- •2.Экскурсия ісінің тарихы.
- •3.Экскурсия оның негізі.
- •4.Экскурсияның негізгі белгілері.
- •5.Экскусияның функциялары.
- •6.Экскурсияның педагогикалық және психологиялық аспектілері.
- •7.Экскурсияның құрылымы, оның бөліктеріне сипаттама беру.
- •8.Экскурсияның кіріспе бөлігі.
- •11.Қисынды ауысулардың экскурсиядағы маңызы.
- •16.Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау. Тақырып таңдау
- •17.Архитектура –кұрылыс экскурсияларының ерекшеліктері
- •18.Көрсету экскурсияның негізгі элементі
- •19.Экскурсяда көрсетудің ерекшеліктері
- •20.Көрсетудің методиқалық әдістері
- •22.Экскурсияда әңгіменің негізі .Әңгімеге қойылатын талаптар
- •23.Экскурсияда әңгімелеу мақсаты
- •24.Экскурсиялық әдістердің талаптары
- •25.Экскурсиянын композициясы дегенімі не?
- •26.Экскурсиялык нысандарды тандау кагидалары
- •27.Негізгі ж/е косымша нысандардын тізімі мен сипаттамалары
- •28.Экскурсияга кіргізілген ескерткіштердін карточкасы(паспорт)
- •29.Жаңа экскурсия дайындаудың технологиясы
- •30.Экскурсия дайндаудын негиги кезендери
- •31.Экскурсиялык маршрут, оган койылатын талаптар
- •32. Маршрутты алдын-ала аралап шыгудын максаты
- •33. Экскурсиялык нысандарды іріктеу
- •34.Экскурсиялык нысандардын жіктелуі
- •35. Экскурсияга кіргізілген нысандарды багалау критерилары
- •36.Бакылау текстинин тусінігі
- •37.Экскурсовод портфели оны курастыру
- •38. Экскурсия дайндаудын негізгі кезендеріне сипаттама
- •39. Жаңа экскурсия дайындаудың негізгі сатылыры
- •40. Әдістеме нұсқауының құрылымы
- •41 Жеке текст дайындау тәсілі
- •42. Бақылау текст пен жеке текстің айырмашылығы
- •43. Көрсетудің методикалық тәсілдерінің түрлері
- •44. Әңгімелеудің методикалық тәсілдерінің түрлері
- •45. Ерекше методикалық тәсілдер
- •46. Көрнекілік құралдарды пайдалану тәсілдері
- •47.Әңгімелеудегі сипаттама тәсілі.
- •48. Қозғалысты методикалық тәсілі ретінде пайдалану.
- •49.Тарихиэкскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •50.Табиғи экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •51.Архитектура градо құрылыс экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •52.Өнер тақырыбынаэкскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •53.Әдеби тақырыбына экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •54.Мұражайэкскурсияларын дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •56. Өндірістік экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері
- •57. Экскурсияларды қабылдау және бекіту.
- •58. Экскурсияны жүргізу техникасы түсінігі
- •59. Экскурсияның әдістемелік нұсқауларында «Ұйымдастыру нұсқаулары» деген графа мазмұны
- •60. Экскурсияның әдістемелік нұсқауларында «Негізгі мазмұны» деген графа мазмұны
- •61. Эксурсияны дайындау және жүргізу кезінде берілетін инструктаж түрлері
- •62. Экскурсияның қызмет көрсетуде дифференциалдық бабын табу
- •63.Экскурсанттарды әлеуметтік жағдайы және қызығушылығы бойыншаіріктеу.
- •64. Халаққа экскурсиялық қызмет көрсетуде дифференциалдық бабын табу
- •67. Экскурсоводтың сөйлеуі, оған қойылатын талаптар.
- •68. Табиғи экскурсияның жіктелуі
- •71. Экскурсиялық кызмет керсетуде психология элементтерін пайдалану.
- •73. Экскурсоводқа койылатын талап
- •74.Экскурсоводттың міндеті мен қызмет бабы құқығы
- •76. Экскурсияға қызығушылықты қалыптастыру мен қолдау.
- •77.Экскурсияда техникалық құралдарды пайдалану.
- •78.Қалалық шолу экскурсияларын өткізу ерекшіліктері
- •79.Табиғат экскурсияларын жүргізу ерекшеліктері
- •82. Тәуелсіздік монументіне карточка жасау.
- •85. Алматы каласы бойынша шолу экскурсиясының ақпараттық бөлігі.
- •86. Алматы қаласы бойынша шолу экскурсиясының қортынды бөлігі.
- •87. Даңқ мемориалына карточка жасау
- •88.Алматы каласының тарихы.
- •89.Алматы мәдени орталығы (мәдени нысандарға сипаттама).
- •90. Қала маңындағы экскурсия нысандарына сипаттама беру (қалауы бойынша).
67. Экскурсоводтың сөйлеуі, оған қойылатын талаптар.
Экскурсовод сөз мәдениетінің негіздерін білуі тиіс. Бұл оған тақырыпты ашуға,мазмұнын жеткізуге мүмкіндік беред. Шешендік өнер экскурсоводқа өз білімін топқа жеткізу үшін керек. Сондықтан экскурсовод әңгімесі мағыналы,танымдық бағалы, қызықты,тәрбиелік мағынасы мол,эмоционалды,бейнелі,тыңдаушы құлағына қарапаым болуы керек.Сөйлеу техниасын білген экскурсовод тілімен жұмыс жасай біледі( дем,дауыс, дикция) Сөз сөйлегенде,яғни дикция нақты және түсінікті болуы керек. Түсініксіз, көп айтылмайтын, сөздерді көп қайталап,үйренген дұрыс. Кейін сөйлеу тәсілінің жылдам,баяулығына мән беру керек. Әр сөз нақты, түсінікті болуы тиіс.Әңгімелеуде экскурсоводтың интонациясы сөйлеуде үлкен мағыналы рөл атқарады. Әңгіменің негізі болып ой ғана емес, сонымен қатар әсерлі айтылуы, экскурсоводтың оқиға, зат немесе деректер мен нысандар жайлы білімін көрсетеді. Мәнерлі сөйлеудің дұрыстығына көңіл бөлу керек. Егер экскурсовод бүкіл жұмысы бойы сол мәнерлілікпен айналысса олт дұрыс емес. Экскурсия дауыстың жоғарылығына, баяулығына, әңгіме кезіндегі тоқталымдарға, сөйлем тездігіне байланысты. Берілген тақырып бойынша фразалар мен логикалық мәнерді дұрыстап айтылуын үйреніп алу өте маңызды. Әр фраза, көбінесе, айтылатын әңгіменің негіізн қалаушы болады. Сонымен қатар интонацияның барлық бөлшектерін ойластыру қажет: сөйлеу күшін(оның динамикасын), мәнерде өз үлесін табатын, сөйлеудің ритмі мен темпі (оның жылдамдығы,теморы), эмоционалды әсерлік. Жоғарыда айтылған компонеттер әңгіменің әр бөлшегінде қолданылуы тиіс.Әңгімелеу кезде айтылып жатқан оқиғаға байланысты дауыстың өзгерістері қолданылса, жақсы экскурсия болып саналады: қобалжу, ызалану,қуанышты,мақтанышты экскурсовод жеткізе білуі керек. Бірақ экскурсияны декломацияға айналдыриауы қажет. Декломация тек белгілі бір ұлы адамдардың цитаталарын,шығармасының үзінділерін,тарихм құжаттарды айтарда қолданылады.
68. Табиғи экскурсияның жіктелуі
Табиғи экскурсиялардың маңызды міндеттерінің бірі,адам тіршілігінің өзегі табиғат компоненттерімен егжей тегжейлі таныстыра отырып,табиғатты қорғау, табиғат байлықтарын ұқыптылықпен қорғау мәселесін барынша насихаттау.Табиғаттану экскурсиялары тақырыптық және шолу болып бөлінеді. Шолу экскурсиясына «Алып Тянь-Шаньмен кездесу», Кіші Алматы өзенінің аңғарында өткізілетін экскурсия жатады. Бұл экскурсияларда геология, зоология, ботаника тақырыптары қозғалады. Ал тақырыптық табиғаттану экскурсиялардың тақырыптары: өсімдіктану,жануартану,гидрологиялық,геологиялық, минералогиялық,топырақтану,экологиялық, астрономиялық, табиғат ескерткіштері жатады. «Ерекше қорғалатын табиғат аймақтары» деген Қазақстан Республикасының заңында (15.07.1997) құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және осы аймақтарда ұйымдастырылатын жұмыстарының келесі объекттерге көңіл аударылады: зоологиялық- сирек, және құнды жануарларды, уникалды жануарлар бірлестіктері (барс, архар);ботаникалық – дәс сол тек қана өсімдіктер жөнінде;ормандық – ерекше қорғауға алынған аймақ;дендрологиялық – бұған жеке талдар, немесе олардың тобы, ғылым үшін мәдени – тарихи мағынасы бар ағаштар жатады;гидрологиялық – су қоры, ерекше мемлекеттік маңызы бар;геологиялық, геоморфологиялық – экологиялық ғылыми құндылығы бар жер қойнауының учаскілері.Табиғи объектілердің мемлекеттік түрлері бойынша табиғи қорықтар, ұлттық қорықтар, табиғи ескерткіштер, қорықтық зоналар, зоологиялық саябақтар, ботаникалық бақтар, дендро-бақтар боп бөлінеді. Қазақстан Республикасының Заңы бойынша бұл территориялар мәдени – ағарту, оқу, туристік, рекреациялық мақсатпен пайдалануға болады. Заң бойынша үлкен ерекше қорғауға алынған аймақтарда экскурсиялық зоналар болады.Өсімдіктану экскурсияларында өлкеміздің жалпы өсімдіктер әлеміне сипаттама бере отырып, экскурсовод жергілікті жердің өсімдіктеріне нақты тоқталады. Жол бойында кездесетін өсімдіктерге де тоқталады Жануарлар әлеміне арналған экскурсиялардың да танымдық тәрбиелік маңызы зор. Мұндай экскурсияларда еліміздің және өлкенің жануарлар дүниесі, жабайы жануарлар дүниесі,заңдылықтары,қоршаған ортаға бейімделуі,олардың адам үшін және халық шаруашылығы үшін маңызы әңгімеленеді. Жануарларды қорғау шаралары,аңшылық ережелері,браконьерлермен күрес,қызыл кітапқа енген жануарлар туралы айтылады Гидрологиялық экскурсиялар,судың адам өміріндегі маңызын ашып көрсетуге арналады. Бұндай экскурсиялар теңіз,өзен,көл,тоған немесе су қоймалары маңында ұйымдастырылады. Олардың табиғи ерекшеліктерін атай отырып,суды қорғау заңдары мен суды тиімді пайдалану ережелері жайлы мағлұматтар беріледі.Геологиялық экскурсиялардың құндылығы сол,жердің пайда болып,тіршіліктің ұалыптасуынан бергі даму кезеңдеріне, жердің жасы мен жер қыртысына,жыныстардың түрлері мен орналасу қабаттарына,жер қойнауындағы байлықтарына тоқталады.Геоморфологиялық экскурсиялар,адамдарға рельефтің шығу түрлері мен қалыптасуының заңдылықтарын,құрылымы мен құрылысы туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді. Желдердің әсерінен қалыптасатын рельеф,ағынды сулар әсерінен қалыптасатын рельеф,суға ерігіш жыныстар әсерінен қалыптасатын рельеф түрлері мен орографиясы туралы мағлұматтар беріледі. Қазіргі кезде қоршаған ортаға арналған экологиялық экскурсиялардың ауқымы кең және материалдары да жеткілікті. Адамдардың бойында табиғатқа деген жанашырлық сезімдері мен сүйіспеншілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылады.Табиғаттану экскурсияларды сонымен қатар, оқушылар мен жас өспірімдерге арналған және ересектерге арналған түрлерге жіктеуге болады. Бұлардың өзін: мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді айналамен таныстыру, бастауыш оқушыларын жалпы табиғатпен таныстыратын экскурсиялар, т.б.
69.Экскурсиялық қызмет керсетуде педагогика элементтерін пайдалануПедагогикада– ережелер жүйесін, ғылымдарды оқытудың әдістерін, оқушыларға білім беруді, сондай-ақ жастарды оқыту мен тәрбиелеудің әдістер жүйесін методика деп атайды.Экскурсияға негізінде әрқашанда педагогикалық талаптар қойылуы қажет: оқыту мен тәрбиенің байланысы, жүйелілік, анықтық және қол жетерлік, көрнектілік, эмоционалдық және экскурсанттың жастық ерекшелігін ескеру.Жоғарғы сапада жасалған экскурсия тек өткізу методикасы өте жоғары болған кезде ғана тиімді болады. Экскурсиялық методикасының негізгі ережелері: экскурсантқа біріншіден көруге, тыңдауға және сезуге көмек беру; екіншіден экскурсантқа объектті көрудің, түсінудің практикалық дағдысын беру; үшіншіден тақырыпқа, әңгімеге, көрсетуге бүкіл экскурсия бойы тұрақты назар қамтамасыз ету.
Бұл ережелерді іске асыру үшін экскурсоводтан тек қана экскурсия мазмұнын ғана білу емес оны өткізу және жүргізу методикасын білуін қажет етеді. Экскурсия методика жұмысы екі бөліктен тұрады – экскурсия дайындау методикасы және оны өткізу методикасы. Экскурсияның маршрутын жасағанда экскурсиялық топтың қозғалған кезінде уақытты үнемді пайдалануды еске сақтау керек. Бір қалыпты объектілерді көрсете беруден сақ болу, мысалы қалалық шолу экскурсия тақырыбын тек қана монументалды скульптуралық ескерткіштер арқылы ашуы. Экскурсия уақытын (180 минут) түгел көрсетумен, әңгімелеумен және паузалармен толтыру қажет.
70.Экскурсия қисыны дегеніміз не? Қисынды ауысулар түрлеріЭкскурсия қисыны талабы арқылы құрастырылады. Ол экскурсиялық материалды ұсыну мен объектілерді көрсетудің заңдылық түрі. Қисын дегеніміз – ғылым, адамның ойлауы жайлы заңдылық пен формалары. Әр бір экскурсовод дұрыс қисынды ойлаудың заңы мен формасын жанжақты және терең білу керек.Тәжірибелі экскурсоводтар көбінесе, практикада қисындылықтың заңдылығын білмеседе, дұрыс ойлап сендіре сөйлейді. Олар бұл жерде өзінің табиғи интуициясына (сезіміне) сүйенеді.Қисындық заңға жататындар: анықтық, қарама-қайшылық, жүйелілік, дәлелділік. Қисындық форма – құрылым, ойдың құрылымы. Қисындық тәсілдер – анализ, синтез, абстракциялау, талдап қорыту. Методистер мен экскурсоводтар экскурсия жасаған кезде ойлау заңының негізгі әрекеттерімен санасу керек: тепе-теңдік, қайшылық келмейтіндік, үшіншіні шығарып тастау, жеткіліктілікті негіздеу (достаточного основания).
Тепе-теңдік заңы – экскурсия кезінде бұл заң экскурсоводттың бір объектті әңгімелегенде басқа объектпен ауыстырып алмау (подменять), әңгіме кезінде түсініктер түрлі мағынада болмауы.
Қарама-қайшылық заңы –экскурсия әңгімесі кезінде бір ой өзінің мағынасынан экскурсия бойы қайтпауы. Бір ой, бір уақытта жалған және шынайы болмайды. Тарихи оқиғалар жайлы әңгімелеген кезде қарама-қайшылықтарды болдырмауы.
Үшіншіні шығарып тастау заңы – пайымдау мен мойындаудың арасында үшіншінің болмауы. Егер бір ой пайымдаса, екіешісі мойындамайды, бұл жерде осы екі ойдың біреуі ғана дұрым болады. Экскурсовод өзі вариант таңдайды. Екінші вариантты терістейді.
Жеткіліктілікті негіздеу заңы (достаточного основания) – бұл бір ой дәлелді болуын қажет етеді. Тек осы жағдайда ол дұрыс боп саналады. Әр бір ой басқа рйлармен дәлелдену керек. Дәлелсіз ойлардан сақ болу керек.
Қисындылықтың заңдарымен пайдалану методистер мен экскурсоводтарға келесі қисынды проблемаларды шешуге мүмкіндік береді:
экскурсиялық материалды дәлелді әңгімелеуге, көргеннен әсер алуға, аргументтерді дұрыс пайдаланған арқылы дәлелдеу;
-тарихи оқиғаларды шындықпен түсіндіру, факт пен мысалдарды сипаттау кезінде қисынды жүйелілікті анықтау;
-экскурсияның әңгімелеу бөлігінің қортындысының түйінін тұжырымдау;
-қөрсетудің, әңгімелеудің әр-бір методикалық тәсілін пайдаланғанда қисынды схеманы таңдау;Әр экскурсияда, қай тақырыпқа ол арналмасын, қисындының өзі сүенетін конструкциясы болады. Бұл жерде біз қисынды ауысу жайлы айтамыз. Экскурсияда қисынды ауысудың екі түрі болады – «көпір» арқылы ауысу жене тікелей ауысу.Қисынды ауысулардың негізгі ерекшелігі, ол экскурсияның әңгімелеу бөлігі мен көрсету бөліктерін байланыстырады.
