Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Exkursia_shpor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.29 Кб
Скачать

64. Халаққа экскурсиялық қызмет көрсетуде дифференциалдық бабын табу

Экскурсиялық қызмет көрсетуде дифференцалдық бабы түрлі болып келеді. Соның ішіндегі ең мағыздылары: әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-мамандандарылған, әлеуметтік-психологиялық, ұжым дәстүрлері, сән. Осының арқасында экскурсанттар тобы мына негізде қалыптаса алады: жасы, жұмысы бойынша, оқуына қарай, мекен-жайына қарай, т.б. экскурсиялық қызметті жүзеге асыруда маңызды рөлді осы дифференциалдық бабы болып табылады. Ол дегеніміз – экскурсияны дайындау және өткізу халықтың экскурсиялық сұранысына,қызығушылығына, олардың дайындық деңгейлеріне сай экскурсияны ұйымдастыру. Дифференция – бүтінді бөліктерге бөлу дегенді білдіреді. Мұнда экскурсиялық мекемінің кіммен жұмыс жасайтыны, ол қызметтерді қазіргі кезде кім өолданатындығы туралы, т.б мәліметтері болуы тиіс. Бірінші топ үш категорияғы бөлінеді: бірінші категория-бәрін білгісі келетін адамдар; екінші категория-мұнда білімі мол адамдар кіреді; үшінші топ - өз уақытын көңілді өткізу үшін бірігетін адамдар. Екінші топқа адамдар түрлі белгілері бойынша бірігеді: жасы, қызмет бабы, т.б. Үшінші топ екіншіге қарағанда күрделі.

65. Микрофонды пайдалану. Микрофонсыз жұмыс істеу.Автобус ішіндегі қозғалыс кезіндегі әңгіме микрофон арқылы жүргізілуі керек. Өйткені автобус ішінде шуыл және двигательдің даусы экскурсовод даусын естіртпейді. Ал микрофон болмаған жағдайда немесе дұрыс істемеген жағдайда микрофонсыз жұмыс істеуге тура келеді. Автобустағы шуылдың кесірінен әңгіме тек автобус алдында отырғандарға естіледі. Бұл жағдайда экскурсовод жақындаған обьект туралы түсіндірмені автобус қозғалмай тұрып береді,ал автобус жүріп келе жатқанда тек обьект атын ғана айтады. Жүріп келе жатқанда обьект туралы маңызды мәлімет болған жағдайда экскурсовод автобусты тоқтатып, двигательді сөндіртіп барып сөйлейді. Бұл жүргізушімен алдын ала келісулі болу керек.

66. Туристермен жұмыс істеудегі экскурсоводтың мамандық шеберлігіне қойылатын талаптар.Қазіргі кезде экскурсовод өз жұмысының маман адамы болып есептеледі. Экскурсовод қоғам мүддесіне сай, мемлекеттік талапқа сәйкес,ұлттық ерекшеліктерге сүйеніп,жаңа ғылыми технологияны пайдаланып, экскурсияны сапалы да қызықты өткізуге міндетті.Экскурсовод мәдениетке,ғылымда, экономикада жіне тағы басқа қоғамдық қызмет түрлеріне үлесін қосып,үлкен жетістікке жеткен маман, сонымен қатар ол мәдени шаралық, тәрбие танымдық жұмыстың белсенді қатысушысы,рухани дүние танымның қалыптасуына әсері зор. Бұл міндеттер экскурсоводтың басты мақсаты болып отыр және экскурсия мамандығының үлкен маңыздылығын көрсетеді.Өз мамандығының білгірі ретінде экскурсосводқа тәжірибелік біліктілік пен көптеген жан жақты білім қажет. Экскурсовод экскурсанттардың сұраныстарын қанағаттандыруы қажет,ол лектор және агитатор болуы қажет.Экскурсовод адамдармен саяси топтама шараларда және насихаттаушы жұмыста ынтасы болуы тиіс; өз жұмысының міндетін түсінуі, адамдар арасында өзінің беретін тәрбиелік рөлінің жоғары екенін түсіне білуі қажет; өзінің әлеуметтік міндетін түсінуі тиіс; жан жақты жоғары білім дәрежесінің болуы керек; тәрбиесіздікке,тәкаппарлыққа, мәдениетсіздікке жол бермеуі тиіс. Экскурсловодқа әрдайым өзінің саяси,арнайы білімін толықтырып және оны шыңдап отыруы қажет. Жаңашыл жіне әрдайым ізденісте жүру,үлкен топтарды өзіне қарата білу, дәрісхананың қызығушылығы мен сұранысын зерттеу,өз жұмыснда тәрбиелікті жоғары мәдениеттілікті және тәртіпті қадағалауы тиіс;сыпайы, шыдамды болуы,экскурсияның заңдылықтарын, оның өткізу методикасын терең білуі керек; өз жұмысын сүюі тиіс. Сонымен қатар экскурсия мазмұнын жақсы білуі қажет: педагогика негіздерін, психологияны жіне логиканың негізгі заңдылықтарын білуі керек.Экскурсоводқа сай белгілі бір біліктілік пен тәжірибелік білімділіктің негіздері қалыптасуы қажет. Оларсыз бұл мамандық еңбек іс әрекеті ретінде жүзеге аса алмайды, себебі ол экскурсоводтан тек белгілі бір білімділікті ғана емес, сонымен қатар ақпараттық білімін керемет қып жеткізуге көмектеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]