Далбаев – мүсінші, Қазыбек Жарылғапов – сәулетші, Қайрат Сұраншиев – мүсінші. Қосымша авторлар: Қалдыбай Монтахаев – сәулетші, Мұрат Мансұров – мүсінші, Азат Баярлин – мүсінші, Қазыбек Сатыбалдин – мүсінші.5) www.almaty.kz және madenimura.kz сайттары 6)Ескерткіш мемлекеттік және қалалық аппарат деңгейінде қорғалады. Қорғалатын объектілер реестіріне енген.7)жартылай сақталған,соңғы уақыт ішінде монумент алдында орнатылған монумент фрагменті «тілек кітабы» елбасының алақанының ізі бар кітапша жоғалып кетті.8)Реставрация жұмыстарын жүргізуді талап етеді, бірақ реставрация жасалмаған 9)Жалпы қалалық шолу экскурсияларында танымдық, архитектуралық және сәулет өнері, тарихи ескерткіш ретінде пайдаланылады. 10)уақыты. Экскурсовод есімі

83. объекттің аты Абылайхан ескерткіші Осы объектпен байланысты тарихи оқиға Абылайхан қазақтың үш жүзінің басын біріктірген, халқымыздың әйгілі дипломат ханы. 1771 жылы хан тағына отырады. Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы. Қазақтың басына қиын күн туғанда жоңғар шапқыншылығы кезінде «Абылайлап» ұрандап, қазақтар атынан жекпе жекке шығып, қалмақтың Шарыш деген батырын жеңіп, Абылай есіміне ие болады.Абылай кемеңгер дипломат,батыр қолбасшы болған. Объекттің орналасу жері, оның мекен жайы Екінші теміржол вокзалының алдында (Райымбек және Абылайхан даңғылы қиылысында) Сипаттамасы Ескерткіш 2000 жылы орнатылды. Монументтік тақтада көрсетілгендей авторлық топтың басшысы С.К.Баймағамбетов, мүсіншісі К.К.Сатыбалдин, архитекторы Т.Е. Ералиев З.С.Баймағамбетов, В.И. Сидоров, құүрастырушысы М.Е.Еркінов. Калинин ескерткішінің орнына қойылды. Абылайхан ат үстінде отырған бейнесі көрсетілген. Атының екі аяғы көтеріліп тұр.Хан қылышын сермеп, жауынгерлерді жауға қарсы шақырып, ерлңк рух беріп тұрғандай әсер береді. Тұғыры ақ граниттен жасалған. Ескерткіш туралы мәліметтер көздері «Қазақстанның архитектуралық нысандары» кітаптарынан, интернеттен алуға болады.сақталуы, реставрация жасалған уақтысы Қазіргі кезде өз келбетін жойған жоқ толығымен сақталған. қорғалуы кімге жүктелген Алматы қаласы бойынша қорғалатын объекттер тізіміне енгізілген. қандай экскурсияларда пайдаланады қалалық шолу экс пайд.Карточка жасалған уақтысы, экскурсоводттың аты – жөні Карточкаға объекттің суреті тіркеледі.

84. Ш.Уалихановтың ескерткішіне карточка жасау.

Атауы: ш.уалиханов ескерткіші

Салынған жылы: 1969 жылы

Қазіргі қалпы: толық сақталған

Авторы: (сәулетші Ш.Ы. Уәлиханов)

Орналасқан жері: шевченко көшесі

Тарихы:1861 жылғы көктемде Шоқан Уәлиханов, әйгілі қазақ ағартушысы, географ және этнограф, денсаулығына байланысты Петербургтегі қызметін тастап Жетісудың туған даласына келеді. Шоқанға арнап салынған ескерткітер көп деп айтуға болады. Қайтыс болғанға дейін 1865 жылы ол

Майтөбе тауының жоғарғы бөлігіндегі Алтын Емел қыратының баурайында орналасқан Тезек аулында тұрады. Әйгілі ғалым Тезек аулынан жақын жерде қыратта жерленген. 1881 жылы оның зиратында араб және орыс тілдерінде мәтін жазылған тас плита қойылды, ал 1958 жылы Қазақстан Үкіметі зират маңына ескерткіш орнатты. Сатылы қырналған гранитті постамент ортасында бес метрлік қызыл мәрмәрдан қолалы барельефпен және «Шоқан Уәлиханов 1835-1865» жазуымен обелиск қойылды. Оңтүстік шығыста монументтің тілсіз күзетшісі ретінде Алтын Емел қыратының тісті қабырғасы тұр.Мағлұматы: Ш.Уалиханов қазақ елінің, қазақ жерінің ғалымдарының алғашқыларының бірі деуге болады. Қазақтың ағартушы демократы, этнограф, фольклорисі, саяхатшы, Орта Азия, Қазақстан және Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа (1836-1865) ескерткіш 1969 жылы ҚР ҰҒА (Шевченко көшесі) алаңында орнатылды. Ш. Уәлихановтың қола мүсіні мүсінші Х.Е. Наурызбаевтың үлгісі бойынша жасалған және тегістелген қара габбродан жасалған тұғырға (сәулетші Ш.Ы. Уәлиханов) қондырылған. Тұғырдың бет жағында: «Шоқан Уәлиханов» деген жазу бар. Ескерткіштің биіктігі 8м. Авторлары 1970 жылы Қаз ҚСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.Қандай экскурсияда қолданылады: жалпы шолу, танымдық, өнер, тақырып

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]