
- •2.Экскурсия ісінің тарихы.
- •3.Экскурсия оның негізі.
- •4.Экскурсияның негізгі белгілері.
- •5.Экскусияның функциялары.
- •6.Экскурсияның педагогикалық және психологиялық аспектілері.
- •7.Экскурсияның құрылымы, оның бөліктеріне сипаттама беру.
- •8.Экскурсияның кіріспе бөлігі.
- •11.Қисынды ауысулардың экскурсиядағы маңызы.
- •16.Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау. Тақырып таңдау
- •17.Архитектура –кұрылыс экскурсияларының ерекшеліктері
- •18.Көрсету экскурсияның негізгі элементі
- •19.Экскурсяда көрсетудің ерекшеліктері
- •20.Көрсетудің методиқалық әдістері
- •22.Экскурсияда әңгіменің негізі .Әңгімеге қойылатын талаптар
- •23.Экскурсияда әңгімелеу мақсаты
- •24.Экскурсиялық әдістердің талаптары
- •25.Экскурсиянын композициясы дегенімі не?
- •26.Экскурсиялык нысандарды тандау кагидалары
- •27.Негізгі ж/е косымша нысандардын тізімі мен сипаттамалары
- •28.Экскурсияга кіргізілген ескерткіштердін карточкасы(паспорт)
- •29.Жаңа экскурсия дайындаудың технологиясы
- •30.Экскурсия дайндаудын негиги кезендери
- •31.Экскурсиялык маршрут, оган койылатын талаптар
- •32. Маршрутты алдын-ала аралап шыгудын максаты
- •33. Экскурсиялык нысандарды іріктеу
- •34.Экскурсиялык нысандардын жіктелуі
- •35. Экскурсияга кіргізілген нысандарды багалау критерилары
- •36.Бакылау текстинин тусінігі
- •37.Экскурсовод портфели оны курастыру
- •38. Экскурсия дайндаудын негізгі кезендеріне сипаттама
- •39. Жаңа экскурсия дайындаудың негізгі сатылыры
- •40. Әдістеме нұсқауының құрылымы
- •41 Жеке текст дайындау тәсілі
- •42. Бақылау текст пен жеке текстің айырмашылығы
- •43. Көрсетудің методикалық тәсілдерінің түрлері
- •44. Әңгімелеудің методикалық тәсілдерінің түрлері
- •45. Ерекше методикалық тәсілдер
- •46. Көрнекілік құралдарды пайдалану тәсілдері
- •47.Әңгімелеудегі сипаттама тәсілі.
- •48. Қозғалысты методикалық тәсілі ретінде пайдалану.
- •49.Тарихиэкскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •50.Табиғи экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •51.Архитектура градо құрылыс экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •52.Өнер тақырыбынаэкскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •53.Әдеби тақырыбына экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •54.Мұражайэкскурсияларын дайындау және өткізу ерекшеліктері.
- •56. Өндірістік экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері
- •57. Экскурсияларды қабылдау және бекіту.
- •58. Экскурсияны жүргізу техникасы түсінігі
- •59. Экскурсияның әдістемелік нұсқауларында «Ұйымдастыру нұсқаулары» деген графа мазмұны
- •60. Экскурсияның әдістемелік нұсқауларында «Негізгі мазмұны» деген графа мазмұны
- •61. Эксурсияны дайындау және жүргізу кезінде берілетін инструктаж түрлері
- •62. Экскурсияның қызмет көрсетуде дифференциалдық бабын табу
- •63.Экскурсанттарды әлеуметтік жағдайы және қызығушылығы бойыншаіріктеу.
- •64. Халаққа экскурсиялық қызмет көрсетуде дифференциалдық бабын табу
- •67. Экскурсоводтың сөйлеуі, оған қойылатын талаптар.
- •68. Табиғи экскурсияның жіктелуі
- •71. Экскурсиялық кызмет керсетуде психология элементтерін пайдалану.
- •73. Экскурсоводқа койылатын талап
- •74.Экскурсоводттың міндеті мен қызмет бабы құқығы
- •76. Экскурсияға қызығушылықты қалыптастыру мен қолдау.
- •77.Экскурсияда техникалық құралдарды пайдалану.
- •78.Қалалық шолу экскурсияларын өткізу ерекшіліктері
- •79.Табиғат экскурсияларын жүргізу ерекшеліктері
- •82. Тәуелсіздік монументіне карточка жасау.
- •85. Алматы каласы бойынша шолу экскурсиясының ақпараттық бөлігі.
- •86. Алматы қаласы бойынша шолу экскурсиясының қортынды бөлігі.
- •87. Даңқ мемориалына карточка жасау
- •88.Алматы каласының тарихы.
- •89.Алматы мәдени орталығы (мәдени нысандарға сипаттама).
- •90. Қала маңындағы экскурсия нысандарына сипаттама беру (қалауы бойынша).
36.Бакылау текстинин тусінігі
Бақылау тексті дайындау
Маршрут бекітілгеннен кейін, экскурсияның тексті құрылады.
Творчестволық топпен жасалған текст бюро (фирма) тексті, немесебақылау тексті деп аталады. Бақылау текстінде материал экскурсиясының мақсатымен, тақырыбына
қарай баяндалады, хронология сақталады. Бақылау текстінде әдебиеттенүзінділер, статистикалық мәліметтер, оларды алған деректер жәнеэкскурсияның кіріспесі, мазмұны, қортындысы, қисынды ауысулары толықжазылады. Бақылау текстке маршрутпен байланысты емес мәліметтерде кіреді, олар осы экскурсияның басқа варианттарын жасауға қажет болады. Бақылау текстің көлемі 3-сағаттық автобус экскурсиясына 40-50 басылым бет, ал жаяу экскурсияларына 25-30 беттен кем ьолмау керек. Әр топ мүшесімен жасалатын өзіндік, жеке текстке қойылатын талап осы бақылау текстімен сәйкес болуы, бұл жерде бақылау тексті эталлон болып саналады.
37.Экскурсовод портфели оны курастыру
“Экскурсовод портфелін” жинақтау
“Экскурсовод портфелінің” негізгі мақсаты көрсетудің жетіспейтінтізбесін көз алдына келтіру Экскурсияда барлық қажетті объектілертолық сақталынбайды, сондықтан алғашқы қалпы қандай болғанынанықтау үшін суретін көрсетеді. Не болмаса келешекте бұл жерде неболатынын көрсеті үшін болашақ құрылыстың проектісіндемонстрациялайды. Объектке қатысы бар жеке адамдардың суреттері, құжаттардың, колжазбалардың түпнұсқасының көшірмелері жинақталады.Портфелге сонымен қатар географиялық карталар, сұлбалар (схема), сызбалар кіреді. Портфель жиынтығы әр тақырыпқа арналады. Оларды пайдаланған кезде ыңғайлы болуы үшін қалың қағазға жапсырып, көлемі тиімді, автобустың артынан көреалатындай болу керек. Саны да көп болмау керек, әр қайсысына түсінік парағы қыстырылады. Оларды пайдалану методикасы маршрут аралаған кезде тексеріледі. Осы материалдарды жинауға көп көмекті мұражайлар, архивтер, көрмелер көмек береді
38. Экскурсия дайндаудын негізгі кезендеріне сипаттама
Ең алғашы «экскурсия дайындау кезеңдері» деген түсінік 1976 жылыенгізілген. Сол кезде негізгі 15 кезең аталған:
Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау.
Тақырып таңдау.
Әдебиеттерді реттеу және библиография жасаү
Экскурсиялық материалдардың деректерін анықтау. Тақырып
бойынша мұражай экспозициясы мен және фондылары мен танысу.
Экскурсиялық объектілерді іріктеп алу және зерттеу.
Экскурсияның маршрутын жасау.
Маршрутты аралап шығу.
Бақылау текстін жасау
«Экскурсовод портфелін» іріктеп жинақтау.
Экскурсияны жүргізу методикалық тәсілдерін анықтау.
Экскурсияны жүргізу техникасын анықтау.
Методикалық құралды жасау
Өзіндік жеке тексті құру
Экскурсияны жасау (қабылдау)
Экскурсияны бекіту.
39. Жаңа экскурсия дайындаудың негізгі сатылыры
Экскурсия - ол екі негізгі процестің нәтижесі: оны дайындау және өткізу. Олар бір бірімен тығыз байланысты. Жаңа экскурсия дайындау творчестволық топқа жүктеледі. Оның құрамына экскурсияның киындығына қарай 3-7 адам кіргізіледі, топ жетекшісі тағайындалады. Көп жағдайда ол сол мекемеде жұмыс істеп жүрген экскурсоводтар кіреді. Кеңесші ретінде түрлі салалардың мамандары шақырылады – мұражайдың ғылыми жұмысшылары, жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері, мектеп оқытушылары т.б. Топ мүшелерінің әр қайсысына жеке тарауларды дайындау жүктеледі. Жаңа экскурсия дайындау негізінен үш сатыдан тұрады:
1)Алдын-ала жұмыс –келешек экскурсияға материал жинау,оны зерттеу (тақырып бойынша білім жинақтау, мақсатымен міндетін анықтау). Сонымен қатар экскурсияға қатысты объектілерді таңдау.
2)Тікелей экскурсияны дайындау кезеңі - экскурсиялық маршрутты құру; фактілік материалды өңдеу; бір неше негізгі сұрақтардан тұратын экскурсияның негізгі бөлігінің мазмұнын құрастыру; бақылау текстін жасау; экскурсияның методикасын анықтау; әңгімелеудің, көрсетудің тиімді методикалық тәсілдерін анықтау. Жаңа экскурсияның методикалық құралын дайындау (технологиялық карта); экскурсоводтардың өзіндік жеке текстін дайындау.
3)Қортынды кезең – экскурсияны маршрутта қабылдау. Мекеменің басшысымен жаңа экскурсияны бікіту; маршрут алдында экскурсияны қорғаған экскурсоводттарға рұқсат беру.