Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Exkursia_shpor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.29 Кб
Скачать

50.Табиғи экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.

Табиғат өзінің жаратылысымен,құпия сырларымен адамдарды өзіне тартатын,қызықтыратын,еліктіретін экскурсиялық нысандар кешені.Ал,адамдар табиғаттың саналы бір мүшесі.Сондықтан адамардың бар тіршілігі табиғатпен тығыз байланысты.Олардың табиғат аясында жиі болғысы келетіндігі,табиғатта жақсы дем алып,тынығып қалатыны,неше түрлі әсерге бөленетіні соның айғағы.Табиғаттың сырлары,өзіндік жұмбақтары,ғажайып нысандары мен жәдігерлері адамдарды әрдайым таңқалдырып келеді.Міне,сондықтан табиғи жай бір жаратылыс ретінде қарау,пайдалана салып тастай салатындай көзқарастар дұрыс емес.Табиғи экскурсияға деген сұраныс бәсеңсір емес,жылдан жылға өресі кеңіп келеді.Адамдар арасында қызығушылықпен қатар астамшылық қасиеттер де,қатар дамып келеді.Табиғатқа деп барлық қоршаған айналаны айтамыз, ал бір ғана кішкене түсінігі- экскурсия әдісімен зерттейтін объект деп айта аламыз.Табиғатты сүйю, аялау үлкен педагогикалық міндет. Адамдар табиғатты зерттей отырып, өз ой-өрісін, сөйлеу қабілетін, білімділігін дамытады, отанға деген сүйіспеншілік сезімді тұдырады. Көрнекілік фактілерді ойластырады.Табиғаттану экскурсияларының маңызды міндеттерінің бірі,адам тіршілігінің өзегі табиғат компоненттерімен егжей тегжейлі таныстыра отырып,табиғатты қорғау,табиғат байлықтарын ұқыптылықпен қорғау мәселесін барынша насихаттау.

Табиғаттану экскурсиялары тақырыптық және шолу болып бөлінеді. Шолу экскурсиясына «Алып Тянь-Шаньмен кездесу», Кіші Алматы өзенінің аңғарында өткізілетін экскурсия жатады. Бұл экскурсияларда геология, зоология, ботаника тақырыптары қозғалады. Басқа табиғаттану экскурсиялардың тақырыптары гидрологиялық, минералогиялық, астрономиялық, табиғат ескерткіштері жатады. «Ерекше қорғалатын табиғат аймақтары» деген Қазақстан Республикасының заңында (15.07.1997) құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және осы аймақтарда ұйымдастырылатын жұмыстарының келесі объекттерге көңіл аударылады:зоологиялық- сирек, және құнды жануарларды, уникалды жануарлар бірлестіктері (барс, архар);ботаникалық – дәс сол тек қана өсімдіктер жөнінде;ормандық – ерекше қорғауға алынған аймақ;дендрологиялық – бұған жеке талдар, немесе олардың тобы, ғылым үшін мәдени – тарихи мағынасы бар ағаштар жатады;гидрологиялық – су қоры, ерекше мемлекеттік маңызы бар;геологиялық, геоморфологиялық – экологиялық ғылыми құндылығы бар жер қойнауының учаскілері.

Табиғи объектілердің мемлекеттік түрлері бойынша табиғи қорықтар, ұлттық қорықтар, табиғи ескерткіштер, қорықтық зоналар, зоологиялық саябақтар, ботаникалық бақтар, дендро-бақтар боп бөлінеді. Қазақстан Республикасының Заңы бойынша бұл территориялар мәдени – ағарту, оқу, туристік, рекреациялық мақсатпен пайдалануға болады. Заң бойынша үлкен ерекше қорғауға алынған аймақтарда экскурсиялық зоналар болады.Табиғи экскурсияларға дайындықкөптеген мәселелерді қамтиды:заң және құқық мәліметтері,ережелер,арнайы табиғат қорғау және экологиялық мекемелер ережелері,арнайы өлкетану мәліметтері,таөырыпқа сәйкес білімдік әдебиеттер,өсімдіктерді анықтауыш,жергілікті жердің картасы мен схемасы,туристік жорықтар техникасы мен бағдарлау туралы әдебиеттер,қауіпті өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтер,алғашқы медициналық көмек туралы білімділік қорлар жинақталуы керек.Экскурсия маршруты экскурсанттар үшін қауіпсіз,әрі ыңғайлы болуы керек,және тағы бір ескертетін нәрсе маусым ерекшеліктері мен ауа райының құбылыстары.Табиғи экскурсияның бірнеше объектілері бар: ол Қарқараның ұлттық табиғи саябақтары, Бурабай, Алтын Емел, Іле-Алатауы, Шарын саябақтары, қорықтардан Ақсу-Жабағлы, Наурызым, Қорғалжын, Марқакөл, Барса-келмес, табиғи ескерткіш Үстірт, Айғақ құм, Қарақия ойысы, Баянауыл, Тізбек қарағай ормандары, т.б.Қорықтар мен ұлттық саябақтар жанынан жиі мұражайлар ашылады. Осы аймақтарға экскурсия өткізгенде экскурсанттарды экскурсовод алып жүреді. Туристер бұл аймақтарда өзін қалай ұстау ережелерімен танысады.Табиғи экскурсиялардың атқаратын түрлері мен мақсаттары бар. Турбаза демалушылар үшін қоршаған айналасымен танысу, демалу орнына дұрыс бағыт табу. Бұндай экскурсияларда фауна, флора объекттерімен танысады. Әр табиғи объектіне паспорт толтырылады:

-Аты-жөні (Орман, өзен, тау...).

-Географиялық орны, кімнің қарауында.

-Объекттің сипаттамасы.

-Пайда болған кезі, құрылған уақыты.

-Көлемі, маусымдық ерекшелігі (мысалы, үңгірдің су алу кезі).

-Флора, фаунасы.

-Объекттің маңызы (ғылыми, туристік, шаруашылық).

-Қосымша мәлімет.

-Әдебиет.

Табиғи экскурсияларды дайындау үшін көптеген деректер зерттеледі: құқықтық база, арнайы өлкетану әдебиеттер, өсімдік анықтауыштар, жергілікті жердің картасы мен схемасы, туристік жорықтың техникасына арналған әдебиет және қауіпті өсімдіктің түрлерімен танысу.Маршрутты құрғанда қауіпсіздік жерлерді таңдайды. Көрсету орнын алдын-ала, маусым ерекшелігін еске ала тұрып таңдайды. Табиғи экскурсия танымдықты ынталандырады, денсаулықты нығайтады, көңіл күйді көтереді, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды тәрбиелейді.Табиғи экскурсиялардың тақырыбы алуан түрлі болуы керек. Оны туристер мен қатысушылардың құрамына сәйкес түрлендіруі қажет. Сол себепті әр түрлі өлкетанушы мамандармен, мекемелермен байланысты ұстап тұруы керек: оқу, зерттеу мекемелерімен, қорықтармен, ұлттық саябақтармен, мұражайлармен, зообақтармен, ботаникалық бақтармен, туристік фирмалармен, метеостанциялармен тығыз байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]