Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Exkursia_shpor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.29 Кб
Скачать

43. Көрсетудің методикалық тәсілдерінің түрлері

Экскурсияда экскурсиялық тақырыптың мәнін ашуда әңгімелеу тәсілдері сияқты көрсету тәсілдері де ерекше орын алады.

Көрсету тәсілдері бір неше тәсілдерден тұрады: объектті бақылауды ұйымдастыру (зерттеп тану), қоршаған ортадан қажетті объектті бөліп алуға мүмкіндік беретін; объектті керекті түрде көруге мүмкіндік беру; объекттің ерекшелігін, бір көз тастағанда білінбейтін детальдарын табу т.б.

Алдын-ала көрсету тәсілі 1,5-2 минутқа созылады, басында экскурсовод әңгімесімен қошталмайды. Экскурсанттар өз бетінше объектпен танысады. Осыдан кейін экскурсовод экскурсанттардың назарын объекттің тарихына, оны қоршаған ортасына сипаттама береді. Бұл тәсілді пайдаланудың екінші варианты болады – экскурсовод басында объектті бақылау кезінде нені көру керегіндігіне, оның қандай сапалық және нақты ерекшеліктеріне көңіл аудару керектігіне бағыттайды.

Панорамалық көрсету бұл тәсіл көбінде қала панорамасын, архитектуралық ансамбль, әсем ландшафты көрсеткенде пайдаланады. Ол үшін мұнараны, бекініс дуалдарын, төбелерді пайдаланады. Жалпы қала панорамасы көрінетін жер. Мысалы, Алматыда Көктөбеден бүкіл қала панорамасын көруге болады. Экскурсанттардың алдында ашылған кеңістікті қабылдауын белсендіру үшін, бақылау панорамасында композициялық орталықты анықтап топтың көңілін соған аудару керек. Экскурсовод тақырыпты ашатын объектілерді көрсетеді, жалпы панорамадан жекеге көшеді.

Экскурсиялық анализтәсіл көмегімен объекттерді детальды бақылау жүргізіледі. Экскурсиялық анализдің тарихи, көркемөнерлі, жаратылыстану ғылыми түрлері бар.

Көрермен реконструкция тәсілі (қайта құру) сыртқы бейнесі өзгертілген объекттерді көрсеткенде пайдаланады. Бұрынғы түрін экскурсоводтың әңгімесінің көмегімен ойша қайта құру арқылы қалпына келтіру. Бұл тәсіл ұмытылмас орындарды, әскери шайқас, халық көтерілісі, ереуіл (забастовка) орындарды көрсеткенде пайдаланады. Тәсілдің міндеті экскурсанттарға ұмытылмас орындарды, ғимараттарды, құрылыстарды ойша алғашқы қалпына келтіріп көруге мүмкіндігін береді.

Локализация тәсілі қоршаған ортадан көруге қажетті объектке экскурсанттардың көңілдерін тарту үшін пайдаланады. Болған оқиғаларды нақты бір жермен ұштастыру. Материалды бергенде бұл тәсіл жалпыдан жекеге ауысуын қарастырады. Мысалы “Осы цехта алғашқы трактор жасалған”.

Салыстыру тәсілі – ерекше тек осы объектке тән бөліктерін табу, оның қайталанбайтын оригиналдығын көрсету. Экскурсанттарға объекттің нағыз көлемін (ескерткіштің биіктігін, қамал дуалының ұзындығын, көшенің енін) елестетуге мүмкіндік береді.

Мемориалды тақтаны көрсету тәсілі. Экскурсиялық объектте мемориалды тақта болса, әңгімені объекттің анализінен, осы жерде болған оқиғалардан бастайды.

Жылжу методикалық тәсілі экскурсанттардың объектті (ғимарат, құрылыс, көше, алаң) айнала жүріп танысуында пайдаланады. Экскурсанттар объектті жан-жақты қарастырады биіктігін, тереңдігін, арақашықтығын.

Объекттерді жүріп баражатқанавтобустан көрсету тәсілі. Объекттер жайлы оны көрмей тұрып алдын – ала жалпы сипаттама береді, объект көрінгенде экскурсанттардың назарын оған аударады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]