Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Exkursia_shpor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.29 Кб
Скачать

53.Әдеби тақырыбына экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.

Қазіргі кезеңде әдеби экскурсияларды жиі ұйымдастыру бүгінгі қоғам жастары үшін өте маңызды.Өйткені қазіргі жастардың әдебиетке деген ынтасы төмен,көркем әдебиет шығармаларын оқуға құлықтары жоқ.Оның орнына интернет,компьютер ойындары,теледидар сериалдарын көрумен бар уақыттарын алады.Сондықтан көптеген жастардың сөздік қорлары саяз,ғылыми,әдеби көркем сөйлеу түгілі,тұрмыстық қатынас деңгейінен аса алмайды.Әдебиет қайраткерлерінің бірін білсе,бірін білмейді,оған мән бермейді.Олардың еңбектері мен шығармалары туралы сұраудың өзі артық.Ендеше қоғамымызда қалыптасқан талаптардың бірі әдеби экскурсиялар арқылы жастардың әдебиетке деген көзқарасын қалыптастырып,ынтасын дамытумыз керек.Әдебиет адамның рухани жан дүниесінің қайнар көзі.Әдеби экскурсиялар кез келген жастағы және білімі әртүрлі дәрежедегі адамдарға түсінікті болғандықтан,білімділік құндылығы аса жоғары.

Әдеби экскурсиялар мақсаты мен мазмұны бойынша мынадай түрлерге жіктеледі:

1.Әдеби өмірбаяндық экскурсиялар,әдебиет қайраткерлері мен белгілі жазушылар,ақындар,драматургтар өмірі мен шығармаларын ашып көрсетуге пайдаланады.

2.Тарихи әдеби экскурсиялар,әдебиет дамуының белгілі бір кезеңдерін ашып көрсетуге арналады.Әдебиеттің тарихы мен тұлғалары жайлы кең ауқымды мәліметтер береді.

3.Әдеби көркем экскурсиялар,белгілі бір жазушының шығармаларымен,ондағы кейіпкерлер және бейнеленген орындар туралы мағлұматтарды жеткізуді мақсат етеді.

Әдеби экскурсиялардың барлық тақырыптарында көркем әдебиет шығармаларынан үзінділер қолданылады.Мұндай үзінділер цитата келтіру деп аталады.Цитаталардың шағын және мәнді болуы тиіс.Олар поэзияның

4.шумағы немесе прозаның, 6-10сөйлемі шамасында болғаны дұрыс.Мұндай цитаталар жақсы меңгеріледі,және әрі әсерлі болады.Әдеби экскурсия мәліметтерін жеткізуде экскурсоводтың сөйлеу мәдениетіне аса жоғары талап қойылады.Мәнерлеп айту,шешен сөйлеу экскурсоводтың шеберлігін көрсетеді.Сол арқылы әдебиет шығармасының мәндә жағые ашып көрсеткен өте маңызы.Әдеби экскурсияларда көрнекті құралдар маңызды рол атқарады.Олар экскурсанттардың ескерткіш орында кқргендері мен экскурсовод әңгімесінен алған әсерді күшейте түседі.Мұндай көрнекіліктерге жазушының әр кезеңде түскен фото суреттері,дауысы басылған таспалар мен бейне таспалар жатады.Әдеби экскурсия арқылы тарихи кезеңге тоқталып,еске түсіру,оған сипаттама беру,оны көрнекілік материалдармен толықтыру экскурсия құндылығын арттыра түседі.Әдеби тақырыптағы экскурсияларды халықтың түрлі топтарының арасында кеңінен тарату бүгінгі күн талабы.Оның танымдық берері де, тәлімдік тәрбиесі де мол.

54.Мұражайэкскурсияларын дайындау және өткізу ерекшеліктері.

Мұражай экскурсияларының қызметі атқарып тұрған өнер,жанды өнер болып саналады. Мұражай экскурсиясы арқылы мұражайдың рухани эстетикалық мұраттарын,жанды көркем өнер жөніндегі экскурсанттар білімін молайта түсеміз.Мысалы,театр экскурсияларын алатын болсақ, олар шолу және тақырыптық, қалалық,қала маңындағы,мұражайлық болып бөлінеді.Театр мәдениетінің даму барысын талқылауда театр мұражайлары маңызды орын алады.Олар театрдың бай тарихын ашып көрсетеді.Театр мұражайлары үш түрге бөлінеді:1.Кең ауқымды мұражайлар.Олар театр үрдісін оның бүкіл ауқымы бойынша зерттейді және жазып алады. 2.Театр жанындағы мұражайлар.Бір театр ұжымының даму үрдісін сипаттайтын мәліметтер жинақтайды.Бұл мұражайлардың ең көп тараған түрлері.3/Өнердің көрнекті қайраткерлерінің өмірі мен шығармасына арналған мұражайлар.

55. Қалалық-шолу экскурсияларды дайындай және өткізу ерекшеліктері.

Қаланың қай-қайсысы болса да өзіндік тарихы бар және көзтартарлық қоғамдық және тұрғын үйлері, алаңдары, парктері, архитектуралық ғимараттары, оқиғалараға арналған ескерткіштері, қайраткерлер мүсіндері, өнеркәсіп орындары, ғылыми мекемлері, мұражайлары бар.Шолу экскурсиялары құрамына қарай бір ыңғайлы болады. Шолу экскурсияларының бір қиыншылығы – бір тақырыпшадағы ойдан екіншісіне ауысу. Ауысу кезінде бір бірін толықтырып отыратын жүйелі ой тізбегі боллуы керек. Қалалық шолу экскурсияларының бір ерекшелігі үнемі жағартылып тұрады. Өйткені қала өмірі бірқалыпты емес. Шолу экскурсиясы көпсалалы болағндықтан, көрсету объекттері де әр түрлі.Шолу экскурсияларында оқиғалар ірі план мен баяндалады. Ол қала, мемлекет, аудан туралы жалпы түсінік береді. Бұндай экскурсияның хронологиялық шегі – қаланың бірінші күнінен пайда болуынан осы күнгедейін,және болашағы. Шолу экскурсиясының ерекшеліктері бар, кез келген қаладаолар бір бірімен құрылымы жағынан ұқсас болады. Қаланың тарихы, қәсіпорындарының қысқаша сипаттамасы, ғылымы, мәдениеті сияқты тақырыпшалардың болуы. Шолу экскурсиялардың бір-бірінен айырмашылығы қала тарихының ерекшелігіне байланысты. Мысалы: Верный қаласының тарихы 19-шы ғасырда басталса, Тараз қаласының тарихы 1ғасырдан басталады. Аталған екі қалада Ұлы Жібек жолында орналасқаны мен даму тарихы мүлдем ұқсамайды. Тараз қаласының экономикасы, градоқұрылысы 10-12 ғасырларда өркендеген. Ал Верный қаласының орнындағы елді мекендер ұмытылып кеткен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]